Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 19:19, дипломная работа
Нарықтық экономикада қаржылар бүкіл аймақтық шаруашылықтық қызмет етуін ретке келтіретін негізгі шарт болып табылады. Сондықтан мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен басқару ел экономикасы үшін маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыдан қарастырғанда дипломдық жұмыс тақырыбы қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналған. Бүгінгі ел экономикасының дамуында мемлекеттік қаржысы үлкен рөл атқарады.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1
Қаржыны басқару жүйесін ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік аспектілері............................................................................................................5
1.1
Қаржыны басқару түсінігі, түрлері және жүзеге асу шарттары......................5
1.2
Қаржылық басқару жүйесінде мемлекеттік реттеудің атқаратын ролі.........10
1.3
Қаржыны басқарудың шетелдік тәжірибесі және оларды отандық тәжірибеде қолданудың әдістемелік негіздері................................................14
2
Қаржыны тиімді басқару жүйесін ұйымдастыру үдерісін зерттеп-талдау (Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаменті мысалында).......................................................................................................21
2.1
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қызмет көрсету механизмін зерттеп-талдау................................................................................21
2.2
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қаржыны басқару жүйесіндегі негізгі қызметтері мен ұйымастырушылық құрылымына талдау жасау....................................................................................................................28
2.3
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің бюджет салалары бойынша қаржылық ресурстарды басқару, қадағалау және атқару қызметіне сараптама жасау..................................................................................................32
3
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржыларды басқару жүйесін дамытудың перспективалы бағыттары.......................................40
3.1
Мемлекеттік қаржыларды басқару механизмін жетілдіру – әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді теңдестірудің негізгі міндеті........................40
3.2
Қахақстандағы мемлекеттік қаржыларды нарық талаптарына сәйкес басқаруды дамытудың перспективалы бағыттары..........................................47
Қорытынды..............................................................................................................61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................64
Қосымшалар............................................................................................................67
Қаржы мониторинг жүйесін қалыптастыру. Қаржы министрлігінің құрылымында 2010 жылы қызметі заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы iс-қимылмен байланысты операцияларды жолын кесуге, анықтау және жоюға бағытталған Қаржылық мониторинг комитеті құрылды.
Қазіргі жаһандық экономикалық тұрақсыздық жағдайында, оның әсері қаржы саласынан тысқары ұзаққа таралған, отандық қаржылық жүйеге қолдау көрсету бойынша дамушы және дамыған мемлекеттердің күш-жігері ерекше орын алады.
Қалыптасқан жағдай көптеген мемлекеттердің үкіметтеріне өздерінің қаржылық жүйесінің құрылымына жаңадан қарауға, оларды реформалаудың қажеттілігін бағалау және қысқа мерзімде тиісті өзгерістерді енгізуге бірегей мүмкіндік беріп отыр.
Қаржы институттары сенімділігі мен қаржылық ағымның ашықтығын көтеруге мүмкіндік беретін негізгі өзгерістер, ең алдымен, қаржы ұйымдарының қызметтерін реттеу, қадағалау және мониторинг саласында жүзеге асырылуы тиіс. Сондай-ақ, құқыққа қарсы мақсатта қаржы жүйесін пайдаланудың үздіксіз жетілдіріліп отырған практикасына қарсы күрес бойынша шараларға ерекше назар аударған жөн.
Әлемдік экономикада болып жатқан дағдарыстық жағдайларға қарамастан, қазіргі уақыттағы жаһандық проблема – террористік және экстремистік ұйымдардың қызметі өз өзектігін жоғалтқан жоқ.
Ағымдағы қалыптасу кезеңінде Қаржы министрлігі осы салада заң жобалау негізін әзірледі, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласында қызметкерлерді іріктеу және қайта даярлау, сондай-ақ басқа да ұйымдастырушылық іс-шаралар, соның ішінде қаржы мониторингінің бірыңғай ақпараттық талдамалы жүйесін құру бойынша іс-шаралар басталды.
Қорытынды
Дипломдық жұмысты қорыта келе, мемлекеттік қаржы механизмі бұл экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы болып табылады. Қаржы арқылы шаруашылық жүргізуші әртүрлі деңгейде және қызмет сферасында экономикалық және әлеуметтік дамуының мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақша қорларын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі қаржы қатынастарын басқарып отырады. Өткен кездің оңтайлы тәжірибесінде келеңсіз қарау қаржының дамуына, оны басқаруға қайшы келеді: бюджетке төленетін төлемдердің салық нысандары жеткіліксіз пайдаланылады; бюджеттен төленетін субвенциялардан (мақсатты жәрдем қаржыдан) бас тарту болды және т.б. Осы және басқада себептерге байланысты қаржының рөлі төмендеді. Экономиканы басқаруды қайта құру жаңа қаржы саясатын жасап, жүзеге асыруды, қаржыны басқарудың қағидалы жаңа әдістеріне көшуді талап етеді. Бұл әдістер экономикаға қаржының реттеуші ықпалын күшейтуді қамтамасыз етуі, қоғамдық өндірістің тиімділігін өсіруге, әлеуметтік саланы дамытуға мүмкіндік туғызуы тиіс.
Бүгінгі таңда қаржыны басқарудың екі аспектісін ажырата білген жөн: біріншіден, мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп қоғамдық өндірістің бүкіл үдерісіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі басқарудың обьектісі болып табылады: қаржылық қатынастардың нысандары, ақшалай қорлар, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі баскарылады. Осыған байланысты, қаржыны басқаруға ғылыми тәсілдеме кажет, яғни бұл қаржылық сипаттағы басқару шешімдерін әзірлеген кезде экономикалық заңдардың талаптарынан басқа, экономикалық талдау нәтижелерінің ескерілетінін, басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің ұтымды үйлесуінің қолданылатынын білдіреді.
Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын енгізу немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақытылы жеңіп отыруды қажет етеді. Бұл ретте айқын және уақтылы экономикалық ақпарат, ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары сапалы перспективалық және ағымдағы қаржылық жоспарлау талап етіледі.
Қаржылық қатынастардың
әрбір сферасы мен әрбір буынын
Қаржыны басқаруда басқа кез келген басқарылу жүйесіндегідей басқарудың объектілері мен субъектілері ажыратылады: обьектілер ретінде қаржылық қатынастардың сан алуан түрлері бола алады, басқаруды жүзеге асыратын ұйымдық құрылымдар субъектілер болып табылады. Қаржылық қатынастардың сыныптамасына сәйкес олардың сфералары бойынша объектілердің екі тобын бөледі: шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, мемлекеттің қаржысы. Оларға басқарудың мына субъектілері сәйкес келеді: қаржы службалары (шаруашылық жүргізуші субъектілердің бөлімдері), қаржы және салық органдары. Қаржыны басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдық құрылымдардың жиынтығы қаржылық аппарат деп аталады.
Қазіргі таңда Қазақстандағы қаржы жүйесі ел экономикасының негізін құраушы буын болып табылатындықтан, елбасымыз жыл сайынғы кезекті 2007 жылғы жолдауында да еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында және дамыған бәсекелестік қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін осы қаржы жүйесін басқару арқылы, оны тиімді және ұтымды пайдалану қажет екенін атап өтуі де бекер емес. Қазіргі кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге асырылатындығын ескерсек, оларға әлеуметтік -экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады. Осымен байланысты бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, бюджетаралық қатынастарды реттеу мәселелері еліміз аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін негізгі шарттар ретінде қарастырылады.
Сонымен, аймақтық бюджеттердің аймақтық деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудегі рөліне, оның маңызына жеткілікті деңгейде талдау жасалынды. Аймақтық бюджет табыстары нарықтық экономика жағдайында Қазақстан аймақтарының дербестігінің қажетті шарты бола отырып, жергілікті билік органдарына жүктелген міндеттердің олардың қаржылық мүмкіндіктерімен сәйкес келуіне негіз болуы тиіс. Ал, бұл өз кезегінде билік деңгейлері арасында өкілеттіліктер мен функциялардың, жауапкершіліктердің нақты бөлінуін және соған сәйкес бюджетаралық мәселелерін жетілдіруді көздейді. Мемлекет қаржысы жылдан –жылға артып келеді, бұл әрине еліміздің болашағы үшін маңызды деген сөз.
Қазіргі уақытта қаржыны басқаруды жетілдіру – бұл үдерісте автоматтандырылған жүйелерді жасап, оларды қаржыны басқаруға ендіру мен үйлестіру негізінде жүргізіліп отыр. Экономикалық-математикалық әдістер мен электронды есептеу техникасына негізделген басқарудың автоматтандырылған жүйелері қаржыны жалпы басқарудың бір бөлігі болып табылады.
Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі деп қаржыны, қаржы жүйесін тиімді басқаруға мүмкіндік жасайтын есептеу және ұйымдық техниканың, байланыс құралдарының әкімшілік, экономикалық, математикалық әдістерінің жинытығын атайды. Ол есепке алу, жоспарлау және ұлттық шаруашылықты басқару үшін ақпаратты жинау мен өңдеудің жалпы мемлекеттік автоматтандырылған жүйесінің қосалқы жүйесі ретінде көрінеді. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі тұрақты экономика жағдайында ойдағыдай іс-әрекет ететінін айта кету қажет. Тек осы жағдайда ғана ол қаржылық аппарат жұмысының мазмұнын айтарлықтай өзгертуге мүмкіндік береді. Қаржыны басқаруда қаржылық есеп-қисаптардың автоматтандырылған жүйесі қолданылады. Ол өзара байланысты, бірлесіп іс-әрекет ететін функциялық, қамтамасыз етуші, технологиялық қосалқы жүйелерден тұрады.
Дипломдық жұмысты қорыта келе, мынадай ұсыныстар келтіруге болады:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
А қосымшасы
Қаржыны басқарудың мақсаты мен негізгі талаптары
Ақпарат көзі: Смағұлова Р.О., Мәдіханова Қ.Ә., Тұсаева Ә.Қ., Сатыбалдиева Ж.Ш. Қаржы, ақша айналысы және несие: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2008.
Б қосымшасы
Қаржылық механизмінің жүйесі
ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ (ЖҮЙЕ) | |||||||
ҚОСАЛҚЫ ЖҮЙЕЛЕР | |||||||
ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ (БОЛЖАУ) |
ҚАРЖЫ ТҰТҚАЛАРЫ МЕН ЫНТАЛАНДЫРМАЛАРЫ |
ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖІМ | |||||
Б Л О К Т А Р | |||||||
Қаржы болжамдары, жоспарлары және баланстары |
Қаржылық көрсеткіштер |
Қаржы нормалары мен нормативтері (ағымдағы қаржыландыруда қолданылатындары) |
Қаржы ресурстарын бөлудің
нормативтері (макроэкономикалық |
Ұдайы өндірісті және ынталандыруды қаржымен қамтамасыз ету қорлары |
Қаржыны басқаруды ұйымдастыру |
Қаржылық қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік актілер |
Қаржылық бақылау |
ЭЛЕМЕНТТЕР | |||||||
(Қаржылық қатынастарды
ұйымдастырудың алғашқы, |
Ақпарат көзі: Құлпыбаев С., Мельников В.Д. Қаржы негіздері. ЖОО-ға арналған оқулық.- Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2009.
В қосымшасы
01.04.2011 жылғы Ақтөбе облысы бюджетінің кірістері бойынша орындалу көрсеткіштері
Ақпарат көзі: Ақтөбе облысы
бойынша Қазынашылық