Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 10:54, дипломная работа
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъект сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлеріне олардың істеген еңбектері үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтары үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі.
Несие тәуекелдігін сақтандыру ссуданың қайтарылуын қамтамасыз етудің формасы ретінде барлық қатысушыларға пайдалы мәміле болып табылады. Мәселен, ішінара алғанда, қарыз алушы кәсіпорын (сақтанушы) несиені уақытылы өтей алмай қалған жағдайда іскерлік репутацияны жоғалтып алудан сақтанады. Банк сақтандыру мәмілесінің тікелей қатысушысы болмаса да, несиені қайтарудың жоғары кепілдігіне ие болады. Сақтандырушы ұйым өзінің көрсеткен қызметі үшін сақтандыру тарифі түрінде сыйақы алады.
Кепілді бағалау.Кепiлдiң бағасы және кепiлдiң объектiсінің нарықтық құнының анықтауы несие мөлшердiң аралығында әдiл байланыс орнатуға мүмкiндiк бередi, сонымен бiрге кепiлдiк және қарызшының мiндеттемелерiнiң жартылай орындауы жөнiнде төлетудi үндеуде кепiлдiк есебiнен пайда болатын мәмiле тараптардың арасындағы алалықтардың сақтап қалуына мүмкiндiк туғызады. Несиені алу кезінде, кепілдікті тәуелсіз бағалау – орнықты және әділетті заңдық негізде несие алушы мен несие беруші арасында өзара арақытынас орнатады және қазіргі кезде банктер кепілге алынған мүлікті алдын ала сараптамалық бағалаудан өткізбей келісімшартқа отырмайды.
Кепілдің құнын бағалау.Несиенің қызметін бөлу және бағалаумен қамтамасыз ету бүкіл әлемде норма болып есептеледі. Тәуелсіз сарапшыларды несие мекемелеріне тарту немесе шақыру Қазақстанда да барлық жерде тәжірибе жүзінде дамып келеді.
Алайда жауапкершіліктің жартылай бөлінуі туралы және несие беруші мен бағалаушының арасындағы тәуекел туралы айтуға болады, екіншісі өз пікірін білдіреді, ал біріншісі осы пікірдің негізінде қаржылық салдар шешімін қабылдайды. Несие беруші дұрыс шешім қабылдайды тек егер, біріншіден, бағалаушының жұмысы сапалы орындалса, екіншіден, несие беруші бағаланған нәтижені дұрыс қабылдап, түсінетін болса.
Бағалаушының жұмысының сапасына әсіресе кепілді бағалаған кезде маңызды, өйткені бастапқыда дау қарыз алушы мен несие беруші арасындағы мүддеден туындаған болатын. Әлі де отандық бағалау стандарттарының тәжірибесі өңдеу сатысында болғандықтан, қазіргі кезде біз үшін үлгі ретінде европалық және американдық кәсіби ұйымдарының бағалаушыларының стандарттары қызмет көрсете алады.
Кепілдің өтімділігі. Кепілдікті іске асыру үшін өтімділіктің деңгейін анықтау, пайда болған немесе болмаған кедергілерден шығу. Құралдың нарықтық құнына дисконт қолданылады. Ол келесідей факторларды қарастырады- нарықтың құнына процентпен белгіленген.
Шығындарды іске асыру бойынша қамтамасыз ету. Олар өз ішінде екіге бөлінеді: біріншісі – мемлекеттік баждар, салықтар, делдалдардың қызметтері, жарнама үшін шығындар, соттық шығындар- 25% -ке дейін нарықтық құнын құрауы мүмкін және екіншісі – жабдықты бұзуға, тасымалдау үшін, келесі монтаж және және жөндеу бойынша шығындар – 5-10% құрауы мүмкін, арнайы күрделі жағлайларда 25 %- дан жоғары болады.
Несиелік келісім-шарттың аяқталуы кезіндегі тозу. Объектінің несие қабілеттігінің төмендеуі салдарынан моральдық тозу нарықта басқа да объектілермен салыстырғанда несиелік қабілетінің төмендеуі б.т. физикалық тозу объектінің физикалық тозуы және жартылай жұмысқа қабілетсіздігінің жоғалуы жатады. Құралдың 70-80% физикалық тозуы өтімді емес болып саналады, ереже бойынша ол кепілдікке банкке алынбайды. Моральдық тозудың көлемі төмендеуімен жаңа ұқсас құралға ағымдағы уақыт аралығында иныляцияның өзгерісін есептеумен бірге анықталуы мүмкін. Банк мақсатты түрде дисконттық максималды коэффициентте физикалық және моральдық тозуды төмендетеді. Солай, компюьтерлік техниканың шынайы моральдық тозуы 30%- ға дейін, физикалық тозуы 15 %-ға дейін жылына жетеді. Тәжірибеде моральдық және физикалық тозу іс жүзінде жинақталмайды; солардың ішінен ең үлкені немесе белгісіз орташа өлшемді комбинация алынады.
Жабдықтың құнының болжамы. Жабдықтың нарықтық құнын туралы бұл бағаны төмендетудің коэффициенттері кепілдік жөнінде төлетуді үндеу болуы мүмкін.
Кепілдің техникалық сипаттамасы. Болашақ кепілдіктің пәтер немесе үйді таңлау кезінде техникалық мінездемесін ескеру қажет. Кез келген ипотекалық бағдарлама өзінің ерекше назарын аударады, кепілзаттың өлшемдеріне ондай жылжымайтын мүлік өтімді объект болғандықтан қандай да бір жылжымайтын мүлік нарығында белгілінген мерзім ішінде және шығынсыз іске асырылуы керек.
Пәтер жеке дара және көп қабатты үйде орналасуы керек. Көбінесе ипотекалық бағдарламалар бөлмелері немесе пәтердің жартысын кепілге алмайды. Бірақ та бұл ережелердің ішінен жақсы ипотекалық брокер әрдайым 1-2 ипотекалық бағдарламасын таңдап алады және сондай-ақ жылжымайтын объектілер үшін де.Ипотекалық бағдарламалар несиелеу кезінде қайта жоспарланған жылжымайтын объектісін жібермейді. Бұл келесіні түсіндіреді, сол жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық куәлігіне сәйкес келуін . Әр бір заңдастырылмаған қайта жоспарланған жылжымайтын мүлік объектісі ипотекалық бағдарламаға қатысудан шектетіледі.
Алынған пәтер тұратын тұрғындардың өмір сүруі үшін қауіпсіз және денсаулыңын қамтамасыз етуі үшін санитарлық техникалық нормаларға сай келуі керек. Мысалға, жылу жүйесіне, ыстық және суық суға қосылуы керек. Пәтер электрикалық жүйелерге, булы және газды жүйелерге қосылулы болуы керек.Сонымен қатар ипотекалық несие ұзық уақытқа өтелетін болғандықтан, пәтер күрделі жөндеудун өту санаиында тұрмауы керек. Қарапайым мекеме болашақ кепілдің орналасқан орны металдық темір бетондық болуы керек. Ондай талаптар жылжымайтын мүлік объектісіне берілген мерзімді уақыиыгда өтей алуы үшін қойылады.
Көпшілік ипотекалық бағларламалар қонақүй тектес пәтерлерді, жатахана және мекемелерді, 1957-1975жылға дейінгі салынғанларды керілге алмауға назар аударады.
Егер де қала сыртынан ипотекалық несиелеу арқылы тұрғын үйді алатын болса ол келесідей талаптарңа сай болуы керек:
- үй жөндеуден өткен болуы керек;
- үй әрдайым тұруға жарасды болуы керек;
- таңдалған үй тереториясының маңайында тұрғылықты тұратын үйлер болуы керек;
- үйдің маңында жүретін жол болуы керек;
- үй әрдайым жылу жүйесіне, су құбырына жалғануы керек[7].
3 Банктік несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етуді жетілдіру жолдары.
3.1 Банктік несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибелері
Скоринг – бұл банкке «бұрынғы» клиенттердің несиелік тарихы негізінде әлеуетті қарыз алушының несиені уақытында қайтармау ықтималдығының қаншылықты жоғары екенін анықтауда көмек беретін математикалық немесе статистикалық үлгі.
Қарыз алушылардың төлем қабілетсіздігінен туындайтын қарыздың қайтарылмауынан шегетін зияндарды болдырмау мақсатында отандық банктерде несиелік тәуекелді бағалау тәжірибесі жүзеге асады.
Барлық несиелер және несиеге теңдестірілетін клиенттердің қарыздары бойынша несиелік тәуекел бағаланады және оны тиісті шоттар бойынша жіктеледі.
Несиелерді жіктеу барысында барлық несиелік операциялар бойынша қарыз алушының жалпы қарызы ретінде қарыз алушыға келетін жиынтық тәуекел анықталады.
Жалпы активтерді, соның ішінде несиелерді жіктеу және несиелік тәуекелді бағалау мынадай критерийлерді ескере отырып жүзеге асады:
- қарыз алушының қаржылық жағдайы;
- банк алдындағы жіктелінген активтер және шартты міндеттемелер бойынша мерзімі өткен қарыздарының болуы;
- қамтамасыз ету сапасы;
- несиенің мерзімінің ұзартылуы;
- өзге де мерзімі өткен міндеттемелердің болуы;
- несиелердің көзделген мақсатқа жұмсалынбаған бөлігі, %-бен;
- өзге несие берушілер алдында шегерілген қарыздарының болуы;
- қарыз алушыда Ұлттық Банктің екіткен тізіміне енген рейтингік агенттіктердің рейтингінің болуы.
Несиелерді жіктеу үшін ең бастысы қарыз алуышының қаржылық жағдайына баға берілуге тиіс.
Қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалауда отандық банктер тәжірибесінде несиелік скоринг жүйесі қолданылады.
Қарыз алушы заңды тұлғалардың қаржылық жағдайын бағалау тоқсан немесе жарты жыл сайын бір рет клиенттің берген қаржылық есебі негізінде жүргізіледі. Мұндағы қаржылық есепке бухгалтерлік баланс пен пайда және зиян есебі жатады. Осындай құжаттар негінде несие-менеджері қарыз алуышының қаржылық жағдайына несиелік скоринг көмегімен жедел-бағалауды жүзеге асырады.
Несиелік скорингті жүргізу барысында қарыз алушының қаржылық қызметін сипаттайтын бес параметр пайдаланады. Аталған параметрлер екі топқа бөлінген:
Бірінші топ: Қаржылық көрсеткіштердің өзгерісінің серпіні:
- өндіріске жұмасалатын шығындарыдың сатудан түсетін түсімдерде қатынасына қатысты өзгерісі;
- негізгі құралдардың құндарының өзгерісі;
- меншікті капиталдың өзгерісі;
- міндеттемелердің жалпы өзгерісі.
Екінші топ: Қаржылық көрсеткіштер негізінде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау.
Мұнда қарыз алушының несиелік қабілетін сипаттайтын мынандай қаржы көрсеткіштері есептеледі:
Мұнда қарыз алушының несиелік қабілетін сипаттайтын мынандай қаржы көрсеткіштері есептеледі:
- ағымдағы және жылдам өтімділік коэффициенттері;
- автономия коэффициенті;
- сауданың рентабельділігі;
- меншікті капиталдың рентабельділігі;
- тауарлы материалды запастардың айналымдылығы;
- дебиторлық қарыздар айналымдылығы;
- кредиторлық қарыздар айналымдылығы.
Әрбір бағалау параметрлеріне сараптамалық немесе есептеу жолымен бекітілген балл беріледі және маңыздылық салмағы белгіленеді.
Скоринг – берілген балдар мен тиісті салмағының сомасы ретінде есептелінеді және оның мәні нөл мен бірдің арасында болады. Есептеу нәтижесінде анықталған мәнді қарыз алушының қаржылық жағдайының деңгейін анықтау үшін және сол санат бойынша тиісті балл беру үшін пайдаланады.Активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеу және оларды күмәндінің санаттарына және үмітсіздерге жатқыза отырып, оларға қарсы провизия (резервтер) құру ережесіне сәйкес, әрбір класс қарыз алушылардың белгілі бір қаржылық жағдайына сәйкес келеді.Несиелерді жіктеу барысында барлық несиелік операциялар бойынша қарыз алушының жалпы қарызы ретінде қарыз алушыға келетін жиынтық тәуекел анықталады.
Несиелерді жіктеу барысында барлық несиелік операциялар бойынша қарыз алушының жалпы қарызы ретінде қарыз алушыға келетін жиынтық тәуекел анықталады.
Несиелерді жіктеу үшін ең бастысы қарыз алуышының қаржылық жағдайына баға берілуге тиіс.
Қарыз алушылардың төлем қабілетсіздігінен туындайтын қарыздың қайтарылмауынан шегетін зияндарды болдырмау мақсатында отандық банктерде несиелік тәуекелді бағалау тәжірибесі жүзеге асады.
Барлық несиелер және несиеге теңдестірілетін клиенттердің қарыздары бойынша несиелік тәуекел бағаланады және оны тиісті шоттар бойынша жіктеледі. Несиелерді жіктеу барысында барлық несиелік операциялар бойынша қарыз алушының жалпы қарызы ретінде қарыз алушыға келетін жиынтық тәуекел анықталады.
Кесте 18 - Әрбір класс қарыз алушылардың белгілі бір қаржылық жағдайына сипаттама
Класс | Қаржылық жағдайының сапасы | Сипаттамасы |
1 | тұрақты | Қарыз алушының қаржылық жағдайы тұрақты; компания зиянсыз, төлем қабілетіне, нарықта жақсы ұстаным ұстанған; актив бойынша жасалған келісімшарттың қызмет ету мерзімі ішінде қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін сыртқы немесе ішкі факторлар айқындалмаған; өзінің міндеттемесі бойынша банкпен есеп айырысудағы клиенттің мүмкіндігі күмән туғызбайды; қарыз алушының активтері мен пассивтері мерзімдері бойынша өлшенген. |
2 | қанағаттанарлық | Қарыз алушының қаржылық жағдайының уақытша нашарлауының, табыстарының, төлем қабілеттілік деңгейінің, нарықтық ұстанымының төмендеу бнлгілері бар; актив бойынша жасалған келісімшарттың қызмет ету мерзімі ішінде қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін сыртқы немесе ішкі факторлар айқындалған; өзінің міндеттемесі бойынша банкпен есеп айырысудағы клиенттің мүмкіндігі күмән туғызуы; бұл жерде қарыз алушының уақытша қиындықтарды жеңіп, банк алдындағы өзінің міндеттемесімен есеп айырысатындығына сенім бар. |
3 |
| Қарыз алушының қаржылық жағдайы үздіксіз нашарлағандығының, қызметі зияндылығының, төлем қабілеттілік деңгейінің төмендеуі, нарықтағы үлесінің азаю белгісі бар; бұл жерде қарыз алушының қаржылық жағдайының тұрақтану немесе жақсаруына сенім жоқ; қарыз алушыға 1 жыл бойы санациядан өтудің жариялануы; қызметінің тоқтауына ықпал етпеген бірақ, қарыз алушыға материалдық залал әкелген форс мажор немесе өзге жағдайлардың. |
4 | қауіпті | жоғалтуы; меншікті капиталдың теріс көрсеткішке ие болуы; қарыз алушыға 1 жылдан жоғары мерзімде санациядан өтудің жариялануы; қарыз алушының банкрот ретінде танылуы; қызметінің тоқтауына ықпал еткен бірақ, қарыз алушыға материалдық залал әкелген форс мажор немесе өзге жағдайлардың болуы. Сонымен қатар қарыз алушының қаржылық жағдайы туралы ақпарат болмаған кезде, оның жағдайы қауіпті болып саналады. |
Ескерту – С.Б. Мақыш Банк ісі/ Оқулық негізінде құрастылыған |
Информация о работе Банктік ссудалардың қайтарылыуын қамтамасыз ету