Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 22:40, курсовая работа
Тақырыпты зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының банктік қызметтерінің негізгі талаптарына сәйкес банктің қолма-қолсыз есеп айырысуын қалыптастыру мен басқаруының өзекті мәселелерін шешу.
Зерттеудің міндеттері:
қолма-қолсыз есеп айырысудың қалыптасуын зерттеу;
банктің басқару жүйесіндегі қолма-қолсыз есеп айырысу қозғалысын
зерттеу;
қолма-қолсыз есеп айырысуын қалыптастыру мен басқарудағы
проблемаларды зерттеу;.
КІРІСПЕ.................................................................................................................................3
I ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ МӘНІ МЕН МЕХАНИЗМІ
Қолма-қолсыз есеп айырысуды жүргізу механизмі және оның негізгі қағидалары ..................................................................................................................5
1.2 Қолма-қолсыз ақша айналымының формалары мен құрылымы .....................8
2. «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫНА ТАЛДАУ
2.1 «Қазақстан Халық Банк» АҚ қаржылық жағдайын мен қолма-қолсыз есеп айырысуы сараптына талдау .......................................................................................14
2.3 «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы қолма-қолсыз
есеп айырысуыдың электронды нысандарының қызметі .......................................22
3. ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАРДЫҢ ЖАҢА НЫСАНДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қолма-қолсыз есеп айырысу қызметін қамтамасыз ету жолдарын
жетілдіру ....................................................................................................................29
3.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру және тиімді банктік қадағалау жүргізу .....................................................................................................34
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................40
Жоғарыда
айтылған қолма-қолсыз ақшамен есеп
айырысулардың мынадай екі
Төлемнің мерзімділік қағидасы – шаруашылық несиелі сақтандыру шарттарында, ұжымдық шарттарда және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің нұсқауларында көрсетілген мерзімдерге сәйкес есеп айырысуды жүзеге асыруды білдіреді.
Бұл қағиданы бекітудің экономикалық мағынасы қаражат алушының төленетін қаражатты қалаған уақытта ғана емес, яғни алдын ала келісілген мерзімде аударуына мүдделі екендігін түсіндіреді.
Төлем мерзімділігінің қағидасын енгізудің тәжірибелік маңызы бар десе болады. Мерзімді төлем төмендегідей жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін:
Іс жүзінде мерзімінен бұрын , мерзімі кешіктірілген және мерзімі өткен төлемдерде кездесуі мүмкін.
Мерзімінен бұрынғы төлемдер – келісілген мерзімінен бұрын ақшалай міндеттеменің орындалысын білдіреді.
Мерзімі кешіктірілген төлемдер – көзделген уақытта қарыздық міндеттемесін орындай алмауына байланысты бастапқы мерзімнің уақытын ұзарту, яғни жаңа мерзімді белгілеуді білдіреді.
Мерзімі өткен төлемдер – бұл төлеушіде төлейтін қаржы болмауына байланысты туындайды, сөйтіп төлем мерзімі жеткен кезде төлеушінің банктік немесе коммерциялық несие алу мүмкіндігінің жоқтығын сипаттайды.
Төлемнің қамтамасыз етілу қағидасы – бұл алдындағы мерзімдік қағидамен тығыз байланысты. Себебі, төлемнің қамтамасыз етілуі төлем мерзімінің сақталуы үшін ондағы өтімділік қаражаттардың кепілдеме ретінде болуын білдіреді. Өтімділік қаражаттарының сипатына байланысты жедел түрде және алдағы уақыттарда төлемнің қамтамасыз етілуі бір-бірінен өзара ажыратылады.
Төлемдердің жедел түрде қамтамасыз етілуінің әр түрлі формалары болады. Төлемдердің алдағы уақыттарда қамтамасыз етілуі төлемді кепілдендіреді, шаруашылықтағы төлем тәртібін, сонымен қатар есеп айырысуға қатысушылардың барлығының төлем қабілеті мен несиелік қабілеттігін нығайта түседі.
Жоғарыда
аталған қолма-қолсыз ақшалармен есеп
айырысу қағидалары бір бірімен
тығыз байланысты, сондықтан олардың
біреуінің орындалмауы
Демек, қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары – бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесінің конструтивтік қасиетін, немесе қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуда ақшалардың төлем құралы ретінде қызмет етуін білдіреді.
Қолма-қолсыз
ақшамен есеп айырысулар бойынша операциялар
клиенттердің банктердегі ашқан есеп
айырысу ағымдық және басқа да шоттарында
көрсетіледі.
1.2
Қолма-қолсыз ақша
айналымының формалары
мен құрылымы
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар тиісті құжат айналымын сақтау және белгілі бір формадағы есеп айырысу құжаттарының негізінде жүзеге асырылады. Есеп айырысу құжаттарының түрлеріне, төлеу тәсіліне және банктегі құжат айналымын ұйымдастыруға байланысты қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың мынадай формалары болады:
Есеп айырысу формалары мен тәртібі төлеуші мен қаражатты алушының арасындағы келісім-шартпен анықталуы тиіс.
Есеп айырысу формасын таңдай мынадай жағдайларда анықталады:
Формаларды таңдауда есеп айырысуды жүргізудің бекітілген ережелеріне сәйкес банк тарапынан бақылау қойылуға тиіс.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу. Бұл қазіргі кезде кеңінен қолданатын есеп айырысу формасы.
Төлем тапсырмасы – клиенттің өз шотынан белгілі бір соманы аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасын білдіреді. Төлем тапсырмасымен есеп айырысу кең көлемді төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады, алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін , тауарлы емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер, банкке коммиссиондық төлемдер) бойынша, жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауары және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге, аванстық төлемдер бойынша.
Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап он күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асады.
Төлем тапсырмасының есеп айырысу сызбасы келесі 1-ші суретте көрсетілген.
Мұндағы:
1- тауарды (қызметті)
жабдықтау; 2- төлем тапсырмасын
банкке беру және шоттан
қаражатты шегеру; 3-
жабдықтаушының банкіне
қаражатты аудару және
алушының шотына есептеу; 4-
жабдықтаушыға оның
шотына қаражат түскендігін
хабарлау.
1
4 2
3
Сурет-1
– Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар
үшін төлемді сатып алғаннан кейін төлеу
барысының есеп айырысу сызбасы
Екі жақтың келісуі бойынша төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен бұрын және кешіктірілген болуы мүмкін. Мерзімді төлем – бұл тауарды жөңелткенге дейін (1-суреттен қара);
Тауарды
жөңелкеннен кейін, яғни тікелей келісім
беру жолымен (2-ші сурет); немесе ірі мәмілелер
барысында бөліп төлеу бұл жақтың қаржылық
жағдайына зиян келмеуі үшін жасалған
келісім негізінде төленуі мүмкін.
1
5
4 2
3
Сурет-2
– Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар
үшін төлемді алдын ала төлеу барысында
есеп айырысу сызбасы
Мұндағы: 1 – алдын ала төлеу барысында тауарды (қызметті) жабдықтау туралы келісім шарт жасау; 2 – төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан қаражатты шегеру; 3 – жабдықтаушының банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу; 4 – жабдықтаушыға оның шотына қаржы түскендігін хабарлау; 5- тауарды (қызметті) жабдықтау.
Төлеуге кепіл болуы мақсатында төлеуші мәміленің шартында төлем тапсырмасына акцепт беруі мүмкін. Бұл жағдайда банк тапсырмадағы соманы төлеу үшін тиісті қаражатты жеке бір шотқа аударып қояды. Төлем тапсырмасы арқылы есеп айырысудың кемшілігіне қаражат айналымының біршама қиындығы мен ұзақтығы және клиенттің шаруашылық айналымынан белгілі бір қаражат бөлігінің шығып қалуы жатады.
Төлем талап-тапсырмасы. Бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа формасы, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда төлем талабы және төлем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған. Төлем талап тапсырмасы – жабдықтаушының төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет құнын тиісті есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабын және төлеушінің шотынан қаражаттарды шегеру туралы берген төлеушінің тапсырмасын білдіреді.
Төлем-талап тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат айналымы мынадай сызбамен беріледі:
Мұндағы:
1 – тауарды жабдықтау (қызмет көрсету);
2 – төлем талап –тапсырмасын сатып алушының
банкіне беру; 3 – есеп айырысу құжаттары
төлеушіге келісім беру үшін беріледі.
4 – төлеушіге келісім берген есеп айырысу
құжаттары банкке қайтарылып, ондағы сома
банкке сатып алушының шотынан шегіріледі;
5 – жабдықтаушының банкіне қаражат аударылып,
онда жабдықтаушының шотына есепке алынады.
6 – жабдықтаушының шотына қаражат келіп
түскендігін хабарлайды.
1
3 4
6 2
5
Сурет-3
– Төлем талап - тапсырмасы бойынша
есеп айырысу
Аккредитивтік есеп айырысу формасы. Аккредитивпен есеп айрысу жиі қолданылмайды, бірақта ол нарық жағдайында біршама тұрақты есеп айырысу формасы болып табылады.
Аккредитив – сатып алушының тапсырысы бойынша сатып алушының (аккредитив алушының) банкісінің жабдықтаушының банкісіне аккредитивте көрсетілген құжатарды жабдықтаушы бергеннен соң және аккредитивтің басқа да шоттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі.
Аккредитивтің келесідей түрлері бар:
Өтелген
(қаражат аударылған) бұл имитент
банктің міндеттемесінің іс-
1
5
8
6 4 2
3
7
Сурет-4
– Алдын ала қаражаттарды аудару
арқылы аккредитив формасы мен есеп айырысудағы
құжат айналымының сызбасы
Мұндағы: 1 – алдын ала қаражаттарды аудару арқылы аккредитив формасын пайдалану барысында есеп айырысу туралы өзара контракты жасау; 2 – банкке аккредитив ашуға өтінішін және оған қоса қаражатты аудару туралы төлем тапсырмасын беру, одан соң ол соманы сатып алушының шотынан шегеру; 3 – қаражатты жабдықтаушының банкіне аудару және оны аккредитив шотына есептеу; 4 – жабдықтаушыға аккредитивтің ашылғаны туралы хабарлау; 5 – тауарды жабдықтау немесе қызмет көрстеу; 6 – келісім шартқа сәйкес тауарды жөңелткені туралы есеп айырысу құжаттарын жабдықтаушының банкіне жіберу және аккредитив шотынан қаражатты шегеріп оны жабдықтаушының шотына есептеу; 7 – есеп айырысу құжаттары сатып алушының банкіне жіберіліп, аккредитивті пайдаланғаны туралы хабардар етеді. 8 – құжаттарды сатып алушыға бере отырып, оған аккредитивті пайдаланғаны туралы хабарды жеткізеді.
Информация о работе Қазақстан республикасының қолма қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі