Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 06:56, курс лекций
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы жоспарлы экономикадан жаңа нарықтық экономикаға көшті. Нарықтық экономикада мемлекеттің қаржы нарығының қызмет етуі маңызды болып табылады. Себебі, қаржы нарығы мемлекет экономикасында ақша қаражаттарының тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Қазақстанда жоспарлы экономика кезінде қаржы нарығы болған емес.
Кіріспе.......................................................................................................4
1 Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері.....5
2 Әлемдік қаржы нарығының дамуы және қалыптасуы...................................12
3 Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары...............................................14
4 Депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері.............................17
5 Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні...............................20
6 Дамыған және дамушы елдердің ипотекалық нарықтары................23
7 Валюта нарығы және валюталық операциялар...................................25
8 Әлемдік валюта нарығы..........................................................................31
9 Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметтері мен құрылымы.....32
10 Сақтандыру нарығы.......................................................................40
11 Зейнетақы нарығы..............................................................................42
12 Шет елдердегі зейнетақы жүйесі..............................................................44
13 Қаржы делдалдары және қаржылық делдалдықтар.............................45
14 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі..................48
15 Зейнетақы қорлары.................................................................................51
16 Инвестициялық компаниялар және қорлар................................................53
17 Сақтандыру компаниялары және қорлары......................................................56
18 Арнайы мамандандырылған қаржылық-несиелік институттар............60
19 Қор биржасы, оның функциясы мен құрамы........................................64
20 Қазақстанның қаржы нарығын реттеудің құқықтық негізі.................68
21 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде...........................................................................................................71
22 Қаржы нарығы және қаржылық қадағалауды реттеу бойынша Агенттіктің қызметі...............................................................................74
23 Өзін-өзі реттеу ұйымдары....................................................................75
24 Халықаралық бағалы қағаздар нарығы..............................................77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................80
Алайда капитал ауысуының күшейуі қаржы нарығына халықаралық сипат береді, сондықтан толық көлемде ел экономикасына салынған шетел капиталын бөліп алып, шетелде орналастырылған ұлттық капиталды есепке алу қиын. Сондықтан да «өзін үздіксіз көбейтетін құн ретінде» капитал қозғалыссыз өмір сүре алмайды, ол ұдайы өндіріске құйыла отырып, жаңа құн құрып үнемі айналымда болуы қажет. Сондықтан егер капитал үнемі өте пайдалы салымдарды іздеуде болса, онда оны осы жай бір елден басқа елге ауысуға мәжбүрлейді.
Сонымен әлемдік қаржы нарығы – бұл түбінде капитал экспортеры, оның рецепиенттері және осы рөлдерге сәйкес, мысалы, транзит капиталы сияқты әр түрлі рөлдерге шыға отырып, барлық елдер қатысатын экономикалық қатынас. Мұнда постиндустриалды елдерге көбірек мән беріледі. Бұдан басқа оларда есеп айырысу орталығы болып табылатын банктер орналасады. Мысалы, Лондон, Гонконг, Токио және басқа жерлерде орналасқан субъектілер арасында жүретін мәмілелер бейнеленуі мүмкін, сондықтан оларды өздерінің ақша-қаржылық жүйесі әлемдік қаржы нарығының негізін құрайтын капитал клирингінің елдері деп атауға болады.
Әлемдік қаржы нарығына валюталық нарық жатады, мұның қатысушылары:
Әлемдік қаржы нарығына
тікелей ұзақ мерзімді несиелеу нарығын
жатқызуға болады. Дегенмен, үлкен
бөлік бойынша қысқа мерзімді
алыпсатарлық мәмілелер ақшаларды
тартады және әлемдік нарықтың өзінің
негізгі қозғалу үрдісінен
Бағалы қағаздар нарығы
капиталға ақша ретінде негізделсе,
онда ол қор деп аталады және ол
осы сипатта ауқымы мен көлемі
бойынша қаржы нарығының
Сақтандыру нарығы және
зейнетақы активтерінің нарығы жинақталатын
қатынастар жиынтығын тікелей
Зейнетақы және сақтандыру қорлары ақшаны өндіріске инвестициялайды, яғни олар жаңа құн құрайтын ұдайы өндіріс процесіне белсенді қатысады. Сонымен халықтың қаражаттары сақтандыру ұйымдары мен зейнетақы қорлары арқылы ұдайы өндіріс процесіне түседі. Осыған байланысты сақтандыру нарығы анықталған елдің қаржылық нарығы құрылымына, ал ол сол арқылы халықаралық қаржы саласына кіреді.
3-тақырып: Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары
1.Ақша нарығының түсінігі. Ақша нарығының мағынасы мен мәні.
2.Экономикада ақша нарығының ролі. Ақша нарығының құралдары.
3.Қолма-қол және қолма-қолсыз (айналыстағы) қаржыларды пайдалану арқылы төлемдер.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінде, олардың ағымдық өтімділігі, сатушылар мен сатып алушылардың ақшалай қаражаттарын бөлу мен қайта бөлу механизмін қамтамасыз етуде ақша нарығында қаржы құралдары маңызды рөл атқарады. Кез-келген қаржы құралдарының негізінде ақша жатады.
Қоғамдағы ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі тауар айналысының дамуынан туындайды. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті шарты болып табылады. Егер адамның еңбек өнімі балама негізде басқа өнімге айырбасталса, онда ол тауарға айналады. Ал, бұл ақшаның қажеттілігін туындатады, яғни
сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ақша балама негізде тауарды сатып алу – сатуда делдал ретінде әрекет етеді.
Ақшаның бастапқы формалары қабыршақ, мал және т.б. болды. Кейіннен олардың орнын алтын, күміс және мыс монеталары ауыстырды. Ақшаның монеталық формаларын ауыстыратын несиелік ақшалар пайда болды.
Несиелік ақшалар – айналымдағы толық құнды ақшаларды алмастыратын және несие белгісі ретінде әрекет етуші қағаз ақша белгілері. Олардың өзіндік құны болмайды, балама тауарда көрсетілген құнның өрнегі. Несиелік ақшалардың негізгі эмитенті болып банк жүйесі есептеледі.
Несиелік ақшалар өз дамуында бірнеше сатылардан өтті. Несиелік ақшаның алғашқы тарихи түрі бұл вексель. Вексель бұл бекітілген мерзім ішінде онда көрсетілген соманы сөзсіз төлеу жөніндегі қарыздық міндеттеме.
XIV ғасырдың
соңында несиелік ақшаның тағы
бір түрі банкнота пайда болды.
XVI-XVII ғасырларда қолма-қолсыз есеп айырысу пайда болды. Несиелік ақшаның жаңа формасы – чек пайда болды. Чек бұл талап бойынша құрылған қатаң есеп берудің ақшалай құжаты, онда чек берушінің (ұстаушыға) банктің төлеуі жөніндегі сөзсіз бұйрығы бар.
Ақша келесідей қызметтерді атқарады:
Ақшаның қызметтерінен ақша нарығының келесі қызметтері анықталады:
Ақша нарығының құралдарынан және Қазақстан қаржы нарығының ерекшеліктерінен ақша нарығы келесі сегменттерге бөлінеді (2-сурет).
Шығыскөзі: Искаков Ұ.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. «Қаржы нарығы және делдалдары». Оқу құралы, А.:2008
2-сурет. Қазақстанда ақша қаражаттары нарығының негізгі сегменттері.
Қазақстан Республикасының аймағында ақша нарығының қаржылық құралдарымен айналыста келейсідей операциялар жүзеге асырылады:
Ақша нарығының төлем құралдары (қолма-қолсыз есеп айырысу формалары). Қазіргі кезде ақша қаражаттарының айналысында қолма-қолсыз ақша айналысы дамуда. Ол коммерциялық банктер арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес қолма-қолсыз ақшалар арқылы есеп айырысудың мынадай негізгі формаларының пайдаланылуы ұйғарылды:
Жабдықтаушылар мен сатып
Төлем тапсырмасы шот иесінің өз шотынан алушының шотына тапсырмада көрсетілген белгілі бір соманы аудару туралы банкке беретін жазбаша өкімін білдіреді. Төлем тапсырмаларымен алынған тауарлармен көрсетілген қызмет үшін, барлық тауарлық емес операциялар бойынша, келісімшартта қарастырылған жағдайда аванстық төлемдер бойынша есеп айырысулар жүргізіледі. Есеп айырысудың бұл формасы Қазақстанда кеңінен тараған.
Төлем талап-тапсырмасы. Сатушының талабы бойынша сатып алушыға тауар келісімшарты бойынша көрсетілген соманы шотына аудару туралы жазбаша өкімін білдіреді.
Аккредитив сатып алушы банкінің сатып алушының тапсырмасы бойынша жөнетілген тауарларды, сондай-ақ аккредитивтік өтініште қарастырылған басқа жағдайларды растайтын құжаттарды негізге ала отырып жабдықтаушыға төлем аудару турасындағы жабдықтаушының банкіне беретін тапсырманы білдіреді. Аккредитивтер жабық (депозиттік) және ашық (кепілдікті), қайтарып алынатын және қайтарып алынбайтын боп бөлінеді.
Төлеушінің жабдықтаушы есеп айырысу үшін қаражатты алдын-ала сақтап қоятын, әрекет яғни алғашқысының қаражатты өз есеп айырысу шотынан жабдықтаушыға қызмет көрсететін банкке аударатын әрекеті жабық аккредитив деп саналады.
Ашық аккредитив орындаушы банктен өзінің шотын жүргізетін эмитент-банктен аккредитивтің барлық сомасын есептен шығарып тастауын білдіреді.
Қайтарылып алынбайтын аккредитив жабдықтаушының қаражатты алушының келісімінсіз күшін жоймайды немесе өзгертілмейді. Мұндай нұсқау болмаған жағдайда аккредитив қайтарып алынатын деп саналады.
Чек берушінің
чекті ұстаушыға чекте
Ақшалай чектер
чекті ұстаушыға банктен қолма-
Вексель бұл бекітілген мерзім ішінде онда көрсетілген соманы сөзсіз төлеу жөніндегі қарыздық міндеттеме. Вексельдер жай және аудармалы деп бөлінеді. Жай (соло) вексельді қарыз алушы береді. Бұл вексель берушінің сөзсіз міндеттемесі, ол вексель ұсынушыға белгіленген соманы төлеуі тиіс.
Аудармалы вексель (тратта) – вексель беруші кредитордың (трассант) қарыз алушыға (трассат) белгіленген мерзімде көрсетілген соманы үшінші тұлғаға (ремитентке) төлеуі жөніндегі бұйрығы. Вексель бойынша төлем аваль (вексельдік кепілдік) көмегімен төленуі мүмкін, ол қосымша беттегі вексельдік және аллонжда (аваль ретінде есептеу деген жазумен рәсімделеді).
Банк қызметіне механикаландыру мен автоматтандыруды енгізу, банктік есеп айырысу тәжірибесінде ЭЕМ мен компьютерлерді кең қолдануға өту электрондық ақшалардың пайда болуына ықпал етті, яғни компьютер жадындағы шоттарда ақшаның болуы, қолма-қол ақшалар мен чектерді несиелік карточкалармен алмастыру. Ол клиенттің шоты негізінде орнатылған микросызбасы бар пластикалық карточка түрінде банк тарапынан шығарылады.
4-тақырып: Депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері
1.Депозит нарығының мәні, депозит нарығың мағынасы мен рөлі. Депозиттердің типтері.
2.Депозиттер коммерциялық банктердің ресурстық базасы ретінде.
3. Қазақстанда депозиттерді сақтандыру жүйесі.
Шаруашылық субъект ретінде кез-келген қаржы институты өз жарғылық қызметін іске асыру үшін қаржы ресурстарына, яғни ғимарат, құрылыс, техника мен технология сатып алу үшін, айналым капиталын жасақтау үшін, жалақы және бюджетке төлем жүргізу т.с.с. үшін ақша көздеріне мұқтаж болып табылады. Ол шығындар өз есебінің негізінен қаржыландырылуы, не заем мен тартылған қаржының есебінен қаржыландырылуы мүмкін. Оның негізгі бөлігін жеке және заңды тұлғалардың түрлі салымдары немесе депозиттер құрайды.
Депозиттік операциялар
алғашқы кезде алтын
Қазіргі кезеңде депозиттік операциялар түрлі формаларға бөлініп, түрлі елдер бойынша әр түрлі болып табылады. Дегенмен кез-келген қаржы институты үшін салымшыларды тарту және несиелік ресурстардың негізгі көзі ретінде депозит базасын кеңейту басты мақсат болып табылады. Ақшалар жинақтаушы функциясын орындап депозиттерге айналады, ал олар халықтың, шаруашылық субъектілердің және т.б. жинаған қаржысы болып табылады. Клиенттің барлық салымдары депозит деп түсіндіріледі. Депозиттерге салынған қаржы көздері түрлі болуы мүмкін. Ол корпоративтік клиенттердің есеп шоттарындағы, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қаржылары, жұмысшылар мен қызметкерлердің уақытша қолданылмай тұрған жалақылары.