Муниципалды қызмет және жоспарлау жүйесін жетілдіру орны мен атқаратын қызмет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 16:26, курсовая работа

Описание

Сондықтан да берілген брошюра нақты елдердің үлгісінде нәтижеге бағдарланған бюджеттеу жүйесін енгізу бойынша әлемдік тәжірибені зерттеу жөніндегі талдау жұмыстары; ҚР мемлекеттік органдарының Стратегиялық жоспарларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік жұмыстардың және Қазақстанның мемлекеттік органдарында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау мен бюджеттендірудің жаңа жүйесін енгізу бойынша тренингтер өткізу нәтижесінде жасалынған жұмыстардың нәтижесі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1-тарау.МУНИЦИПАЛДЫҚ СтратегиялАРДЫң теориялық аспектілері



1.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарына ұқсас құжаттарды дайындау мен пайдалану бойынша әлемдік тәжірибеге шолу 5


1.2 Қызмет нәтижелері көрсеткіштерін іске асырудың сыртқы бағалауының шетелдік тәжірибесі 16


1.3 Қазақстан Республикасында муниципалды стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері 20
2-тарау.МУНИЦИПАЛДЫ қызмет және жоспарлау жүйесін жетілдіру
орны мен атқаратын қызметі 25


2.1 Муниципалды органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың қажеттілігі 25


2.2 Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау мониторингін жүргізу 27
2.3 Қазақстан Республикасында операциялық жоспарлардың мониторингін өткізу жөніндегі әдістемелік әзірленімдер 33

ҚОРЫТЫНДЫ 35
ҚОЛДАНЫЛҒЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 37

Работа состоит из  1 файл

Курсова++.doc

— 291.50 Кб (Скачать документ)

    Кредит-қаржы саясатының құралдарын  пайдалану мемлекетке инфляцияға  қарсы тұруға, ппайыздық мөлшернемені реттеуге, солар арқылы – инвестициялық үдерісті, өндірісті және жұмыспен қамтамасыз ету құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді.

    Сабура Окита былай деп жазған: «Шенеунік даналығы, телефон арқылы  немесе ведомстволық нұсқау арқылы  экономикаға билік жасауда емес, онсыз кез келген әс жойылып кететін салық жеңілдігі және инвестициялық саясатпен басымды салаларды дамытуға, салалық баланстың келешекті тұжырымдамасын жасауға, бісекелестікті қолдауға көмектесу болып табылады».

    Салық саясаты барлығынан бұрын, табыстарды қайта бөлуді және өндірістің дамуын ынталандыруды ұйымдастыруға бағытталады. Салық қызметтері – қазыналық және экономикалық.

    Әкімшілік әдістер бес бағытта қолданылады:

  1. Монополиялық рынокты тікелей мемлекеттік бақылау. Рынокты әкімшілік реттеу – қатаң мөлшерлемелі акциздік салықты енгізу, бағаны жоспарлауды қолдану, мемлекеттік монополияға қатысты, рыноктағы үйлесім икемсіз сұраныс тауарларын әкімшілік реттеу.
  2. Өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  3. Өндірістік және экономикалық қызметтің барлық түрлерін жүргізу үшін және оларды бақылау үшін қажетті стандарттарды әзірлеу.
  4. Тұрғындар өмірінің ең аз шектеулі параметрлерін анықтау және қолдау.
  5. Халықаралық экономикалық қатынастар аясандағы ұлттық мүдделері қорғау.

    Сөйтіп, осы немесе басқа әдістер  қойылған  мақсаттарға жету құралы, кері көріністі әсерлерді басатын,  өзіндік сипатты өтелім болып  табылады, деген қорытынды жасауға  болады.

    Ұлттық болжау ұлттық экономиканы дамыту бағыты туралы ғылыми негізделген жүйенің қалыптасу үдерісін көрсетеді. Оның мазмұны ұлттық экономиканың дамуының мүмкін түрлі нұсқаларының спектрін анықтауда оңтайлы шешім қабылдауға байланысты.

    Болжаудың бірнеше анықтымалырын  ұсынамыз:

  • Болжау - әлеуметтік-экономикалық үдерістерінің дамуын ғылыми алдын-ала көру қағидалары, әдістері туралы ғылым.
  • Болжау – обьектінің жағдайының ғылыми негізделген гипотезасы.
  • Болжау – стратегиялық жоспарлаудың ғылыми сатысы; алдағы кезеңдегі экономиканы реттеу бойынша үкіметтің атқарымдық шешімдері және жоспарлы ғылыми базасы.

    Ұлттық болжаудың мақсаты мыналар: 

  • Экономиканың даму үрдісіне ғылыми талдауды қосатын, ғылыми алғышарты құру;
  • Қалыптасқан үрдіс, белгіленген мақсаттар ретінде есептелетін, алда тұрған қоғамдық ұдайы өндірісті, алдын ала көре білу нұсқасы;
  • Қабылданған шешімдердің мүмкін нәтижелерін бағалау;
  • Басқару шешімдерін қабылдау үшін әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық даму бағытын негіздеу.

    Әлеуметтік-экономикалық болжау объектілері, уақытша интервалдары, атқарым белгілері, тәсілдері және түрлері бойынша жіктеледі.

    Бірақ мұндай жіктеу шартты  сипатта болады.

    Болжамдардың сипаттамасына кеңірек  тоқталайық.

    Объектілер санатында халық шаруашылығының, салааралық кешендердің , аумақтардың   және салалардың алғашқы буындары көрінеді.

    Аралықтары бойынша болжаулар  жедед (ай, тоқсан) , қысқа мерзімді (1-3 жыл) , орта мерзімді (5-7 жыл), ұзақ  мерзімді (15-20 жыл) және алыс мерзімді (20 жылдан жоғары) болу мүмкін.

    Атқарымдық қызметтері бойынша-іздестіру  және нормативтік.

    Бұл болжаулардың арасындағы  айырмашалық, олар екі түрлі  мәселелерді шешуіне байланысты  қорытындыланады. Іздестіру болжамдары  мемлекеттік ықпал етудің ешқандай  шарасы қабылданбаса, не болады  және егер өткен және бүгінгі  көрсеткіштерді үдерісі келешекте тараса не болады?» деген келешек деген сұрақтарға жауап береді.

    Нормативтік болжам: « Келешекте  тапсырылған міндетке жету үшін, осы кезеңде не өзгерту қажет?»  деген сұрақтарға жауап береді.

    Сөйтіп, іздестіру болжамына базалық көзқарастың шешуші маңызы болады, ал нормативтік болжам үшін – мақсатты маңызы бар.

    Болжау тәсілдерінің арасында  сарапшылық, экстрополяциялық және  экономикалық-математикалық (модельдеу)  түрлерін бөліп алады.

    Болжау түрлері: экономикалық (инфляция  деңгейі, еңбек өнімділігі), табиғи ресурстардың ( әлемдік мұхиттар ресурстары, энергияның кейбір түрлері және т.б.), демографиялық, әлеуметтік даму (мәдинет, өнер).

    Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау. Жалпы түрде жоспарлау, бастапқы ақпараттарды өңдеу және өзіне таңдауды қосатын және мақсаты ғылыми дайындау, қаржыны анықтау мен оған жету жолын  қарастыруға негізделген, дайындау үдерісі мен қабылданған басқару шешімін көрсетеді.

    Жоспарлау жасалу нысаны бойынша  директивті, индикативті және стратегиялық болады.

    Индикативті жоспарлауға толығырақ  тоқталамыз.

    Индикативті жоспарлау – бұл  нарық экономикасының  қызметіне  ықпал етудің негізгі әдістері, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық  саясатын жүргізу құралы. Ол мемлекет  шараларының ықпалынсыз қиын тиетін, экономикалық өмірдің көптеген мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді. Индикативті жоспарлау парпметрлердің (индикаторлардың) жүйесін қалыптастыру үдерісін көрсетеді. Бұл серпін, құрылым, экономиканың тиімділігі, қаржы жағдайы, ақша айналымы, тауарлар рыногы және бағала қағаздар, баға қозғалысы, жұмыспен қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейі және т.б. тәрізді көрсеткіштер болуы мүмкін.

    Индикативтік жоспарлау нарық  экономикасының жағдайы мен мемлекеттік  реттеу әдістерінің бүкіл әлемде  кең тарауы үшін ең қолайлы болып таьылады. 

    Мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы ақпарат берудің неғұрлым жиі  пайдаланылатын тәсілі - бұл әрбір министрліктің Стратегиялық жоспарлар немесе оған ұқсас стратегиялық мақсаттар, оларға қол жеткізуге бағытталған тактикалық міндеттер мен бағдарламалар, сондай-ақ бюджеттік қаражатты пайдаланудың жоспарланған нәтижелері берілген құжат дайындау. Сонымен, Ұлыбританияда әрбір ведомство мемлекеттік қызмет жөнінде келісім, Австралияда - қызметтердің нәтижесі жөнінде баяндамалар (Performance reports), Данияда - қызметтердің нәтижесі жөнінде келісім шарттар дайындайды. Осы сияқты баяндамалар құруда әрбір елдің өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, оларда, ереже ретінде мынадай құрылымдар бар (1-сурет): [2] 
 

     
     
         
        Мемлекеттік                   органның                                 миссиясы      
                    Мақсаттардың, міндеттердің және түпкілікті нәтижелер  көрсеткіштерінің жүйелі тізбегі                                        (қызметтердің нәтижелілігінің                   бағасы)      
              Мемлекеттік орган қызметінің нәтижелілігіне                   тұрақты бақылау                                                         (қызметтер нәтижелілігінің тұрақты жоспарлы арттырылуы)      
        Корпоративтік мәдениетті нығайту 

        (нәтиже  бойынша жоспарланған мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу үшін персоналдың мотивациясы)

 

    Сурет 1 - Мемлекеттік орган қызметі жөнінде ақпарат беретін құжаттар құрылымы. 

    Бұл Стратегиялық жоспарлардан немесе оларға ұқсас құжаттардан басқа ведомство, ереже ретінде, жыл сайынғы негізде жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу туралы есеп дайындайды.

    Ұлыбританияның  әрбір орталық министрліктері мен  ведомстволары Мемлекеттік қызметтер  туралы келісімдер (public service Agreement) жасайды, онда орган қызметінің мақсаттары мен  міндеттері, нәтижелігінің көрсеткіштері, сондай-ақ оның қызметінің түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштері көрсетілген. Сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер туралы келісімдерде халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қойылатын талаптар баяндалады.

    Мемлекеттік қызметтер туралы келісімнің негізгі маңызы оның нәтижелілік дәрежесі туралы талқылауға мүмкіндік беретін мемлекеттік орган қызметінің негізгі көрсеткіштерінен тұратындығында. Әрбір Келісім, ереже ретінде, бір стратегиялық мақсатты және қойылған мақсатқа қол жеткізуді қамтамассыз ететін Ұлыбританияның мемлекеттік органдарының қызметтерінің бағыттары мен тәсілдерін нақтыландыратын төрт-бес міндеттерді қосады.  Келісімде сондай-ақ түпкілікті қоғамдық маңызды және тікелей (тіке) нәтижелердің көрсеткіштер жүйесі ұсынылған. Әрбір келісімде әрбір министрлік үшін value for money тәсіліне негізделген бюджеттік қаражатты жұмсау тиімділігін арттыру туралы ақпараттардың бар екенін атау маңызды.

    Егер  қандай да бір тапсырма басқа мемлекеттік  органдардың қатысуын талап етсе, яғни ведомствоаралық болып табылса, онда оның шешіміне екі немесе одан көп министрліктер жауапты болуы мүмкін. Бұл тиісті Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы келісімдерде көрсетілуі тиіс. Мысалы, Білім министрлігінің  спортпен шұғылданатын балалар санының 85%-ға көбейту міндеттерін шешуге оқу жоспарынан бөлек кем дегенде аптасына екі сағат Мәдениет, жаппай коммуникация және спорт министрлігінің қызметі аясында қарауы мүмкін.

    Ұлыбританияның  сол немесе басқа мемлекеттік  органының әрбір Мемлекеттік  қызметтер туралы келісіміне Техникалық жазба қоса беріледі. Онда ақпараттарды жинау мен өңдеу тәсілдерінің сипаттауын және уақыттың ақпараттарды жинау уақыты мен оны пайдалану мерзімдері аралығындағы уақытша шектеулерді қоса алғанда биліктің мемлекеттік органдары қызметінің нәтижелерін өлшеу тәртібі егжей-тегжейлі сипатталады. Мемлекеттік қызметтер туралы келісімнің Техникалық жазбасы егер тікелей (тіке) нәтижелер Келісімде бюджеттік қаржыландырудың сондай немесе қысқартылған көлемде көрсетілген мәнін асыра қол жеткізілген жағдайда, осы ведомство қызметінің нәтижелілігін көтеріңкі деп таныйды. Осылайша, Техникалық жазба, орган қызметінің нәтижелілігін бюджет қаражатын жұмсау тиімділігімен тығыз байланыстыра отырып орган қызметінің нәтижелілігін арттырудың екі нұсқасын қарастырады: [3]

    - бюджеттік қаржыландырудың төмендетілген  көлемі кезіндегі  жоспарланған  немесе неғұрлым жоғары мақсатты  көрсеткішге немесе қол жеткізу;

    - қаржыландырудың сол деңгейндегі  неғұрлым жоғары мақсатты көрсеткішке  қол жеткізу.

    Бюджеттік қаржыландыру көлемінің қысқартылуы кезінде министрлік олар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына, оның нашарлауын болдырмау үшін бағалау жүргізуі тиіс.

    Мемлекеттік қызметтер туралы келісім биліктің мемлекеттік органдары қызметінің бағыттарын Үкіметтің және жеке министрліктердің басқа да стратегиялық құжаттарында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу бөгін нақтыландырады және дамытады. Осы Келісімдерде қол жеткізілуі мемлекеттік органның жалпы мақсаттарын іске асыруға алып келетін түпкілікті көрсеткіштердің ұсынылады. Кейбір жағдайларда Мемлекеттік қызметтер туралы келісім түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге оң немесе теріс ықпал етуі мүмкін сыртқы факторлардың толық сыныпталуынан тұрады.

    Мемлекеттік қызметтер туралы келісім Ұлыбританияда  нәтижелер бойынша басқару жүйесін негізгі құрамдасының бірі болып табылады. Одан басқа, Ұлыбританияның мемлекеттік секторындағы нәтижелер жөніндегі басқару жүйесіне жоспарланған көрсеткіштеріне нақты қол жеткізу туралы жыл сайынғы есебі кіреді.

    Осыдан 1998 жылдан бастап Ұлыбритания Үкіметімен мақсаты шығындардың барлық баптары бойынша және барлық ведомстволар бойынша бюджеттік шығындардың нәтижелілігін бағалау болып табылатын Шығындардың жалпы шолулары (Comprehensive Spending Review) құрылуда.

    Жыл сайын Австралия агенттігі мен  министрлігі Үкіметке және Парламентке жыл басында, жыл соңында қол жеткізілген көрсеткіштер туралы ақпараттардан және олардың салыстырмалы талдауларынан тұратын қызметтердің нәтижелері туарлы баяндамалар ұсынады. Австралиядағы мемлекеттік органдар қызметтерінің нәтижелілігін өлшемі мен бағасы сандық және сапалық деңгейде де өткізіледі. Одан басқа, мемлекеттік органдар орган көрсететін қызметердің таза құны туралы ақпараттардан тұратын есептеу әдісі негізінде жасалған қаржылық есептерді ұсынады.

    1995 жылы Австралия Үкіметі Мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы ақпараттарды талдау бағдарламасын қабылдады. Бағдарламаға сәйкес қызметердің нәтижелері туралы ақпараттарды талдау әрбір мемлекеттік органдарда жүйелі негізде жүргізілуі тиіс. Мұндай талдаудың мақсаты қол жеткен нәтижелер туралы анық ақпараттарды беру, сондай-ақ осы орган қызметінің нәтижелілігін арттыру жөніндегі мүмкіндіктерді айқындау болуы тиіс. Әрбір орган оның жүргізілуінде болатын барлық бюджеттік бағдарламалардың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады.

Информация о работе Муниципалды қызмет және жоспарлау жүйесін жетілдіру орны мен атқаратын қызмет