Қазақстан республикасының қолма қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 22:40, курсовая работа

Описание

Тақырыпты зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының банктік қызметтерінің негізгі талаптарына сәйкес банктің қолма-қолсыз есеп айырысуын қалыптастыру мен басқаруының өзекті мәселелерін шешу.
Зерттеудің міндеттері:
қолма-қолсыз есеп айырысудың қалыптасуын зерттеу;
банктің басқару жүйесіндегі қолма-қолсыз есеп айырысу қозғалысын
зерттеу;
қолма-қолсыз есеп айырысуын қалыптастыру мен басқарудағы
проблемаларды зерттеу;.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................................3
I ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ МӘНІ МЕН МЕХАНИЗМІ
Қолма-қолсыз есеп айырысуды жүргізу механизмі және оның негізгі қағидалары ..................................................................................................................5
1.2 Қолма-қолсыз ақша айналымының формалары мен құрылымы .....................8
2. «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫНА ТАЛДАУ
2.1 «Қазақстан Халық Банк» АҚ қаржылық жағдайын мен қолма-қолсыз есеп айырысуы сараптына талдау .......................................................................................14
2.3 «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы қолма-қолсыз
есеп айырысуыдың электронды нысандарының қызметі .......................................22
3. ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАРДЫҢ ЖАҢА НЫСАНДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қолма-қолсыз есеп айырысу қызметін қамтамасыз ету жолдарын
жетілдіру ....................................................................................................................29
3.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру және тиімді банктік қадағалау жүргізу .....................................................................................................34

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................40

Работа состоит из  1 файл

Қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі .doc

— 655.00 Кб (Скачать документ)

  Алға  қойылған мақсаттың шешімі жаңа технологиялар  мен Union Card компаниясының қаржылық бағдарламасын қолдануда болып тұр. Қазіргі таңда Смарт-карталарды VIZA/ EUROPAY стандарты бойынша жасауда жетілдіруде. Осы компаниямен бірігіп, Қазкоммерцбанктің басқарушы құрылым бөлімшелері мен Union Card жүйесінде де, сонымен қатар, VIZA International жүйесінде де қолданыла беретін, көп функционалды, мультивалютты карталарды ендіру жүзеге асуда. Жүйеде қолма-қолсыз қол ақшаны VIZA карточкаларымен беру қарастырылып, болашақта Union-PLUS, Union-Electron, Euro Card / Master Card карталарын қайта өңдеу жоспарланып отыр.

  Қазкоммерцбанктің пластикалық карталарды қолданып, ақшасыз есеп айырысу жобасы бірнеше кезеңмен жүзеге асады.

  Бірінші кезеңде техникалық шешімді өңдеп, Ақмола облысы бойынша тәжірибелі аймақ құрады. Онда қаланың коммуналды және сауда кұрылымын толығымен автоматтандыруды ойлап отыр. Сонымен қатар, 30 000-нан астам карталар мен жүз электронды сауда терминалдарын енгізеді.

  Екінші  кезең, осы уақытқа дейін он жеті филиалы бар Қазкоммерцбанктегі бөлімшелерін жергілікті жағдайларын назарға ала отырып, барлық географиялық аймақтарға техникалық шешімдерді қарастыра келе көбейту. Ең бастысы Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің қайта құрылымдауы мен жаңа банк технологиялары баяу жүріп жатқан оңтүстік және солтүстік аймақтары деп қарастырылып отыр.

  Жүйе  авторландырудың басты орталығы мен солтүстік пен оңтүстік аймақтары бойынша басшылық құрылым Алматыда болады деп жоспарлауда. Мұндай жағдайда карталардың автономдық авторландыру мүмкіндігін сақтап қалады.

  Ақшасыз есеп айырысу жүйесін енгізе отырып, келесі проблемалар шешіледі деп күтілуде: төлемеушілік жойылады, жалақының кешіктірілуі, қолма-қолсыз қол ақша айналымы және тағы басқалары.

  Пластикалық карталарды енгізе отырып, ақшасыз есеп айырысу жүйесі банк үшін де (қосымша қаражат көлемі), картаның иесі үшін де (мәселен, пайыздарды есептеу) пайдалы екені анық. Ақшасыз есеп делдалдары үшін (мәселен қызметтід қайсыбір түрін ұсынған дүкен немесе фирма үшін) жаңа клиенттердің назарын аударуда тиімді болып келеді. Инкассация проблемасын шешеді, яғни, күзетшіден ақша үнемдейді. Белгілі болғандай, мұндай жағдай сатылатын тауардың бағасын төмендетіп, клиенттің сатып алатын қабілеті арта түседі.

  Қазкоммерцбанк сонымен қатар, басқа жүйенің де, соның ішінде VIZA, Euro Card / Master Card-тың пластикалық карталары үшін де ақша шығаруды ойластырып отыр.

  Осылайша, Қазақстан Рсспубликасында электронды есеп айырысудың банктік жүйесін құру процесі басталды. Алайда, әзірше электронды есеп айырысудың ұлттық жүйесін құру туралы ой болған жоқ. Қазір тек бір банктің айналасында ғана есеп айырысу ғаламдық жүйесін кұру туралы ғана ойластырылды. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының басқа да коммерциялық банктері үшін аталған жүйеде есеп айырысу оңайға соқпады.

  Магнит  жолақты пластикалық карталардың басты кемшіліктері бәріне де белгілі. Магнитті карталарды магнит жолақтардан бар деректерді көшіріп алу арқылы қолдан жасауға болады. Жоғалған, ұрланған және де қолдан жасалған карталарды алаяқтар оңай пайдалана алады. Көптеген шетелдік зерттеулер оған дәлел бола алады. Мәселен, Нельсонның мәлімдемесі бойынша, магнитті карталарға байланысты жоғалған қаржы көлемі сол жылы 3.8 млрд. долларды құраған. Оның ішінде 2,6 млрд. доллар қарыз адамдардың есебінен, яғни, банкрот пен есебін төлемен адамдар: 864 млн. - ұрланған, жоғалған, қолдан жасалған карталардың есебінен және 310 млн - сатушының алаяқтығынан. Францияда бірнеше жыл бұрын карточканы  дұрыс пайдаланбаудың кесірінен келген шығын жылына 100 000 000 долларды құраған.

  Қазақстан Респубдикасында смарт-картты бірінші  рет 1992 жылы баспасөзде қолдана бастады. Содан бері смарт-технологияны колдану жағы біраз жетістіктерге қол жеткізді. 1993 жылы бірнеше банктер мен компаниялар өздерінің жеке карталары туралы сөз қозғай бастады. Ал 1994 жылы сол жобалардың кейбіреулері жүзеге аса бастады. Қазіргі айналымдағы кейбір карточкалардың оны қолданатын нарыққа қарағанда өте аздығына келіспеуге болмайды. Алайда, бірінші қадам - қашан да өте маңызды болып саналады.

  Смарт-карталар алғаш рет дайындалып жатқанда, олардың  сенімділігіне көп көңіл бөлінді. Смарт-карточкалардың сенімділігі мен ондағы ақпараттарды қорғау үшін қаншама шаралар қабылданды.

  Біріншіден, олардың жасаудағы күрделі процесс көшіріп алуға немесе қолдан жасаудың алдын алады.

  Екіншіден, Карточкаларды шығаруда оның әрбір  микросхемасына код енгізіледі. Осы кодтың арқасында ақпаратты көшіріп алу мүмкін емес. Оны тек карта шығарушылар ғана істей алады. Өндіруші смарт-карточкалардың бір партиясын белгілі бір ұйымның мекен-жайына жіберіп жатып, кодтарын белек жібереді. Барлық партия жоғалған күннің өзінде карталар пайдалануға жарамсыз болып табылады.

  ISO 10202 халықаралық стандарт негізгі жайды реттеп отырғанына қарамастан, көптеген қаржылық жобалар үшін қаржьшық ақпаратты сақтау үшін одан да күштірек, одан да сенімдірек, жоғарғы деңгейлі әдіс қажет болады. Бұл жағдайда қаржы жүйесіндегі қауіпсіздік мәселері смарт-карта базасында тек картадағы деректерді сақтауға ғана тіреліп қоймайды, сонымен қатар, оны басқа да жағдайларда қолдануды көздеп отыр. Мәселен, сауда орындарында және де төлем жүйесінде жүргізілген операцпялар туралы ақпаратты өңдеу орталығында және тағы басқалар.

  Smart City жүйесіндегі деректердің кауіпсіздік деңгейін күшейтуге арналған негізгі технологиялык шешімдерді қарастырайық.

  Смарт-картада  сақталған деректерді қорғау басқа  жүйелерге қарағанда өте жоғары болып келеді. Smart City жобасындағы қауіпсіздік жүйесінің тым жоғарылығы негізінен француз фирмасының микропроцессорлық карталарын пайдалануына байланысты болып келеді. Оны арнайы қаржылық жағдайда қолдану үшін жасаған.

  PCOS (Purse Card Operating System) картасы қарапайым стандарттағы смарт-карталар сияқты болып келеді, оларға қарағанда бірнеше артық мүмкіндіктері де бар. Кәдімгі карталарды пайдаланғаннан кейін қалған қаражатты сауда жасалған пункт есептеп береді әрбір шаруашылық мәміле сайын картадан есеп алынып, картаның жаңа балансын кайтадан есептеп, содан кейін ғана картаға жазылады. Ал PCOS картасы бойынша есептен шығару мен ақша аудару өзінің микропроцессоры арқылы жүзеге асады. Оның деректерді қорғауға үлкен көмегі тиеді. Картаға ақша аудару немесе одан ақша алу кезінде түрлі парольдар қолданылады. Және де мұндай карталарда қаржылық деректер бірнеше файлдарда сақталады. Олардың әр қайсысына ену үшін құпия кодтар мен карта иесінің жеке коды болады. Мұндай қауіпсіздік жағы көп валюталы қаржылық қосымшалар үшін өте тиімді болып келеді. 
 

3.2  Қолма-қолсыз есеп  айырысу сапасын  жетілдіру және  тиімді банктік  қадағалау жүргізу 

  Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 31 тамызындағы  № 2444 «Қазақстан Республикасындағы  банк және банктік қызмет туралы»  Заңында және 1997 жылғы коммерциялық банктерді қадағалаудың Базельдік  стандарттарына сәйкес қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін комплекстік механизмдерінің құрамдас бөлігі сияқты банктік реттеу мен қадағалауды тиімді жүзеге асыру банктің қолма-қолсыз есеп айырысу сапасының жоғарылауында ерекше орын алады. [5]

  Шетел тәжірибесінде банктердің қызметін реттеудің негізгі мақсаттары:

    • Бәсекелестік талаптардың гармонизациясы;
    • Несиелік ұйымдардың модернизациясы;
    • Банктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
    • Клиенттермен қатынасты жақсарту, оның ішінде олардың қызығушылығын қорғау. [25, 85б]

  Қолма-қолсыз есеп айырысуды басқарудағы жоғарыда көрсетілген мәселелер қолма-қолсыз есеп айырысу саясаттың маңыздылығын көрсетеді және банктердегі қолма-қолсыз есеп процестің методикалық ұйымдастырылуына, ережелеріне, нормативтеріне сәйкес келеді.

  Банктік қызметтің пруденциалдық нормалары  Орталық банкпен бекітіледі, оларға:

    • Ұйымдарымен қабылданатын тәуекелдің шекті көлемі;
    • Жоғалтуларды жабу мүмкіндігі мен қолма-қолсыз есеп айырысу ұйымдарының өтімділігін қамтамасыз ететін резервтер нормасын құру;
    • Несиелік ұйымдардың қолма-қолсыз есеп айырысу жағдайына немесе олардың қаржылық қызметін нақты бағалауына кері әсер етуіне әкелетін талаптарды орындамауы жатады.[11, 124 – 125 б]

  Несиелік  ұйымдардағы есептің айқындылығын Орталық банк бірінші рет тексергенде, оның қолма-қолсыз есеп айырысу айқындылығы  қарастырылады, яғни қолма-қолсыз есеп, алған қарыздың пайда болған кездегі тәуекелдерін анықтайды, сонымен қатар ссуда бойынша жоғалтуларға резервтер құрады.

  Банктік қадағалау жүйесін құратын 1997 жылғы  банктік қадағалаулағы Базельдік  стандарттарына сәйкес, банк қызметін тиімді қадағалауына келесі принциптер жатады:

    • Банк қызметінің мәні туралы қадағалау органдарының дұрыс ұсынысы және банкпен қабылданатын тәуекелдерді басқарудың мамандырылуын қамтамасыз ету;
    • Жекелеген банктер өзіне қосатын тәуекелдер мінезі мен көлемін қадағалау органдарының бағалауы;
    • Есеп және қадағалау жүйесінің тиімділігіне, мамандырылған басқарушылыққа, капиталдың жеткіліктілігіне сәйкес келетін тәуекелдерге банк ресурстарының бар болуын қадағалау органдарымен бекіту;

  Банктік қызметке қадағалаудың Базельдік стандарттары банктер өзіне қабылдайтын тәуекелдерді шектеуіне бағытталған пруденциалдық нормалар мен ережелерді қарастырады.

  • капиталдың жеткіліктілігі (бағалаудың банктік механизмнің болуы, нарықтық бағалардың ауытқуымен байланысты тәуекелдерді тиімді бағалау – 12 принцип);
  • несиелік тәуекелдерді басқару (7 – 11 принцип);
  • нарықтық тәуекелдерді басқару (12 принцип);
  • басқа тәуекелдерді басқару. [11, 265б]

  Базельдік стандартқа сәйкес қолма-қолсыз есеп айырысу  тәуекелдердін басқару келесі принциптерді ұсынады:

  • Стандартты несиелендіру және несиелердің мониторингі (7 прицип);
  • Күмәнді қарызды жабу үшін қамтамасыз етудің жеткіліктігі және активтер сапасының бағалауы (8 принцип);
  • Тәуекелдерді және ірі тәуекел позицияларын концетрациялау (9 принцип);
  • Банкпен байланысты тұлғаларға несие беру (тәуекелдерді минимизациялаудағы қадағалауды қолдану және несиелендіру шарттарын тиімді қарау – 10 принцип);
  • Мемлекеттік немесе трансферттік тәуекелдер (бұл тәуекелдерді жабу үшін резервтердің бар болуындағы халықаралық ссудалық және инвестициялық операцияларды жүргізгендегі трасферттік және мемлекеттік тәуекелдерді бақылау).

  7 принцип. 1997 жылғы Базельдік стандарттың  «стандартты несиелендіру және  несиелердің мониторингі» банктік  қадағалау жүйесінің негізі болып  табылатындықтан, «несиелендіру мен инвестицияларды орналастырумен және сонымен қатар займ портфелін ағымдық тексерумен байланысты банктің тәжірибесі, бағалау саясатының тәуелсіздігі» анықталады. [6]

  Банктік қызметке қадағалаудың Базельдік стандарты  банктің несиелендіруге жақындығы объективті және рационалды болуымен сәйкес стандартты несиелендірудің нормалары мен ережелері бекітіледі.

  Несие операцияларын басқарудың бірден –  бір элементі – несие бергендегі әкімшілік келісімі және оған сәйкес құжаттары бар, жазбаша түрде  рәсімделген несиелендіру методикасы болып табылады. Несиелендіру кепілдеменің пруденциалды стандарттарында негіз алады, олар банк кеңесімен қадағалануы тиіс және несиелендірумен айналысатын барлық қызметкерлердің мәліметтеріне жеткізілуі тиіс. [19, 23-28 б]

  Несие берудегі банктің қолма-қолсыз есеп айырысу шешімі үшінші тұлға жағынан қысым мен қызығушылық қақтығысы болмауымен жүзеге асырылуы тиіс.

  1997 жылғы Базельдік комитеттің хатына  сәйкес «Банк қолма-қолсыз есеп  айырысу қызметіне тиімді қадағалау  принциптерінің базасы» банктерде «қолма-қолсыз есеп айырысу қарыз алушылардың қаржылық жағдайын қосатын несиелік қатынастардың мониторинг жүйесінің болуы керек». [6]

  Кез келген ақпараттық жүйенің басқарушылық элементінің негізі – несиелердің  классификация жүйесін және ішкі рейтинг туралы ақпаратты қосатын, банктің несие қолма-қолсыз есеп айырысу жағдайы туралы керекті ақпараттар базасы болып табылады.

  Қазақстан Республикасының тиімді қадағалауы екінші деңгейлі банктердің болашақтағы  өз міндеттерін орындауын анықтау  үшін бағытталған және келесі банктік басқарудың төмен деңгейінің себептерінде айқындалады:

  -банктегі  бірлескен банк саясатының жоқ  болуы;

-негативті  жағдайларды жасыру мақсатындағы  есеп пен есептілікіті  үйкеліске  бағыттылуындағы банктің әсер  етуі;

  -несие  және басқа қарыздың жоқтығы. [5]

  Қорыта  келгенде, банктік несиелік портфельдің  сапасын жоғарылатуда  1997 жылғы  коммерциялық банктерді бақылаудың Базельдік стандарттарымен және 1995 жылдың 31 тамызындағы №2444 “Қазақстан Республикасындағы банктер мен  банктік қызметтер туралы” Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкес тиімді банктік бақылау және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің және банктердің өздерінің қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету механизмдерінің   мақсатты кешенінің маңыздылығы ретінде қадағалауы ең маңызды болып табылады.Бұл жүйедегі қауіпсіздік.

Информация о работе Қазақстан республикасының қолма қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі