Қаржы нарығы және делдалдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 06:56, курс лекций

Описание

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы жоспарлы экономикадан жаңа нарықтық экономикаға көшті. Нарықтық экономикада мемлекеттің қаржы нарығының қызмет етуі маңызды болып табылады. Себебі, қаржы нарығы мемлекет экономикасында ақша қаражаттарының тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Қазақстанда жоспарлы экономика кезінде қаржы нарығы болған емес.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................4
1 Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері.....5
2 Әлемдік қаржы нарығының дамуы және қалыптасуы...................................12
3 Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары...............................................14
4 Депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері.............................17
5 Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні...............................20
6 Дамыған және дамушы елдердің ипотекалық нарықтары................23
7 Валюта нарығы және валюталық операциялар...................................25
8 Әлемдік валюта нарығы..........................................................................31
9 Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметтері мен құрылымы.....32
10 Сақтандыру нарығы.......................................................................40
11 Зейнетақы нарығы..............................................................................42
12 Шет елдердегі зейнетақы жүйесі..............................................................44
13 Қаржы делдалдары және қаржылық делдалдықтар.............................45
14 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі..................48
15 Зейнетақы қорлары.................................................................................51
16 Инвестициялық компаниялар және қорлар................................................53
17 Сақтандыру компаниялары және қорлары......................................................56
18 Арнайы мамандандырылған қаржылық-несиелік институттар............60
19 Қор биржасы, оның функциясы мен құрамы........................................64
20 Қазақстанның қаржы нарығын реттеудің құқықтық негізі.................68
21 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде...........................................................................................................71
22 Қаржы нарығы және қаржылық қадағалауды реттеу бойынша Агенттіктің қызметі...............................................................................74
23 Өзін-өзі реттеу ұйымдары....................................................................75
24 Халықаралық бағалы қағаздар нарығы..............................................77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................80

Работа состоит из  1 файл

Каржы нары5ы.doc

— 838.00 Кб (Скачать документ)

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

 

М.О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК  УНИВЕРСИТЕТI

 

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ФАКУЛЬТЕТІ

 

«БАНК ІСІ» кафедрасы

 

Пазилов Ғ.А.

 

 

 

 

 «Қаржы нарығы және делдалдары» пәнінен лекциялар жинағы

 

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент-2011 ж.

 

 

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе.......................................................................................................

4

1

Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері.....

5

2

Әлемдік қаржы нарығының дамуы және қалыптасуы...................................

12

3

Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары...................................................

14

4

Депозит нарығының  қызмет етуінің ерекшеліктері..............................

17

5

Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні.................................

20

6

Дамыған және дамушы елдердің ипотекалық нарықтары..................

23

7

Валюта нарығы және валюталық операциялар....................................

25

8

Әлемдік валюта нарығы..........................................................................

31

9

Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметтері мен құрылымы.....

32

10

Сақтандыру нарығы........................................................................

40

11

Зейнетақы  нарығы.................................................................................

42

12

Шет елдердегі зейнетақы жүйесі.................................................................

44

13

Қаржы делдалдары және қаржылық делдалдықтар.............................

45

14

Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі..................

48

15

Зейнетақы қорлары..................................................................................

51

16

Инвестициялық компаниялар және қорлар................................................

53

17

Сақтандыру компаниялары және қорлары........................................................

56

18

Арнайы мамандандырылған қаржылық-несиелік институттар............

60

19

Қор биржасы, оның функциясы  мен құрамы........................................

64

20

Қазақстанның қаржы нарығын реттеудің құқықтық негізі..................

68

21

Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі   қаржы нарығын  реттеуші орган ретінде...........................................................................................................

 

71

22

Қаржы нарығы және қаржылық қадағалауды реттеу бойынша  Агенттіктің қызметі...............................................................................

 

74

23

Өзін-өзі реттеу ұйымдары....................................................................

75

24

Халықаралық  бағалы  қағаздар  нарығы..............................................

77

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................

80


 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік  алғаннан кейін бұрынғы жоспарлы экономикадан жаңа нарықтық экономикаға көшті. Нарықтық экономикада мемлекеттің қаржы нарығының қызмет етуі маңызды болып табылады. Себебі, қаржы нарығы мемлекет экономикасында ақша қаражаттарының тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.

Қазақстанда жоспарлы экономика кезінде қаржы нарығы болған емес. Тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономиканың тиімді қызмет етуі үшін алдымен қаржы нарығын қалыптастыру қажет болды.

Қаржы нарығы – бұл ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, сақтық, валюта және басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және тағы басқа нарықтармен) етене байланысты. Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизімінде де қаржы зор рөл атқарады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда  қаржы нарығы толық қалыптасты деп  айтуға болады. Қазақстанның қаржы нарығы Қазақстан Республикасының заңдарына және нормативтік актілерге сәйкес қызмет етеді. Атап айтсақ, Қазақстанда банк жүйесі, депозит нарығы, несие және бағалы қағаздар нарығы, валюта,  сақтандыру, зейнетақы нарықтарының қызметтін рейттейтін заңдар қабылданды.

Сондай-ақ, қаржы нарығында  қызмет ететін қаржы делдалдары, яғни қаржылық институттар тұрақты жұмыс  істеуде.

«Қаржы нарығы және делдалдары»  пәні студенттерге қаржы нарығының  мәнін, құрылымын, құрамын және қаржы  нарығында қызмет ететін делдалдардың ерекшеліктерін түсіндіреді.

Осы электрондық оқулық қаржы саласындағы оқулық, оқу құралдары және жинақталған лекция материалдары негізінде құрастырылды.

  

 

 

1 - тақырып: Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері

 

1.Қаржы нарығының  мәні мен түсінігі.

2.Қаржы  нарығының құрылымы. Қаржы нарығы жіктелімінің ерекшеліктері.

3.Қазақстанның  қаржы нарығы және оның құрамдас бөліктері.

 

Қаржылық қатынас кез-келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап берді және оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтык экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.

Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын қаржы институттары негізгі рөлді атқарады. Онда төлем құралдары мен бағалы қағаздар тауар ретінде колданылады. Қаржы нарығы кез келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары арасындағы тікелей байланысты орнатуға бағытталған.

Сондықтан, қаржы нарығы - бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизімінің жүйесі. Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын   қаржы-несие   институттарының   жиынтығын   білдіреді. Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар:

  • реттеушілік - оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;
  • ақпараттық - қаржы нарығына қатысушылардың барлығын 
    ақпараттармен толық және теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
  • бөлу - қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының экономиканың бір саласынан екіншісіне, нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне, бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз етеді және сонымен бірге қаржы ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;
  • коммерциялық - қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандайда бір табыс әкеледі;
  • баға белгілеу - қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.

Қаржы жүйесімен жүзеге асырылатын уақытша бос ақша ресурстарының әр түрлі инвестицияларға айналу процесі қаржы нарығының қызмет етуімен және қаржы институттарының қызметімен тікелей байланысты. Егер қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орналастыру процесінде қаржы институттарының негізгі рөлі меншік иелерінен қарыз алушыларға қаражаттардың мүмкіндігінше тиімді өтуін қамтамасыз ету болып табылса, онда қаржы ресурстарын сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қаржылық активтер мен міндеттемелердің саудасын ұйымдастыру қаржы нарығының міндеті болып табылады. Мұндай нарықтардағы сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық субъект ретіндегі үш тобы бар:

  • үй шаруашылығы (жеке тұлға);
  • меншік формасына тәуелсіз шаруашылық жүргізуші субъектілер;
  • мемлекеттік басқару органдары.

Олардың кез келгені нақты уақыт кезеңінде өз бюджетінің балансталған,. оның дефициті мен профициті жағдайында болуы мүмкін. Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекетте қаржылық қаражаттарды қарызға алу қажеттілігі немесе уақытша бос қаражатгарды өзіне тиімді шартпен орналастыру мүмкіндігі пайда болады. Қаржы нарығы түпкі мәні бойьнша әлеуетті сатушылар мен сатып алушылардың, сондай-ақ делдал-институттардың мүдделерін тиімді ескеріп, жүзеге асыруға арналған.

Нарықтық  экономика - өндірісті тиімді ұйымдастыру формасы. Бұл көптеген әлем елдерінің даму тәжірибесімен дәлелденген. Қазакстан Республикасы үшін шаруашылық жүргізудің жаңа әдістері қаржы нарығының әлеуетті мүмкіндіктерін, ең алдымен, елдің жан-жақты өсуін қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді пайдалануды талап ететін еркін нарыкқа өтуді білдіреді, Бұл мағынада, қаржы нарығы - ғылыми-техникалық прогрестің базасында дамитын, жалпы қоғам жағдайының қажетті деңгейіне қол жеткізу және экономикалық тиімді өсу үшін барлық экономиканың салаларын ресурстармен қамтамасыз ететін жеке бастамалар мен бәсекелестікке үлкен мән беретін қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың озық формасы.

Біздің көзқарасымыз бойынша қаржы нарығы - елдің барлық ақша ресурстарының, сонымен қатар экономиканың әр түрлі субъектілерінің тарапынан осы ресурска деген сұраныс пен ұсыныстың ыкпалымен ұдайы қозғалыс үстінде болатын ақша ресурстарының жиынтығын білдіреді. Алайда ақша ресурстары мен шаруашылық жүргізуші субъектілер - қаржы нарығы емес, ол ақша ресурстары мен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тікелей катынас орнағанда ғана пайда болады. Сонымен, қаржы нарығы - бұл ең алдымен экономиканың әр түрлі субъектілерінің арасындағы бос ақша капиталы мен ақшалай жинақтарды мәміле жасау жолымен қайта бөлу және олардың қозғалысы бойынша пайда болатын ақшалай қатынастар.

Жоғарыда айтылғандарды  түйіндей келе, қаржы нарығының функциясын анықтайтын алғышарттарға мына факторларды жатқызуға болады:

•  қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін барынша азайту;

  • монополияны шектеу және бәсекелестікті дамыту мақсатында барлық меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық дербестігін қамтамасыз ету;
  • бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін елдегі орталық банктің ссудалық қорын пайдалануды тоқтатып, бұл мәселелерді мемлекеттік займдарды, яғни облигациялар және басқа да міндеттемелерді айналысқа шығару арқылы шешу;
  • бағалы кағаздарға инвестициялануы мүмкін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың ақшалай табыстарының тұрақты өсуі.

Әрбір елге мазмұны мен ерекшелігін мүмкіндігінше толық ашатын қаржы нарығының құрылымы тән. Қаржы нарығының құрылымына қатысты ғалым-экономистердің пікірлері әр түрлі. Сондықтан да оның ғалымдар ұсынған кейбір түрлері карастырылады, содан соң Қазақстанға тән қаржы нарығының құрылымы анықталады.

Ғ.С. Сейітқасымовтың жетекшілігімен жазылған оқулықтағы қазақстандық ғалымдар тобының көзқарастары бойынша қаржы нарығының құрылымы өзара байланысты және бірін-бірі толықтыратын, дербес қызмет етуші нарықтардан тұрады.

1. Қолма-қол  ақша айналысы мен қысқа мерзімді төлем құралдары (вексельдер, чектер және т.б.) функциясын орындайтын нарық. Белгілі болғандай, ақша нарығы инфляцияның ықпалында болады, егер соңғысы белгілі бір шектен аспаса, жағымды рөл атқаруы мүмкін. Мәселен, егер ЖІӨ жыл сайын 5%-ға өсіп, ал айналыстағы ақша 6-7%-ға артатын болса, онда бұл өскен ЖІӨ-нің сатылуын жеңілдетіп, экономикада жағымды процесті тудырады. Егер жыл сайынғы өсімі 5%-ды құрайтын ЖІӨ-де айналыстағы ақшаның саны 10%-ға артса немесе одан да көп болса, онда қалыпты экономикалық процесті бұзатын қарқынды инфляция орын алады.

  1. Ссудалық капитал нарығы, яғни қысқа және ұзақ мерзімді 
    банк несиелері. Осы уақытқа дейін Қазақстанда қысқа мерзімді арзан несие болған емес. Елде қызмет ететін коммерциялық банктер оны тек сенімді қамтамасыз ету әрі жоғары пайыздармен ғана береді. Негізгі қорларды құруға және жаңғыртуға қажетті ұзақ мерзімді несиені тек өзгермелі (кезең сайын қарастырылатын) пайыз мөлшерлемесі бойынша алуға болады.
  2. Қазақстанда көптеген жылдар бойы бағалы қағаздар нарығы 
    мүлдем болған жоқ және 90-жылдардың бас кезінде басталған оның дамуы белгілі бір уақытты талап етеді, өйткені ол меншік қатынастарын қайта құрумен (ең алдымен мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендірумен және акционерлеумен) және мемлекеттік қаржы саясатының барлық сипатының өзгеруімен тікелей байланысты. Бүгінгі таңда мемлекет бюджет тапшылығының орнын толтыру үшін эмиссиялық ақшалай белгілерді емес, мемлекеттік бағалы қағаздарды, мәселен, мемлекеттік қазынашылық қысқа мерзімді міндеттемелерді шығаруға жиі қадам жасайды. Бағалы қағаздар нарығын екі ұстаным тұрғысынан бағалауға болады: әр түрлі көздердегі ақша қаражаттарын тартуың көлемі тұрғысынан және бос ақша қаражаттарын қандай да бір нарыққа жұмсау.

Бос ақша қаражаты көптеген салаларды инвестициялау үшін: өндірістік немесе басқа шаруашылық қызметте (өнеркәсіп, құрылыс салу, сауда, байланыс), жылжымайтын мүлікте, антиквариатта, бағалы металдарда, егер отандық валюта құнсызданатын болса - валютада, зейнетақы мен сақтандыру қорларында, әр түрлі бағалы қағаздарда, банк депозитіне салынатын ақшада пайдаланылуы мүмкін.

Информация о работе Қаржы нарығы және делдалдары