Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 10:54, дипломная работа
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъект сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлеріне олардың істеген еңбектері үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтары үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі.
Қамтамасыз ету сапасының критерийлері бойынша балдарды аталған ережеге сәйкес есептейді.
Активтерді жіктеу барысында анықталатын қорытынды балл жоғарыда аталған барлық критерийлерді қосу арқылы анықталады.
Қорытынды балдың мәнінің негізінде несие бөлімінің қызметкері жіктелінетін активтер санатын бекітіп, соғын сәйкес провизия мөлшерін анықтайды:
Кесте 19- Активтердің жіктелім санаттары
Балдар саны | Активтердің жіктелім санаттары | Провизия мөлшері (негізгі қарыздың сомасынан %-бен) |
1-ге дейін | Стандартты | 0 |
| Күмәнді |
|
1- ден 2- ге дейін | 1-санатты | 5%-төлемдерді уақтылы және толық |
| 2-санатты | 10%-төлемдерді кешіктірсе немесе жартылай төлесе |
2- ден 3- ке дейін | 3-санатты | 20%-төлемдерді уақытылы және толық төлеген жағдайда |
| 4-санатты | 25%-төлемдерді кешіктірсе немесе жартылай төлесе |
19 – ші кестенің жалғасы |
|
|
3- тен 4- ке дейін | 5-санатты | 50%-барлық жағдайларда |
4- тен жоғары | Үмітсіз | 100%-барлық жағдайларда |
Ескерту – С.Б. Мақыш Банк ісі/ Оқулық негізінде құрастылыған |
3.2. Қазақстанда банктік несиенің портфелінің сапасын жақсартудың жолдары
Несиелік портфель сапасын жақсарту жұмысы төмендегі бағыттар бойынша жүріп жатыр:
- несиелік тәуекелді бақылау және мониторинг жасау процедурасын жетілдіру – бұл бағытта 2006 жылы портфельдегі барлық мерзімінде өтелмеген займдарды мониторингтен өткізу саласы толығымен автоматтандырылды;
- заем алушылардың ішкі несиелік рейтингтік жүйесі жетілдірілді;
- несиелеу кезеңдерін әрі қарай оңайлату және тәуекелді дер кезінде бақылау мақсатында бизнес-процесстер жаңа несиелік өнімдерді автоматтандыру жалғасты;
- ұжымдық құрылымды оңтайландыру мақсатында несиелік тәуекелді тиімді бақылау үшін филиалдарда тәуекел менеджерлерінің штатын кеңейту жүргізілді;
- проблемасы көп активтерді бақылау процедурасы жетілдірілді.
Сурет 1- Несиелік портфельдің көлемі мен мерзімі өткен қарыздардың ұлғаю серпіні
Ескерту- «Альянс Банк » сайтынан алынған
2011 жылдың соңындағы мәліметтер бойынша, баланс есебінен жабылған несие үлесі ссудалық портфельдің 0,08 пайызын құрады. 2010 жылы қалпына келтірілген несиелер саны 2009 жылмен салыстырғанда аздап қана өзгеріп, 60 миллион теңгені құрады.
20-кесте. Банктің ссудалық портфелі сапасының өзгеру динамикасы
| 2009, мың тг | 2010, мың тг | 2011, мың тг |
Баланс есебінен жабылған несиелер | 334 | 39 | 534 |
Ссудалық портфельдегі үлесі | 0,61% | 0,02% | 0,08% |
Қалпына келтірілген несиелер | 3 | 67 | 60 |
Ескерту – «Альянс банк» сайтынан алынған |
Ссудалық портфель сапасының артуы Банкке займдар бойынша провизияларды қысқартуға мүмкіндік береді, 2010 жылдың соңында оның көлемі 3,3 пайызды құрады. Банк жедел несиелер бойынша сақтандыру компаниялармен басқа да қаржылық шығындардан сақтандыру келісім шарттарын жасады.
Банк бұрынғысынша несиелік портфельдің шоғырлану көлемін бақылап отыр. Мәселен, ең ірі он несиенің үлесі жалпы несиелік портфельде ең оңтайлы деңгейде сақталып отыр, 2010 жылдың соңындағы сәлімет бойынша, оның көлемі 14 пайызды құрады, бұл жыл басындағы 4 пайызға аз көрсеткіш.
2009 2010 2011
Сурет – 2 Несиелік портфель жəне оның банк активеріндегі үлесінің өсу динамикасы
Ескерту – «Альянс банк» сайтынан алынған
Банк әрдайым салалық диверсификациялау құрылымдарының сапасын жақсарту бағытында жұмыс істеп келеді. Аймақтар бойынша салалық бағыттардың картасы әзірленіп, жұмыс істеп тұр. Ол бойынша, аймақтық, салалық, басымдылықтар белгіленіп, салалық лимит көрсетілген.
2011 жылдың қорытындылары бойынша Банктің несиелік портфелі 2010 жылмен салыстырғанда 3,5 есе немесе 449 660 миллион теңгеге өсіп, 633 027 миллион теңгеге жетті. Оның активтегі үлесі 2009 жылдың соңындағы 55%-бен салыстырғанда едәуір өсіп, 69%-ға жетті.
Банк әрдайым салалық диверсификациялау құрылымдарының сапасын жақсарту бағытында жұмыс істеп келеді. 2010 жылдың соңында оның көлемі 3,3 пайызды құрады. Банк жедел несиелер бойынша сақтандыру компаниялармен басқа да қаржылық шығындардан сақтандыру келісім шарттарын жасады.
Альянс Банк берген несиелер көлемінің өсуі ең алдымен сату желісінің кеңеюімен бөлшек несиелеу белсенділігінің артуы және халық үшін тартымды несиелік бағдарламалардың көбеюі арқасында мүмкін болды. Несие портфелі құрылымындағы бөлшек несие үлесі жыл сайын артып келеді, 2010 жылы бұл көрсеткіш 17 пайызға өскен. Банктің ссудалық портфеліндегі бөлшек несиенің үлес салмағы 2010 жылдың соңында 44 пайызға жетті.
20-кесте. Салалар бойынша несиелік портфельдің өсу динамикасы
| 2009 | 2010 | 2011 |
Несиелік портфель, жалпы | 54 312 | 183 367 | 633 027 |
Бөлшек несиелеу | 9 334 | 49 981 | 278 936 |
Корпоративтік, шағын және орта бизнес құрылымдарын несиелеу | 44 978 | 133 386 | 354 091 |
Ескерту – «Альянс банк» сайтынан алынған |
Қазіргі кездегі «Альянс банктің» банктік ссудалық портфелінің сапасын талдайтын болсақ, 2011 жылдағы көрсеткіш алдыңғы екі жылмен салыстырғанда едәуір өзгерген. Соның ішінде несиелік портфельдің сапасы артуда. Несиелік портфельдің сапасы 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 28,9%-ға өскен, ал бөлшек несиелеудің сапасы 2010 жылды 2011 салыстырғанда 17,9% ға дейін артқан, ал корпоративтік, шағын және орта бизнес құрлымдарын несиелеудің сапасы 2010жылды 2011 жылмен салыстырғанда 37,6% ға дейін өскен.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, несиенiң рөлiн несиелік қатынастардың жұмыс iстеуiне әкелiп соқтыратын нәтижесiмен анықтауға болады. Несие өзiнiң қызметi арқылы ұдайы өндiрiс процесiне әсер етедi. Жоғарыда аталып өткендей, несиенiң өз қызмет саласы бар, ол қозғалыстың барлық құндылықтарымен емес, шаруашылық айналымда пайдаланылмай тұраған, қайта айналып құйылудың бастапқы кезiнде қайта бөлiну мүмкiн бөлгiмен ғана байланысты. Несиенiң көмегiмен шешiлетiн мiндеттер қогамдық дамудың әр түрлi кезеңдерiнде өзгерiп отыруы мүмкiн.
Жаңа өндiрiс ашумен оларды кеңейту iсiнде де несиенiң атқаратын рөлі зор. Несиенiң көмегiмен айтарлықтай қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орталықтандыру жаңа өндiрiстердiң iрi жобаларын iске асыруга, жаңа техникалық ендiруге, жоғары қосымша құны бар өнімдердi өндiрудi қайта жарақтауга байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
Қазақстанда экокомиканың шикiзаттық бағытынан арылып, жоғары дамыған өңдеу секторын құру мақсатын көздейтiн КР-ның 2003—2015 жылдарға арналган индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы жүзеге асуда. Бұл ретте өзiнiң несиелiк қаржыларын осы багдарламаны жүзеге асыруга багыттайтын несие жүйесiне үлкен умiттер артылуда. Несиенi капиталдық салымдар есебiнде пайдаланудың бюджеттiк қайта айналмалы қаржыландырумен айтарлықтай маңызды артықшылықтары бар. Ол капиталдық шығынның тиiмдiлiгiн осы шаралардың пайда есебiнен қарызды өтеудiң мүмкiндiктерiн анықтаумен әрi несие шараларының өтелу мерзiмi шегiнде қарызды өтеудiң мерзiмiн белгiлеуменi жүйелi бақылауга мүмкiндiк бередi.
Халық пеп шаруашылық органдарына қызмет көрсететiн қаржы-несие ұйымы несие жүйесiнің жұмысы шаруашылық құрылымды дамытуда айрықша роль ойнайды. Қаржы-несие тетiгiнiң тиiмдiлiгi мен үздiксiз жұмыс iстеуiне тек жеке шаруашылық бiрлiктерiнің қаражатты уақтылы алып тұруы гана емес, сонымен бiрге тұтас ел экономикасының даму қарқыны да тәуелдi.
Несиенiң ғылыми-техникалық прогрестi жеделдету қызметi гылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенiң көмегiнсiз көптеген гылыми-зерттеу орталықтарының жұмыс жасауы қиынға туседi. Сондай-ақ несие өндiрiске гылыми технологияларды жаңалық ретiнде енгiзу үшiн де аса қажет болып табылады. Себебi, ондай шығындар бастапқыда кәсiпорынның қаражатымен, оның iшiнде орта және ұзақ мерзiмдi банктiң несиелерi есебiнен қаржыландырылады
Бiз дамыган нарықтық экокомикасы бар елдердiң қазiргi кездегi несие жүйесiн сипаттаушы кейбір маңызды мәселелерге ғана тоқталдық. Өз экономикасын нарықтық жолга қайта құрушы Қазақстан үшін әлемдiк банк жүйесiнің қазiргi кездегi даму тенденциялары‚ үлкен қызыгушылық –туғызады, өйткені нарықтық экономикаға өту өзiндiк нарыктық несие жүйесiн құруды талап етедi. Республикамыз үшін шет ел тәжiрибесiн толығымен меңгерген тиiмдi болады, өйткені экономика нарыққа өтудiң ең басында тур, ал Батыс болса мұнда бұрыннан қызмет етуде, бiрақ осы тәжiрибеде барлық жагымды жайттардың алган дұрыс болады, өйткенi ол өтпелi кезек жагдайында өз қолданысын табары сөзсiз.
Несиелiк (ипотекалық тұтыну несиесі) арқасында тұрғын‚ үй құрылысы, пәтерлер, автокөлiк және басқа да тұрмыстық машиналар мен аппараттар алу мен шаруашьтлықты қалыптастыру сияқты коғамдагы көптеген әлеуметтiк мәселелердi шешуге қол жетiп отыр.
Несиенiң көмегiмен басқа мемлекеттермен байланыстар ныгайып, әлемдiк экономикага араласуга мүмкiндiктер туып келедi.
Сонымен, жекелеген шаруашылықпен айналысушы экономикалық субъектiлердiң өмiр сүруi мен жалпы халықшаруашылыгының дамуына да, микроденгейiне байланыстардың дамуында, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын көтеруде несиенің атқаратын рөлi өте зор екен.
Несие саласын мейлiнше тарылтудың да керi әсерi бар, себебi төлем қаржыларының жеткiлiксiздiгiнен шаруашылық субъектiлерi ТМҚ-ны, жабдықтарды сатып ала алмайды, өзiнiң қызметкерлерiне еңбекақы төлей алмайды, негiзгi қорларды жалға ала алмайды және т.б. Сайып келгенде мұның бәрi өндiрiсте, тауарларды сатып-таратуда өз көрiнiсiн байқатпай қоймайды.
Несиенiң шектерiн негiздеп анықтау мен сақтаудың сұраныс пен ұсыныстың, айналымдағы тауар мен ақша көлемдерiнiң, өндiрiс пен тауарларды сатып-таратудың араларындағы үйлесiмдi тепе-теңдiктердi сақтай тұру үшiн маңызы зор.
Несиенiң сандық шегi несиелiк қаржыларды сандық жағынан шектеумен байланысты. Шектеулердiң әдісi әр турлi, тура әдiс — Ұлттық банк мiндетті қор көздерiнiң мөлшерiн арттырып, соның нәтижесiнде несие көздерiнiң көлемiн азайтады, экономикалық әдiс — пайыздық мөлшерлеменi көтерудiң нәтижесiнде несиелеу процесiн тежейдi, Сапалық шектерi — бұл жағдайда несие тар көлемдiк деңгейде де, кең көлемдiк деңгейде де керi әсер етуi мумкiн.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. 31 тамыз 1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы банктік қызмет және банктер туралы» Заңының күшіне ие Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.
Информация о работе Банктік ссудалардың қайтарылыуын қамтамасыз ету