Муниципалды қызмет және жоспарлау жүйесін жетілдіру орны мен атқаратын қызмет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 16:26, курсовая работа

Описание

Сондықтан да берілген брошюра нақты елдердің үлгісінде нәтижеге бағдарланған бюджеттеу жүйесін енгізу бойынша әлемдік тәжірибені зерттеу жөніндегі талдау жұмыстары; ҚР мемлекеттік органдарының Стратегиялық жоспарларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік жұмыстардың және Қазақстанның мемлекеттік органдарында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау мен бюджеттендірудің жаңа жүйесін енгізу бойынша тренингтер өткізу нәтижесінде жасалынған жұмыстардың нәтижесі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1-тарау.МУНИЦИПАЛДЫҚ СтратегиялАРДЫң теориялық аспектілері



1.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарына ұқсас құжаттарды дайындау мен пайдалану бойынша әлемдік тәжірибеге шолу 5


1.2 Қызмет нәтижелері көрсеткіштерін іске асырудың сыртқы бағалауының шетелдік тәжірибесі 16


1.3 Қазақстан Республикасында муниципалды стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері 20
2-тарау.МУНИЦИПАЛДЫ қызмет және жоспарлау жүйесін жетілдіру
орны мен атқаратын қызметі 25


2.1 Муниципалды органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың қажеттілігі 25


2.2 Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау мониторингін жүргізу 27
2.3 Қазақстан Республикасында операциялық жоспарлардың мониторингін өткізу жөніндегі әдістемелік әзірленімдер 33

ҚОРЫТЫНДЫ 35
ҚОЛДАНЫЛҒЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 37

Работа состоит из  1 файл

Курсова++.doc

— 291.50 Кб (Скачать документ)

    Бұл мәліметтер бюджетті жасау процессінде  интегралданғанын атаған жөн. Әрбір  министрліктің бюджеті мақсаттар  мен міндеттер, келесі қаржылық жылға  және бюджеттік қаржыландыру көлемінде  жоспарланған мақсатты көрсеткіштер туралы ақпараттардан тұрады. Министрлік өызметінің әрбір тіке нәтижесі ақша түрінде бағаланады, тиісінше сол немесе басқа көрсеткіштер қол жеткізуге бюджеттік қаржыландыру бөлінеді.

    Мемлекеттік органдардың жыл сайынғы баяндамаларындағы  мәліметтеріне талаптардың соңғы  өзгерісі жүргізілген іс-шараларды сипатаудан қойылған мақсатқа қол жеткізудің тиянақты талдауын акцентеге орналасты. Сондай-ақ мемлекеттік органдар персоналының тиімділігі бағаланатынын атаған жөн. Сонымен, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген жұмысшылар ай сайынғы жалақысына қосымша ақшалай сыйақы алады.

    Мемлекеттік орган қызметінің нәтижелілігін  бағалау жүйесінің үлкен маңызы 1980-1990 жылдары елдегі жүргізілген  реформалардан кейін белсенді қолданылған  бенчмаркинг әдістемесінде болды. Бұл әдістемелерді қолдану мемлекееттік орган қызметінің тиімділік деңгейін анықтауға, оның арттырылуының нақтылы бағытарын әзірлеуге, қолданыста бар ұйымдастырушылық процесстерді көрнекті көрсетуге мүмкіндік береді.

    Австралияның  мемлекеттік органдары бенчмаркингтің екі түрін қолданады: процесті және нәтижелік. [4]

    Процесті  бенчмаркинг мемлекеттік органдар қойған мақсаттарға қол жеткізуге  жанама ықпал ететін ұйымдастырушылық процесстердің талдауына  бағдарланған. Процестік бенчмаркингтің негізгі  қағидасы - жоғары нәтижеге бұл нәтиженің қол жеткізу процесі жоғары деңгейде жүзеге асырылғанда ғана қол жеткізіледі.

    Нәтижелік бенчмаркинг антипод ретінде  емес, процестікке қосымша ретінде  қаралады. Австралиядағы жеке министрлікке ведомостволық қарасты барлық агенттіктер  олардың қызметтерінің тікелей (тіке) нәтижелердің өз арасында салыстырулар тұрақты өткізеді. Нәтижелік бенчмаркинг агенттіктердің қызметінің нәтижелілігінің айрмашылқтарының себептерін - олар объективті (агенттіктің қызметтерінің саны, уәкілеттіктерінің көлемі және т.б.), немесе субъективті (қызметтер ұсыну тәртібіндегі айырмашылықтар және басқалар) болып табылады ма - соны анықтауға, және органдардың қойылған мақсатарға қол жеткізу деңгейінде ажырауларды қысқарту мекемелер алдына қойылған мақсатқа жету деңгейінде ажырауды қысқартуға мүмкіндік береді.

    1980 жылдары Австралияда мемлекеттік  органдар қызметін бағалау және  нәтижелерге бағдарланған бюджеттеуді  енгізу үшін әдістемелік базаны  жасаған бірқатар бюджеттік реформалар  жүргізілген.

    Бүгінгі күнде қызмет нәтижелілігінің талдауы  мен арттырылуына жауаптылық министрліктердің, министрлік департаменттері мен агенттіктер басшыларына жеке жүктелінген. Сонымен қатар, әрбір ведомствоның қызметінің түпкілікті нәтижелері Австралияның Қаржы және басқару министрімен келісіледі. Австралияның Қаржы және басқару министрлігінің мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігін басқаруға талаптарды әзірлеуге жауапты болып табылады, оған сәйкес әрбір орган келесі қаржылық жыл бюджетінің жобасы үшін өз қызметінің нәтижелері туралы ақпараттар ұсынады. Бюджетті жасауға жауапты орталық орган ретінде Қаржы және басқару министрлігі басым бюджеттік шығындар жөнінде Австралия Үкіметіне тұрақты ұсыныстар беріп отырады, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларының талдауын жүзеге асырады.

    Мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігінің арттыру жөніндегі бағдарламалардың негізгі акцентін Австралия Үкіметі оларға мемлекеттік қызмет көрсету арқылы сыртқы тұтыушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруды сипаттайтын, олардың қызметінің түпкілікті нәтижелерне жасайды. Министрліктер мен агенттіктер мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуінің нәтижелігін  өлшеу мен бағалауға жауапты болып табылады.  Әрбір ведомство ұйымдастырушылық деңгейде де және түпкілікті көрсеткіштер деңгейінде де стратегиялық жоспарлауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, министрліктер мен агенттіктер қызметінің қол жеткізілген нәтижелердің жыл сайынғы бағалауын және олардың өз ара салыстыруын қарастыратын ұзақ мерзімді жоспарлауға (3-5 жыл) негізделеді.

    Даниядағы қызметтердің нәтижелерін басқарудың негізгі құралдары департаментер мен агенттіктер арасындағы Қызметтердің нәтижелері туралы келісім-шарттар, Жоғары буын басшылары қызметтерінің нәтижелер туралы келісім-шарттар, Қызметтердің нәтижелері туралы ішкі келісім-шарттар мен Қызметердің нәтижелері туралы болып табылады.

    Шеңберінде  бірқатар пилоттық жобала жүзеге асырылған  екі жылдық өтпелі кезеңнен кейін 1997 жылдан бастап Қызметтердің нәтижелері туралы жыл сайынғы есептер беру (ҚНЕ) орталық үкімет құрамындағы  анеғұрлым ірі агенттіктер үшін міндетті болатын болды. ҚНЕ мақсаты - бөлінген ресурстарды пайдалану және тиісті Қызметтердің нәтижелері туралы келісім-шартта бекітілген мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу деңгейі туралы ақпараттар ұсыну. [5] 

      

    Сурет 2 - Данияның орталық үкіметі деңгейінде қызметтердің нәтижелерін басқару. 

    Данияның  Қаржы министрлігі Қызметердің  нәтижелері туарлы жыл сайынғы есептерінің  мазмұнында қажетті ең аз талаптарды белгілейді.

    Агенттіктер Қызмет нәтижелері туралы жыл сайынғы  есептерді дайындайды және оларды тиісті Департаментке бекітуге жібереді. Орталық ведомстволар ҚНЕ парламентке ұсынады, сосын олар жалпыға бірдей қол жетімді болу үшін жарияланады.

    Департаменттер  ҚНЕ деректерін агенттіктердің жұмыстарының тимділігін бағалау үшін және ақпараттың маңызды көзі - Қызмет нәтижелері туралы болашақ келісім- шарттар туралы  келіссөздер үшін негіз ретінде қолданады. ҚНЕ сондай-ақ Ұлттық аудит басқармасының жетекшілік етуімен атқарушы билік тармағының қызметін бақылау және бюджет ресурстарын барынша тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бағытында дамитын бақылау және аудит жүйесінің ажыратылмас бөлігін ұсынады.

    1995 жылдан бастап Исландияның Қаржы  министрлігі салық төлеушілердің  қаражаттарын қолдану тиімділігі  туралы ақпаратты халыққа ұсыну  мақсатымен әртүрлі министрліктер  мен ведомстволардың қызмет көрсеткіштерін жыл сайын жинап, жариялайды. 1997 жылы мемлекеттік биліктің орталық деңгейінің нәтижелері бойынша басқару жүйесіне толықтай ауыстырылды. Үш жылдан бес жылға дейінгі мерзіммен Орындауға шарт атқарушы билік органдары қызметінің негізгі міндеттерін анықтады және министрліктер мен оларға бағынышты агенттіктердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың өзгешеліктерін анықтады. Бұл шарттарға сәйкес орындалуы үшін министрліктің алдында агенттік жауап беретін Стратегиялық  жоспарларды әзірлеуі керек. Стратегиялық   жоспарларды іске асыру үшін агенттік жылдық жоспарларды жасайды, онда негізгі мақсаттары мен міндеттері анықталады, сондай-ақ әрбір жылы министрлікке қызмет нәтижелері туралы есептерді ұсынады. Осылайша шешімдерді қабылдаудың қайта орталықтануы және мемлекеттік сектор менеджерлеріне үлкен еркіндікті ұсыну болады.

    Атқарушы  билік органдарының қызметін ұйымдастырудағы  ұлғайған еркіндік олар ұсынған қызметтердің саны мен сапасы туралы едәуір дәл  ақпаратты қажет етеді. Бірақ қызмет тиімділігінің қолданылатын көрсеткіштері әзірге тиімді мемлекеттік басқаруды бағалау құралы ретінде жеткілікті белсенді қолданылмайды.

    Жоғарыда  айтылып өткендей, Қаржы министрлігі  мұндай көрсеткіштерді 1990-шы жылдардың  ортасынан бастап жинайды және жариялайды. Көрсеткіштерді бағалаудың үш сатылы бағдарламасы қалыптастырылды. Біріншіден, агенттіктер өз жұмысының тиімділік көрсеткіштерін өздері анықтау керек. Екіншіден, қойылған мақсаттарға жету бойынша шығындар анықталуы керек. Және, соңында әрбір көрсеткіштің стандартталған сандық сипаттамасы әзірленуі керек.

    Исландияның Қаржы министрлігі ақпаратты  өлшеу және ұсыну тәсілдері мен  көрсеткіштерінің жүйесін жетілдіру  бойынша жұмысты жүргізеді. Осылайша, Исландияның Кеден басқармасында  «Көрсеткіштердің теңестірілген жүйесі» атты пилоттық жоба іске қосылды.

    Кеден Басқармасы штатын толық жұмысбастылықпен 200 қызметкер құрайды, бюджеті - $8,3 миллион. Кеден Басқармасының нәтижелерге  бағытталған бюджеттеуді қолдануға  қатысты тәсілі «төмен түсетін» ретінде сипатталуы мүмкін. Миссиясы, стратегиялық  жоспары, негізгі мақсаттары мен міндеттері жоғары деңгейде анықталады. Басқарманың жекелеген департаменттері мен бөлімдері бюджетті, функцияларды, орындайтын міндеттерді және қызмет көрсеткіштерін қамтитын жылдық жоспарларды құру үшін жауапты. Сондай-ақ олар  жетілген нәтижелер туралы ақпаратты ұсыну керек. Егер агенттіктің шығындары бөлінген бюджет қаражаттарынан асатын болса, онда келесі жылдың бюджеті берілген мөлшерге азаяды. Жұмсалмаған қаражаттар да келесі жылда жұмсалады.

    1999 жылы Кеден Басқармасы Қаржы  министрлігі мен Кеден Басқармасының  арасындағы өзара қарым-қатынастар  жүйесін анықтайтын, сондай-ақ атқарушы  биліктің берілген органының  мақсаттары мен міндеттері жүйесін,  жаңа миссиясын бекіткен Орындауға шартқа қол қойды. Шартта сондай-ақ Кеден Басқармасының Қаржы министрлігіне ұсынуы керек құжаттар мен баяндамалардың тізімі анықталды. Ең алдымен, бұл жыл сайын қарастырылуға тиісті бес жылдық жоспарлар, сондай-ақ әрбір жылдың басында Министрліктің қаралуына ұсынылатын жылдық жоспарлар. Сондай-ақ әр жылда ведомство қаржылық, сол секілді қаржылық емес қол жетілген нәтижелер туралы есепті құрастыруы керек. Ақырында, Қаржы министрлігі  тиімділік көрсеткіштері туралы ақпаратты жыл сайын жинауы және оны жариялауы керек.

    Кеден Басқармасының  қызметін реформалау - Исландияның Қаржы министрлігінің пилоттық жобасы. Негізгі назар мемлекеттік орган жұмысының соңғы нәтижелері және процестері, қолданылатын ресурстары арасындағы арақатынасқа аударылды. Кеден Басқармасы одан әрі елдің барлық министрліктері мен ведомстволары пайдаланатын, «Көрсеткіштердің теңестірілген жүйесін» енгізу үшін Қаржы министрлігінің арнайы грантын алды. [5]

    Ресей Федерациясының Бюджеттік процесін реформалау тұжырымдамасын жүзеге асырудың аса маңызды элементтерінің бірі ретінде 2004-2006 жылдарда бюджеттік жоспарлау субъектілерінің 2005-2007 жылдарға бюджеттік жоспарлау субъектілері қызметінің нәтижелері мен негізгі бағыттары туралы баяндамаларды (одан әрі - Баяндамалар) құрастыруы қарастырылды.

    Бюджеттік жоспарлау субъектілері - Ресей Федерациясының Үкіметі, сондай-ақ Ресей Федерациясының Қаржы министрлігі және Ресей  Федерациясының Экономикалық даму министрлігі  ұсынатын бұл Баяндамаларда:

    - бюджеттік жоспарлау субъектілерінің  тактикалық міндеттері мен стратегиялық мақсаттары, олардың мемлекеттік саясаттың басымдықтарымен байланысы, сондай-ақ тактикалық міндеттерді шешу мен стратегиялық  мақсаттарға жету көрсеткіштері;

    - қызметтің тиісті саласындағы  шығыс міндеттемелері және тиісті  бюджеттік жоспарлау субъектілері басқаратын федералдық бюджет кірісітері көлемдерінің бағалары;

    - солар арқылы мемлекеттік орган  қойылған мақсаттарға жетуге  және тиісті тактикалық міндеттерді  шешуге ниеттенетін, бюджеттік  мақсаттық бағдарламалардың сипаты;

    - есептік және жоспарлық кезеңде мақсаттар, міндеттер мен бағдарламалар бойынша бюджеттік шығындарды бөлу;

    - бюджеттік шығындардың нәтижелілігін  бағалау, оны арттыру бойынша  шараларды негіздеу.

    Баяндамалар әзірлемелерінің нормативтік және әдістемелік қамтамасыз етуін құрайды:

    - Бюджеттік жоспарлау субъектілері  қызметінің нәтижелері мен негізгі  бағыттары туралы баяндамалар  туралы ереже; 

    - Бюджеттік жоспарлау субъектілері  қызметінің нәтижелері мен негізгі  бағыттары туралы баяндамаларды  дайындау жөніндегі әдістемелік ұсыныстар;

    - мемлекеттік орган өкілдері үшін  баяндамаларды даярлау бойынша  Қаржы министрлігінің семинарлары;

    - НББ әдістемесі бойынша мемлекеттік  орган өкілдеріне жеке кеңес  берулер. 

    Баяндамалар әзірлеу бойынша мемлекеттік  орган қызметін басқару мен үйлестіру үшін бюджет шығындарының нәтижелілігін көтеру жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды, ал оның қызметін қамтамасыз ету үшін бірнеше сараптамалық жұмыс топтары құрылды. Әрбір жұмыс тобының міндеті Баяндамаларды әзірлеу бойынша мемлекеттік орган өкілдеріне көмек көрсету болып табылды. Осы мақсатпен әрбір жұмыс тобына Үкімет  Аппаратының, Ресей Федерациясының  Қаржы министрлігінің, Ресей Федерациясының Экономикалық даму және сауда министрлігінің, салалық министрліктердің мамандары, тәуелсіз сарапшылар кіргізілді.

Информация о работе Муниципалды қызмет және жоспарлау жүйесін жетілдіру орны мен атқаратын қызмет