Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 10:54, дипломная работа
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъект сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлеріне олардың істеген еңбектері үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтары үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі.
, (4)
мұндағы, СҚ – қосымша сыртқы қаржыландыру қажеттелігі;
Афакт. – есепті баланстың өзгеретін активтері;
Пфакт. – есепті баланстың өзгеретін пассивтері.
Формула есепті кезең активтері, ӨӨТТ өсімінің қарқыны және таза табысты дивидендетерге бөлу нормасы қаншалықты жоғары болады, қосымша сыртқы қаржыландыру қажеттелігі соншалықты жоғары болады, және есепті кезең пассивтері және өткізілген өнімнің таза рентабельділігі қаншалықты жоғары болады, қосымша сыртқы қаржыландыру қажеттелігі соншалықты төмен болатыны дәлелдейді.
Бұл жағдайды «Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалының
2004-2006 жылдары бойынша өнімді өткізуден түскен табыс өсімі 20 пайыз деп орташа аламыз.
Өнімді өткізуден түскен табыс 2010 жылға болжамды өсімі 120,0% құрайды. Өнімді өткізуден түскен табыс 2010 жылы болжамды сомасы 120994,8 мың теңге. Сонымен, болжамды балансты «сатулардан пайыздар әдісі» бойынша есепті 2006 жылғы баланс негізінде келесі кестеде көрсетуге болады (16 кесте).
Кесте 16 - «Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалының болжамды баланс
Көрсеткіштер | Есепті кезең 2009ж, мың тг | Болжамды кезең 2010ж, мың тг |
АКТИВТЕР | ||
1.Қысқа мерзімді активтер | 14941 | 14941*1,2=17929 |
2.Ұзақ мерзімді активтер | 79156 | 79156*1,2=94987 |
Баланс | 94097 | 112916 |
ПАССИВТЕР | ||
1.Қысқа мерзімді міндеттемелер | 96406 | 96406*1,2=115687 |
2.Ұзақ мерзімді міндеттемелер | - | - |
3.Жарғылық капитал | - | - |
4.Бөлінбеген табыс | -2309 | - |
Баланс | 94097 | 115687 |
Ескерту – 2009 жылдағы «Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалының қаржылық есептемесінен алынды. |
«Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалының 2010 жылға болжамды сыртқы қаржыландыру қажеттілгі сомасы= 112916мың теңге – 115687 мың теңге = -2771мың теңге.
Сонымен, болжамданылған сату көлемін қамтамасыз ету үшін кәсіпорын болжамды мерзімде сыртқы қаржыландыру көздерін қажет етпейді, 2771 мың теңге сомада ақшалай қаражаттар сомасы ұзақ мерзімді активтерді қаржыландыруда артық болады.
Кәсіпорын қаржыгерлері 2771 мың теңге сомада тағы да ұзақ мерзімді активтерді жоғарылатуы мүмкін.
Кесте 17 - «Кедентранссервис» АҚ-ның Атырау қаласындағы филиалының қаржылық көрсеткіштерінің серпіні
Коэффициенттер | 2008ж, мың тг | 2009ж, мың тг | 2010ж, мың тг |
1. Шаруашылық қызмет нәтижесі (РХД) | 86146 | 25797 | -2309 |
2. Қаржылық қызмет нәтижесі (РФД) | - | - | 239 |
3. Қаржылық- шаруашылық қызмет нәтижесі (РФХД) | 86146 | 25797 | -2070 |
Ескерту – 2009 жылдағы «Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалының қаржылық есептемесінен алынды. |
2.2. Кепіл және оның несиелік тәуекелді азайтудағы рөлі
Кепiл ұғымы – мiндеттемеге сәйкес несие берушiнiң (кепiл ұстаушының) борышқор кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған ретте кепiлге салынған мүлiк құнынан осы Кодексте белгiленген алып тасталатындарды қоспай, осы мүлiк тиесiлi адамның (кепiл берушiнiң) басқа несие берушiлердiң алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар мiндеттеменi атқаруының осындай әдiсi кепiл деп танылады.
Кепiл ұстаушының кепiлге салынған мүлiк, кiмнiң пайдасына сақтандырылғанына қарамастан, оның жоғалғаны немесе бүлiнгенi үшiн, егер жоғалу немесе бүлiну кепiл ұстаушы жауап беретiн себептер бойынша болмаса, сақтандыру өтемiнен сол бұрынғы негiзде қанағаттандырылуға құқығы бар.
Кәсiпорындар, үйлер, ғимараттар, пәтерлер, жер учаскелерiне және басқа қозғалмайтын мүлiкке құқықтар (ипотека) кепiлi қозғалмайтын мүлiк ипотекасы туралы Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледi.
Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелерінің, ішкі суда жүзетін кемелердің, "өзен-теңізде" жүзетін кемелердің кепілі (кемелер ипотекасы) Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерімен реттеледі. Осы Кодекстегі кепіл туралы жалпы ережелер Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерінде өзге ережелер көзделмеген жағдайда кемелер ипотекасына қолданылады.
48
- бағалау қағидалары
- бағалауды ақпараттық қамтамасыз ету
3.Бағалау процесі
- міндет қою
- жұмыс жоспарын жасау
- мәліметтерді жинау және өңдеу
- келістіру
- бағалау туралы есеп беруді жасау
4.Жылжымайтын мүлік объектілерін жіктеу
5.Қозғалмайтын мүлік объектілерінің техникалық экспертизасы
- қозғалмайтын мүлік объектілерін зерттеу.
- бағалау объектісін куәландыру кезіндегі бағалаушы жұмысының ерекшеліктері.
- есеп беруді құрастыру кезіндегі бағалау объектісінің сипатталуыі.
6.Сатуды тікелей салыстыру әдісімен жылжымайтын мүлікті бағалау
7.Жылжымайтын мүлікті бағалаудың табыстық тәсілімен бағалау
8.Жылжымайтын мүлікті шығындық тәсілмен бағалау
9.Мүлікті бағалау кезіндегі экологиялық фактордың әсері.
- мүліктің құнына әсер ететін негізгі экологиялық факторлар.
- экологиялық факторлардың нарықтық құнын анықтау негізіндегі табиғи антропогенттік баға индекстері.
10.Жер учаскесін бағалау
- жер учаскесінің құндарының түрлері
- жер учаскесін бағалау әдістері
Кепілге салынатын мүлікті бағалауға қойылатын талаптар
4.1. Кепілге салынған мүлікті бағалау кезінде кредитор құқықты анықтайтын
құжаттардың, кепілге салынған заттың меншік құқығының растығын, үшінші
тұлғаларда кепіл затына құқығының барлығын немесе жоқтығын тексеруді қамтамасыз
етеді.
4.2. Кредитор бағалау жөніндегі есепке сəйкес келесі межелер бойынша тексереді:
4.2.1. жылжымайтын мүліктің кредитордың минимал стандарттары мен Қор
Талаптарына сəйкестігі;
4.2.2. тұрғын үйді пайдалану мерзімі 50 жылдан көп болмауы керек, тұрғын үй
аралас қабырғалы ғимарат, сондай-ақ шала өңделген, жиналмалы қалқанды, қаңқа-
үгітілмелі, балшықтан, саманнан, қалқан-қамыстан жəне басқа да жеңіл
материалдардан жасалған ғимарат болмауы керек;
4.2.3. бағалау ипотекалық кредит беру туралы шешім қабылданатын күнге дейінгі
30 күнтізбелік күннен ерте жүргізілмеуі керек;
4.2.4. баға сəйкес лицензиясы бар бағалаушымен жүргізілуі керек.
4.3. Ипотекалық кредит бойынша кепілдік қамтамасыз ету болып табылатын
жылжымайтын мүліктің барлық объектілері тұрғындардың денсаулығы мен
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі минимал талаптарды қанағаттандыруы керек.
Қор кепілдік беруге келесі сипаттарды қанағаттандыратын жылжымайтын
мүліктің кепілімен қамтамасыз етілген ипотекалық кредиттерді қабылдайды:
1) Ғимараттың цементті іргетасы бар;
2) тұрғын үйде басқа бөлмелерден немесе үйлерден оқшауланған ас бөлмесі, санторабы
бар (яғни, коммуналдық пəтерлер кепілге қабылданбайды);
3) тұрғын үй жайдың (жылжымайтын мүліктің) барлық ауданын жылумен қамтамасыз
ететін электр, бу, су немесе газ жүйелеріне қосылған;
4) Жуынатын (себезгі) бөлмесі мен ас бөлмесі ыстық жəне суық сумен қамтамасыз
етілген;
5) үйдің немесе пəтердің сантехникалық жабдықтары дұрыс жұмыс істеп тұр;
6) терезе, есік, шатырлары бүтін;
7) Сəйкес органның рұқсатынсыз үйдің немесе пəтердің қосымша құрылыстары,
жоспар өзгертулері жоқ.
Егер кепілге салынатын зат жеке меншік үй болса, осы баптың 4) пен 5)
тармақшаларының ережелері міндетті болып табылмайды.
4.4. Бағалаланатын мүлік міндетті түрде қарау арқылы бағаланады. Бағалаушы
кредиторға бағалау жөніндегі есепке кіретін мүліктің егжей-тегжейлі суреттемесін, рыноктық жəне кепіл құны бағасын ұсынады. Жер учаскесі бар тұрғын үй кепілге салынған жағдайда бағалау Қазақстан Республикасының заңдамасына сəйкес жүргізіледі
Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі талаптар жасалып жатқан теңіз кемелеріне, ішкі суда жүзетін кемелерге, "өзен-теңізде" жүзетін кемелерге де қолданылады.
Несиелік тәуекелді азайтудағы рөлі. Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысы өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды. Несиелік тәуекелдердердің пайда болуының алғы шарты – қарыз алушының несиелік қабілетсіздігі болып табылады. Жалпы несиелік тәуекел экзогенді және эндогенді факторларға тәуелді болып келеді, яғни сыртқы фактор экономикалық ортаның жағдайымен, ішкі фактор – банктің өзінің қателік жіберу факторымен байланысты. Банктердің чыртқы факторын басқару мүмкіншілігі шектеулі. Несиелік тәуекелді басқарудың негізгі тетіктері банктің ішкі саясатында жатыр.
Несиелік тәуекелден туындайтын зияндар банктің несиелеу және өзге де соған теңдестірілген баланстық және баланстан тыс операцияларын жүргізу барысында пайда болуы мүмкін.
Мұндай операцияларға мыналар жатады:
- берілген және алынған несиелер;
- есепке алынған вексельдер;
- факторинг;
- форфейтинг;
- лизинг;
- төленген аккредитив бойынша төлеушіге қоятын банктің талаптары;
- кепілхат бойынша банктің талаптары.
Несиелік тәуекелден туындайтын шығындарды екіге тікелей және жанама деп бөліп қарастыруға болады. Тікелей шығындар несиені қайтармауға және қаражаттың түспеуіне байланысты туындаса, ал жанама шығындар кепілге қоятын заттың құнының төмендеуі, проблемалық несиелерге байланысты банктің құратын резервтер көлемінің ұлғайту қажеттілігінен туындайды[9].
Несие тәуекелінің үш түрін бөліп көрсетуге болады: теріс пайдалану қатері; шетелдік несие бойынша тәуекелділік; ішкі қарыз бойынша төлемеу қатері, яғни қарыздың қайтарылмай қалу қауіпі.
Қызметін асыра пайдалану.Тексеру барысында маусымдық егіс жұмысына, астық жинауға, өзіндіа қаражатты толықтыруға бөлінген мақсатты несие ресурстарының мақсатсыз пайдаланғанын растайтын көтеген фактілер анықталды. Бұл жеңілдікті несиелер басқа бантердің несиесі бойынша берешектерді өтеуге, машиналарды, сән-салтанат бұйымдарын сатып алуға жұмсалғаг. Алаяқтық (алы-сатарлық) жағдайларда, орын алған, атап айтқанда, бұл несиелер коммерциялық құрылымдарға нарықтық баға бойынша сатылған валютаға айырбасталған және т.б.
Теріс пайдалану қатері банк жүйесінде 80-ші жылдары кезінен тарады. Бұл қатердің түрінен АҚШ-тағы барлық банктердің жартысынан көбісі банкротқа ұшырады. Директорлар мен жоғары лауазымды қызметкерлер несиені өз туыстары мен достарына берген, сондай-ақ, несиені қарыз алушының қаржылық жағдайын тексермей беру секілді сақтық шаралары қолданылмаған.
Шетелдік несие бойынша қатері – әсіресе 70-ші жылдары дамыған елдердегі қарыз алушылар несиесі бойынша төлемдердің жапай кешіктірілуімен байланысты орын алады. Бұл АҚШ-тың бірталай аса ірі банктерінің банкротқа ұшырауына себеп болды.
Ішкі қарыз бойынша төлемсіздік – қарыз алушының төлем қабілетсіздігін тудыратын барлық факторлар есебінің қиындығымен байланысты.
Несиелік тәуекелді төмендетудің негізгі тәсілдерінің біріне клиенттің банк алдындағы міндеттемесінің қамтамасыз етілуі жатады. Ал, бүгінгі несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепіл хат, кеілдеме міндеттемелері қолданылады.енді осы несиенің қамтамсыз етілу тәсілдеріне тоқталайық.
Информация о работе Банктік ссудалардың қайтарылыуын қамтамасыз ету