Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 16:26, курсовая работа
Сондықтан да берілген брошюра нақты елдердің үлгісінде нәтижеге бағдарланған бюджеттеу жүйесін енгізу бойынша әлемдік тәжірибені зерттеу жөніндегі талдау жұмыстары; ҚР мемлекеттік органдарының Стратегиялық жоспарларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік жұмыстардың және Қазақстанның мемлекеттік органдарында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау мен бюджеттендірудің жаңа жүйесін енгізу бойынша тренингтер өткізу нәтижесінде жасалынған жұмыстардың нәтижесі болып табылады.
КІРІСПЕ 3
1-тарау.МУНИЦИПАЛДЫҚ СтратегиялАРДЫң теориялық аспектілері
1.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарына ұқсас құжаттарды дайындау мен пайдалану бойынша әлемдік тәжірибеге шолу 5
1.2 Қызмет нәтижелері көрсеткіштерін іске асырудың сыртқы бағалауының шетелдік тәжірибесі 16
1.3 Қазақстан Республикасында муниципалды стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері 20
2-тарау.МУНИЦИПАЛДЫ қызмет және жоспарлау жүйесін жетілдіру
орны мен атқаратын қызметі 25
2.1 Муниципалды органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың қажеттілігі 25
2.2 Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау мониторингін жүргізу 27
2.3 Қазақстан Республикасында операциялық жоспарлардың мониторингін өткізу жөніндегі әдістемелік әзірленімдер 33
ҚОРЫТЫНДЫ 35
ҚОЛДАНЫЛҒЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 37
Осылайша, айқын опреациялық жоспарынсыз басқарушы персонал муниципалды орган қызметіне тиімді бақылауды жүзеге асыра алмас еді.
АҚШ тәжірибесі куәландыратындай, министрлік қызметінің жылдық жұмыс жоспарында жоспарланған жұмыс (көрсетілген қызмет саны), министрліктің бюджетінде бекітілген бағдарлама қызметтің әрбір түрінің әлеуметтік және экономикалық тиімділігі көлемінің мақсатты көрсеткіштері кіреді.
Ондай жоспардың тағайындалуы министрліктің стратегиялық мақсаттарын оның қызметкерлерінің күнделікті қызметтерімен байланыстыру болып табылады.
Министрлік өзінің бағдарламасында бірнеше мақсаттарды бөлуге мүмкін емес деп тапса, онда бір мақсатты таңдап, оның сапасына мән беру керек. Сонымен қатар, министрлік жоспарлау кезінде өз қалауы бойынша бағдарлама қызмет түрлерін топтастыруға құқық алды.
Министрліктің жылдық жоспарлары базасында Әкімшілік-бюджеттік басқармасы жыл сайын АҚШ Конгресіне бюджеттің жобасымен бірге жіберілетін жылдық федеральдық жұмыс жоспарын құрайды.
Сурет
3 - АҚШ министрлігінің жылдық жұмыс жоспарының
сұлбасы
Төменде АҚШ индустрия, сауда және технология министрлігінің 2009-2012 қаржы жылдарына арналған операциялық жоспарының үлгісі келтірілген.
Жоғарыда айтылғандардан шығатыны, қызметтің операциялық жоспарының құрамдасы болып табылатындар деп:
- міндеттер қоюды;
- қызметтерді сипаттауды (іс-шараларды әзірлеу);
-
нәтижелілік көрсеткіштерін
- қаржылық негіздеуді;
-
нәтижелілік көрсеткіштерінің
- нәтижелерді бағалауды атауға болады.
Қызметтің
жыл сайынғы жоспарлары стратегиялық
жоспарлардың жылдық бюджетпен сабақтастығын
қамтамасыз етеді. Операциялық жоспар
(мемлекеттік орган қызметінің жылдық
жоспары) мемлекеттік органның үш жылдық
стратегиялық жоспары шеңберінде әзірленеді.
Операциялық жоспарларда іс-шаралар, оларды
орындау кезеңдері, жауапты орындаушылар
және күтілетін нәтижелер толық жазылады,
бұл негізінен қызметтердің тікелей (тіке)
нәтижелерінің көрсеткіштері. Бұл ретте,
нәтижелілігі елелулі дәрежеде орындауышының
жұмысына байланысты болатын көрсеткіштерді
таңдау керектігін айту қажет. [12]
2.2
Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау
мониторингін жүргізу
Операциялық жоспарларды іске асыру үшін мониторинг жүргізу және жоспарланған мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу үшін іс-қимылдарды уақытында түзетуге мүмкіндік беретін есептерді уақтылы жасау қажет. Мәселен, Жаңа Зеландияда тікелей нәтижелердің/нәтижеліліктің көрсеткіштерінің мақсатты мәндеріне қол жеткізудегі прогресс туралы есептерді жарты жылда бір реттен сирек емес беру туралы талап бар.
АҚШ-та «Мемлекеттік мекемелер қызметінің нәтижелерін бағалау туралы» Заңның (GPRA) талаптарына сәйкес әрбір министрлік өткен қаржы жылы ішіндегі өз қызметінің нәтижелері туралы есеп дайындайды. Есепте әлеуметтік тиімділіктің қол жеткізілген көрсеткіштерін жоспарланғандармен (program performance) салыстырудың қамтылуы тиіс. Егер іс жүзіндегі көрсеткіштер жоспарланғандарға сәйкес келмесе және мәлімделген мақсаттарға қол жеткізілмесе, министрліктер себептерін түсіндіруге және олардың орындалуы жоспарланған көрсеткіштерге шығуға мүмкіндік беретін іс-шаралардың кестесін айқындауға тиіс. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті іс-шаралар жаңа заңдарды қабылдаудан, жаңа ведомстволық нұсқаулықтарды қабылдаудан, ұйымдастырушылық реформаларды жүргізуден және басқалардан көрінуге тиіс. Егер есепті кезеңнің нәтижелері бастапқыда таңдап алынған мақсаттарға қол жеткізілмейтіндігі туралы куәландырса, минситрліктер өздерінің есептерінде неліктен екендігін түсіндіруге және жаңа тұжырымдар ұсынуға тиіс.
Ақырында, осы құжатқа есепті кезең ішінде бағдарламаларды орындаудың (program evaluations) нәтижелерін бағалау жөніндегі негізгі қорытындылар енгізілуге тиіс.
Бағдарламалар басшыларының қол жеткізілген нәтижелер үшін жауапкершілігі басшылардың осы нәтижелерге қол жеткізудің нақты жолдарын еркін таңдауды пайдаланатындығын алдын ала болжайды. Практикада бұл кейбір дәстүрлі әкімшілік рәсімдер мен талаптардан бас тартуды білдіреді. Мәселен, GPRA-ға сәйкес басшылардың өздері бөлген сметаның шеңберінде шығыстардың әр түрлі баптарының арасында ресурстарды қайта бөлуге құқығы бар. Алайда өздерінің жыл сайынғы есептерінде олар осындай қайта бөлудің барлық жағдайларын санамалауға және олардың басқарушылық еркіндікті қандай тиімділікпен пайдаланғандығын көрсетуге тиіс.
Сурет
4 – Муниципалды қызмет нәтижелері туралы
жыл сайынғы есеп
«Мемлекеттік мекемелер қызметінің нәтижелерін бағалау туралы» федеральдық заңды (GPRA) қолдану мысалы ретінде Калифорния штатының Сан-Диего қаласының есебін қарастыруға болады, онда бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын қызметтің тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау келтіріледі. Есеп құрылымында мынадай қызметтер қарастырылған:
Бірінші кезекте қарастырылатын қызметтердің әрқайсысы бойынша құжатта қатаң мақсат белгіленген (мысалы, «Көлік» бағыты бойынша - «Қаланың тиімді көлік инфрақұрылымын қолдау жолымен қала тұрғындарының денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету»). Одан әрі бірқатар көрсеткіштер бойынша қызметтер көрсетудің тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау жүргізіледі. Мысалы, «Көлік» саласы бойынша көрсеткіштердің мынадай қатары әзірленген:
-
есепті кезеңде асфальтталған
мильдердің мөлшері (жол
-
2 күннің ішінде
-
тұраққа дұрыс қоймағандық
-
тұраққа қою айыппұлдық
- тіркелген ЖКО саны;
-
90 күннің ішінде
Әрбір көрсеткіш өткен жыл, ағымдағы жыл және алдағы қаржы жылы ішінде ұсынылған, бұл салыстыру талдауын жүргізуге және болған жақсаруды және туындаған қиындықтарды көруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, әрбір бюджет қызметін қарастыру кезінде қалалықтардың қызметтер көрсету сапасы туралы пікірін анықтау мақсатында халыққа сауалнама жүргізу жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында көзделген мақсаттарға, міндеттерге және нәтижелерге қол жеткізу бойынша қызметінің бақылауын тұрақты негізде операциялық жоспарлардың іске асырылуының мониторингін жүргізу арқылы жүзеге асырады (бұдан әрі - операциялық жоспардың мониторингі).
Операциялық жоспардың мониторингі жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу дәрежесін бағалау, жоспарларды орындамау қауіптерін төмендету бойынша шараларды уақытылы қабылдау, сондай-ақ егер де жоспарланған іс-әрекеттер күтілетін нәтижелер бермеген жағдайда тиісті түзетулерді енгізу үшін қажет.
Операциялық
жоспардың мониторингі
Операциялық жоспарлардың мониторингін тікелей мемлекеттік органдар жүргізеді.
Мониторинг
жүйелерін енгізу үшін мәліметтерді
жинау, талдау мен есептілік, сондай-ақ
басқару бойынша ақпарат
Мониторинг келесі мақсаттарда жүргізіледі:
-
мемлекеттік орган ағымдағы
-
басқарушылық шешімдерін
- атқарушы билік органдары мен бюджеттік сала ұйымдарының Стратегиялық жоспарды іске асыру жөніндегі қызметінің тиімділігін арт-тыру.
Операциялық
жоспардың жүзеге асырылуының жалпы
нәтижелерінің мониторингі
Мониторинг
әкімшілік реформа шеңберінде мемлекеттік
органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз
ету үшін басқарудың әртүрлі деңгейлеріне
қажетті нәтижелер бойынша
Мониторинг
бекітілген Стратегиялық жоспарға, ресурстарға,
инфрақұрылымға және күтілетін нәтижелерге
сәйкес мемлекеттік орган қызметінің
жүзеге асырылуының маңызды
Мониторинг жоспар мен іс жүзіндегі атқарылған жұмысты салыстыру барысында «қызмет дұрыс атқарылады ма?» деген сұраққа жауап береді. Мониторинг Стратегиялық жоспарды, бағдарламаны іске асыру барысындағы проблеманы айқындай отырып, жоспарланған және іс жүзіндегі көрсеткіштер арасындағы айырымаларды белгілейді. Мониторинг бағалаудың маңызды ақпараттық негіздемесі болып табылады, өйткені жоспардың қалай орындалғандығы белгісіз болса, іс жүзінде қол жеткізілген нәтижелер бойынша осы жоспардың дұрыстығы туралы пікір айту қиын болып табылады.
Мониторинг жүйесі іске асырылатын бюджеттік, мемлекеттік және аумақтық бағдарламалардың нәтижелілігі мен экономикалық тиімділігі, сондай-ақ қызметтер сапасы мен мемлекеттік органның қол жеткізген нәтижелері туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге бейімделген. Мониторинг жүйесі мынадай қағидалардан тұрғызылған:
- мемлекеттік органның құзыретіндегі басқарушылық шешімдері мен жинақталынатын мәліметтер арасындағы қисынды байланысты қамта-масыз ету.
- қызметтің күтілетін нәтижелерін реалисттік және өлшенетін түрде және осындай қызмет көрсетілетін клиенттік топ қажеттіліктерінің негізінде анықтау. Бұл ретте клиенттер деп тек қызметтерді алушылар ғана емес, сондай-ақ басқа бенефициарлар да түсініледі (мысалы, аумақтың барлық тұрғын халқы және т.б.).
- ақпаратты жинақтау әдістерінде анықтықты, төмен деңгейдегі ресурстар сыйымдылығын және пайдаланудың қарапайымдылығын мүмкіндігінше біріктіру.
Мониторинг функциялары:
- жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу және жоспарланған іс-шараларды іске асыру мерзімдерін сақта дәрежесін анықтау;
- жоспарланған іс-шараларға қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың барабарлығы мен нәтижелілігінің талдауы;
- көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау барысында көмек көрсету;
- басшылық үшін дайындалатын ақпараттың уақытылығын, сенімділік пен нақтылығын тексеру;
- шығындар тиімділігін және қызметтің нәтижелілігін анықтау;
Информация о работе Муниципалды қызмет және жоспарлау жүйесін жетілдіру орны мен атқаратын қызмет