Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 06:56, курс лекций
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы жоспарлы экономикадан жаңа нарықтық экономикаға көшті. Нарықтық экономикада мемлекеттің қаржы нарығының қызмет етуі маңызды болып табылады. Себебі, қаржы нарығы мемлекет экономикасында ақша қаражаттарының тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Қазақстанда жоспарлы экономика кезінде қаржы нарығы болған емес.
Кіріспе.......................................................................................................4
1 Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері.....5
2 Әлемдік қаржы нарығының дамуы және қалыптасуы...................................12
3 Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары...............................................14
4 Депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері.............................17
5 Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні...............................20
6 Дамыған және дамушы елдердің ипотекалық нарықтары................23
7 Валюта нарығы және валюталық операциялар...................................25
8 Әлемдік валюта нарығы..........................................................................31
9 Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметтері мен құрылымы.....32
10 Сақтандыру нарығы.......................................................................40
11 Зейнетақы нарығы..............................................................................42
12 Шет елдердегі зейнетақы жүйесі..............................................................44
13 Қаржы делдалдары және қаржылық делдалдықтар.............................45
14 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі..................48
15 Зейнетақы қорлары.................................................................................51
16 Инвестициялық компаниялар және қорлар................................................53
17 Сақтандыру компаниялары және қорлары......................................................56
18 Арнайы мамандандырылған қаржылық-несиелік институттар............60
19 Қор биржасы, оның функциясы мен құрамы........................................64
20 Қазақстанның қаржы нарығын реттеудің құқықтық негізі.................68
21 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде...........................................................................................................71
22 Қаржы нарығы және қаржылық қадағалауды реттеу бойынша Агенттіктің қызметі...............................................................................74
23 Өзін-өзі реттеу ұйымдары....................................................................75
24 Халықаралық бағалы қағаздар нарығы..............................................77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................80
Бүгінгі таңда коммерциялық банктер депозиттердің әр түрлі түрлерін ұсынып отыр. Қазақстанның банктік тәжірибесінде олардың мынадай түрлері бар:
1) Сұрағанға дейінгі
депозиттер немесе чектік
Чектік
депозиттердің негізгі түрінің
бірі сұрағанға дейінгі
Көп клиенттер осы
депозит түріндегі ақшаның
Сұрағанға дейінгі депозиттерге мыналар жатады:
2) Жинақтаушы салымдар. Бұл салымдар халықпен жасалатын операцияларды кең тараған және кішігірім салым үшін арналған. Сұрағанға дейінгі салымдардан тек ақшаны төлеу және алу тәсілдері, пайызды есептеу кезеңдері бойынша айырмашылығы бар. Кейде оларға пайыздар бойынша салықтық жеңілдіктер беріледі.
Қазақстан банктері ұсынып отырған жинақтаушы депозиттердің негізгі түрлеріне жинақтаушы кітапшалар, депозиттік есепшоттар жатады.
Жинақтаушы кітапшалардағы есепшоттар пайыздық пайда әкелетін және оны бірден алуға болатын салым болып табылады.
Қазақстанның депозит нарығында мынадай жинақтаушы депозиттердің түрлері ұсынылады:
3) Мерзімдік салымдар-
бұл нақтыланып белгіленген
Қазақстанның депозит нарығының құрылымын институттар тұрғысынан және нарықтың қаржылық құралдары тұрғысынан да көрсетуге болады.
Институционалдық құрылым – қадағалаудың реттеуші органдары және шаруашылық субъектлердің байланысы болып табылады.
Депозит нарығының қаржылық институттары болып өз қызметтерін жүзеге асыру мақсатында салымдар тартатын ұйымдар болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы несие жүйесінің жоғарғы буыны ретінде коммерциялық банктер және мамандандырылған қаржы мекемелерінің қызметін реттейді.
Банктерде тұрғындардың жинағының өсуі, өзіндік тұрақтылық және сенімділік кепілі болып табылатын олардың несиелік қабілеттілігі мен өтімділігін арта түсіретін маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасында 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру жүйесі қызмет етуде. Оның орталық органы болып Қазақстанның жеке тұлғаларының салымдарына кепіл беру (сақтандыру) қоры табылады. Ол Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының қаулысына сәйкес екінші деңгейлі банктердің салымшыларының қызығушылығын қорғау мақсатында акционерлік қоғам формасында құрылған. Бұл жүйеге келесі бағыттар бойынша белгілі талаптарға сай коммерциялық банктер жатады. Олар:
Банктің өтініш беруінен кейін қор Ұлттық банктің ұсынысы негізінде банктің берген құжаттарын есепке ала отырып жүйеге енгізу мүмкіндігін талдайды. Қор басқармасының шешімі өтініш берген күнен бастап 1ай мерзімінде қабылдануы тиіс.
5-тақырып: Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні
1.Қаржы нарығы жүйесіндегі несие нарығының орны.
2.Қазақстандағы несие нарығының жағдайы.
3.Несие түрлері.
Несие нарығы – бұл қаржы құралдарын қажет ететін шаруашылық субъектілері мен халық арасында, сонымен қатар сол қаражаттарды белгілі бір шарттар негізінде ұсына латын (қарызға беретін) шаруашылық субъектілері мен халық арасында қарым-қатынасты орнатуға көмектесетін механизм. Ақшалай капитал қайта босағанда, яғни қайта өндіру процесі жүрген кезде зайымдық капиталдың жинақталуы, бөлінуі және қайта бөлінуі несие нарығы арқылы жүзеге асырылады. Ақшалай капитал ссудалық капитал түрінде нарыққа, одан қайта қарыз берушіге (кредиторға, яғни банкке немесе т.б. қаржы-несие институтына) оралады. Несие нарығының мәніонда қандай: өзіндік немесе сырттай, аккумурленген, т.б. ақшалай капитал пайдаланып жатқанмен байланысты емес, яғни банктің өзінің жеке ме, әлде өзінде депонирленген капитал арқылы ма қызмет ететіндей маңызды айырмашылық жоқ.
Несие нарығы арқылы өндіріс
пен тауар айналымының өсуі, ел
ішінде капиталдардың қозғалуы, ақшалай
жинақтардың капитал салымдарын
Оның қаржы нарығының құрамдас бөлігі ретіндегі маңызды ролі шағын және жекелеген ақшалай қаражаттарды біріктіру болып табылады, ал бұл, өз кезегінде, нарықтық өндіріс пен капиталдың шоғырлануы мен орталықтануына белсенді түрде әсер етуіне мүмкіндік береді. Ақшалай капитал жалпы ссудалық ақшалай капитал түрінде жинақталады, соған байланысты мұндай жинақ жекелеген процесс ретінде емес, ал ең алдымен, барша өндіріс ағымына әсер ету тұрғысынан ақшалай капиталдың жинақталуы нақты жинақпен тығыз байланыста әрекет етеді. Ақшалай капитал негізінен халық жинақтарының есебінен құрылатыны мәлім, ал олардың мөлшері елдің ЖҰӨ-де капитал салу үлесінің жасалуында маңызды роль ойнайды.
Несие нарығының мәні мен ролін оның қызметтері анықтайды, оларға:
Несие нарығының негізгі қатысушылары қарыз беруші мен қарыз алушы болып табылады. Қарыз беруші (кредитор) – несиелік келісімнің қарызды ұсынушы жағы. Тауарлы өндірістің алғашқы кезеңінде кредитор ретінде жеткізушілер шыққан. Кейін тауар өндірістің дамуымен ақшалай кредиторлар ретінде банктік мекемелер шыға бастады. Ал тауарларды ссудаға өткізгенде кредитор ретінде тауар өндірушілер шығады. Қарызды беру үшін қарыз беруші белгілі бір қаражаттармен қамтылуы қажет. Қарыз көзі ретінде, өз кезегінде, өндіріс процесінің өзге субъектілерінен қайтарымды негізде алынған ресурстар мен өзіндік жинақтар шыға алады. Қазіргі кездегі нарықтық шаруашылық жағдайда банк-кредитор мен өзінің жеке ресурстары есебінен ғана емес, сондай-ақ өзінің жеке есеп шотында сақталып отырған немесе бағалы қағаздарды орналастыру арқылы тартылған қаражаттар есебінен де ссуда бере алады.
Қарыз алушы – бұл несиелік қатынастың несиені алушы және алынған ссуданы белгіленген мерзімде қайтаруға міндетті жағы. Тартушылық кезеңінде несиені шаруалар, қолөнерші-ұсталар, сонымен қоса жер иеленушілер немесе жалпы бай адамдар пайдаланған. Кейіннен банктердің пайда болуына байланысты қарыз алушыларды бір жерге шоғырлануы жүреді, олар үшін банк жалпы кредитор ретінде шыққан.
Қарыз алушы қарыз берушіге қарағанданесиелік келісімде келесідей ерекшеліктерді иеленеді:
Несие қозғалысының заңдылықтары несие нарығында кредитор мен қарыз алушы расында туындайтын қарым-қатынастарды неғұрлым толық түсінуге мүмкіндік береді.
Несие нарығының құралы
ретінде айырбас фазасында
Несие мүмкіншіліктері жүзеге асуы үшін белгілі бір шарттар қажет. Біріншіден, кредитор да, қарыз алушы да экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуы материалды түрде қамтамасыз ететін (кепілдендіретін), заң тұрғысынан жеке субъектілер ретінде шығулары қажет. Екіншіден, қарыз алушы мен кредитор қызығушылықтарының үйлесуі болған жағдайда ғана несие қажет болады. Несиелік келісім жасауы үшін оның қатысушылары бір жақтан ссудалық ақшалай құралдарды ұсыну, екінші жақтан –оны алу аясында өз қызығушылықтарын білдіруі қажет.
Нарықтық шаруашылық
шарттарында банктік несие
Пайдалану мақсаты бойынша несие: тұтынушылық, өндірістік, сауда, ауылшаруашылық, инвестициялық, бюджеттік болып бөлінеді.
Қызмет ету сферасына байланысты экономикалық барлық салаларында қызмет ететін шаруашылық субъектілеріне ұсынылатын банктік несиелер екі түрлі болуы мүмкін: