Қаржы нарығы және делдалдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 06:56, курс лекций

Описание

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы жоспарлы экономикадан жаңа нарықтық экономикаға көшті. Нарықтық экономикада мемлекеттің қаржы нарығының қызмет етуі маңызды болып табылады. Себебі, қаржы нарығы мемлекет экономикасында ақша қаражаттарының тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Қазақстанда жоспарлы экономика кезінде қаржы нарығы болған емес.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................4
1 Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері.....5
2 Әлемдік қаржы нарығының дамуы және қалыптасуы...................................12
3 Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары...............................................14
4 Депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері.............................17
5 Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні...............................20
6 Дамыған және дамушы елдердің ипотекалық нарықтары................23
7 Валюта нарығы және валюталық операциялар...................................25
8 Әлемдік валюта нарығы..........................................................................31
9 Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметтері мен құрылымы.....32
10 Сақтандыру нарығы.......................................................................40
11 Зейнетақы нарығы..............................................................................42
12 Шет елдердегі зейнетақы жүйесі..............................................................44
13 Қаржы делдалдары және қаржылық делдалдықтар.............................45
14 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі..................48
15 Зейнетақы қорлары.................................................................................51
16 Инвестициялық компаниялар және қорлар................................................53
17 Сақтандыру компаниялары және қорлары......................................................56
18 Арнайы мамандандырылған қаржылық-несиелік институттар............60
19 Қор биржасы, оның функциясы мен құрамы........................................64
20 Қазақстанның қаржы нарығын реттеудің құқықтық негізі.................68
21 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде...........................................................................................................71
22 Қаржы нарығы және қаржылық қадағалауды реттеу бойынша Агенттіктің қызметі...............................................................................74
23 Өзін-өзі реттеу ұйымдары....................................................................75
24 Халықаралық бағалы қағаздар нарығы..............................................77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................80

Работа состоит из  1 файл

Каржы нары5ы.doc

— 838.00 Кб (Скачать документ)
  • Еркін айналымды (конвертация);
  • Ішінара айналымды;
  • Айналымсыз (тұйық).

Резидент және резидент емес тұлғалар үшін кез келген операция түрлері бойынша валюталық келісімдерді жүзеге асыру, заңмен бекітілген шеңбердегі еркін валюта айырбасы мен еркін  айналымды валюта болған жағдайда ғана орындалады. Ішінара айналымды валютаға валюталық келісімдер бойынша сандық шектеулері бар елдердің валютасын жатқызуға болады.

Валюта нарығының қатысушылары арасында валюта айырбасы болмайынша және бір ел валютасының басқа  елдің валютасына пропорционалды тәуелділігі анықталмайынша валюталық операциялардың жүзеге асырылуы мүмкін емес. Аталған механизм валюта котировкаларвн орнату арқылы жүзеге асады.

Валюта котировкасы  – елдер арасындағы валюта бағамдарын анықтау. Оның негізінде айырбас үшін ұсынылған сол мемлекеттердің ақшалай бірліктерінің арақатынасы орнатылады. Берілген арақатынас валюта нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты үнемі өзгеріп отырады.

Валюталық операциялар  – бұл ақша нарықтарында айналымда  жүрген шетел валюталарымен және шетел валютасында шығарылған төлем құралдармен болатын операциялар. ҚР-ның территориясында валюталық операцияларды резидент және резидент емес тұлғалар, соған өкілетті банктер мен банктік емес қаржы ұйымдары, сонымен қатар олардың айырбас орындары арқылы жүзеге асыруы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген мекемелерден тыс шетел валютасын сатуға, сатып алуға және айырбастауға ҚР-да тыйым салынған.

Валюталық операцияларды  келесідей критерилер бойынша жіктеуге болады:

1) объектісі бойынша:

  • Шетел және ұлттық валютамен операциялар;
  • Шетел валютасындағы бағалы қағаздармен операциялар;
  • Бағалы металдар және тастармен операциялар.

2) субъекті бойынша:

  • Заңды және жеке тұлғалардың орындайтын операциялары;
  • Мемлекеттік, әкімшілік-аймақтық және жергілікті (муниципалды) құрылымдардың жүргізетін операциялары.

3) жүзеге асыру режимдерінің  саны бойынша:

  • әмбебап операциялар, яғни құқықтық режимі резиденттік статусқа тәуелді емес операциялар;
  • жеке (индивидуалданған), яғни құқықтық режимі резиденттік статусқа тәуелді болатын операциялар.

4) жүзеге асыру аймағы  бойынша операциялар:

  • ішкі;
  • шет елдік (сыртқы).

5) өз ішінде валюталық  операцияларды орындауды қамтитын  құқықтық арақатынас түрлері  бойынша операциялар:

  • қаржы-құқықтық – салық төлемдерін өтеу үшін аударымдар;
  • әкімшілік-құқықтық – шетел валютада айыппұлдарды төлеуді жүзеге асыру;
  • халықаралық жеке-құқықтық – аударым келісімшарты негізінде көліктік ұйым-резиденттің пайдасына резидент-импорттаушының валюталық төлемдері;
  • халықаралық жалпы-құқықтық – халықаралық ұйымдар пайдасына жүргізілетін валюталық аударымдар.

Еліміздің заңнамасына  сәйкес валюталық операцияларболып табылады:

      1. жеке меншік құқығының және басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға өтуімен байланысты операциялар;
      2. кез келген тәсіл арқылы валюталық құндылықтардың ҚР-на енуі мен қайта жөнелтілуі, сондай-ақ ҚР-нан шығарылуы мен қайта жөнелтілуі. Валюталық құндылықтар – бұл өздерімен жүретін операциялар мен резидент және резидент емес тұлғалармен жүзеге асырылған жағдайда ғана валюталық құндылық болатын, номиналы шетел валютасында көрсетілген шетел валютасы, бағалы қағаздары мен төлем құжаттары; және номиналы ұлттық валютада көрсетілген аффинирленген құймадағы алтын, ұлттық валюта, бағалы қағаздар мен төлем құжаттары.

«Валюталық реттеу туралы»  ҚР-ның Заңына сай валюталық операциялар  екі категорияға бөлінеді:

        • ағымды операциялар;
        • капитал қозғалысымен байланысты операциялар.

Ағымды операцияларға  жатады:

  • 180 күннен аспайтын мерзім ішінде тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін берілетін төлемді кейінге қалдыруды немесе аванстық төлемді қоса қарастыратын экспорт-импорт келісімдері бойынша есеп айрысуларды орындау үшін қажетті аударымдар;
  • 180 күннен аспайтын мерзімге несиелерді ұсыну мен алу;
  • Салымдық, инвестициялық, займдық және өзге де операциялар бойынша дивиденттерді, сыйақыны және басқа да кірістерді алу мен аудару;
  • Саудалық емес нысандағы аударымдарды жүргізу, оларға гранттармен қоса мұрагерлік, еңбекақы, зейнетақы, алимент және т.б. соммаларды аудару жатады.

Капитал қозғалысымен байланысты операцияларға жатады:

  • Инвестицияларды жүзеге асыру;
  • Интеллектуалды меншік объектілерімен байланысты құқықтырдың толықтай берілуін көздейтін келісімдер негізінде есепайрысуларды жүзеге асыру үшін қажет болатын аударымдар;
  • Жылжымайтын заттарға теңестірілген мүліктен басқа, сол жылжымайтын мүлікпен байланысты меншік құқықтардың тобын жүзеге асыру үшін қажетті аударымдар;
  • 180 күннен аспайтын мерзім ішінде тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін берілетін төлемді кейінге қалдыруды немесе аванстық төлемді қоса қарастыратын экспорт-импорт келісімдері бойынша есеп айрысуларды орындау үшін қажетті аударымдар;
  • 180 күннен аспайтын мерзімге несиелерді ұсыну мен алу;
  • Зейнетақы қорларын жинақтаумен байланысты келісімдер және жинақтау нысанындағы сақтандыру келісімшарттары бойынша жүргізілетін аударымдар;
  • Валюталық құндылықтарды сенімді басқаруға тапсыру.

Валюталық операциялардың көбісі төмендегідей типтерге бөлінетін  келісімдер шеңберінде жүзеге асады:

  1. келісімді жүзеге асыру мерзіміне байланысты:
    • шұғыл – «форвард» келісімдері;
    • кассалық – «спот» операциялары;
    • айырбас – «своп» операциялары;
    • арбитражды келісімдер.
  2. келісімдерді жасау орнына байланысты:
  • биржалық;
  • биржадан тыс.

Шұғыл келісімдер – бұл  келісімге отыру уақыты мен оны орындау уақыты бір-біріне сәйкес келмейтін келісімдер, яғни жүзеге асыру шарттары мен баға бүгін келістіріліп, ал операция тікелей белгілі бір уақыт өткеннен кейін болашақта орындалады. Форвардтық келісім белгілі бір мерзім өткеннен кейін, алдын ала анықталған бағада, алдын ала белгіленген валюта санын (көлемін) сату немесе сатып алуды көздейді.

Кассалық – бұл  келісімді жасау уақытынан бастап, оны тікелей жүзеге асыру уақытына дейін 3 жұмыс күннен аспайтын мерзімде орындалатын келісімдер. «Спот» келісімі – бұл белгіленген бағам бойынша белгіленген валюта санын (көлемін) айырбастау туралы келісім, ол оны жасасу уақытынан бастап 2 жұмыс күнінен кеш емес мерзім ішінде жүзеге асырылуы тиіс.

«Своп» келісімі айырбас  операциясы болып табылады. Ол өз ішіне  «спот» шарттарының негізінде валютаны сатып алуды және оны бір уақытта «форвард» шарттарының негізінде сатуды қамтиды. Сонда бұл жерде «ұзын» да, «қысқа» да позиция пайда болмайды, себебі валютаны алу мен оны сату бір уақытта орындалады.

Арбитражды келісімдер – бұл пайда табу мақсатында қатысушылардың әр түрлі валюта нарықтарында орнатылатын валюта бағамдарындағы айырмашылықтарды пайдалана тоырып жүргізетін операциялары. Арбитражды келісімдер кеңістігі мен уақыты бойынша валюталық арбитраждар күрделі және қарапайым, пайыздық болып бөлінеді.

ҚР-ның валюталық заңнамасының негізі «Валюталық реттеу туралы», «Лицензиялау туралы», «ҚР-ның Ұлттық банкі туралы», «Банктер мен банктік іс туралы»  Заңдар және өзге де валюталық қатынастар жүйесіне тиесілі заң актілеріболып  табылады.

Қазақстанда шектеу тарапынан  валюталық операциялардың жүзеге асырылуын  баұылау, сонымен қатар аталған  тәртіпті анықтау, ескерту және оның алдын алу шараларын өкілетті мемелекеттік органдар – ҚР-ның  Ұлттық банкі, ҚР-ның Қаржы министрлігі, ҚР-ның Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау жөніндегі Агенттігі, валюталық бақылау органдары жүзеге асырады.

Валюталық құндылықтарды  пайдалану себебінен немесе соған  байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу ережелерінің жиынтығы валюталық  құқықтық арақатынас деп атайды. Құқықтық арақатынастың екі түрі бар: ішкі мемелекеттік және халықаралық.

 

 

 

 

 

8-тақырып:  Әлемдік валюта нарығы

 

1. Әлемдік валюта  нарығы, әлемдік валюта жүйесінің  құрамдас бөлігі ретінде. 

  1. Әлемдік валюта нарығының құрылымы.

 

Халықаралық валюта қатынасы – бұл әлемдік ақша қызметімен байланысты сыртқы сауда капиталы және жұмысшы күшінің миграциясы, табыс аударымы қарыздар мен демеу-қаржылар, ғылыми-техникалық айырбас сияқты әр түрлі халықаралық шаруашылықтың байланыс түрлеріне қызмет көрсететін экономикалық қатынастар. Егер елдің ұлттық валюта жүйесі ақша жүйесімен ұдайы байланыста болса, онда әлемдік валюта жүйесі, халықаралық келісімдермен бекітілген халықаралық валюта қатынастарының заңды формасын белгілейді. Оған алтын-валюта жүйесі халықаралық есеп айырысудың ақша бірлігі, халықаралық валюта өтімділігінің құрамы мен құрылымы, халықаралық несиелер және бағамдар режимі, валютаның өзара айналу шарттары кіреді.

Әлемдік экономистердің анықтамасына сәйкес, әлемдік валюта жүйесі әлемдік экономиканың дамуымен шарттастырылған және мемлекетаралық келісіммен заңды түрде бекітілген халықаралық валюта қатынастарын ұйымдастыру формасы болып табылады. әлемдік валюта жүйесінің анықтаушы элементтері болып табылатындар:

  • резервтік валюта бірлігі: ұлттық және ұжымдық;
  • халықаралық өтімділік активтер құрылымы (валюталық құралдар мен алтын валюта резервтері);
  • валюталық бірдейлік пен бағамдар механизмі;
  • өзара қайтарымды валюталық жағдайлар;
  • валюталық шектеу көлемі;
  • халықаралық есеп айырысу формасы;
  • халықаралық валюта нарығы мен әлемдік алтын нарық режимі;
  • валюталық қатынастарды реттейтін мемлекетаралық қаржылық институттар мәртебесі.

Әлемдік валюта нарығы қатысушыларының  негізгі мақсаты - өздері үшін «сәтті»  операцияларды жүзеге асыру. Олар негізінен мынадай: валюта айырбастау алыпсатарлық және арбитражды, шетелдік инвестициялау, төлемдердің халықаралық трансферті (бір елден басқа елге ақша қаражаттары, пайда және басқа да валюталық құндылықтардың аударымы) түрлеріне бөлінеді.

Жаһандану нарығында  әлемнің ірі қаржылық орталықтарында валюталық қызмет жүзеге асырылады:

  • Азия – Тынық мұхиты аймағы – Сидней, Стнгапур, Гонконг, Токио.
  • Еуропа – Цюрих, Франкфурт, Лондон.
  • АҚШ – Нью-Йорк, Чикаго.

 

 

 

9-тақырып: Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметтері мен құрылымы

 

1. Жекешелендіру, экономиканы қайта құрастыру процессі ретінде. Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және оның құрылымы мен түрлері.

2.Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары. Бағалы қағаздардың түрлері. Негізгі бағалы қағаздар. Туынды бағалы қағаздар. Бағалы қағаздардың жіктелімі.

3.Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы.

 

Жекешелендіру — елдегі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру мен экономиканы қайта құрылымдау процестерінің орталық компоненті болып табылады. Қазақстан Республикасында 1991 жылы әзірленген бағдарламаға сәйкес мемлекеттік және колхоздық-корпоративтік кәсіпорындар мен ұйымдарды жекеше немесе аралас мемлекеттік жеке акционерлік компаниялар мен серіктестіктерге айналдырумен оларды жекешелендіру қолға алынды.

Жекешелендіруді  Мемлекеттік мүлік жөніндегі  Мемлекеттік комитеті және министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті әкімшіліктердің қатысуымен аталған комитеттік аумақтық органдары жүзеге асырады.

Қазакстанда жекешелендіру процесін реттейтін құқықтық актілердің тұтас жүйесі бар. Ол 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы «Жекешелендіру туралы» Заңды, 1996 жылдың 27 ақпанында қабылданған «1996-1998 жылдарына арналған Казақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті қайта құрылымдау және жекешелендіру бағдарламасын», сондай-ақ, Министрлер кабинеті, Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Мемлекеттік комитет және жекешелендіру жөніндегі Мемлекеттік комитет қабылдаған көптеген нормативтік актілерді қамтиды.

ҚР жекешелендіру  бағдарламасына сәйкес республиканың барлық кәсіпорын қызметкерлерінің саны мен саласына қарай төрт топқа бөлінді. Олардың әрбіреуі үшін жекешелендірудің әр түрлі тәсілдері қарастырылады:

  • жергілікті   аукциондар   арқылы   ұсақ   кәсіпорындарды сату;
  • орта және ірі кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру;
  • жеке жобалар бойынша аса ірі көсіпорындарды жекешелендіру;
  • ауыл шаруашылығы салаларындағы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу секторындағы жекешелендіру.

Қазақстанда меншік реформасы негізгі үш кезеңнен өтті. Бірінші кезең (кіші жекешелендіру) 1991 жылдан 1992 жылға дейінгі уақытты қамтыды және негізінен сауда объектілері мен қызмет көрсету салаларын сату, сондай-ақ мемлекеттік меншікті еңбек ұжымына беру қолға алынды. Осы уақыт ішінде 2500-ден аса ірі және шамамен алғанда 4000 шағын кәсіпорын экономиканың мемлекеттік емес секторына өтті.

Информация о работе Қаржы нарығы және делдалдары