Банктік ссудалардың қайтарылыуын қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 10:54, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъект сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлеріне олардың істеген еңбектері үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтары үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі.

Работа состоит из  1 файл

Басталды.doc

— 685.00 Кб (Скачать документ)

 

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.

А1: өте өтімді активтер – ақшалай қаражаттар және қысқа мерзімді салымдар ( қысқа мерзімді бағалы қағаздар).

А2: тез өтімді активтер – дебиторлық қарыздаржәне басқа айшалым активтер.

А3: баяу өтімді активтер – тауарлы-материалды қорлар.

А4: қиын өтімді активтер – негізгі қорлар және басқа айналымнан тыс активтер.

Баланс пассивтері олардың төлену жеделдігі деңгейіне байланысты топтастырылады:

П1: неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер – несиелік қарыздар және уақытында төленбеген кредиторлық борыш.

П2: қысқа мерзімді пассивтер – қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар.

П3:  ұзақ мерзімді пассивтер – ұзақ мерзімді несиелер мен қарыз қаражаттары.

П4: тұрақты пассивтер - пассивтің бірінші бөлімінің «меншікті капитал» баптары.

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесі қатынастарда саналады:

А1 ≥ П1

А2 ≥ П2

А3 ≥ П3

А4 ≤ П4

Басқа сөзбен айтқанда, сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.

Кәсіпорын балансының өтімділігін анықтау 12 кестеде берілген.

2008 жылы: А1 < П1, А2 > П2, А3 >П3, А4  < П4;

2009жылы: А1 < П1, А2 > П2, А3 >П3, А4 < П4;

2010 жылы: А1  < П1, А2 > П2, А3 > П3, А4 < П4 болғандықтан баланс өтімді емес. Қарастырылып отырған кәсіпорын бойынша өтімділіктің төмен екенін көреміз, кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің төмендігін білдіреді. «Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалының өтімділігін талдау шын мәнінде баланстың  өтімді емес екеін көрсетеді.

 

Кесте 12 - «Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалының балансының өтімділігін анықтау

 

Актив

2008ж, мың тг

2009ж, мың тг

2010ж, мың тг

1. Өте өтімді активтер А1

147

3648

893

2. Тез өтімді активтер А2

100892

5843

9082

3. Баяу өтімді активтер А3

2842

12716

4966

4. Қиын өтімді активтер А4

48628

48186

79156

 

 

 

 

 

 

 

 

12-ші кестенің жалғасы

 

 

 

Пассив

2004ж

2005ж

2006ж

1. Неғұрлым жедел міндетемелер П1

66363

44596

96406

2. Қысқа мерзімді пассивтер П2

-

-

-

3. Ұзақ мерзімді пассивтер П3

-

-

-

4. Тұрақты пассивтер П4

86146

25797

-2309

 

 

 

 

Ескерту – 2007-2009 жылдар аралығында «Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалының  қаржылық есептемесінен алынды

             

Бұл кестеден кәсіпорынның балансының өтімділігін анықтауын көреміз, бірақ есеп шоттағы қаражат өндірістік үрдісті жалғастыру үшін жеткіліксіз. Сондықтан ақшалай қаражаттарды басқаруда қаржылық цикл ұзақтығын анықтау маңызды орын алады.

Кесте 13 - «Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалының таза табысы мен ақша қаражатының серпіні, мың теңге

 

жылдар

Өнімді өткізуден түскен табыс, мың тг

Өзіндік құн, мың тг

Жалпы табыс, мың тг

Есепті шоттағы ақшалай қаражат сомасы, мың тг

2007

174772

69227

105545

147

2009

120909

76876

44033

3648

2010

100829

78628

22201

893

Ескерту – 2007-2009 жылдар аралығында «Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалының  қаржылық есептемесінен алынды

             

Бұл кестеден кәсіпорын негізгі  қызметтен табыс алуын көреміз., бірақ есеп шоттағы қаражат өндірістік үрдісті жалғастыру үшін жеткіліксіз. Сондықтан ақшалай қаражаттарды басқаруда қаржылық цикл ұзақтығын анықтау маңызды орын алады.

Қаржылық цикл, немесе ақшалай қаражаттың айналым циклы деп ақшалай қаражаттың айналымнан бос болатын уақытын айтамыз. «Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалының операциялық және қаржылық цикл ұзақтығының динамикасы келесі 14 кестеде көрсетілген.

 

Кесте 14 - «Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалының операциялық және қаржылық цикл ұзақтығының серпіні

 

Көрсеткіштер

2007ж.

2008ж.

2009ж.

1.Тауарлы- материалдық қорлар (ТМҚ), мың теңге

2842

12716

4966

2.Дебиторлық қарыздар, мың теңге

100892

5843

9082

3.Несиелік қарыздар, мың тг

66363

44596

96406

14-ші кестенің жалғасы

 

 

 

4. Өнімнің өзіндік құны, мың теңге

69227

76876

78628

5. Өнімді өткізуден түскен табыс, мың теңге

174772

120909

100829

6. ТМҚ айналым ұзақтығы, тәулік

15

60

23

7.Дебиторлық қарыздың айналым ұзақтығы, тәулік

210

18

33

8.Несиелік қарыздың айналым ұзақтығы, тәулік

350

212

448

9.Операциялық цикл ұзақтығы, тәулік

225

24

56

10.Қаржылық цикл ұзақтығы, тәулік

-125

-188

-392

 

Ескерту – 2007-2009 жылдар аралығында «Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалының  қаржылық есептемесінен алынды.

 

«Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалының қаржылық циклға несиелік қарыздың айналым ұзақтығының ұлғаюы тікелей әсер еткен. Несиелік қарыздың «созылуы» - төлемдерді жасаудың баяулауы, үзілісін береді. Мерзімінде, уақытылы несиелік қарыздарды төлемеу қысқа мерзімді қаржыландырудың қосымша көзі ретінде пайдаланылады. «Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалының 2007-2009 жж. аралығында қысқа мерзімді міндеттемелер несиелік қарыздар сомасынан құралған. Операциялық цикл ұзақтығы тым үлкен емес, яғни өндірістік қорлар мен дебиторлық қарыздың айналымы бір жылда жылдам жүргізіледі, ал несиелік қарыздың айналымының жоғары болуына байланысты қаржылық цикл теріс таңбалы болған.

 

Кесте 15 - «Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалының ақшалай қаражаттардың болжамды бюджеті (мың теңге)

 

Көрсеткіштер

2009ж, мың тг

2010ж, мың тг

1.Ақшалай қаржаттың түсуі

348169

417802

1.1.өнімді сатудан

107634

129160

1.2.өзге түсімдер

240535

288642

2.Ақшалай қаражаттың шығуы

350924

366482

2.1.несиелік қарызды өтеу

77789

93347

2.2.өзге төлемдер

273135

273135

3.Жиынтығы: ақшаның көбеюі+/азаюы-

-2755

+51320

Ескерту – 2010 жылдағы «Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалының  қаржылық есептемесінен алынды.

 

Қаржылық менеджменттің қысқа және ұзақ мерзімді аспектілерінің интерференциясы қаржылық болжамдауда ең ашық нысанда берілген. Қаржылық болжамдаудың бастапқы нүктесі – сату болжамы және оған сәйкес келетін шығыстар болжамы; соңғы нүктесі мен мақсаты сыртқы қаржыландыруда қажеттілікті есептеу болып табылады.

Қаржыландыру қажеттіліктерін болжамдаудың негізгі қадамдарын белгілейік:

-       статистикалық немесе басқа әдістер арқылы сату болжамын құру;

-       ауыспалы шығындар болжамын құру;

-       сатудың қажетті көлеміне жету үшін қажетті негізгі және айналым құралдарына инвестициялар болжамын құру;

-       сыртқы қаржыландыру қажеттілігін есептеу  және қаражаттар көздерінің рационалды құрылымының қалыптасу қағидасын ескере отырып, сәйкес көздерді іздеу.

Бірінші қадамды маркетологтар жасайды. Екінші, үшінші және төртінші қадамдарды қаржыгерлер орындайды.

Қаржылық болжамдаудың екі негізгі әдістері бар. Олардың бірі – бюджеттік, ол ақша ағымдарының концепциясына және бизнес жоспардың қаржылық бөлімін есептеуге негізделеді. Екінші әдіс бұл –  «сатулардан пайыздар әдісі» (бірінші модификация) және «формула әдісі» (екінші модификация).

Сонымен, барлық есептеулер үш жорамал негізінде жасалады:

-         белгілі бір пайызға сату көлемінің өсуі кезінде ауыспалы шығыстар, ағымдағы активтер және ағымдағы міндеттемелер соншалықты пайызға өседі. Бұл ағымдағы активтер де, ағымдағы міндеттемелер де жоспарлы кезеңде өткізуден түскен түсімнен бұрынғы пайызды құрады;

-         негізгі құралдар құнының өсу пайызы болжамдау кезеңінің басында жүктелмеген негізгі құралдардың болуын есепке ала отырып және бизнестің технологиялық жағдайларына сәйкес айналымды өсірудің берілген пайызы арқылы және өндірістің қолда бар құралдардың материалды және моральді тозу деңгейі арқылы есептеледі;

-         ұзақ мерзімді міндеттемелер және акционерлік капитал болжамға өзгеріссіз алынады. Бөлінбеген табыс таза табысты дивидендтерге және өткізілген өнімнің таза рентабельділікке бөлу нормасын есепке ала отырып болжамдалады: негізгі кезеңнің бөлінбеген табысына болжамданатын таза табыс (болжамданған өткізілген өнімнен түскен табысты өткізілген өнімнің таза рентабельділігіне көбейту) қосылады, кейін дивидендтер (таза табысты дивидендтерге бөлу нормасына көбейтілген болжамданатын таза табыс алынып тасталады.

Мұның бәрін есептегеннен кейін қажетті активтерді пассивтермен жабуға жеткіліксіз пассивтерді анықтайды, бұл қосымша сыртқы қаржыландыру болып табылады. Сонымен қатар бұл соманы келесі формула арқылы есептеуге болады:

Информация о работе Банктік ссудалардың қайтарылыуын қамтамасыз ету