Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 10:54, дипломная работа
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъект сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлеріне олардың істеген еңбектері үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтары үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі.
2008 жылы «Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласындағы филиалының ағымдағы активтерінің 81212 мың теңге сомасында жоғарылауына таза табыстың 54989 мың теңгеге жоғарылауы, несиелік қарыздар сомасының 37346 мың теңгеге жоғарылауы оң әсерін тигізген.
Кәсіпорын капиталының құрылымын зерттеу оларға кәсіпорын қызметінің кеңейген немесе қысқарғаны жайлы ақпарат береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі тәуекелдік және меншікті капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қысқарғанын көрсетеді. Бірақ бірыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидендке пайыздық мөлшерлемелермен әсерінен болуы мүмкін. Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивидеттердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражатты өсірген дұрыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс. Әрине, авансталған капиталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған жағдайларға тәуелді болады.
Қаржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерттеу үшін келесі 8,9,10 талдау кестелері құрылады
Кесте 8 - «Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласындағы филиалының қаржы ресурстарының құралу көздерінің серпіні мен құрылымы, 2008ж.
Көрсеткіштер | 01.01.2008ж. | 01.01.2009ж. | Ауытқулар | |||
Мың теңге | %үлесі | Мың теңге | % үлесі | (+,-) мың теңге | % үлесі | |
1.Меншікті капитал | 31157 | 51,8 | 86146 | 56,5 | +54989 | +276,5 |
2.Ұзақ мерзімді міндеттемелер | - | - | - | - | - | - |
3.Қысқа мерзімді міндеттемелер | 29017 | 48,2 | 66363 | 43,5 | +37346 | +228,7 |
Барлық пассивтер | 60174 | 100 | 152509 | 100 | +92335 | +253,4 |
Ескерту – 2008 жылдағы «Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласындағы филиалының қаржылық есептемесінен алынды. |
Кесте деректері бойынша кәсіпорынның жалпы капиталы 2008 жылы ішінде 60174 мың теңгеден 152509 мың теңгеге дейін өскен, яғни 2008 жылы 92335 мың теңгеге өскен, ал өткен жылмен салыстырғанда 253,4 пайызға жоғарылаған. Жалпы капитал құрамында меншікті капитал үлес салмағы 51,8 пайыздан 56,5 пайызға дейін жоғарылаған. Ұзақ мерзімді қарыздар кәсіпорында жоқ. Қысқа мерзімді міндеттемелер үлесі 48,2 пайыздан 43,5 пайызға дейін төмендеген. 2008 жылдың басындағы қысқа мерзімді міндеттемелер сомасы 37346 мың теңгеге жоғарылауына қарамастан олардың пассивтегі үлесі төмендеген.
Кесте 9 - «Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласындағы филиалының қаржы ресурстарының құралу көздерінің серпіні мен құрылымы, 2009ж.
Көрсеткіштер | 01.01.2009ж. | 01.01.2010ж. | Ауытқулар | |||
Мың теңге | %үлесі | Мың теңге | % үле- сі | (+,-) мың теңге | % үлесі | |
1.Меншікті капитал | 86146 | 56,5 | 25797 | 36,6 | -60349 | 29,9 |
2.Ұзақ мерзімді міндеттемелер | - | - | - | - | - | - |
3.Қысқа мерзімді міндеттемелер | 66363 | 43,5 | 44596 | 63,4 | -21767 | 67,2 |
Барлық пассивтер | 152509 | 100 | 70393 | 100 | -82116 | 46,2 |
Ескерту – 2009 жылдағы «Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласындағы филиалының қаржылық есептемесінен алынды. |
Кесте деректері бойынша кәсіпорынның жалпы капиталы 2008 жылы ішінде пассивтер 152509 мың теңгеден 70393 мың теңгеге дейін төмендеген, яғни 2008 жылы пассивтер сомасы 82116 мың теңгеге азайған, ал өткен жылмен салыстырғанда 46,2 пайызға дейін төмендеген. Жалпы капитал құрамында меншікті капитал үлес салмағы 56,5 пайыздан 36,6 пайызға дейін төмендеу байқалады. Ұзақ мерзімді қарыздар кәсіпорында жоқ. Қысқа мерзімді міндеттемелер үлесі 43,5 пайыздан 63,4 пайызға дейін жоғарылаған. 2008 жылдың басындағы қысқа мерзімді міндеттемелер сомасы 21767 мың теңгеге төмендеуіне қарамастан олардың пассивтегі үлесі көбейген.
Кесте деректері бойынша кәсіпорынның жалпы капиталы 2009 жылы ішінде 70393 мың теңгеден 94097 мың теңгеге дейін өскен, яғни 2009 жылы 23704 мың теңгеге өскен, ал өткен жылмен салыстырғанда 133,7 пайызға жоғарылаған. Жалпы капитал құрамында меншікті капитал үлес салмағы 36,6 пайыздан 2,5 пайызға дейін төмендеген. Меншікті капиатлдың төмендеуі 2009 жылығы алынғын 2309 мың теңге залал сомасына байланысты болған. Ұзақ мерзімді қарыздар кәсіпорында жоқ. Қысқа мерзімді міндеттемелер үлесі 63,4 пайыздан 102,5 пайызға дейін жоғарылаған. Қысқа мерзімді міндеттемелердің жоғарылауы несиелік қарыздың сомасының ұлғаюына байланысты болған. 2009 жылдың соңында қысқа мерзімді міндеттемелер сомасы 51810 мың теңгеге жоғарылаған.
Кесте 10 - «Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласындағы филиалының қаржы ресурстарының құралу көздерінің серпіні мен құрылымы, 2010ж.
Көрсеткіштер | 01.01.200ж. | 01.01.2010ж. | Ауытқулар | |||
Мың теңге | % үлесі | Мың теңге | % үле- сі | (+,-) мың теңге | % үлесі | |
1.Меншікті капитал | 25797 | 36,6 | -2309 | -2,5 | -28106 | -82,5 |
2.Ұзақ мерзімді міндеттемелер | - | - | - | - | - | - |
3.Қысқа мерзімді міндеттемелер | 44596 | 63,4 | 96406 | 102,5 | +51810 | +216,2 |
Барлық пассивтер | 70393 | 100 | 94097 | 100 | 23704 | 133,7 |
Ескерту - 2009 жылдағы «Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалының қаржылық есептемесінен алынды. | ||||||
Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның өтімділігін анықтап алу керек. Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұсынылады. Шаруашылық субъектінің өтімділігі – ол оның активтердің ақшалай қаражатқа айналу мүмкіндігін бейнелейді. Төлемдерді тез өтеу қабілеттілігі бар болған жағдайда, егер кәсіпорын өзінің ағымдағы активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді және төлем қабілетті кәсіпорын болғаны. Егер өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімділігі жоғары кәсіпорын болып саналады.
Абсолютті өтімділік коэффициенті ағымдағы қарыздардың қай бөлігі бухгалтерлік балансты құру күніне немесе алдағы жақын арада өтелуі мүмкін екенін білдіреді, оның қалыпты мәні Каө ≥ 0,2-0,5. Компанияның абсолютті өтімділік коэффициенті талданушы жылдарда қалыпты мәніне сәйкес келмейді. Аралық өтімділік коэффициенті ағымдағы міндеттемелердің қай бөлігі тек ақшалай қаражаттар есебінен ғана емес, сонымен қатар жүктелген өнім үшін күтілетін түсім есебінен өтелуі мүмкін екенін білдіреді, оның қалыпты мәні Карө ≥ 1 болса, қарастырылып отырған кәсіпорынның жағдайының тек 2007 жылы ғана сәйкес келеді, ал 2009-2010 жылдары бұл көрсеткішітің мәні мүлдем төмен. Жалпы өтімділік коэффициенті барлық өтімді ағымдағы активтердің барлық төлем міндеттемелерінің сомасына қатынасы, оның қалыпты мәні Кжө ≥ 2, бұл көрсеткіш бойынша да «кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалының 2009-2010 жылдар аралығындағы көрсеткіштерінің мәні қалыпты мәнге сәйкес келмейді, тек қана 2008 жылы ғана кәсіпорынның төлем қабілеттілігі бар болғаны.
Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.
Кесте 11- «Кедентранссервис» АҚ-ның Атырау қаласындағы филиалының өтімділік көрсеткіштерінің серпіні
Көрсеткіштер | 2008ж, мың тг | 2009 ж, мың тг | 2010 ж, мың тг |
1. Ақша және оның эквиваленттері, мың теңге | 147 | 3648 | 893 |
2. Ссудалық және басқа дебиторлық қарыз | 100892 | 5843 | 9082 |
3. Тауарлы-материалды қорлар | 2842 | 12716 | 4966 |
4. Ағымдағы міндеттемелер | 66363 | 44596 | 96406 |
5. Абсолютті өтімділік коэффициенті (Каө = (Ақшалай қаражаттар+Бағалы қағаздар)/Ағымдағы міндеттемелер) | 0,002 | 0,081 | 0,009
|
6.Аралық өтімділік коэффициенті (Карө = (Ақшалай қаражаттар+Бағалы қағаздар+Дебиторлық қарыздар+Басқа активтер)/Ағымдағы активтер) | 1,523 | 0,212 | 0,103 |
7. Жалпы өтімділік коэффициенті (Кжө = Ағымдағы активтер/Ағымдағы міндеттемелер) | 1,565 | 0,498 | 0,155 |
Ескерту – 2008-2010 жылдар аралығында «Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалының қаржылық есептемесінен алынды. |
Информация о работе Банктік ссудалардың қайтарылыуын қамтамасыз ету