Қазақстан республикасының қолма қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 22:40, курсовая работа

Описание

Тақырыпты зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының банктік қызметтерінің негізгі талаптарына сәйкес банктің қолма-қолсыз есеп айырысуын қалыптастыру мен басқаруының өзекті мәселелерін шешу.
Зерттеудің міндеттері:
қолма-қолсыз есеп айырысудың қалыптасуын зерттеу;
банктің басқару жүйесіндегі қолма-қолсыз есеп айырысу қозғалысын
зерттеу;
қолма-қолсыз есеп айырысуын қалыптастыру мен басқарудағы
проблемаларды зерттеу;.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................................3
I ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ МӘНІ МЕН МЕХАНИЗМІ
Қолма-қолсыз есеп айырысуды жүргізу механизмі және оның негізгі қағидалары ..................................................................................................................5
1.2 Қолма-қолсыз ақша айналымының формалары мен құрылымы .....................8
2. «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫНА ТАЛДАУ
2.1 «Қазақстан Халық Банк» АҚ қаржылық жағдайын мен қолма-қолсыз есеп айырысуы сараптына талдау .......................................................................................14
2.3 «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы қолма-қолсыз
есеп айырысуыдың электронды нысандарының қызметі .......................................22
3. ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАРДЫҢ ЖАҢА НЫСАНДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қолма-қолсыз есеп айырысу қызметін қамтамасыз ету жолдарын
жетілдіру ....................................................................................................................29
3.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру және тиімді банктік қадағалау жүргізу .....................................................................................................34

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................40

Работа состоит из  1 файл

Қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі .doc

— 655.00 Кб (Скачать документ)

  Аталған жүйедегі деректерді қауіпсіздендіру  үшін аса жылдамдатылған кпиртографиялық процессорлық модуль қолданылады. Онда DES пен RSA стандарты қолданылады. Криптографиялық процессор мұқамдау (шифрлеу) операциясын өндірумен айналысады. Соның көмегімен Smart City картасындағы ақпартты қорғау ақша шығарушы банкте жүйе құрып жатқанда-ақ басталып кетеді. Сол тұста криптографиялык процессор әрбір берілген карточкада тамаша кілт береді. Егер де қарапайым жүйеде карточканы ашып, ондағы ақпаратты оқи алатын болса, онда Smart City жүйесінде бұзушы тек бір ғана картаға ене алады. Сонымен қатар, кез-келген жүйеде жүйеге ену кілті шифрленіп беріледі. Ол кілтті жолдан қағып алудың алдын алады.

  Тағы  бір қарқынды дамыл келе жатқан бағыттың бірі сауда-саттық пунктіндегі қорғаныс. Мұнда негізгі үш шешім болуы мүмкін. Кіші-гірім қаржылық жүйесінде смарт-карточканың өзі бір немесе бірнеше парольмен қатыса алады. Қорғаудың бірнеше түрін пайдалану жүйенің жан-жақтылығын көрсетеді. Және ең соңғысы, жоғары сапалы сенімділікті қорғау үшін аппаратты құралдарды пайдалану болып табылады. Smart City жүйесінде сату пунктерінде кассалық терминалдар пайдаланылады. СМ4450 құрылғысына микро-бақылау мен шифрға арналған модуль орнатылған. Онда ақпараттар сақталынып, ішкі жағынан кілтті қорғап тұрады. Кілтерді аппаратты түрде кришографикалық процессордың көмегімен жасайды. Кілтті мұқамдап қойғаннан кейін оны бөгде біреуге оқу мүмкін болмайды. Ал жадында сақталған ақпараттар өшіріліп, немесе қайта қосқан кезде жоғалып кетеді.

  Бір күнде жасалынған есеп айырысулар туралы деректер сатып алушының смарт-картасында орналасқан кілттің көмегімен жасалған электронды қолтаңбамен жабдықталады. Бұл дүкендерде шаруашылық операциялар кезінде алаяқтық жасаудың алдын алады. Одан кейін, кешке қарай, шаруашылық операциялар туралы деректер төлем жүйесінде жүргізілген операциялар туралы ақпаратты өңдеу орталығына жіберілетін кезде де, бар сәлемдеме тағы да электронды колтанбамен жабдықталады. Төлем жүйесінде жүргізілген операциялар туралы ақпаратты өңдеу орталығында әрбір шаруашылық мәмілесінің жасанды емесін тексеру үшін тағы да электронды қолтанбаны тексереді. Әр кезеңде шаруашылық операцияларды жалған электронды қолтаңбалармен салыстырады. Әр шаруашылық операцияны нақты карточкалар негізінде тек қана сол карточканы берген банк қана тексере алады. Себебі, олардың өздерінің кілттері болады.

  Барлық  шаруашылық операцияларының POS-терминалда жазылып, банкке беріп жіберетіндіктен, үрланған немесе жоғалған карточка жоғалған сәтте болған сома мөлшерімен қайта қалпына келтіріледі.

 

    

ҚОРЫТЫНДЫ 

     Қорыта  келгенде, Қазақстан Республикасының  есеп айырысу жүйесіндегі қолма-қолсыз есеп айырысу күннен күнге даму үстінде.  Оған дәлел ретінде елміздің соңғы  жылдардағы қаржы салаларын және банк жүйесін реформалауда, отандық ұйымдар мен кәсіпорындардың қолма-қолсыз ақшаларға деген оң әсерінен көруге болады.

     Еуропаның орталық және екінші деңгейлі банктерінің  клирингтік жүйесінде жаңа төлем  құралы – электронды дебетті хабарламалар кең қолданыс табуда.  Қазақстан Республикасының Қаржы саласының жоғарғы қарқынмен дамып, Ұлттық банктің 2003 жылдан бастап Еуропалық елдер стандарттарына өте бастауы негізінде еліміздің Ұлттық банкі және екінші деңгейлі банктері біртіндеп есеп айырысуда аталған стандарттарға өте бастады.

     Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар тиісті құжат  айналымын сақтау және белгілі бір  формадағы есеп айырысу құжаттарының негізінде жүзеге асырылады. Есеп айырысу  құжаттарының түрлеріне, төлеу тәсіліне және банктегі құжат айналымын ұйымдастыруға байланысты қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың мынадай формалары болады:

    • төлем тапсырмаларымен есеп айырысу;
    • төлем талабы-тапсырмаларымен есеп айырысу;
    • аккредитив арқылы есеп айырысу;
    • чек арқылы есеп айырысу;
    • вексель арқылы есеп айырысу.

     Бүгінде елдегі қолданыстағы жүрген негізгі қолма-қолсыз ақшаларға келесілерді жатқызуға болады: чек, вексель, төлем тапсырмалары, электронды ақшалар және төлем карточкалары.

     Қазіргі кезеңде қолма-қол ақшаны алу  үшін кеңінен қолданылатын есеп айырысу  құралына төлем карточкалары жатады. 1960 жылдың оратсынан бастап төлем карточкалары кеңінен қолданылған. Ал Қазақстан Республикасындағы төлем карточкалары нарығы 1994 жылдан бастап дами бастады. Төлем карточкаларын дамыту мақсатында Қазақсатан Республикасы Үкіметінің 02.07.02 жылғы №713 қаулысымен «Микропроцессорлық карточкалар негізінде Төлем карточкаларының  ұлттық  банкаралық жүйесінде дамыту бағдарламасы» бекітілді.

     Ақырғы  кездерде дәстүрлі ақшаларды электронды ақшаларға ауыстыру туралы көп айтылып  жүр. Пластикалық карталардың кең өріс алуы және интернетте төлем жүргізу жүйесі электронды ақшалар мәселесінің жалпы қоғамдық мәселеге айналуына әсер етті. 90-шы жылдардан бастап дамушы елдерде қолма-қол ақшаның жаңа түрі болып табылатын электронды ақшаларды енгізу бойынша жобалар жүргізілді. Ұлттық банк елдің ақша-несие саясатының негізгі реттеушісі болып табылады. Сондықтан электрондық ақшаларды ендірудегі негізгі мәселе оларды реттеу болып табылады.

      Қазіргі уақытта отандық коммерциялық банктерінде  банктік қызмет көрсетуде электрондық қызмет көрсетудің  нормативтік құқықтық актілері қалыптасып, ол интернет және мобильді телефондар негізінде орын алды.

     Сонымен жүмысты аяқтай келе, несиелік ақшалардың қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысудың формалары ретіндегі экономикадағы маңыздылығын атап өттік. Қазақстанда бүгінде несиелік ақшалардың негізгі түрлері вексель, чек жене банкнота айналыста жүр. Оларды еліміздегі ақша айналысының негізгі түрлері ретінде  бүгінгі таңда дамытудың қажеттілігі жоғары болып отыр. Осыған орай елімізде осы несиелік ақшаларды дамытуға жан-жақты шаралар қолдану керек.

  Жүргізілген зерттеулерге байланысты төмендегідей қорытынды жасауға болады:

  - Ақша айналымы қолма-қолсыз есеп айырысу фомасындағы ақша қозғалысының жиынтығы болып табылады.

  - Қолма-қолсыз есеп айырысу айналымы дегеніміз төлем қаражат қызметіндегі қолма-қолсыз ақша формасын пайдалану есебінен құрылған сома.

  - Ақшасыз есеп айырысу төлем қаражат қызметіндегі ақшасыз қолма-қолсыз есеп айырысу формасын пайдалану есебінен құрылған сома.

  - Төлем айналымы деп екі форманы да пайдаланып, төлем қаражат қызметін пайдаланған соманы атаймыз.

  - Бухгалтерлік жазба формасындағы ақшасыз есеп айырысу міндетті түрде делдал-банктердің қатысуын және басқа да несиелік мекемелердің қатысуын талап етеді. Егер клиенттердің әртүрлі банктерде есеп-шоттары болса, онда есеп айырысу сол банктердің корреспонденттік есеп-шоттары арқылы іске асады.

  - Корреспонденттік қатынас Орталық  банктың корреспонденттік есеп-шоттары бойынша банкаралық есеп айырысу жүргізілгенде орталықтандырылуы мүмкін. Онда банкаралық корреспонденттік қатынастар болжайды. Мұндай жағдайда «ЛОРО» және «НОСТРО» есеп-шоттары ашылады.

  - Ұсақ қожалық операциялар үшін көбінесе қолма-қолсыз есеп айырысу ақшасымен қызмет көрсетіледі. Операциялардың санына қарай қолма-қолсыз есеп айырысу 80-90 пайызды құрайды. Бірақ сомаға шаққанда ақшалай айналымның тек аз ғана бөлшегін құрайды. Айналымдағы қолма-қолсыз есеп айырысуы және клиенттерге касса арқылы қызмет көрсетуді жүйелеу осы банк қызметін пайдаланатын кәсіпорындар мен ұйымдардың кассалық өтініштерінің негізінде банк мекемесінен бүтіндей құралатын кассалық болжамдардың негізінде банк құрылтайшылары жүргізіледі.

  - Жалпыға бірдей банктік төлем жүйесін құру лирингтік төлемдерді жергілікті енгізу.

  СВИФТ жүйесі, пластикалық карталар, электронды төлем есеп айырысуда болатын қожалыктар мен елді-мекендер үшін айналымнан қажетті соманы шығарып алуларына және де елдегі ақша айналымын кушейту үшін сенімді негіз болып табылады. 
 

    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  1.  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан  халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан 2010ж. 2 наурыз 4 – 5 бб

  2. «Қазақстан Республикасының Конституциясы  туралы» ҚР Президентінің 1995 ж. 30 тамызындағы Жарлығы 

  3.  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлімі)//2000 ж. 28 қаңтар, 293 бап (толықтырулар мен еңгізулерді қоса)

  4.  Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкінің 1999 ж. 16 тамызындағы «Екінші  деңгейлі банктерді несиелендіру  бойынша құжаттарды жүргізу ережелерін  бекіту туралы» №276 Қаулысы

  5.  Қазақстан Республикасындағы «Банктер мен банктік қызмет туралы» 1995 ж. 31 тамызынан № 2444 Заңы

  6. Банктік қадағалау бойынша Базельдік комитеттің Хаты «Банктік қызметті тиімді қадағалаудың принциптері» 1997 ж. IV бөлім «Банктік қадағалаудың ағымдық пәні»

  7.  Қазақстан Республикасының 1999 ж. 30 наурыздағы «Ұлттық Банкі туралы» № 2155 Заңы

  8. «Банк және банк қызметтері туралы» Қазақстан Республикасы Заңы. 1995 жыл, 31 тамыз, Алматы.

  9.  «Валюталық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы заңы. 1996 жыл, 24 желтоқсан, Алматы.

  10. Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексі, 27 желтоқсан 1994ж.

  11.  «Қазақстан Республикасындағы вексельдік  айналым туралы» заңы, 28 сәуір 1997ж., Алматы.

  12. «Төлемдер мен ақша аудару туралы» Қазақстап Республикасының заңы, 29 маусым 1998ж., Алматы.

   13. Банктер және банктік операциялар:  ЖОО арналған оқулық\ проф.Е.Ф.Жукованың  редакциясымен.-М.:Банктер және қорлар, ЮНИТИ, 1997.-4716.

  14.   Банк ісі \Сейітқасымов Г., Алматы, 2009

  15.   Банк ісі\ ред.О.И.Лаврушина.-М.: «Роспотребрезерв»,1992.-4326.

  16.   Банк ісіне кіріспе: Оқу қүралы проф.Г. Асхауэр.-М.: 1997.-6276.

  17. Макконнелл К.Р., Брю С.Л. Экономикс: Қағидалары, проблемалары және саясат.-2т.: Агыл.тіл.ауд. Т.1.-М.: Туран.-1996.-4006.

  18.  Усоскин В.М. Қазіргі заманғы коммерциялык банк:басқару және операциялар.-М.:ИПЦ «Вазар-Ферро», 1994.-3206.

  19. Қаржы. Ақша айналымы. Несие.:ЖОО арналған оқулық\ ред.проф.Л.А.Дробозина.-М.Қаржы, ЮНИТИ, 1997.-4796.

  20. Захаров В.С, Коммерциялық банктер: проблемалары мен даму жолдары\\Ақша және несие.-1997.-№9-9-136.

  21.  Қазақстан Республикасының банк құқығы. Оқу кұралы. Алматы. Жетіжарғы. 2002ж.

  22.   Қазақстан Ұлттық Банкінің Жаршысы  №47-49, 2009.

  23. Крагусов Ф.С. Банк есеп-шотының құқығы туралы\\Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасы. 10 басылымы.-Алматы: ТОО Баспа, 2008.-746.

  24.  Лунц Л.А. Ақша және азаматтық  құқықтағы ақша міндеттемесі.- М.:Статут, 199.2916.

  25.  Флейшиц Е.А. Есеп айырысу және несиелік құқықтық қатынастар.-М.: 1956.-83-846.

  26. Олейник О.М. Банк құқығының негіздері: Лекция курстары.- М.:Юристъ,1997.-98-99б.

  27. Банк қызметін құқықтық реттеу. Ред. проф. Е.А. Суханова. М.: «ЮрИнфоР» оқу-кеңестік орталығы, 1997.-776.

  28. Г.Марченко Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі\\Қазакстан банктері №1-12 2009 жыл.

  29.   Нұрсейіт Н. Банктік несиелуді  кеңейту\\Аль Пари №6 2009ж.

  30. Долан, Кембелл. Ақша, банк ісі және ақша-несиелік саясат.М.,Л., 1999ж.

  31. Ақша айналымы және капиталистік елдердегі несие. ЖОО арналған оқулық/ред.Л.Н.Красавина.-М.: «Қаржы», 1977.-3446.

  32. Дробозина Л.А., Можайсков О.В. Англияның қаржылық және ақша-несиелік жүйесі.-М.:Қаржы, 1976.-3266.

  33. Ақша мен несиенің жалпы теориясы: ОқулықУред.Е.Ф.Жукова.- М.:Банктер мен қорлар, ЮНИТИ, 1995.-3046.

  34. Иванов А.Н. Америкапдық банктердін, төлем қызметтері\\Ақша және несие.-1997.-№9.-58-64б.

  1. Баймуратов У.Б. «Электронные деньги: проблемы и перспективы»  // Банки Казахстана, №9, - 2008 г. 18-21 стр.

  36.  «Қазақстан Халық Банк» АҚ  қаржылық есебі. -2008-2010 жж. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қазақстан республикасының қолма қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі