Муниципалды қызмет және жоспарлау жүйесін жетілдіру орны мен атқаратын қызмет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 16:26, курсовая работа

Описание

Сондықтан да берілген брошюра нақты елдердің үлгісінде нәтижеге бағдарланған бюджеттеу жүйесін енгізу бойынша әлемдік тәжірибені зерттеу жөніндегі талдау жұмыстары; ҚР мемлекеттік органдарының Стратегиялық жоспарларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік жұмыстардың және Қазақстанның мемлекеттік органдарында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау мен бюджеттендірудің жаңа жүйесін енгізу бойынша тренингтер өткізу нәтижесінде жасалынған жұмыстардың нәтижесі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1-тарау.МУНИЦИПАЛДЫҚ СтратегиялАРДЫң теориялық аспектілері



1.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарына ұқсас құжаттарды дайындау мен пайдалану бойынша әлемдік тәжірибеге шолу 5


1.2 Қызмет нәтижелері көрсеткіштерін іске асырудың сыртқы бағалауының шетелдік тәжірибесі 16


1.3 Қазақстан Республикасында муниципалды стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері 20
2-тарау.МУНИЦИПАЛДЫ қызмет және жоспарлау жүйесін жетілдіру
орны мен атқаратын қызметі 25


2.1 Муниципалды органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың қажеттілігі 25


2.2 Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау мониторингін жүргізу 27
2.3 Қазақстан Республикасында операциялық жоспарлардың мониторингін өткізу жөніндегі әдістемелік әзірленімдер 33

ҚОРЫТЫНДЫ 35
ҚОЛДАНЫЛҒЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 37

Работа состоит из  1 файл

Курсова++.doc

— 291.50 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 3 

1-тарау.МУНИЦИПАЛДЫҚ СтратегиялАРДЫң теориялық аспектілері 
 
 
 

1.1 Қазақстан  Республикасының мемлекеттік органдарының  стратегиялық жоспарына ұқсас  құжаттарды дайындау мен пайдалану  бойынша әлемдік тәжірибеге шолу 5 
 
 

1.2 Қызмет нәтижелері көрсеткіштерін іске асырудың сыртқы бағалауының шетелдік тәжірибесі 16 
 
 

1.3 Қазақстан Республикасында муниципалды стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері 20

2-тарау.МУНИЦИПАЛДЫ қызмет және жоспарлау жүйесін жетілдіру

орны  мен атқаратын  қызметі 25 
 
 

2.1 Муниципалды  органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың  қажеттілігі 25 
 
 

2.2 Шетелдік тәжірибеде  шұғыл жоспарлау мониторингін  жүргізу 27

2.3 Қазақстан  Республикасында операциялық жоспарлардың  мониторингін өткізу жөніндегі әдістемелік әзірленімдер 33

 

ҚОРЫТЫНДЫ 35

ҚОЛДАНЫЛҒЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 37

 

     КІРІСПЕ 

    Курстық жұмыстың мақсаты.

    Қазақстан Республикасындағы жоспарлауды талдау,  муниципалды органдарындағы жүзеге асырылуы және жалпы жоспарлаудың тиімді жа

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдына «жоспарлау жүйесін жаңарту мен жетілдіру, бюджет қаражатын пайдалану мен мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысты жеделдету» міндеті қойылды.

    Әкімшілік реформаны іске асыру шеңберінде Қазақстанда нәтижелер бойынша мемлекеттік басқару жүйесіне өту көзделеді. Нәтижелер бойынша басқару тұжырымдамасы басқару технологияларын жеке меншік сектордан мемлекеттік басқаруға көшіруді білдіреді.

    Нәтижеге  бағдарланған басқару әдістері мен  рәсімдерін енгізу атап айтқанда жоспарлау мен бюджеттік процесске деген көзқарастың өзгергенін білдіреді.

    Стратегиялық  жоспарлау қағидасына өту мемлекеттік  органдарда елді дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттемелеріне жетуге, мемлекеттік басқару сапасын  арттыруға мүмкіндік туғызады. Бюджеттік жүйе реформасының бір бағыты болып табылатын нәтижеге бағдарланған бюджеттендіруді (бұдан әрі - НББ) енгізу «шығындарды басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» өтуді білдіреді.

    Нәтижелер бойынша басқару жөніндегі технологияларды, атап айтқанда стратегиялық жоспарлау мен НББ бойынша енгізу ұзақ уақытты талап етеді. Дамыған елдерде бұл процесс ұзақ уақыт бойы жүзеге асырылады және қазіргі уақытта нәтижелілік қағидасына негізделген тетіктің әбден жетілдірілуі жалғасуда. Сонымен, АҚШ-та бұл бағыттағы алғашқы қадамдар осыдан жарты ғасыр бұрын жасалған.   

    Мемлекеттік жоспарлау жүйесі мен бюджет саласындағы  реформалар шегінде ҚР орталық мемлекеттік  органдары алғаш рет өздерінің  стратегиялық жоспарлары мен бюджеттік  бағдарламаларын НББ қағидалары негізінде және ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әзірлеген және 2008 жылдың 25 наурызында Қазақстан республикасы Үкіметінің отырысында мақұлданған ҚР мемлекеттік (муниципалды) органдарының Стратегиялық жоспарларын әзірлеу жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес дайындайды. НББ және осы тұжырымдамаға байланысты рәсімдерді енгізу үшін ҚР мемлекеттік органдары НББ қағидалары мен талаптарын айқын түсінуі қажет. Ол үшін НББ негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі кешенді әдістемелік нұсқаулықты әзірлеу, оқу тренингтерін жүргізу, енгізілетін жүйелердің тиімді жұмыс істеуіндегі әрбір мемлекеттік органның рөлі мен орны туралы  түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

 

     Сондықтан да берілген брошюра нақты  елдердің үлгісінде нәтижеге бағдарланған бюджеттеу жүйесін енгізу бойынша әлемдік тәжірибені зерттеу жөніндегі талдау жұмыстары; ҚР мемлекеттік органдарының Стратегиялық жоспарларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік жұмыстардың және Қазақстанның мемлекеттік органдарында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау мен бюджеттендірудің жаңа жүйесін енгізу бойынша тренингтер өткізу нәтижесінде жасалынған жұмыстардың нәтижесі болып табылады.

    Курстық жұмыстың мақсаты және міндеттері. Курстық жұмыстың мақсаты муниципалды қызметтің стратегиясын зерттеу.

    Мақсатқа сай оның негізгі шешуін табатын міндеттері төменде анықталған:

    - муниципалдық стратегиялардың даму тарихына шолу;

    - муниципалды қызметті жоспарлаудың Қазақстандағы түрлері.

    Зерттеудің  базасында статистикалық басқарманың  материалдары, арнайы құқықтық және нормативтік құжаттар қолданылды.

    Муниципалды қызметтің стратегиясын туралы тақырыпты зерттеумен көптеген отандық және шетелдік ғалымдар айналысқан. Олардың ішінде келесі ғалымдардың еңбектері осы жұмыста пайдалынады: Акмаева Р.И., Йосты Юнгмана., Жихаревич Б.С., Кучкаров З.А., Лимонов Л.Э және т.б.

 

     1-тарау. МУНИЦИПАЛДЫҚ СтратегиялАРДЫң теориялық аспектілері  

      Дамудың ұзақ мерзімді басымдылығын  алға жылжытуға рыноктың мүмкіндігі  жоқ, сондықтан көптеген дамыған  елдерде экономикалық саясаттың  басымдылығын және стратегииялық өсуді жоспарлауды мемлекет өзіне алады. Мұндайда ол әдетте ғалымдар мен сарапшылардың көмегіне сүйенеді. Мысалы, Германияда Орталық сарапшылар кеңесі әр жылы парламент пен үкіметке экономиканың жағдайы, оның дамуының келешегі, басымдылығы туралы болжамды баға болатын баяндама ұсынады. Жапонияда және бірқатар басқа да жаңа өндірісті елдерде электрондау мен технологины ақпараттандыру аясында мемлекетпен ұсынылған басымдылықтар таяу арадағы он жылдықта экономиканың дамуын белгіледі.  

    Мемлекеттік экономиканы бағдарламалау – елдің әлеументтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің ең жоғарғы нысаны. Мемлекеттік бағдарламалау бір уақытта экономика дамуының ғаламдық мақсатын қамтамасыз ету үшін экономикалық ресурстарды кешенді пайдалану әдісі болып табылады.

    Бағдарламалау – жоспарлаудың ең көп тараған нысаны. Әңгіме, әлеуметтік-экономикалық даму мен мақсатты бағдарламаның кешенді жоспары туралы болып отыр.

    Жоспарлау, болжау және бағдарламалау – бұл ЭМР-дің құралдары.

    Бағдарлама – директивтіктің белгілі бір дәрежесіне тән нақты құжат.

    Бағдарламада анықталатындар:

  • реттеу мақсаты;
  • мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін, экономикалық саясатың нұсқалары;
  • жобаларды, олардың бюджетін, басқару жүйесін және бағдарламаны жүзеге асыруды бақылауды ресурстық жабу;
  • экономикалық саясттың оңтайлы нұсқасын таңдау кригерийі.

    Бағдарламаға ұлттық экономика  дамуының ішкі және сыртқы  шарттарының төтенше өзгерістері  жағдайында реттеудің резервтік  нұсқасын жиі қосады.

    Бағдарламалар бір және көп мақсатты, аймақтық, құрлымдық, ұлттық және интернационалдық сипатта болуы мүмкін.

   Экономиканы жоспарлау мен болжауда жүйелі-кешенді және бағдарламалы-мақсатты тәсіл деп бөліп көрсетеді.

    Жүелі-кешенді тәсіл (ЖКТ) ғылыми негізделу және тиімді басқару қағидасы бойынша құрылады.

    ЖКТ-нің мәні жалпы теориялар  жүйесінің талаптарымен қорытындыланады: әр объекті кейбір күрделі жүйе және одан да күрделі жүйелер элементтері ретінде қарастырылады (1-схема).

  

 Жүйелі-кешенді   тәсілдеме

 

4-сурет. Жүйелік-кешенді тәсілдеменің мәні 

    Бағдарламалық-мақсатты  тәсілдеме (БМТ) мақсатты бағыттың, белгіленген шаралардың кешенділігін, тапсырманың мекен-жайын, міндеттілігін және шараларды жүзеге асыру мерзімінің белгіленгенін, ресурстардың негізгі көздерінің қатаң бірлігін көрсетеді.

    Сөйтіп, БМТ кезінде мыналар анықталуы  тиісті:

  1. Мақсат.
  2. Кешенді тәсіл.
  3. Мекен-жайы.
  4. Орындалу міндеттілігі.
  5. Шараларды жүзеге асыру мерзімі.
  6. ресурстардың негіздері.

   

    Бағдарламалық-мақсатты тәсілдеменің ерешеліктері:

  • бағдарламалық тәсілдеме жүйелі-кешендімен тығыз байланысты, оны көбінесе жеке мәселелерді шешуде кешендіге қосымша ретінде қарастырады;
  • бағдарламалау үдерісінде өткізіледі;
  • мақсатты кешенді бағдарламаны құрастыру үшін пайдаланылады.

    Бағдарламалық әдіскке талаптар:

  • проблемаларды нақты анықтау;
  • мақсатты бір жақты қалыптастыру;
  • қойылған мақсатқа жету үшін қажетті, ресурстар мен мерзімнің жан-жақты кешенді байланысын қамтамасыз ету.

    Тәсілді өткізу үдерісі:

  • мақсатты ғылыми анықтау;
  • мақсатқа жету нұсқасын әзірлеу;
  • қойылған мақсатта өткізу үшін талап етілетін құрлымның ресурстары мен көлемін анықтау;
  • жүйенің қызмет ету моделін әзірлеу;
  • бірнеше баламалар арасынан базистік шешімді таңдап алу үшін критерийді табу.

    Біз атап өткендей, экономиканы реттеуде қоғамның экономикалық өмірінде мемлекеттің қатысуы маңызды нысан болып табылады.

    Реттеу – мемлекеттің экономикаға  оның қызмет тәртібін қолдауға  бағытталған ықпалы.

    Қазіргі заманғы нарық шаруашылығы  экономикалық (жанама) және әкімшілік (тікелей) әдістермен реттеледі.

    Экономикалық реттеушілердің басымдық мәні болады. Олар нарықтың қызмет ету тетіктеріне айтарлықтай оралымды кірігеді және мемлекетке экономикалық үдеріске елеулі ықпал етуге мүмкіндік береді.

    Әңгіме мемлекеттік реттеу туралы болғандықтан, деңгейлі анықталған экономикалық және әкімшілік әдістерді шектеу шартты сипатта болады: кез келген экономикалық реттеуші әкімшілік ету элементтеріне ие, өйткені ол әкімшілік шешімі арқылы жүзеге асады және соған сәйкесті мемлекеттік органның бақылауында болады. Екінші жағынан, әкімшілік реттеушіде, оның іс-әрекеті экономикалық қатнастарға қатысушылардың тәртібіне жанама әсер еткендіктен, экономикалық реттеудің бір сәті бар. Мысалы, егер мемлекет ресурстар бағасына бақылау жасауға тырысса, ол өдірушінің қызмет тәртібін өзгертеді және өндірістік бағдарламасын қайта құруға, инвестицияны қаржыландыруға жаңа көдерін пайдалануға мәжбірлейді және т.б.

    Алайда, кейбір ұқсастыққа қаоамастан, эеономикалық және әкімшілік әдістер, дегенмен өзінің әсері бойынша қарама-қайшы болып табылады. Әкімшілік реттеуші таңдау еркіндігін елеулі шектейді. Экономикалық керсінше, экономикалық қатнастарға қатысушылар үшін қосымша ынталандыру жасап, оны кеңейтуі мүмкін.

    Мемлекеттік реттеудің экономикалық әдістері екі негізгі нысанда көрінеді: кредиттік және бюжеттік-салықтық. Бұл нысандардың өз бетінше мәні бар, оның әрқайсысы өзіндік құралдар иеленеді.

    Кредиттік-қаржылық саясаттың басты  құралдары міндетті резервтердің  мөлшері, банкаралық кредит мөлшері, бағалы қағаздар рыногында Орталық банктің мемлекеттік облигацияларымен операциялар болып табылады.

    Бюжет-салық саясатының жан-жақты  және қолданбалы құралы салық  жеңілдіктері болып табылады. Салықтық  реттеуге мемлекеттік шығындар  мен мемлекеттік борыштарды басқару әдістері (пайыз мөлшері мен облегацияны шығару мерзімі) қосылады.

    Экономикалық әдістер нарық экономикасының  қарқынды дамуы мен тиімді  қызмет тәртібі қолданумен байланысты, шешуші міндеттерді шешу үшін  қолданылады. Мұндай міндеттерге кезеңге қарсы, құрылымдық реттеу, аймақтық саясатты жүзеге асыру; экономикалық өсудің жаңа сапасын қамтамасыз ету; елдің сыртқы экономикалық қызметін дамыту жатады.

Информация о работе Муниципалды қызмет және жоспарлау жүйесін жетілдіру орны мен атқаратын қызмет