Қаржы нарығы және делдалдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 06:56, курс лекций

Описание

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы жоспарлы экономикадан жаңа нарықтық экономикаға көшті. Нарықтық экономикада мемлекеттің қаржы нарығының қызмет етуі маңызды болып табылады. Себебі, қаржы нарығы мемлекет экономикасында ақша қаражаттарының тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Қазақстанда жоспарлы экономика кезінде қаржы нарығы болған емес.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................4
1 Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері.....5
2 Әлемдік қаржы нарығының дамуы және қалыптасуы...................................12
3 Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары...............................................14
4 Депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері.............................17
5 Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні...............................20
6 Дамыған және дамушы елдердің ипотекалық нарықтары................23
7 Валюта нарығы және валюталық операциялар...................................25
8 Әлемдік валюта нарығы..........................................................................31
9 Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметтері мен құрылымы.....32
10 Сақтандыру нарығы.......................................................................40
11 Зейнетақы нарығы..............................................................................42
12 Шет елдердегі зейнетақы жүйесі..............................................................44
13 Қаржы делдалдары және қаржылық делдалдықтар.............................45
14 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі..................48
15 Зейнетақы қорлары.................................................................................51
16 Инвестициялық компаниялар және қорлар................................................53
17 Сақтандыру компаниялары және қорлары......................................................56
18 Арнайы мамандандырылған қаржылық-несиелік институттар............60
19 Қор биржасы, оның функциясы мен құрамы........................................64
20 Қазақстанның қаржы нарығын реттеудің құқықтық негізі.................68
21 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде...........................................................................................................71
22 Қаржы нарығы және қаржылық қадағалауды реттеу бойынша Агенттіктің қызметі...............................................................................74
23 Өзін-өзі реттеу ұйымдары....................................................................75
24 Халықаралық бағалы қағаздар нарығы..............................................77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................80

Работа состоит из  1 файл

Каржы нары5ы.doc

— 838.00 Кб (Скачать документ)

1. Пайдалану мерзімі бойынша несиелер талап етуге дейінгі және шұғыл болып табылады.

2. Мөлшері (көлемі) бойынша  несиелер ірі, орташа және шағын  болып бөлінеді. әрбір банк оларды  өзінің несиелік салымдарына  байланысты жеке дара анықтайды.

3. Қамтамасыз ету бойынша  несиелер қамсыздандырылмаған және қамсыздандырылған болады. Соңғылары:

  • Кепілмен;
  • Банктік гарантпен;
  • Сақтандырумен қамсыздандырылады.

Несиені қамтамасыз ету  оның қайтарылмай қалу тәуекелін  төмендетудің бірден-бір тәсілі болып  табылады. Қамсыздандырылмаған несиелер банкпен бұрыннан бері жақсы партнерлік қарым-қатынасты орнатқан, несиеге қабілеттілігі бойынша бірінші реттік клиенттерге ұсынылады.

4. Беру әдісі бойынша  банктік ссудаларды компенсациялық  және төмендік деп бөлуге болады.

5. Өтеу әдістері бойынша  бөлшектеп өтелетін және бірдестен өтелетін (белгілі бір күнде) банктік ссудаларды бөледі.

Өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктерге байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілер мен өзге де ұйымды-құқықтық құрылымдарды банктік  несиелеу несиелеудің қағидаттарын қатаң ұстанған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

 

6-тақырып: Дамыған және дамушы елдердің ипотекалық нарықтары

 

1. Дамыған және  дамушы елдердің ипотекалық нарықтарының  сипаттамасы. Әлемдік шаруашылықтың  АҚШ-тағы орны. Әлемдік экономикадағы  дамушы елдердің ролі.

  1. Ипотекалық нарық және оның АҚШ, Германия, Жапония, Франция және басқа елдердегі даму деңгейі.

 

 «Ипотека» термині  алғаш рет біздің заманымызға  дейінгі (б.з.д.) VI ғ. Грецияда пайда  болған (оны архоит Солон енгізген ) және сол кездің өзінде ол  белгілі бір жер иеліктері арқылы қарыз алушының кредитор алдында жауапкершілікті қамтамасыз етумен байланысты болады.

Алғашқы кезде Афина  қаласында мұндай міндеттеменің  кепілі ретінде қарыз алушы тұлғаның өзі тұрған, яғни ол қарызды өтеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда құлшылыққа салынған. Жеке жауапкершілікті мүліктікке ауыстыру үшін Солон қарыз алушының иелігіне «бұл жер белгілі бір соммаға шағым келтіруді қамтамасыз ету үшін арналған» деген жазуы бар баған орнатуды ұсынды. Мұндай баған үстіне жер иемденушінің мойнына түсіп жатқан барлық қарыздары түсірілген. Уақыт өте келе аталған мақсат үшін ипотекалық деп аталатын, арнайы кітаптар пайдалана бастады.

Баршаға мәлім болатындай, ипотекалық жүйенің мақсаты –  бұл жылжымайтын мүлікке, жариясыз әдістер арқылы, құқықтарды орнатумен байланысты болатын қауіптің алдын алу. Жер – бұл оңай алмастырылатын тауар, сол себепті барлық уақытта сатып алушылар үшін де, несие берушілер үшін де мұндай жеке меншіктің кепілге салынып немесе қарыздардан босатылмай тұру тәуекелі бар. Осылайша, ипотека мүліктің басқа бір иемденушіге өтуіне жол берген жоқ, себебі қамтамасыздық иемденуші тұлғаның өзіне емес, ал оның мүлігінің құнына шоғырланды. Уақыт ағысымен «ипотека» сөзі кепілді белгілеу мақсатында қолданыла бастады.

Ипотека біртіндеп ортағасырлық Европа нарығына да ене бастады. Германияда ол XIV ғ. Пайда болса, ал Францияда ол XVI ғ. Аяғынан бастап жариясыз ипотека түрінде әрекет етті. Ипотека тек ерекше кітапқа арнайы жазбаны енгізгеннен кейін ғана сенімді заттай құқық ретінде танылды.

Алғашқы ипотекалық банк 1770 ж. Силези қаласында ашылды. Ол ірі шаруашылық қожалықтарына қаржылық көмек көрсететін мемелекеттік банк болған. Қаражаттарды тарту үшін банк кепілдемелерді (закладной) шығарды.

Қазіргі кезде тұрғын-үй саласына инвестиция салу технологиясы 3 негізгі принциптерге сүйенеді:

  • Келісімшарттық жинақтар;
  • Ипотекалық несиелеу;
  • Мемлекеттік қолдану.

Дегенмен, бұл прициптерді  жүзеге асырудың бір-бірінен ерекшеленуі  мүмкін.

Европаның ипотека нарығы облигацияларды шығару жөнінен банктердің тәуелсіздігін көздейді және нарық, көп жағдайда, қауіпсіздікті (секьюритизацияны) қамтамасыз ететін қандай да бір агентіктердің болуын талап етпейді. Несиелеу схемасы анағұрлым қарапайым болып табылады: банктер тек төмен бағада жылжымайтын мүлікті несиеге алуды қамтамасыз ететін қарыз алушылардың, сонымен қатар өтімді, табысты, аса сенімді бағалы қағаздарды қажет ететін инвесторлардың мұқтаждықтарын реттей отырыпнарықта делдал ретінде ғана әрекет етеді. Банктер әуелі жылжымайтын мүлік үстіне бірінші-реттік кепілдемелерді (закладная) шығарып несиелерді ұсынады, содан кейін бұл несиелер біріңғай тұлғаларға топталады. Келесі қадам – ипотекалық облигацияларды – яғни қамтамасыздығы бірінші реттік ипотекалық несиелерді пұлы және банктердің өз кепілі болып табылатын құнды қағаздарды шығару. Осылайша ипотекалық облигациялар берілген ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру үшін қызмет етеді. Бұл жерде келесі прициптер орындалуы шарт:

  • Жабу приципі;
  • Сәйкестік приципі.

Жабу приципі кепілдеме  бойынша салынған қор құны мен  соның негізінде шығарылған облигация құнының сәйкес болуын білдіреді, яғни кепілге салынған мүлік құны , ең кемінде шығарылған облигациялардың құнына тең болуы керек.

Сәйкестік приципі қор  және тартылған қаражаттар бойынша  мерзімдердің бір-біріне сәйкес болуын талап етуді білдіреді, яғни банк қор (активтер) мен міндеттемелерді өтеу мерзімдері біріне-бірі сәйкес келуін қадағалап отыруы тиіс.

Германияда 1990 ж. бастап ипотекалық банктердің арнайы торабы қызмет көрсетуде. Сол уақыттан бері олардың біреуі де банкроттыққа ұшыраған жоқ. Олар, тіпті, кепілдеме қағаздары бойынша төленетін пайыздарды өз салымшыларына I-ші және II-ші дүниежүзілік соғыстар кезінде де төлеп отырған. Сонымен қоса, XVIIIғ. Соңынан бастап Германияда келісімшарттық жинақтардың классикалық түрі әрекет етуде, оған құрылыс-жинақтау кассаларын жатқызуға болады. Олар келесідей қарапайым принцип бойынша жұмыс істейді, егер бір үй салу үшін 10000 ақша бірлігі қажет болса, ал әрбір тілек білдіруші жыл ішінде үй салуға тек мың ақша бірлігіне дейін қаражат үнемдей алса, онда ол 10 жылдан кейін ғана өзіне үй ала алады. Ал осындай тілек білдіруші он адамның жинақтары біріккен жағдайда олардың біреуі бір жылдан кейін-ақ, 2-шісі – 2 жылдан кеін және т.с.с. өзіне үй ала алады. Қазіргі кездегі құрылыс-жинақтау кассалары осы механизмді жүзеге асырады және Германияда тұрғын-үй саласындағы негізгі инвестициялау институттарының бірі болып табылады.

Келісімшарттық тұрғын-үй жинақтардың өзге модельдері Франция  мен Ұлыбританияда қызмет етеді. Мәселен, Францияда тұрғын-үй жинақтау шоттарының 2 түрі бар. Біріншісі – А жинақтау кітапшасы деп аталады. Бұл шотта 100 мың франкіге дейін қаражаттарды жинақтап, содан соң 150 мың франк көлемінде жылдық пайызы 3,75 болатын жеңілдетілген тұрғын-үй несиесін алуға болады, оған қоса жыл сайын бұл мақсатты салымға 7,5 мың франк көлемінде мемелекеттік премия қосылып отырады.

Тұрғын-үй жинақтау шотының 2-түрі – РЕ (тұрғын-үй жинағының  жоспары) шоттары деп аталады. Бұл  шоттарда 400 мың франкіге дейін қаражаттарды жинақтып, кейін 600 мың франк көлемінде жылдық пайызы 4,8 тең болатын жеңілдетелген тұрғын-үй несиесін алуға болады. Несие бойынша пайыздық мөлшерлемелер нарықтық мөлшерлемелерден 4-5% төмен.

АҚШ-та Ф. Рузвельт тұсында  тұрғын-үй құрылысы мен оны жеке меншікке алуды қоса қарастыратын ипотекалық несиелеудің тармақталған жүйесі қалыптаса бастады.

Американдық ипотека  ондаған жылдар бойынша мемелекет  тарапынан үлкен қолдау алып отырды және тек дамыған экономика шарттарында  ғана ол тұрғын-үй алудың алдыңғы қатарлы  формасына айналды.

АҚШ-ның ипотекалық тұрғын-үй несиесі – бұл тұрғын-үйді алу мақсатында міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін алынып жатқан үй кепіл болатын, сәйкес банкпен (несие ұйымымен) немесе заңды тұлғамен (несиелік емес ұйымымен) жеке тұлғаға 3 жыл немесе одан да ұзақ мерзімге берілетін несие немесе займ АҚШ-да тұрғын-үйді қаржыландырудың осы күнгі жүйесі – бұләр түрлі мекемелердің үлкен саны қызмет ететін, өзіне ипотекалық банктерді, жинақтау және несиелік ассоциацияларды, коммерциялық және жинақтау банктерін, сақтандыру компанияларын, зейнетақы қорларын және т.с.с. қамтитын жалпыұлттық көлемдегі күрделі нарық.

 

7-тақырып:  Валюта нарығы және валюталық операциялар

 

1.Валюта  нарығы: түрлері және оның дамуындағы  негізгі кезеңдер.

2.Валюта нарығының қатысушылары.

3.Валюталық реттеудің нысандары мен әдістері.

 

Валюта нарығы – бұл  қаржы нарығының құрамдас бөліктерінің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін, оның анағұрлым маңызды бөлігі болып  табылады. Бұл валютаны тұтынушылар  мен сатушылар арасында өзара  құқықтық және экономикалық қатынастарды орнатуға көмектесетін механизм, ол төмендегідей негізде келісімдерді жасауға мүмкіндік береді:

    • Бөлшек сауда келісімдері, мұнда сату-сатып алу кезінде банк тікелей клиентпен өзара әрекет етеді;
    • Банкаралық көтерме сауда келісімдері, мұнда екі банк валюталық брокердің көмегімен өзара әрекет етеді, соның нәтижесінде банкаралық нарық құрылады.

Ұлттық валюта жүйесі ұлттық заңнамамен анықталатын, елдің  валюта қатынастарын ұйымдастыру формасын көрсетеді. Оны келесідей негізгі  элементтер сипаттайды:

  • Ұлттық валюта бірлігі;
  • Ресми алтын валюта қорлардың (резервтердің) құрамы;
  • Валюта паритеті және валюта бағамын орнату механизмі;
  • Валюта қайтарылымының шарттары, валшюталық шектеулердің болуы немесе болмауы;
  • Елдегі сыртқы есеп айрысулардың тәртібі;
  • Ұлттық валюта және алтын нарықтарының режимі, елдің валюта қатынастарынреттейтін ұлттық мекемелердің дәрежесі.

Мұндай жүйенің ерекшеліктері  ел экономикасының даму деңгейі және шарттарымен, сонымен қоса оның сыртқы экономикалық байланыстарымен анықталады. Халықаралық сауда келісімдері төңірегінде әр түрлі сауда орталықтарының банктері өзара әрекет ететін, екі немесе одан да көп ұлттық нарықтардың арасында жүзеге асады. Олар сондай-ақ, өз ішіне, екі немесе бірнеше нарықтарда жүргізіліп жатқан арбитражды операцияларды қамтуы тиіс.

Валюта – қандай да бір ұлттық ақша бірлігінде көрсетілген  және халықаралық есеп айрысуларда  қолданылатын кез келген төлем құжаты немесе ақшалай міндеттеме. Ол шетелдік, яғни сәйкес шетел мемлекетінде айналыста  жүрген және оның заңды төлем құралы болып табылады. Банкнота, қазыналық билет немесе монета түрінде болуы мүмкін. әрбір мемлекетте оның барлық ақша-несие жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын, сонымен бірге ақшаны басып шығарудың (эмиссиялаудың) монопольді құқығын иеленетін, коммерциялық банктердің уақытша бос қаражаттары мен міндетті қорларын сақтайтын орталық банкісі болады. Қазіргі кезде Қазақстанның валюта нарығы мен шетел валюталарымен орындалатын операцияларды жүргізумен шектелген.

Валюталық айырбас –  бұл бір ел валютасының екінші бір ел валютасына айырбасталуы. Банктер, экспортерлер, трансұлттық компаниялар, қаржылық мекемелер, инвесторлар, үкіметтік агенттіктер, кәсіпорындар мен жеке тұлғалар – валюта нарығының негізгі қатысушылары болып табылады. Олардың баршасының әр түрлі қажеттіліктері болады, оған валюта нарығында ашық позицияларды хеджирлеу (сақтандыру) қажеттілігі, сонымен қоса қаражаттарды әлемнің түрлі аймақтарына инвестициялау мен бір елден екінші бір елге сатып алушылық қабілетті ешбір кедергісіз беру мүмкіншілігі кіреді.

Валюта нарығының қатысушылары ақшаны аудару, хеджерлеу, клиринг және несиелеу тәрізді операцияларды  жүзеге асырады. Ақша аударымы – анағұрлым  қарапайым операция болып табылады. Хеджерлеу кезінде валюта нарығының  қатысушылары потенциалды шығындар тәуекелінің астындағы валюталық позициялардан қорғануға ұмтылады. Мәселен, теңге бағамы долларға шаққанда өсуі мүмкін, сонда лаынатын тауардың долларлық құны да артады. Осындай жағдайда қатысушы теңгені сатып ала отырып хеджерлеуді жүзеге асыра алады. Теңгені осылайша форвардтық түрде сатып алу тауардың долларлық құнын бір орынға тұрақтандырып, валюта бағамының өзгерісінде қажетті қорғанысты қамтамасыз етеді.

Валюта нарығы халықаралық  төлемдерді жүргізгенде клиринг  механизмін қамтамасыз етіп отырады, ол механизм басқа қаржы орталықтарында орналасқан банк-корреспонденттерде сақталып жатқан шетел валютадағы депозиттердің айналымы арқылы жүзеге асады.

Валюта нарықтарында банктер мынадай маңызды құралдарды пайдаланады:

  • Мерзімі көрсетілмеген (мерзімсіз) салымдар (немесе талап етуге дейінгі депозиттер) қаражаттарының телеграфтық немесе электрондық аударымдары;
  • Ұсынушыға арналған банк вексельдері;
  • Коммерциялық траттар.

Кез келген мемлекеттің  ақшалай бірлігі валюта болып  табылады, егер ол ақшаның барлық қызметтерін, тар мағынада айтылатын ішкі ақша айналымның тұрғысынан емес, ал анағұрлым кең мағынаны білдіретін – халықаралық экономикалық қатынастар мен есеп айрысулардың қатысушысы ретінде орындаса.

Валюта бағамы кез  келген елдің барша маңызды экономикалық факторларының, яғни ақша айналысы, өндіріс өнімінің көлемі, баға деңгейі, еңбек өнімділігінің деңгейі және т.с.с. жағдайын көрсетеді. Валюта бағамының өзгерістері бір елдің екінші бір елге қатысты бәсекеге қабілеттілігінің арту немесе кему процестерін бейнелейді.

Валюта бағамына әсер ететін келесідей негізгі факторларды бөлуге болады:

  • Жалпы ұлттық өнім;
  • Сактып алу қабілетінің паритеті бойынша валюта бағамы;
  • Нақты пайыздық мөлшерлемелер деңгейі;
  • Инфляция;
  • Өнеркәсіп өндірісінің индексі;
  • Жұмыссыздық.

Валюта бағамы екі  ел ақша бірліктерінің арақатынасын көрсетеді немесе басқа мемлекеттің ақша бірлігінде көрсетілген берілген елдің ақша бірлігінің бағасын білдіреді.

Кез келген мемлекетте «валюта» түсінігі белгілі бір анықталған мағынада қолданылады және алатын дәрежесі бойынша валюта былай жіктелінеді:

  • Ұлттық валюта – берілген мемлекеттің ақшалай бірлігі.
  • Шет ел валютасы – шет мемлекеттің ақшалай бірлігі.
  • Резервті валюта – халықаралық резервті төлем құралы статусын иеленетін қандай да бір мемлекеттің ұлттық валютасы.

Ұлттық валютаның төлем құралы ретінде басқа барлық валюта түрлеріне тез арада және минималды жоғалтулармен айырбасталу қабілеті оның өзара қайтарылымдығы мен айналымдылығында жатыр. Жіктеудің бұл критерийі бойынша барлық валюталарды келесідей топтарға бөлуге болады:

Информация о работе Қаржы нарығы және делдалдары