Муниципалды қызмет және жоспарлау жүйесін жетілдіру орны мен атқаратын қызмет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 16:26, курсовая работа

Описание

Сондықтан да берілген брошюра нақты елдердің үлгісінде нәтижеге бағдарланған бюджеттеу жүйесін енгізу бойынша әлемдік тәжірибені зерттеу жөніндегі талдау жұмыстары; ҚР мемлекеттік органдарының Стратегиялық жоспарларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік жұмыстардың және Қазақстанның мемлекеттік органдарында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау мен бюджеттендірудің жаңа жүйесін енгізу бойынша тренингтер өткізу нәтижесінде жасалынған жұмыстардың нәтижесі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1-тарау.МУНИЦИПАЛДЫҚ СтратегиялАРДЫң теориялық аспектілері



1.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарына ұқсас құжаттарды дайындау мен пайдалану бойынша әлемдік тәжірибеге шолу 5


1.2 Қызмет нәтижелері көрсеткіштерін іске асырудың сыртқы бағалауының шетелдік тәжірибесі 16


1.3 Қазақстан Республикасында муниципалды стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері 20
2-тарау.МУНИЦИПАЛДЫ қызмет және жоспарлау жүйесін жетілдіру
орны мен атқаратын қызметі 25


2.1 Муниципалды органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың қажеттілігі 25


2.2 Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау мониторингін жүргізу 27
2.3 Қазақстан Республикасында операциялық жоспарлардың мониторингін өткізу жөніндегі әдістемелік әзірленімдер 33

ҚОРЫТЫНДЫ 35
ҚОЛДАНЫЛҒЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 37

Работа состоит из  1 файл

Курсова++.doc

— 291.50 Кб (Скачать документ)

    - мемлекеттік орган қызметінің Стратегиялық және операциялық жоспарларына түзетулерді енгізу жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу.

    Мониторингқа  қойылатын негізгі талаптар ақпараттың толықтығы мен анықтығы, шығындардың  ең аз мөлшері мен тексеру нәтижелері бойынша нәтиженің ең көп көрсеткіші болып табылады.

    Мониторинг  жүйесімен жиналған мәліметтер жетістіктер мен сәтсіздіктерді себептерін және бағдарламаның (бюджеттік, мемлекеттік, аумақтық) алынған нәтижеге нақты ықпалын анықтау үшін терең зерделеуді талап ететін мәселелер туралы құнды ақпаратты білдіреді.

    Операциялық жоспар мониторингінің объектісі іс-шаралар, олардың нәтижелері мен мемлекттік органның операциялық жоспарында көрсетілген тиісті бюджеттік қаржыландыру болып табылады.

    Мониторинг  операциялық жоспарда тізбеленген  іс-шаралардың іске асырылуына жауапты  құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік орган бойынша мониторинг мәліметтерін қортындылау тұтастай алғанда мамлекеттік  орган басшысы өз орынбасарлары  мен мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері басшыларының санынан  анықтайтын лауазымды тұлғамен жүзеге асырылады. 

    Жүргізілу нысандары бойынша мониторинг ағымдағы және келсі болып бөлінеді.

    Ағымдағы  мониторинг қаржылық жылдың аяқталуына дейін  операциялық жоспарды іске асыру барысында жылдық операциялық  жоспардан ауытқуларды анықтау  және түзетулерді енгізу бойынша  жедел басқарушылық шараларды қабылдау үшін тоқсанына бір рет артық емес  жүргізіледі. Ағымдағы мониторинг алдын ала ескерту жүйесінің көмегімен проблеманы айқындауға ықпал етеді, ол түзету шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

    Келесі  мониторинг жыл аяқталғаннан кейін мемлекеттік органдардың операциялық жоспарларын қызмет туралы жыл сайынғы есептермен салыстыру арқылы жыл бойы жоспарланған іс-шаралардың іс жүзінде атқарылған іс-шаралардан ауытқуларды анықтау және мемлекеттік органның келесі жылдарда атқарылатын қызметінің операциялық жоспарларына тиісті түзетулерді енгізу үшін жүргізіледі.

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары  мемлекеттік органда мониторингті ұйымдастыру тәртібін реттейтін  ішкі ведомстволық нормативтік құқықтық актіні әзірлеу және қабылдауы тиіс - Мемлекеттік органның операциялық жоспарын іске асыру мониторингін ұйымдастыру жөніндегі ережесі, ол мынадай нормалардан тұруы тиіс:

    1. Операциялық жоспардың іске асырылуын  мониторингі операциялық жоспардың  «Жауапты орындаушы» бағанында  көрсетілген құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен жүзеге асырылады. Мониторингті жүзеге асыру көрсетілген басшылардың шешімі бойынша басқа лауазымды тұлғаларға да жүктелінуі мүмкін.

    2. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары  № 1 қосымшаға сәйкес бекітілген  нысан бойынша құрылымдық бөлімшенің операциялық жоспарының іске асырылуының моинторингі бойынша есептерді жасайды.

    3. Операциялық жоспарда көрсетілген  көрсеткіштердің жоспарланған және  іс жүзіндегі мәндерінің арасында  елеулі ауытқушылықтар, сондай- ақ  жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге кедергі келтіретін проблемалар табылған жағдайда тиісті құрылымдың бөлімшенің басшысы табылған ауытқушылықтардың негіздемесін, проблемалардың түсініктемелерін, құрылымдық бөлімшенің операциялық жоспарының іске асырылуының мониторингі жөніндегі есепке түсіндірме жазбасында көрсеткіштерге қол жеткізілмеу қауіптерін сипаттауларын ұсынуға міндетті. 

    4. Сондай-ақ түсіндірме жазбада  есептік кезеңде операциялық  жоспардың іске асырылу нәтижелері  мен көрсетілген түзетулердің  тиісті кезеңге құрастырылған стратегиялық жоспарда көрсетілген мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етілуінің бағасы ескеріліп  операциялық жоспарды түзету жөніндегі ұсыныстар болуы мүмкін. Келешекте жүргізілетін мониторинг нәтижелері бойынша түсіндірме жазбада мониторинг нәтижелерін көру үшін кестелер, есептер мен схемалар болуы мүмкін. 

    5. Құрылымды бөлімшенің операциялық  жоспарының жүзеге асырылуының  мониторингі  бойынша есептер  мен оларға қосылатын түсіндірме  жазбалар мемлекеттік орган деңгейінде мониторингті үйлестірумен айналысатын лауазымды тұлғаға (бұдан әрі - мониторинг үйлестірушісі) тапсырылады. Мемлекеттік орган басшының орынбасары  (әкімшілік департаменттің басшысы) немесе мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша басқа лауазымды тұлға мониторингті үйлестіруші болып тағайындалады. Мониторингті үйлестіруші тұтастай алғанда мемлекеттік орган деңгейінде мониторинг мәліметтерін жинақтап қорытындылайды.

    6. Құрылымды бөлімшенің операциялық  жоспарын іске асырылуының мониторингі  бойынша есептерді тапсыру кезеңдері мен мерзімдері  мониторингтің үйлестірушісімен анықталады. Мерзімділігі тоқсанына бір реттен артық болмауы тиіс.

    7. Мониторингтің үйлестірушісі немесе  мемлекеттік органның басқа лауазымды  тұлғасы оның тапсырмасы бойынша  мемлекеттік органның операциялық жоспарын іске асырудың мониторингі жөніндегі есептерді жасайды (бұдан әрі - мемлекеттік органның мониторингі жөніндегі есеп).

    8. Мемлекеттік органның мониторингі  бойынша есеп мемлекеттік органның  басшысына тоқсанына бір рет артық емес мерзімділікте ұсынылады. Мемлекеттік органның мониторингі жөніндегі есеп мемлекеттік органның басшысына жедел басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін негіз болып табылады.

    9. Жыл бойы құрылымдық бөлімшенің  операциялық жоспарын іске асыру  мониторингі жөніндегі есептерде берілген барлық мәліметтер, соның ішінде көрсеткіштер мәндерінің ауытқуларының негіздемелері, жоспарланған мәндерге қол жеткізбеушілігінің проблемалардың мен қауіптері сипаттамалар және т.б., ақпарат талдаудан өткізілгеннен кейін мониторингтің үйлестірушісімен немесе оның тапсырмасы бойынша мемлекеттік органның басқа лауазымды тұлғасымен  жылдың аяғында жинақтап қорытылады. Талдау нәтижелері жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік органның операциялық жоспарын орындау туралы мониторинг бойынша есепке қосылатын түсініктеме жазбада тапсырылады. 

    Мемелекеттік  органның операциялық жоспарын іске асырудың мониторингін ұйымдастыру  туралы ережеде операциялық жоспарларды  іске асырудың мониторингін жүргізуге  қатысты басқа мәселелер қарастырылуы мүмкін.

    Жыл қорытындылары бойынша мемлекеттік  органның операциялық жоспарын іске асыру мониторингі жөніндегі  есептегі және оған қосылатын түсіндірме жазбасында бар ақпарат келесі жоспарлық  жылға операциялық жоспарды құрастыру  және мемлекеттік органның операциялық жоспары мен мемлекеттік органның Стратегиялық жоспары көрсеткіштерінің мәндеріне тиісті түзетулерді енгізу барысында ескерілуі тиіс. [13]

    Құрылымдық  бөлімшелердің басшылары мониторинг қорытындылары бойынша қажет  болған жағдайда мониторинг барысында айқындалған проблемаларды шешу және жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілмеу қауіптерін төмендету бойынша іс-шараларды әзірлейді және олардың орындалуына бақылауды жүргізеді. Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері туралы деректер мониторинг бойынша есепке қосылатын түсіндірме жазбаға енгізіледі.

    2.3 Қазақстан Республикасында операциялық жоспарлардың мониторингін өткізу жөніндегі әдістемелік әзірленімдер

 

    Мемлекеттік органның операциялық жоспары Мемлекеттік  органның Стратегиялық жоспарында жоспарланған стратегиялық мақсаттарға, міндеттерге және нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі қызметін мониторингілеу құралы қызметін атқарады. [13]

    Мониторинг  - бұл мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларына жоспарланған іс-шараларды іске асырудың тиімділігін арттыруға және мемлекеттік органның басшылары мен барлық қызметкерлері жүзеге асыратын стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған қажетті шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін ақпаратты жинау мен талдаудың үздіксіз үдерісі.

 

     Ішкі мониторингті жүргізу үшін жауапты құрылымдық бөлімше:

    - мемлекеттік органның Операциялық жоспарында жоспарланған іс-шараларды іске асыру жөніндегі қызметтің ішкі мониторингін жүзеге асырады;

    - құрылымдық бөлімшелерде (ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда) басқару жүйесінің жұмыс істеуіне талдау жүргізеді, мемлекеттік органның жауапты хатшысына не жауапты хатшысы жоқ мемлекеттік органның бірінші басшысына оны жақсарту жөнінде ұсыныстар береді;

    - Операциялық жоспардың орындалу барысы туралы есеп жасайды және жауапты хатшыға не жауапты хатшысы жоқ мемлекеттік органның бірінші басшысына ұсынады;

    - жауапты хатшы не жауапты хатшысы жоқ мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. [13]

    Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері (ведомстволық бағыныстағы ұйымдары) өз құзыреттерінің шегінде ішкі мониторингті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге операциялық жоспардың орындалғаны туралы есепке ақапарат ұсынады.

    Есепті  ақпараттың негізінде жауапты хатшы не жауапты хатшысы жоқ мемлекеттік органның бірінші басшысы проблемалық мәселелер бойынша  қабылданатын шаралар туралы шешім шығарады.

    Бұдан басқа, есеп құрылымдық бөлімшенің (ведомстволық бағыныстағы ұйымның), құрылымдық бөлімшенің жеке әрбір қызметкерінің жұмыс сапасын бағалауға арналған құралы болып табылады және қызметкерлерге сыйлық беру, үстеме ақы тағайындау, көтермелеу, оларға бұрын салынған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу, қызметкерлерді қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберу (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №1367 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмыс сапасын бағалау ережесіне сәйкес) үшін негіз болады. 

 

    ҚОРЫТЫНДЫ 

    Курстық жұмыс бойынша қорытындылар:

      Мемлекеттік қызметтер туралы  келісімнің негізгі маңызы оның  нәтижелілік дәрежесі туралы  талқылауға мүмкіндік беретін  мемлекеттік орган қызметінің  негізгі көрсеткіштерінен тұратындығында. Әрбір Келісім, ереже ретінде, бір стратегиялық мақсатты және қойылған мақсатқа қол жеткізуді қамтамассыз ететін Ұлыбританияның мемлекеттік органдарының қызметтерінің бағыттары мен тәсілдерін нақтыландыратын төрт-бес міндеттерді қосады.  Келісімде сондай-ақ түпкілікті қоғамдық маңызды және тікелей (тіке) нәтижелердің көрсеткіштер жүйесі ұсынылған. Әрбір келісімде әрбір министрлік үшін value for money тәсіліне негізделген бюджеттік қаражатты жұмсау тиімділігін арттыру туралы ақпараттардың бар екенін атау маңызды.

      Мемлекеттік қызметтер туралы келісім биліктің мемлекеттік органдары қызметінің бағыттарын Үкіметтің және жеке министрліктердің басқа да стратегиялық құжаттарында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу бөгін нақтыландырады және дамытады. Осы Келісімдерде қол жеткізілуі мемлекеттік органның жалпы мақсаттарын іске асыруға алып келетін түпкілікті көрсеткіштердің ұсынылады.

    Кейбір  жағдайларда Мемлекеттік қызметтер  туралы келісім түпкілікті нәтижелерге  қол жеткізуге оң немесе теріс ықпал етуі мүмкін сыртқы факторлардың толық сыныпталуынан тұрады.

      Мемлекетті органның стратегиялық жоспары қолданыстағы бюджеттік шектеулер шеңберлерінде жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу тұрғысынан мемлекеттік органның қызметін бағалауға мүмкіндік беретін нәтижелерге бағытталған бюджеттендірудің құралы болып табылады.

      Стратегиялық жоспардың іске асырылуы - мемлекеттік органның ең тиімді әдіспен, яғни пайдаланылатын бюджеттік қаражаттарының жоспарланған немесе жоспарланғаннан кем көлемде нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі қызметі түсіндіріледі.

    Стратегиялық  жоспардың іске асырылуының бағалануына  жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу  деңгейін бағалау түсініледі.

      Бағалау барабарлығы тікелей Стратегиялық жоспарда ұсынылған ақпараттың сапасына байланысты.

    Ұсынылған ақпараттың сапасы тікелей Әдістемелік  ұсыныстардың ережелерін сақтау дәрежесіне байланысты болады. Реформаны жүргізудің бастапқы кезеңінде Стратегиялық жоспар-ларды  дайындау сапасын, ең алдымен Әдістемелік  ұсынымдардың ережелеріне сәйкестігіне бағалау қажет. 

Информация о работе Муниципалды қызмет және жоспарлау жүйесін жетілдіру орны мен атқаратын қызмет