Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 22:40, курсовая работа
Тақырыпты зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының банктік қызметтерінің негізгі талаптарына сәйкес банктің қолма-қолсыз есеп айырысуын қалыптастыру мен басқаруының өзекті мәселелерін шешу.
Зерттеудің міндеттері:
қолма-қолсыз есеп айырысудың қалыптасуын зерттеу;
банктің басқару жүйесіндегі қолма-қолсыз есеп айырысу қозғалысын
зерттеу;
қолма-қолсыз есеп айырысуын қалыптастыру мен басқарудағы
проблемаларды зерттеу;.
КІРІСПЕ.................................................................................................................................3
I ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ МӘНІ МЕН МЕХАНИЗМІ
Қолма-қолсыз есеп айырысуды жүргізу механизмі және оның негізгі қағидалары ..................................................................................................................5
1.2 Қолма-қолсыз ақша айналымының формалары мен құрылымы .....................8
2. «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫНА ТАЛДАУ
2.1 «Қазақстан Халық Банк» АҚ қаржылық жағдайын мен қолма-қолсыз есеп айырысуы сараптына талдау .......................................................................................14
2.3 «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы қолма-қолсыз
есеп айырысуыдың электронды нысандарының қызметі .......................................22
3. ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАРДЫҢ ЖАҢА НЫСАНДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қолма-қолсыз есеп айырысу қызметін қамтамасыз ету жолдарын
жетілдіру ....................................................................................................................29
3.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру және тиімді банктік қадағалау жүргізу .....................................................................................................34
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................40
Ескертпе-
дерек көзі: ҚР-ң Статистикалық Агенттігі
Біздің елде тұрғындардың қолма-қолсыз ақша мен есеп айырысу кешенді автоматтандырылған жүйесін құру концепциясы дайындалды. Тауарлар мен қызмет көрсету үшін қолма-қолсыз ақша мен есеп айырысу сұрақтарынан басқа, концепцияда тұрғындарға банктік қызмет көрсету мәселесі де қарастырылған. Жүйелік ойы қазіргі заманға сай банктік өндірістің ғылыми-техникалық деңгейіне сәйкес және кез келген банктік жүйе үшін кішігірім модификация кезінде де қолайлы. Концепция түрлі банктік жүйелердің идеологиялық және техникалық бірігу мүмкіндігін қарастырады, бұл ақша айналымының бірыңғай жалпы мемлекеттік жүйесін құрудың міндетті шарты және кез келген банктің жоғары пайдалылығының кепілі болып табылады.
Автоматтандыру үрдісі несие-қаржылық саласында бірнеше деңгейде қарастырылады. Бір жағынан, несиелік институттар банк ішіндегі және банк аралық күрделі жүйені, сонымен қатар банк бизнесінің көтерме саласына қызмет көрсететін электрондық техникалық құралдарды енгізеді. Екінші жағынан, аңды, жеке тұлғаларға қызмет көрсететінөлшек автоматтандырылған жүйесі енгізілуде.
Дербес клиенттердің ақшалай есеп айырысу электрондық жүйесінің қызмет ету механизмі пластикалық кәртішкелерді қолдануға негізделген. Бұған банкоматтар арқылы жүргізілетін операциялар, сауда ұйымдарында тұрғындардың есеп айырысуының электрондық жүйесі, тұтынушыға бөлшек қызметтерді жеткізу амалы ретінде жеке тұлғаларға үйде және жұмыс орнында қызмет көрсетудің банктік жүйесі және басқа да операциялар кіреді.
Пластикалық кәртішке-пайдалану түріне, кәртішкелер арқылы көрсетілетін қызметтің жиынтығына, сонымен қатар өзінің техникалық мүмкіндіктеріне және оларды шығаратын ұйымдарға байланысты кәртішкелердің барлық түрін білдіретін жалпылама ұғым. Барлық кәртішкелердің маңызды ерекшелігі-оларда түрлі қолданбалы бағдарламаларда колданылатын белгілі бір ақпараттар жиынтығы сақталады. Көрсеткіш- ғимаратқа кіру рұқсат қағазы, компьютерге ену құралы, телефондық сөйлесулерді төлеу құралы, жүргізуші куәлігі болуы мүмкін. Ақша айналымы саласында пластикалық кәртішкелер қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастырудың озық құралының бірі болып табылады. Есеп айырысуға арналған барлық пластикалық кәртішкелер жеке және корпорациялық болуы мүмкін. Банктер жеке кәртішкелерді жеке тұлғаларға: өздерінің төлеуге қабілетігі клиенттеріне, сонымен қатар сол банкте ағымдағы есеп-шот ашқан және соңғылардың «несиелік тарихын» сараплтаудан кейін, не сақтандыру депозитін енгізген басқа да тұлғаларға береді. Корпорациялық кәртішкелер өздері кепіл болатын және қамтамасыз ететін заңды тұлғаларға, сонымен бірге заңды тұлғаның төлеу қабілеттігін сараптағаннан кейін беріледі. Корпорациялық кәртішкелерді кәртішке алған ұйымдардың қызметкерлері қолдана алады.
Қазіргі уақытта дүниежүзінің 200-ден астам елі несие кәртішкесі негізінде банктің қызмет көрсетулерді дамытуда, ал тауарлар мен қызмет көрсетулерге қолма-қолсыз ақшамен төлеу- көптеген елдерде барлық ақша операцияларының құрылымында 90 пайызға жетті.
Банктің несие карточкалары оның иесіне тауар сатып алып жатқанда немесе оның төлеуін кейінге қалдыру үшін пайдаланатын пластикалық карточкалары сынды боп келеді. Карточканың кез-келген иесіне оның несиелік есеп шотына байланысты несиелік лимит тағайындалады. Ол банк клиентінің кәдімгі ағымдағы немесе жинақтаушы және тағы басқа да есеп шотынан тәуелсіз болып келеді. Бұл карточкалар үшін есепшот банктің арнайы бөлімшелерінде жүргізіледі. Онда есептесу несие карточкаларын пайдаланып ұйымдастырылады.
Карточканы он сегізге толған кез-келген азамат пайдалана алады. Және одан оның атына банктен ағымдағы есепшоттың ашылуын талап етпейді. Сондықтан да несие карточкасын ағымдағы есеп шоты мен банкте жинақ ақшасы бар адамдар да қолдана алады.
Банк немесе компания несие карточкасын берместен бұрын клиенттің арнайы форманы толтыруын ұсынады. Ол клиенттің өзі туралы, оның қаржылық жағдайы мен бұрынғы несие операциясы туралы сұрақтарды қамтиды. Одан кейін осы деректерге сүйене отырып, банк клиенттің есепшотындағы қаржы, болашақта түсетін қаржы мен есепшоттан алынған қаржыға байланысты сальдо бекітеді. Егер клиенттің қаржылық жағдайы дұрыс болса, онда оған несие карточкасын беріп, несие лимитін анықтайды.
Әйгінің көлеміндей ғана несие карточкасында клиенттің несие төлей алатындығы, аты-жөні, оның банктегі есепшотының нөмірі, осы сынды карточкалар пайдаланылатын электронды төлеу жүйесінің символдары, голограмма, қолдану мерзімі туралы деректер болады және де артқы жағында - магнитті жолақта клиенттің қолы тұрады.
Несие карточкалармен тауар сатып алуға, қызмет ақысын төлеуге, жүйенің мүшесі болып саналатын, аталған карточка қызметі жүретін кез-келген банктен өз қажетіне жарататын несие немесе аванс ала алады. Көптеген карточкаларды банкомат арқылы елімізде немесе шетелдерде несие карточкаларын қолданатын аталған жүйенің құрамындағы кез-келген банктен қолма-қолсыз ақшамен ақша алу үшін қолдануға болады.
Несие карточкалар қызметін сонымен қатар, саяхат кезіндегі бақытсыз оқиғаларға байланысты тегін сақтандыру үшін пайдалануға болады. Несие карточкасы арқылы жолақысын төлеген жағдайда оның иесі бірден саяхат кезінде кездесетін бақытсыз оқиғаларға байланысты сақтандырылады. Кез-келген уақытта карчочканы қалпына келтіріп беріп, қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелері, әйелі немесе балаларына қайтаруга кепіл береді.
Несие карточкасы мен орындалатын қызметтердің кең тараған түрі -тауар мен қызмет ақысын төлеу болып табылады. Төлеудің мұндай әдісі тек қана арнайы жабдықталған орындарда, яғни, кассалық аппараттың чегін дайындайтын машиналары бар, несие карточкасының символдарын тіркеуге арналған арнайы жабдықтары бар орындарда жүзеге асады.
Тауардың ақшасын толсу үшін карточканы сатушыға беру керек. Ол оны чекпен бірге арнайы жабдыққа енгізеді. Машинаны өшіргеннен кейін, карточкада жазылған клиенттің есімі мен есеп шотының нөмірі сатуының аты-жөні мен мекен-жайымен бірге чекке түседі. Ірі тауарды құжаттап жатқанда сатушы телефон немесе факс арқылы карточканы берген компания немесе банкпен байланысып, «карточканың сатып алу күшін», яғни, карточка арқылы несиелендірудің еркін лимитін анықтайды. Қажетті деректі алғаннан кейін, тауардың сомасын немесе қызмет үлгісінің ақысын төлеуге жарамдылығын сатушы шешеді. Келісімнің сомасы мен детальдары кейін сатып алушы да қол қойған есеп шотқа жазылады. Қойылған қолтаңба мен карточкадағы қолтаңбаны салыстырып, олардың ұқсастығына көз жеткізгеннен кейін, сатушы чектің көшірмесін жергілікті банк бөлімшесі арқылы банкке немесе компанияға беріп жібереді. Осылайша байланыстың компьютерлік жүйесі арқылы іске асқан жарнамен төлеуді растайды. Ақшаны электронды жүйемен аудару жүйесін қосуға арналған арнайы қондырғылар сауда-саттық дүкендеріне орнатылған. Мұндай қондырғылар арқылы, несие карточкасын пайдаланғандығы жөнінде ақпарат, карточка иесі жеке нөмірін теріп жатқанда-ақ белгілі болады. Несие карточкасының есепшоты сол заматта-ақ сатушының есепшотына ақша аударады. Осылайша қолма-қолсыз ақша немесе басқа да қағаз төлем құжаттарын пайдаланбайды.
Айына бір рет карточканың иесі қаржы көлемі мен оның есебі туралы мәлімет алады. Сауда жасаған күні мен оның бағасы, алдын-ала алынған қолма-қолсыз ақша көлемі көрсетіледі. Мұндай жағдайда төменгі пайызда, кіші-гірім несие де алуға рұқсат етіледі. Карточка иесі есепті алғаннан жиырма бес күн еткенше несиені қолданғаны үшін қарыз ақшаны еш пайызсыз қайтара алады. Немесе бүкіл соманың бір бөлшегін ғана өткізіп, қалған қарызды бірнеше айға созып жабуға болады. Бірақ мұндай жағдайда пайызын төлеп отырады. Клиенттерге берілген тұтынушы несиесін беру шарттары, оның ішінде несие карточкалары банктен банкке, елден елге өткенде әртүрлі болатындығын есте сақтау қажет. Және де түрлі несие карточкалары клиенттерге әртүрлі қызмет үлгілерін ұсынады.
Несие
карточкаларын беретін
Жалпы несие карточкаларына негізделген несие алдын-ала жауып тастаған дәстүрлі несиеден төмендегідей белгілерімен ерекшеленеді деп тұжырымдауға болады: несиені ұйымдастыруға бір рет шығындалады; карточка иесінің аз қаражат бола тұра шамадан тыс көп қолдануының алдын алу қиын; карточка алаяқтарының құрбаны болу қауіп бар.
Карточканың жағымсыз жақтарын қарастыра келіп, екі пробламаны айта кеткен жөн: біріншіден, құжат айналымының қағаз көлемі азаймайды. Екіншіден, карточканы әкілетсіз қолдану деңгейі тым жоғары және де алаяқтық пен қолдан жасауы да мүмкін. Соңғы жылдары орындалған операциялардың өсуі мен іс-қағаздар көлемі көбеюіне байланысты әкімшілік шығын мен қызмет көрсететін адамдар саны көбейді. Бұл проблемаларды шешу мақсатында сауда болған жерде электронды операциялар жүргізуді шешіп отыр.
Алаяқтық проблемасы - екінші үлкен қиындық. Шетелдерде жоғалған карточканы басқа біреу қолданбауы үшін осы сынды карточкалардың тізілімі жасалуда. Карточкасының жоғалғанын байқаған адам бірден банкті хабардар етуі тиіс. Банк сол заматта бұл ақпаратты карточканы қабылдайтын барлық өндірістерге хабарлайды. (Осы тұста Қазақстанда банк пен клиентің қарым-қатынасын реттейтін заңның жоқтығын атап өту керек. Ал шетел банк тәжірибесінде клиент карточкасын жоғалтып алғаннан кейін жауапкершілікті мойнына алудан бас тартқан оқиғалар кездескен).
Қазіргі уақытта несие карточкаларын Қазақстан тұрғындары мен біздің елімізде тұрып жатқан шетел азаматтары үшін бірдей несие карточкаларын шығарып жатыр. Осыған байланысты, соңғы жылдары банк қызметінің аталған бөлімі қарқынды даму үстінде. Оны қалай түсіндіруге болады? Бұл сұраққа жауап бере отырып, негізгі үш факторды баса көрсету қажет.
Біріншіден, біздің елімізден банктер арасындағы бәсекелестікке байланысты. Қазақстанның қаржы нарығы әлі де барынша толық емес. Әлемнің алдыңғы қатарлы нарығымен салыстырғанда, банк қызметі үшін әлеуетті болып келеді. Сондықтан да отандық банктер нарықтағы орын үшін ғана емес, сонымен қатар, «пассив» үшін де, клиентердің санының көптігі үшін де, жоғарғы рентабельді нарықтағы орыны мен банкке пайдалы клиентура үшін де бәсекелеседі. Электронды есеп айырысу дамуының сәйкестендірілетіні үшін банк үшін шетелдіктермен қоса, кейбір отандық азаматтар да клиент бола алады. ІІІетелде азық-түлікке төлеу, қолма-қолсыз ақша алу мен басқа да көптеген операциялар үшін пластикалық карталарды пайдалануға дағдыланып кеткен. Шетелдік азаматтар біздің елімізге келіп, мұндай жағдайдан бас тартқылары келмейді. Көптеген Қазақстандық азаматтар үшін де елдің ішкі жағында болсын, шетелге шыққанда болсын, бір шамадан ақшаның орнына кішкене ғана пластикалық картаны алып жүрген ыңғайлы болып саналады. Осылайша халықаралық немесе ішкі пластикалық карточкаға қызмет көрсете отырып, банк дәл осы бай клиенттердің назарын өздеріне аударады.
Екіншіден, аталған топқа қызмет көрсете отырып, отандық банктер байланыстарды қалпына келтіріп, шетелдік банктер арқылы есеп жүрігізулеріне, әлемдік банктік жүйемен бірігу үшін, әлемдік банк тәжірибелерінде кабылданған стандарттарды сақтауға тура келіп жатады. Алайда, ортақ клиенттерге қызмет корсетуде шетелдік банктердің серіктесі болу үшін біздің банктеріміз жоғарғы деңгейде және де жоғарғы технологиялармен дамуы кажет.
Үшіншіден, Батыстың ақшалай-несие саласының даму тәжірибесін сараптай келе төмендегідей байлам жасауға болады. Болашақта біздің еліміз де ақша айналымы үшін пластикалық картаны пайдаланатын болады.
Сонымен қатар, халықаралық жүйедегі пластикалық карталар бар ақшаның валютамен болатынын болжайды. Олай болса, Қазақстанда кез-келген адам оның иесі бола алмайды. Ал дәл қазіргі таңда халықаралық карточканы өте аз адам пайдаланады. Себебі, банктер есепшотта қомақты қаражаттың болғанын талап етеді. Ал несиелік карталарға байланысты -шетелдік валютамен ірі сақтандыру депозит болу керек. Ең төменгі пайызбен бірнеше мың долларды тоқтатып қою кез-келгеннің қолынан келе бермейді.
Халықаралық төлеу жүйесінің пластикалық карталарын енгізуге байланысты қиындықтар және де Қазақстандағы қағазсыз технологияның дамуына деген сүраныс отандық банктерден өзіндік жеке карточкаларды көптеп шығаруды талап етеді. Қазіргі заманғы пластикалық карточкаларды қолма-қолсыз ақшаны алу үшін және де арнайы жабдықталған, өте аз дүкендерден сауда жасау үшін колданады.
Өз клиенттеріне несие жүйесін ұсынатын карточканың бірнеше түрі бар:
Информация о работе Қазақстан республикасының қолма қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі