Қазақстан республикасының қолма қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 22:40, курсовая работа

Описание

Тақырыпты зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының банктік қызметтерінің негізгі талаптарына сәйкес банктің қолма-қолсыз есеп айырысуын қалыптастыру мен басқаруының өзекті мәселелерін шешу.
Зерттеудің міндеттері:
қолма-қолсыз есеп айырысудың қалыптасуын зерттеу;
банктің басқару жүйесіндегі қолма-қолсыз есеп айырысу қозғалысын
зерттеу;
қолма-қолсыз есеп айырысуын қалыптастыру мен басқарудағы
проблемаларды зерттеу;.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................................3
I ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ МӘНІ МЕН МЕХАНИЗМІ
Қолма-қолсыз есеп айырысуды жүргізу механизмі және оның негізгі қағидалары ..................................................................................................................5
1.2 Қолма-қолсыз ақша айналымының формалары мен құрылымы .....................8
2. «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫНА ТАЛДАУ
2.1 «Қазақстан Халық Банк» АҚ қаржылық жағдайын мен қолма-қолсыз есеп айырысуы сараптына талдау .......................................................................................14
2.3 «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы қолма-қолсыз
есеп айырысуыдың электронды нысандарының қызметі .......................................22
3. ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАРДЫҢ ЖАҢА НЫСАНДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қолма-қолсыз есеп айырысу қызметін қамтамасыз ету жолдарын
жетілдіру ....................................................................................................................29
3.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру және тиімді банктік қадағалау жүргізу .....................................................................................................34

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................40

Работа состоит из  1 файл

Қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі .doc

— 655.00 Кб (Скачать документ)

Өтелмеген (кепілденген) – бұл банктердің өзара  корреспонденттік қатынастар орнатуы  негізінде жабдықтаушының банкіне сатып алушының банкісінің шотынан қаражатты шегеруге құқық беру арқылы ашқан аккредитивін сипаттайды.

      Қайтарылатын  аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз эмитент банктің әмірімен өзгертілуі немесе күшін жоюы мүмкін. Бұл аккредитив сатып алушының мүддесін көздейді.

      Қайтарылмайтын  аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз өзгере немесе күшін жою алмайды. Себебі, мұндай аккредитив жабдықтаушының пайдасына ашылған болып табылады.

     Чекпен  есеп айырысу.  Чек – бұл шот иесінің, яғни чек жазып берушінің чекте көрсетілген соманы чек ұстаушыға төлеуге өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығын білдіреді.

     Чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы  мынада:

  • Егер де төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағадайда;
  • Сатушы белгісіз болған жағдайда.

Чек берілген күннен бастап он күн ішінде банкке төлеуге табыс етілуі тиіс. Чек  бойынша есеп айырысу сызбасы 5-ші суретте көрсетілген. 

       4

     

       3

       2 

                       

           5

       
 
 

     Сурет-5 – Чекпен есеп айырысу сызбасы 

     Мұндағы: 1 – сатып алушы банкке чектік кітапша беру туралы өтінішін жасап, оған қосымша төлем тапсырмасын береді; 2 – банк оған чектік кітапша береді және төлем тапсырмасындағы соманы жеке бір шотқа аударады; 3 – жабдықтаушы тауарын жөңелтеді; 4 – тауарлар мен қызметтер үшін чекпен есеп айырысады; 5 – жабдықтаушы чекті банкке көрсетеді, ал банк сатыпалушының шотынан чектегі соманы шегеріп, оны жабдықтаушының шотына түсіреді.

     Вексель – қарызды өтеудегі заңды түрде  бекітілген төлем міндеттемесі. Ол – бағалы қағаз. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні – несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі.

     Вексель шығарып және оны пайдалануды  дамыту ертеден несие қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі, вексельдің мәні – тек қарызды қайтару  кепілі ғана емес, сонымен бірге саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы ресурстардың айналымын жеделдету. Сондықтан вексель иемденуші төлемнің түсуін күтпей ай вексель сатып алушына немесе оны тауар сатып алу үшін, не болмаса қызмет көрсету үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді. Бұл жадайларда вексельді банк сатып алады.

     Шетел тәжірибесінде вексельді кепілге  ала отырып ссуда беру, белсенді банктік операциялар қатарына жатады. Ал Қазақстанның тәжірибесінде бұл операция кездеспейді.

     Вексель бойынша жасалатын операция қатарына Ұлттық банктің вексельді қайта  есепке алуы жатады. Қайта қаржыландыру мүшелері бойынша Ұлттық банк вексельді  есепке алады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2. «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫНА ТАЛДАУ 

2.1 «Қазақстан Халық Банк» АҚ  қаржылық жағдайын мен қолма-қолсыз есеп  айырысуы сараптына талдау 

  Бұл тарауда «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қолма-қолсыз есеп айырысуының ұйымдастырылуына, олардың мемлекеттік бюджеттегі үлестері,  қолма-қолсыз есеп айырысуының бақылау-экономикалық қызметі, соның ішінде ақша-несиелік саясатты қаталдату Ұлттық Банктің мөлшерінің нарық мөлшеріне әсердің бағытын өзгеруді қарастырады, яғни коммерциялық банктердің қолма-қолсыз ақшалар қызметтін атқаруы қолма-қолсыз ақшалар механизмді үнемі жетілдіруді, қарыздарды берудің қарапайым техникасын қамтамасыз ететін қолма-қолсыз ақшалардың әдістері мен формаларын енгізуді, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу операцияларына талдау жасалады.

  “Қазақстан  Халық жинақ Банкі” АҚ- өз клиенттерінің  игілігі үшін 80 жылдан астам уақыт  табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан  Республикасындағы аса ірі әмбебап  коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді  әрі қызметі барынша сараланған қаржылық құрылымдардың бірі.

  Банктердің  кредиттік портфелінің құрылымында  2010 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша стандартты кредиттердің үлесі- 61,2%, күмәнді- 36,8%, үмітсіз -2,0% болды. 2001 жылы 1 шілдедегі жағдай бойынша стандартты кредиттердің үлесі – 61,1%, күмәнді- 36,4%, үмітсіз- 2,5% болды (кесте 1).  

Кесте 1

«Қазақстан  Халық Банк» АҚ 2008-2010 жылдардағы  қолма -қолсыз есеп айырысуының ұйымдастырылуына жасалған жарнама қызметінің шығыны

                                                                                              (млн. тенге)

 
Жарнама түрлері                            
2008 жыл 2009 жыл          2010 жыл
млн.тг.        % млн.тг.       % млн.тг.        %
Сыртқы  жарнама 0,8 20 1,056 22 1,98 33
Радио 0,532 13,3 0,648 13,5 0,75 12,5
Теледидарға 1,26 28,5 1,44 30 0,84 14
Прессаға 0,6 18 0,456 9,5 0,45 7,5
ВСЕГО 3,192 79,8 3,6 75 4,06 67
 

  Екінші  деңгейдегі банктер кірістерінің жиынтық  сомасы 2002 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша өткен жылғы осындай  кезеңмен салыстырғанда 49,3%- ке өсіп,  253,1 млрд.теңге болды. Шығыстар сомасы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 48,1%- ке өсіп, 208,9 млрд.теңге болды.

  Қазіргі уақытта құрылымды реформа қаржылық сектордың барлық сегменттерінде орындалған. Қазақстанның банк жүйесі негізгі банк жұмыстарының халықарарлық стандарттарына негізделген. Елде инфрақұрылымы дамыған қаржы нарықтары қызмет көрсетеді. 

Кесте 2

«Қазақстан  Халық Банкі» АҚ 2010 жалғы қолма -қолсыз есеп айырысуының ұйымдастырылуына жасалған сыртқы жарнама қызметінің шығыны

(АҚШ  доллары)

Банк Мекен жайы Жарнама түрі Көлемі Жалға салынатын  салығы Бір айдағы сомасы
Қазақстан Халық Банкі Аэропорт Биллборд 5*15 м $ 800 $800
Аблай Хан данғылы Биллборд 3*9 м $250 $250
Республикаданғылы лайтбокс 120*180 см $50 $50
 
 

  2009 жылдың 29- қантарында Ұлттық Банктің Басқармасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің 2009-2010 жылдардың арасындағы ақша- қолма-қолсыз есеп айырысу саясаттың негізгі бағыттарын анықтады.

  Банктердің  қолма-қолсыз есеп айырысу бойынша  экономикаға негізгі қарызы бір тоқсанның ішінде 2,3%-ға (жыл ішінде 6%) өсіп 1036,6 млрд. тенге  (7,46 млрд. АҚШ долл) болды.

  Сонымен қатар ұлттық валютада берілген қолма-қолсыз есеп қарқыны шетел валютасындағы  қолма-қолсыз ақшалар қарқынынан артық  болды. Жыл ішінде ұлттық валютадағы қолма-қолсыз ақшалар мөлшері 5,2% өсіп 484,6 млрд. тенгеге жетті, ал шетел валютасындағы қолма-қолсыз ақшалар мөлшері 0,1% кеміп 552,1 млрд. тенге болды. Нәтижесінде тенгедегі несиелердің үлесі 45,4%-дан 46,7%-дейін өсті. (6,7,8 суреттер)

Сурет 6. 2010 жылдағы ұлттық және шетел валютадағы қолма-қолсыз есеп айырысу мөлшерінің салыстырмалы өсуі (млрд. тенге) 

 

Сурет 7,8. ҚР банктердің 2010 жыл ішінеде қолма-қолсыз ақшалар мөлшерінің өзгеруі.(пайыз) 

  Жыл аяғында банктердегі қолма-қолсыз ақшалар есеп айырысуы саны 35-ке жетті. Соның ішінде жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесінің мүшелерінің саны арта түсті (18-ден 22-ге дейін).Коммерциялық банктердің қолма-қолсыз ақшалар қызметтін атқаруы қолма-қолсыз ақшалар механизмді үнемі жетілдіруді, қарыздарды берудің қарапайым техникасын қамтамасыз ететін қолма-қолсыз ақшалардың әдістері мен формаларын енгізуді, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу операциялардың еңбек сыйымдылығын төмендеуді білдіреді.Жыл ішінде ұзақ мерзімді қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу көрсеткіші 4,5% өсіп, 669,3 млрд. тенге құрады, сол уақыт ішінде қысқа мерзімді қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу мөлшері 1,4% кеміп, 367,3 млрд. тенге болды. Сонымен жыл ішінде ұзақ мерзімді қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу үлесі 63,2%-дан 64,6%-ға дейін өсті (сурет 9).

      

      Сурет 9.  Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу салыстырмалы өсуі (млрд. тенге) 

  Қазақстан Республикасында қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу: "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы", "Қазақстан Республикасыңдағы банктер және банктік қызмет туралы" заңдарымен, сондай-ақ Ұлттық банкімен 1994 ж. 11- ақпанында бекітілген "Қазақстан Республикасы экономикасын қысқа мерзімді несиелеу" ережесімен реттеледі және жүзеге асады. Бұлар банктердің барлық меншік формалары мен түрлеріне қатысты.

  Қысқа мерзімді қарыздар беру ресми мәртебесі  бар банктермен жүзеге асады, ол мәртебе Ұлттық банкінің банк ашуға берген рұксаты мен банктік операцияларды жүргізуге лицензиясының бар болуымен анықталады.

  Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей  кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай- ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде ҚР ІІ- ші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.

  ҚР- дағы банктік жүйеде 01.07.2008 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік акционерлік қоғам формасындағы банктер, соның ішінде, екі банк қана мемлекетке 100% тиесілі банктер, оларға: Қазақстан Даму банкі мен Эксимбанк, ал шетел капиталының қатысуымен құрылған банктерде саны – 14, оның ішінде, еншілес банктер – 10.

      

    Сурет 10.  «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 2008-2010 жылдардағы  республикалық бюджетіндегі заңды тұлғалардың қолма -қолсыз есеп айырысуының бойынша орындалуының динамикасы (тенге) 

  Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын  акцияларын сатудан түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар.

  Жай акция – оның иелеріне сол қоғамды  басқару ісіне араласуына, оның пайдасына  қарай дивиденд алып отыруға құқық  береді. Ал артықшылығы бар акция  – оның иесіне қоғамды басқаруға  қатысуға құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға қосқан өз үлесін алуға құқық береді.

  Егер  де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам  түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немес құрылтайшылары өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.

Информация о работе Қазақстан республикасының қолма қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі