Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 10:54, дипломная работа
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъект сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлеріне олардың істеген еңбектері үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтары үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі.
2 Банктік несиенің қайтарылуын қамтамасыз етудің формаларына талдау және олардың несиелік тәуекелдерді азайтудағы маңызы.
2.1 Банктік несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етудің бірінші реттегі қаржы көздері
Несиені қайтаруды қамтамасыз етудің бірінші реттегі қаржы көздері:
-ақша ағынын талдау;
-пайда;
-табыс;
-активтерді сатудан түскен түсімдер;
-жоғары өтімді активтер.
Ақша ағыны – қаржылық жыл ішінде банктің табатын және төлейтін ақшалай қаражаттар сомаларының арасындағы айырма болып табылады.
Ақшалай ағынның бағалану көрінісі ең қолайлы және тиімді анализдік инвестициялық проектте жүреді. Көптеген ақшалай ағындары 2 элементтен тұрады: қажетті инвестиция, ақша ағындарының шыққан шығындармен байланысты. Алдыңғы болжанған болжаммен бағаның көбінесе басқа мамандықпен сонымен қатар маркетингпен бухгалтерлер, кәсіпкерлермен, шығарушылар.
Ақшалай ағындар және бухгалтерлік есеп. Басқадай қате көздерге байланысты бұл бухгалтерлік есепті әр түрлі біріктірулер және кірістер, ал олар көбінесе бір келісімде болмайды, қорытындыға келу үшін ақша ағымы қажет.Мысалы: бухгалтер өзіндік кірістерді, олар ақша жүйесінде жүреді, олар ақша ағымдарына байланысты емес жартылай айналыстағы ағымдар кредит арқылы жасалады. Кіріс кірген кезде шығынды санамайды капиталдың кіріс арқылы олардың ақшалай қосылғандығын керісінше амортизациялық санау жүйесі жүреді, ақшалай ағымға тиіспейді.
Тікелей әдісті қолданған жағдайдағы операциялық қызметтің нәтижесінде туындайтын ақша қаражатының ағынына жатады:
- түсімдеріне өнімдерді өткізуден алынған түсім тауарлы – материалдық қорларды жеткізуден және қызмет көрсетуден түскен аванстар: түрлі сипатта сыйақы төленген дивиденттер мен рояльтилердің проценттері басқа да және өткізуден тыс табыстар басқа түсімдер.
- жұмсалуына жатады өндірістік шығындары; тауарлы – материалдық қорларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және көрсетілген қызметтерге берілген аванстар, материалдар мен тауарлар үшін жеткізушілер мен мердігерлерге төлемдер, жалақы бойынша төлемдер мен басқа да төлемдер, бюджетпен әлеуметтік сақтандыру органдарымен бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу проценттерді төлеу басқа да төлемдер.
Инвестициялық қызмет ұзақ мерзімді активтерді сатып алу мен
сату өтелген несиелерді беру мен алу болып табылады. Инвестициялық қызметтердің нәтижесінде пайда болған ақша қаражаттары қозғалысының мысалы:
1.Ақша қаражаттарының түсуі:
- негізгі құралдары басқада ұзақ мерзімді активтерді және
- қаржылық инвестицияларды өткізуден;
- басқа заңды тұлғаларға берілген несиелерді алу;
- басқа түсімдер;
2.Ақша қаражаттарын алу:
- күрделі жұмсалымдар;
- негізгі құралдарды басқа ұзақ мерзімді активтерді және материалды емес активтерді сатып алу;
- қаржылық инвестицияларды сатып алу;
- басқа заңды тұлғаларға несие беру;
- басқа да төлемдер болып табылады.
Ақша ағынымен қатар инвестициялық жобаларды қорланған ақша
ағымы пайдаланылады оны сипаттайды:
- қорланған түсім;
- қорланған жұмсалу және қорланған сальдо
Олар есепті кезеңінің әр қадамына берілген және барлық өткен қадамдарда сәйкес ақша ағымдарының қосындысы болып табылады.
Есепті кезең қадамдарға уақыттың бөліктеріне бөлінеді. Сол уақыт ішінде қаржы көрсеткіштерді бағалау үшін пайдаланылатын деректер жиналады.
Ақша ағыны ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы. Әр қадамында ақша ағымының мәні сипатталынады:
- тұсімнен осы қадамдағы ақша түсуінің шамасымен;
- жұмсалумен – осы қадамдағы төлемдерге тең;
- сальдо түсім мен жұмсалу арасындағы айырма.Ақша ағыны әдетте банктің әр түрлі қызметтер ақша қаражатының қозғалысынан тұрады:
1.инвестициялық қызметтен ақша ағымы;
2.операциялық қызметтен ақша ағымы;
3.қаржы қызметтен ақша ағымы.
Операциялық қызметі – банктің, қаржылық ұйымның табыс табу жөніндегі негізгі қызметі мен инвестициялық және қаржы қызметіне қатысы жоқ өзге де қызмет.
Инвестициялық қызметі – ұзақ мерзімді активтер мен қаржы инвестицияларын сатып алу және сату.
Қаржы қызметі – меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын банктің қызметі.
Ақша ағындарын орындармен орналастыру. Қаржылық анализ ақшаның уақытша құнын көрсетеді, осыған келе арасындағы жағдай. Бұлардың арасындағы ақша ағымдарының ай сайын, немесе қозғалмалы ағымды көрсетеді.
Ақшалай қаражатты талдауда Батыс елдеріндегі практика бойынша оларды үш бағытты жүргізуді талап етеді:
- операциялық қызметтен ақша қаражаты,
- инвестициялық қызметтен ақша қаражаты,
- қаржылық қызметтен ақша қаражаты.
Ақшалай қаражаттар қозғалысы – түсетін және талап етілетін ақшалай қаражаттар. Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп берудің заңды тұлғалардан түсетін және талап етіп алынатын ақша қаражатының негізгі көздерін көрсетеді. Операциялық қызмет- заңды тұлғаның табысты алуы бойынша және басқа да қызметтері бойынша инвестициялық және қаржылық қызметке жатпайтын негізгі қызметі. Инвестициялық қызмет- ұзақ мерзімді активтерді тарту мен сату, өтеген несиелерді беру мен алу болып табылады. Қаржылық қызмет- жеке ақша қаражаттарының қозғалысы: ақша қаражаттарының акциялары және басқа да құнды қағаздарды шығарудан, банктік несиелерді алу мен өтеуден пайда болады[5].
Ақшалай қаражаттардың өзгеруіне талдау жүргізуде «Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласындағы филиалының ақшалай қаражаттарының қозғалысының динамикасын анықтау 19 кестеде көрсетілген.
Операциялық қызметтен 2007 жылы 237015 мың теңге, 2008 жылы 327607 мың теңге, 2009 жылы 348169 мың теңге ақшалай қаражат алынған. Инвестициялық қызметтен 239 мың теңге ақшалай қаражат 2006 жылы алынған. Қаржылық қызметтен 2007-2009 жылдар аралығында ақшалай қаражаттар алынбаған. «Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласындағы филиалының ақшалай қаражаттарының қозғалысының динамикасы 2007 жылы 4531 мың теңгеге ақшалай қаражат азайған, 2009 жылы 2755 мың теңгеге азайған, тек қана 2008 жылы 3501 мың теңгеге ақшалай қаражаттар ұлғайған. Есепті кезең 2007 жылдың соңында кәсіпорында 147 мың теңге, 2008 жылы 3648 мың теңге, 2009 жылы 893 мың теңге сомада ақшалай қаражаттар құраған.
Кесте 1 - «Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласындағы филиалының ақшалай қаражаттарының қозғалысының серпіні
Көрсеткіштер | 2008ж, мың тг | 2009ж,мың тг | 2010ж, мың тг | өзгерістер, 2010ж.% өсімі | |||
2008ж % | 2009ж% | ||||||
Операциялық қызметтен ақша қозғалысы | |||||||
1.Ақшаның түсуі-барлығы | 237015 | 327607 | 348169 | 146,9 | 106,3 | ||
1.1.Өнімді сату | 88334 | 128432 | 107634 | 121,8 | 83,8 | ||
1.2.Алынған аванстар | 54989 | 3222 | 1683 | 3,1 | 52,2 | ||
1-ші кестенің жалғасы |
|
|
|
|
| ||
1.3.Роялти | 93692 | - | - | - | - | ||
1.4.Өзге түсімдер | - | 195953 | 238852 | - | 121,9 | ||
2.Ақшаның шығуы-барлығы | - | 12368 | 234223 | - | 214,6 | ||
2.1.Тауарлар мен қызметтер үшін жеткізіп берушілерге төлем | 17775 | 66225 | 32919 | 164,2 | 44,1 | ||
2.2.Берілген аванстар | - | 1239 | 4510 | - | 364,0 | ||
2.3.Жалақы бойынша төлемдер | 20910 | 17556 | 22103 | 105,7 | 125,9 | ||
2.4.Корпоратвитвтік табыс салығы | - | - | - | - | - | ||
2.5.Бюджетке басқа төлемдер | 28051 | 16733 | 21983 | 78,4 | 131,4 | ||
2.6.Басқа төлемдер | 174810 | 222353 | 272896 | 156,1 | 122,7 | ||
3.Операциялық қызметтен таза ақша сомасы |
|
|
|
|
| ||
Инвестициялық қызметтен ақша сомасы | |||||||
1.Ақшаның түсуі-барлығы | - | - | - | - | - | ||
2.Ақшаның шығуы-барлығы | - | - | - | - | - | ||
2.1.негізгі жабдықтарды сату | - | - | 239 | - | - | ||
Қаржылық қызметтен ақша сомасы | |||||||
1.Ақшаның түсуі- барлығы | - | - | - | - |
| ||
2.Ақшаның шығуы-барлығы | - | - | - | - | - | ||
3.Қаржылық қызметтен таза ақша сомасы | - | - | - | - | - | ||
Жиынтығы: ақшаның көбеюі+/азаюы- | -4531 | 3501 | -2755 | 60,8 | -78,7 | ||
Есепті кезеңнің басындағы ақша сомасы | 4678 | 147 | 3648 | 77,9 | 2481,6 | ||
Есепті кезеңнің соңындағы ақша сомасы | 147 | 3648 | 893 | 607,5 | 24,5 | ||
Ескерту – 2008-2010 жылдар аралығында «Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласындағы филиалының қаржылық есептемесінен алынды. |
Өтімді ақша қаражаты – кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсететін маңызды параметірлерінің бірі болып табылады. Ол белгілі бір уақыт (ай, тоқсан) аралығында таза несиелік позицияның өзгеруін сипаттайды.
Таза несиелік позиция фирмамен алынған несие соммасы мен ол иеленетін ақша қаражат көлемі арасындағы айырмашылықты білдіреді.
Кәсіпорынның банк несиелері есебінен қызыметінің жақсаруын білдіретін, шекті көрсететін, өтімді ақша қаражаты қаржылық леверидж (рычаг) көрсеткіші мен тығыз байланысты болады.
Қаржылық леверидж- меншікті капиталға (оның рентабельділігін жоғарылатуға көмектеседі) қосымша табыс алуға көмектесетін, қолданып жүрген капитал құрамында қарыз қаражаттарының пайда болуымен туындайтын объективті фактор болып табылады.
Қаржылық рычаг тиімділігі оң мәнді болғанда, активтердің экономикалық рентабельділігінің несие үшін орташа пайыздық мөлшерлемесінен артуы жағдайында ғана фирма маеншікті капитал табыстылығына қосымша табыс алады. Қаржылық рычаг тиімділігі теріс мәнді болғанда, фирманың меншікті капитал табыстылығынан шегеру байқалады, яғни фирма банк несиелерін тиімсіз қолданды.
Ақша қаражаты көлемін тікелей және жанама әдіспен есептеуден басқа фирманың таза ақша ағынын оперативті есептеуге көмектесетін әдіс бар.
Өтімді ақша қаражаты немесе таза несиелік позициядағы өзгерістер қарыз қаражаты бойынша барлық міндеттемелерді толық жабу жағдайында туындайтын ақша қаражаттарының дефицитті немесе профицитті сальдо көрсеткіштері ретінде қызмет етеді.
Өтімді ақша қаражат ағынын есептеу формуласы келесідей:
ЛДП=(ДК1+КК1-ДС1)-(ДК0+КК0-
мұндағы ЛДП-өтімді ақша қаражат ағыны;
ДК1, ДК0 –есепті период басы мен аяғына ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар;
КК1, КК0- есепті период басы мен аяғына қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар;
ДС1, ДС0- есепті период басы мен аяғына ақша қаражаттар.
Өтімді ақша қаражаты ағынының «Кедентранссервис»АҚ Атырау қаласындағы филиалында 2008-2010 жылдардағы мөлшері келесі 2 кестеде көрсетілген.
Кесте 2 - «Кедентранссервис»АҚ Алматы қаласындағы филиалында 2008-2010 жылдардағы өтімді ақша қаражат ағынын мөлшері
Жылдар | ДК1 | КК1 | ДС1 | ДК0 | КК0 | ДСО | ЛДП |
2008 | - | 29017 | 4678 | - | 66363 | 147 | -41877 |
2009 | - | 66363 | 147 | - | 44596 | 3648 | 25268 |
2010 | - | 44596 | 3648 | - | 96406 | 893 | -54565 |
Ескерту – 2008-2010 жылдар аралығында «Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласындағы филиалының қаржылық есептемесінен алынды. |
Информация о работе Банктік ссудалардың қайтарылыуын қамтамасыз ету