Қаржыны басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 19:19, дипломная работа

Описание

Нарықтық экономикада қаржылар бүкіл аймақтық шаруашылықтық қызмет етуін ретке келтіретін негізгі шарт болып табылады. Сондықтан мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен басқару ел экономикасы үшін маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыдан қарастырғанда дипломдық жұмыс тақырыбы қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналған. Бүгінгі ел экономикасының дамуында мемлекеттік қаржысы үлкен рөл атқарады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1
Қаржыны басқару жүйесін ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік аспектілері............................................................................................................5
1.1
Қаржыны басқару түсінігі, түрлері және жүзеге асу шарттары......................5
1.2
Қаржылық басқару жүйесінде мемлекеттік реттеудің атқаратын ролі.........10
1.3
Қаржыны басқарудың шетелдік тәжірибесі және оларды отандық тәжірибеде қолданудың әдістемелік негіздері................................................14

2
Қаржыны тиімді басқару жүйесін ұйымдастыру үдерісін зерттеп-талдау (Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаменті мысалында).......................................................................................................21
2.1
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қызмет көрсету механизмін зерттеп-талдау................................................................................21
2.2
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қаржыны басқару жүйесіндегі негізгі қызметтері мен ұйымастырушылық құрылымына талдау жасау....................................................................................................................28
2.3
Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің бюджет салалары бойынша қаржылық ресурстарды басқару, қадағалау және атқару қызметіне сараптама жасау..................................................................................................32

3
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржыларды басқару жүйесін дамытудың перспективалы бағыттары.......................................40
3.1
Мемлекеттік қаржыларды басқару механизмін жетілдіру – әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді теңдестірудің негізгі міндеті........................40
3.2
Қахақстандағы мемлекеттік қаржыларды нарық талаптарына сәйкес басқаруды дамытудың перспективалы бағыттары..........................................47

Қорытынды..............................................................................................................61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................64
Қосымшалар............................................................................................................67

Работа состоит из  1 файл

ДР қаржыны басқару.doc

— 663.50 Кб (Скачать документ)

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Қаржы министрлігі ел аймақтарында бухгалтерлік есеп саласындағы қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау бойынша  семинарларды ұйымдастыруда, ХҚЕС және ХАС мәселелері бойынша жаңартылған  ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі – БАҚ) үнемі жариялауда, бұдан басқа, тұрақты негізде ХҚЕС  жөніндегі Комитет қорымен (бұдан әрі – ХҚЕСКҚ) және Халықаралық бухгалтерлер федерациясымен (бұдан әрі – ХБФ) шарттардың мерзімін ұзарту бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Сондай-ақ, ХСА-ға аудиторлық ұйымдардың көшуін жүзеге асыру шеңберінде, Қаржы министрлігі аккредиттелген кәсіби, аудиторлық ұйымдардың қызметіне  олардың қызметтерінің аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкестілігі тұрғысынан тексерулер жүргізеді.

Бұл ретте ХЭФ-тің мониторингі  мен есебі нәтижесі бойынша ағымдағы жылда Қазақстанның 2009 жылға арналған «Аудит және есептілік стандарттары деңгейі» ХЭФ ЖБИ рейтингінде  болжамдалған 90 орында 94 орынға, және 2009 жылы 134 елдердің ішінен 98 орынға орналасты. 

Сонымен қатар, бұл рейтинг  бойынша ел позициясының төмендеуі  себептерінің бірі ретінде ХҚЕС және ХАС-ты енгізу саласында бухгалтер/бухгалтерлік ұйымдар, аудиторлар/аудиторлық ұйымдардың арасында хабарсыздық факторын көрсетуге болады.

Осыған байланысты Қаржы  министрлігі аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдармен, аккредиттелген кәсіби бухгалтерлік ұйымдармен, бухгалтерлерді кәсіби серттификаттау бойынша аккредиттелген ұйымдармен бірлесе отырып, ел үшін бұл рейтингтегі көрсеткіштің маңыздығын кең жариялау мақсатында бухгалтерлер, аудиторлар мен тиісті ұйымдар арасында ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарды үнемі жүргізуді жоспарлап отыр.  

Қазіргі таңда Қазақстанда  мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігінде кассалық әдіс қолданылады. Алайда өткен жылдарға жасалған талдау бюджет қаражатын пайдалануда айқындылықтың жетсіпеушілігіне байланысты проблемалардың болуын көрсетіп отыр, өйткені бұл әдісті пайдалану кезінде мемлекетте мемлекеттік бюджеттен бөлінген ақша қаражатын пайдалану тиімділігін бағалауға мүмкіндігі жоқ болғандықтан, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігін жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.

Осыған байланысты, мемлекеттік  секторда реформа жүргізу мақсатында қоғамдық сектор саласындағы активтер мен міндеттемелерді есепке алу үшін әзірленген бірегей стандарт болып табылатын қоғамдық сектор үшін Халықаралық бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік стандарттарын (бұдан әрі – ҚСХҚЕС) негізге алу шешімі қабылданды. Қазіргі уақытта ҚСХҚЕС Ұлыбритания, Франция, Жаңа Зеландия, Аргентина сияқты бірқатар дамыған елдерде енгізіліп, қолданылуда.

Жаңа жүйе мемлекеттік  сектордың қызметін қаржыландыру тиімділігін  және оның өзінің функцияларын орындау  үшін ақшалай қаражаттарға деген нақты қажеттілігін бағалауға, сондай-ақ басқарушылық шешімдерді қабылдау, қаржыландыруда болашақ міндеттемелерді жоспарлау үшін қаржылық ақпараттың айқындылығын көтеруге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты қоғамдық сектор үшін ҚСХҚЕС сәйкес мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында әдіснамалық негізді дайындау жұмыстары жүргізілуде. Әрі қарай қаржылық есептілікті жасаушыларды, пайдаланушыларды, сыртқы және ішкі аудиторларды оқытуды, сондай-ақ басқа да ұйымдастырушылық іс-шараларды, оның ішінде, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің жаңа жүйесін енгізудің пилоттық бағдарламасын іске асыру бойынша және нәтижесінде барлық мемлекеттік мекемелерді осы жүйеге көшіруді жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Республикалық мемлекеттік меншікті және стратегиялық маңызы бар экономика саласындағы меншікті басқару жүйесінің тиімділігін арттыру

Қазақстан Республикасының  әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы қазіргі заманғы экономикасының жай-күйі мемлекеттік саясаттың  қалыптастырылуы тәуелді мемлекеттік органдарды қазіргі басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін толық жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар қызметінің айқындылығына неғұрлым қатал талаптар қоюды талап етті. Бұл ретте, айқындылық мемлекеттік меншік жағдайын есепке алу жүйесін жетілдіру, меншіктің мониторинг жүйесін дамыту және оның нәтижелерін неғұрлым кеңінен пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.

Мемлекеттік меншік жағдайын есепке алу жүйесі «Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тізіліміне» негізделеді және ол электронды түрде жүргізіледі. Мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың қызметі туралы ақпаратты заңды тұлғалардың өздері электронды түрде толтырып, жібереді. Мұндай жеткізіп берудің мүмкіншілігі мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың барлығын қамти алмайды. Айталық, негізінен, 2010 жылы заңды тұлғалардың тек 70 пайыз-ы ғана Тізілімге ақпараттың түсуін қамтамасыз етті. Одан басқа, шетелде орналасқан мемлекеттік меншік бақылаудан тыс қалып отырғандықтан, 2010 жылдың қорытындысы бойынша мұндай мүлік ескерілген жоқ.

Мұндай жағдай экономиканың маңызды құрамдас бөлігі болып саналатын  мемлекеттік сектордың  мемлекеттік  реттеуін жетілдіруді едәуір қиындата түсті.

Осыған байланысты Стратегиялық жоспарда жоғарыда көрсетілген көрсеткіштердің артуы қарстырылған.

Кәсіпорындар мен мемлекеттің  қатысуы бар компанияларда болып  жатқан процестерді зерделеу мақсатында жүзеге асырылатын мемлекеттің қатысуы  бар заңды тұлғалардың меншігін басқару тиімділігінің кешенді мониторингі, сондай-ақ, 2004 жылы қабылданған «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін жүргізіліп отырған меншіктің мемлекеттік мониторингі жалпы экономикада болып жатқан процестерді бақылау мен оларға талдау жасауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Алайда, мониторинг объектілері  санының көп болуы және республикалық  бюджеттен бұл іс-шаралардың қаржыландырылуға байланысты шектеулер, ірі компаниялар мен мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың қызметіне тұрақты бақылауды және тиісінше талдау жүргізуді, демек, экономикада ағымдағы жағдайға уақтылы талдау мен экономиканың маңызы бар салаларында мемлекеттік саясатты түзету бойынша шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік бермейді.

Осыған байланысты Қаржы  министрлігі кәсіпорындар санын  арттыру және берілетін мерзімді ақпарат негізінде жүргізілетін камералды бақылау шеңберінде көрсеткіштер тізбесін кеңейту бөлігінде бес  жылдық мерзімге кешенді және мемлекеттік мониторинг жүргізу тетігін жетілдіруді көздейді.

Мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысуы бар заңды тұлғалардың, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың  мемлекеттік мүлікті пайдалануының  тиімділігі  жеткіліксіз болып  отыр, оны мақсатқа сай пайдаланбау фактілері орын алып отыр.

2010 жылы мүлікті мақсатты және тиімді пайдалану тұрғысынан 740 республикалық мемлекеттік заңды тұлғаны тексеру жүзеге асырылды. 10391 артық және қолданылмайтын объектілер анықталды, оның ішінде 9865-ін есептен шығарып тастау, жекешелендірілуге 328 объектіні беру, жарғылық мақсаттар үшін 108-ін қамту, басқа заңды тұлғалардың балансына 80-ін, коммуналдық меншікке 10 объектіні беру ұсынылды.  

Мемлекеттік меншікті пайдалану  процесін әрі қарай жетілдіру  үшін Қаржы министрлігі бақылауды  күшейту мен оның мақсатты және тиімді пайдаланылуын тексеруді жетілдіруді  көздейді.

Жоғарыда көрсетілген  шарттарды ескере отырып, Қаржы министрлігі  өзінің алдағы бес жылдық кезеңіне стратегиялық бағыт ретінде республикалық мемлекеттік меншікті және стратегиялық маңызы бар экономика саласындағы меншікті басқару жүйесінің тиімділігін арттыруды айқындап отыр.

Банкроттық саласында  реттеу тиімділігін арттыру. Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға енуі, шетел кәсіпорындарының тауарлары үшін отандық нарықты ашу көптеген ұйымдарды қиын қаржылық және экономикалық жағдайға ұшыратты. Мұның нәтижесі ұйымдардың төлем қабілетсіздігінің артуы және кейіннен банкротқа ұшырауы болды.

Оңалту рәсімін қолдану  кезінде төлем қабілетсіз ұйымдарды  қаржы-экономикалық сауықтыруға жеткілікті шамада көңіл аударылмайды, кредит берушілердің, оның ішінде мемлекет атынан кредит берушінің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, борышкердің төлем қабілеттілік деңгейіне кем ден қоюы, олардың ұйымдардың төлем қабілеттілігін қалпына келтірудегі, оларды оңалтудағы рөлінің жеткіліксіздігі негізгі проблемалар болған әрі қалып отыр. Айталық, 2004-2008 жылдары оңалту рәсімін аяқтаған кәсіпорындардың жалпы санынан оңалту рәсімін табысты аяқтағандардың орташа көрсеткіші бар жоғы 34,8 пайызды құрады.

Мемлекет басшысының 2007 жылғы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында шығынға батқан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды есептен шығару әрекеті ысырапшылдық болады – банкроттық зиянмен жұмыс істейтін мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін қалпына келтіру мүмкіндігі қалмаған жағдайда жасалатын соңғы қадам болуға тиіс екендігі аталып өтті.

Мемлекет басшысы белгіленген  міндеттерді шешу мақсатында 2008 жылғы 5 шілдеде «Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заң жобасы жалпы төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарды оңалту рәсімдеріне қатыстыру жолымен қаржы-экономикалық сауықтыруға, банкроттау саласында бірыңғай уәкілетті орган анықтауға, сыртқы қадағалау әкімшілерінің, конкурстық пен оңалту басқарушыларының жауакершілігін бекітуге, банкроттау саласында жасалған қылмыстар үшін жауапкершілік ескерілетін қылмыстық заңнамалардың санкциялары мен нормаларын күшейтуге бағытталған, сондай-ақ, борышкер үшін мынадай  бірқатар ынталандырулар көзделген: оңалтуды қолдануға құжаттарды беру тәртібін оңайлату; стратегиялық маңызы бар кәсіпорындар үшін оңалту мерзімін арттыру; оңалту басқарушыларын оңалту өндірісінің пайдасына шағым бергенде мемлекеттік баж салығын төлеуден босату және мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу мүмкіндігі көзделген.

Соңғы жылдары оңалту рәсімдерін табысты аяқтаған кәсіпорындар үлесінің өсуін арттыруға үрдістер байқалуда, айталық, 2009 жылы олардың пайызы 81,8, ал 2010 жылы – 83,3 пайызы болды.

Алайда, уәкілетті орган жағынан бақылауға бағынбайтын рентабельді емес ұйымдардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге теріс әсерін тигізуі мүмкін маңызды проблемалар бар.

Кәсіпорынды оңалту рәсіміне тарту кезінде талабында мемлекеттік  орган борышкерге қатысты оңалту рәсімдерін жүзеге асыруға кепілдік кредиторларының келіспеушілігімен кездесіп қалады. Оңалту рәсімдерін жүзеге асыру кезеңінде кредиторлық қарызды өтемеу, дебиторлық берешекті өндіріп алу (өндіріп алуға келмейтін, дебитордың банкротқа ұшырауы және т.б.) мүмкіндігінің болмауына байланысты ескере отырып, негізгі қорлардың тозу тәуекелі бар. Бұдан басқа,  қасақана және жалған банкроттық проблемасы бар, ол кредит берушінің ұйым мүлкінің негізгі массасын шығару бойынша басшылардың немесе құрылтайшылардың заңсыз әрекеттеріне уақтылы ден қоймауынан туындайды.

Осыған байланысты, борышкерлердің активтерді заңсыз шығаруымен және қасақана банкроттыққа қарсы әрекет ету тетіктерінің бірі сырттай байқау институтын қолдану  болып табылады.

Бүгінгі таңда аталған  проблемаларды жедел және уақытылы шешу үшін уәкілетті орган салық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып борышкерлердің қаржы-экономикалық сауықтыруға шаралар қолдану үшін жұмыс топтарын құрды. Бұдан басқа, уәкілетті органның аймақтық бөлімшелері мен жергілікті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары арасында санатор ретінде оңалту рәсіміне ықтимал қатысуы үшін, сондай-ақ, сауда-саттықта банкротқа ұшыраған кәсіорындардың өндірістік активтерін сатып алу мен олардың негізінде жаңа өндірісті құру үшін  өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылып жатыр.

2014 жылы төлем қабілеттілігі  56 пайызға дейін қалпына келтірілетін  кәсіпорындардың үлесін ұлғайту  жоспарланып отыр.

Дүниежүзілік банктің  бағалауы бойынша Қазақстанда тарату рәсімдерін өткізу уақыты 3,3 жылды, шығындар – мүлік құнының 18 пайызын және борышты өндіру коэффициенті – 25,3-ті құрайды (арнайы формула бойынша есептеледі). Бұл деректер Дүниежүзілік банк респондеттерге сұрау салу жолымен алды.

Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамаларын және т банкроттық саласындағы тәжірибені талдау Қазақстанда тарату рәсімдерінің уақыты 1,7 жылды, шығындар 16,2  пайызды құрайтынын көрсетті.

Қазақстанның «Doing Business»  рейтингісіндегі көрсеткішін жақсарту үшін банкроттық саласындағы қолданыстағы заңнаманы түсіндіру, сондай-ақ оларды және Дүниежүзілік банк өкілдерін банкроттық рәсімдері арқылы кәсіпорындарды тарату саласында шын мәніндегі жағдай туралы ақпараттандыру жөніндегі респондеттермен жұмыс жүргізіледі.

Бұдан басқа банкроттық туралы заңнамада белгіленген ең жоғары 12 ай мерзім кезінде 9 айға дейінгі мерзімде таратылған кәсіпорындар үлесін 2014 жылға 95 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Айталық, 2011 жылдың 1-жарты жылдығындағы жағдай бойынша 625 кәсіпорын таратылды, олардың ішінде 430 кәсіпорын 9 ай мерзімге дейін таратылды, бұл таратылған кәсіпорындардың жалпы санының 69 пайызын құрайды.

Осыған байланысты Қаржы  министрлігі Стратегиялық жоспарда көрсетілген көрсеткішке қол  жеткізу үшін тарату рәсімдерінің басталуымен 9 айға дейінгі мерзімде конкурстық өндірістің шеңберінде іс-шаралардың уақытылы орындалуы бойынша конкурстық басқарушылар іс-әрекетіне бақылауды қамтамасыз етеді.

Алайда, бұл конкурстық өндіріс мерзімінің ұзартылуына  әсер етуші бірқатар сыртқы факторларға  байланысты әрқашан мүмкін емес, атап айтқанда, борышкерлердің қатысуымен әр түрлі сатыларда сот талқылаулары, дебиторлық берешекті өтеу, мүлікті қайтару және т.б.   

Информация о работе Қаржыны басқару