Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 10:54, дипломная работа
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъект сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлеріне олардың істеген еңбектері үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтары үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі.
«Кедентранссервис»АҚ Алматы қаласындағы филиалында 2008-2010 жылдардағы өтімді ақша қаражат ағынын мөлшері 2008 жылы 41877 мың теңгеге және 2010 жылы 54565 мың теңгеге төмендеген, ал 2009 жылы өтімді ақша қаражат ағыны 252568 мың теңге сомада жоғарылаған.
Кәсіпорынның бухгалтерлік бас кітабы негізінде әр айдың соңына арналған динамикалық көрсеткіштер қатарын құруға және оның төлем қабілеттілік деңгейі жайлы қорытынды жасауға болады. Есепті периодта түскен ақша қаражаттары негізінде, сонымен қатар несиелердің және қарыздардың жалпы массасы бойынша есепті жүргізуге болады. Басқа өтімділік (абсолютті, ағымды және жалпы) көрсеткіштеріне қаағанда өтімді қаражат ғыны айырмашылығы мынада: фирманың сыртқы креиторларымен өз міндеттемелерін өтей алуын көрсететін өтімділік коэффициенттері. Өтімді ақша қаражат ағыны өнімді өндіру және өткізумен байланысты фирманың кәдімгі қызмет түрінен алынатын ақша қаражаттың абсолютті көлемін сипаттайды. Сондықтан да ол фирманың тиімді жұмысын білдіретіндіктен ішкі көрсеткіш болып табылады.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстың құнын құру барысында жүргізіледі.
Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.
«Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласындағы филиалының баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың құрылымына талдау жасау үшін келесі 3,4,5,6 аналитикалық кестелері құрылады.
Кесте 3 - «Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласындағы филиалының активтерінің құрамы мен құрылымы, 2010 ж.
Көрсеткіштер | 01.01.2009ж. | 01.01.2010ж. | Ауытқулар | |||
Мың теңге | % үле-сі | Мың теңге | % үле- сі | (+,-) мың теңге | % үлесі | |
1.Ұзақ мерзімді активтер | 37505 | 62,3 | 48628 | 31,8 | +11123 | 129,7 |
2. Ағымдағы активтер | 22669 | 37,7 | 103881 | 68,2 | +81212 | 458,3 |
2.1.Ақша қаражаты және қаржы | 4678 | 7,7 | 147 | 0,1 | -4531 | 3,1 |
3-ші кестенің жалғасы |
|
|
|
|
|
|
2.2.Дебиторлық қарыздар | 12829 | 21,4 | 100892 | 66,2 | +88063 | 786,4 |
2.3.Тауарлы-материалдық қорлар | 5162 | 8,6 | 2842 | 1,9 | -2320 | 55,1 |
Барлық активтер | 60174 | 100 | 152509 | 100 | +92335 | 253,4 |
Ескерту – 2008 жылдағы аралығында «Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалының қаржылық есептемесінен алынды. |
Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының 01.01.2009 жылы 01.01.2008жылға қарағанда 92335 мың теңгеге немесе 2,534 есе артқандығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарай дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Кесте 4 - «Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласындағы филиалының активтерінің құрамы мен құрылымы, 2010 ж.
Көрсеткіштер | 01.01.2009ж. | 01.01.2010ж. | Ауытқулар | |||
Мың теңге | % үлесі | Мың теңге | % үлесі | (+,-) мың теңге | % үлесі | |
1.Ұзақ мерзімді активтер | 48628 | 31,8 | 48186 | 68,5 | -442 | 99,1 |
2. Ағымдағы активтер | 103881 | 68,2 | 22207 | 31,5 | -81674 | 21,4 |
2.1.Ақша қаражаты және қаржы инвестициялары | 147 | 0,1 | 3648 | 5,2 | +3501 | 2481,6 |
2.2.Дебиторлық қарыздар | 100892 | 66,2 | 5843 | 8,3 | -95049 | 5,8 |
2.3.Тауарлы-материалдық қорлар | 2842 | 1,9 | 12716 | 18,0 | +9874 | 447,4 |
Барлық активтер | 152509 | 100 | 70393 | 100 | -152509 | 46,2 |
Ескерту – 2009 жылддағы «Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласындағы филиалының қаржылық есептемесінен алынды. |
Кесте мәліметтерінен «Кедентранссервис»АҚ Алматы қаласындағы флиалындағы активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының 01.01.2010 жылы 01.01.2009жылға қарағанда -152509мың теңгеге немесе 46,2 пайызға дейін төмендегенін көреміз. Бұл кәсіпорынның ағымдағы активтерінің сомаының 21,4 пайызға төмендеуінен болған.
Кесте 5 - «Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласындағы филиалының активтерінің құрамы мен құрылымы, 2010 ж.
Көрсеткіштер | 01.01.2009ж. | 01.01.2010ж. | Ауытқулар | |||
Мың теңге | % үлесі | Мың теңге | % үле- сі | (+,-) мың теңге | % үлесі | |
5-ші кестенің жалғасы |
|
|
|
|
|
|
1.Ұзақ мерзімді активтер | 48186 | 68,5 | 79156 | 84,1 | +30970 | 164,3 |
2. Ағымдағы активтер | 22207 | 31,5 | 14941 | 15,9 | -7266 | 67,3 |
2.1.Ақша қаражаты және қаржы инвестициялары | 3648 | 5,2 | 893 | 0,9 | -2755 | 24,5 |
2.2.Дебиторлық қарыздар | 5843 | 8,3 | 9082 | 9,7 | +3239 | 155,4 |
2.3.Тауарлы-материалдық қорлар | 12716 | 18,0 | 4966 | 5,3 | -7750 | 39,1 |
Барлық активтер | 70393 | 100 | 94097 | 100 | +23704 | 133,7 |
Ескерту – 2010 жылдағы «Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласындағы филиалының қаржылық есептемесінен алынды. |
Кесте мәліметтерінен «Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласындағы филиалындағы активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының 01.01.2010жылы 01.01.2009 жылға қарағанда 23704 мың теңгеге немесе 1,337 есе артқандығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарай дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Кесте 6 - «Кедентранссервис» АҚ активтерінің Алматы қаласындағы филиалының активтерінің құрамының 2008-2010 жылдардағы өзгерісі
Көрсеткіштер | 2008ж, мың тг | 2009ж, мың тг | 2010ж, мың тг | 2010ж. өзгерісі, салыстыру,% | |
2008ж % |
2009 ж %
| ||||
1.Ұзақ мерзімді активтер | 48628 | 48186 | 79156 | 162,8 | 164,3 |
2. Ағымдағы активтер | 103881 | 22207 | 14941 | 14,4 | 67,3 |
2.1.Ақша қаражаты және қаржы инвестициялары | 147 | 3648 | 893 | 607,5 | 24,5 |
2.2.Дебиторлық қарыздар | 100892 | 5843 | 9082 | 9,0 | 155,4 |
2.3.Тауарлы-материалдық қорлар | 2842 | 12716 | 4966 | 174,7 | 39,1 |
Барлық активтер | 152509 | 70393 | 94097 | 61,7 | 133,7 |
Ескерту – 2008-2010 жылдар аралығында «Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласындағы филиалының қаржылық есептемесінен алынды. |
Бұл кестеден «Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласындағы филиалындағы активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының 2008-2010 жылдар аралығында активтердің құнының өзгерісін көреміз. 2010 жылы барлық активтер құны 2008 жылғы қарағанда 58412 мың теңгеге төмендеген. Бұл төмендеу ағымдағы активтердің сомасының 88940 мың теңгеге азаюы себебінен туындаған. Ағымдағы актвитердің соңғы 2 жылдағы төмендеуі дебиторлық қарыздар сомасының төмендеуінен пайда болған. Кәсіпорында активтердің сомасының жалпы төмендеуіне қарамастан ұзақ мерзімді активтер сомасы 1,643 есе жоғарылаған. Бұл кәсіпорынның әрі қарай дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды және өндірістік потенциалының жоғарылауын көрсетеді.
Сонымен кәсіпорынның балансында талданушы мерзім аяғына қарай ұзақ мерзімді активтер үлесі жоғарылап, ағымдағы активтер сомасының төмендеуін көреміз. «Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласындағы филиалының ағымдағы активтерінің өсіміне әсер етуші факторлар келесі кестеден анықтауға болады.
2010 жылы «Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласындағы филиалының ағымдағы активтерінің 7266 мың теңге сомасында төмендеуіне таза табыстың -28106 мың теңгеге төмендеуі, амортизациялық аударымдар сомасының 3114 мың теңгеге азаюы, негізгі құралдардардың сомасының 28022 мың теңгеге жоғарылауы кері әсерін тигізген. 2009 жылы «Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласындағы филиалының ағымдағы активтерінің 81674 мың теңге сомасында төмендеуіне таза табыстың -60349 мың теңгеге төмендеуі, негізгі құралдардардың сомасының 3856 мың теңгеге жоғарылауы, несиелік қарзыдардың 21767 мың теңгеге төмендеуі кері әсерін тигізген.
Кесте 7 - «Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласындағы филиалының ағымдағы активтерінің өсіміне әсер етуші факторлар
Көрсеткіштер | 2008ж. | 2009ж | 2010ж. | |||
Мың теңге | % үлесі | Мың теңге | % үлесі | мың теңге | % үлесі | |
1.Таза табыс | +54989 | +67,7 | -60349 | -73,9 | -28106 | -386,8 |
2.Амортизациялық аударымдар | -39318 | -48,4 | +4298 | +5,3 | -3114 | -42,9 |
3.Несие бойынша міндеттемелердің ұлғаюы | - | - | - | - | - | - |
4.Меншікті капиталдың өзгерісі | - | - | - | - | - | - |
5.Күрделі салымдардың өзгерісі | - | - | - | - | - | - |
6.Несиелік қарыздар | +37346 | +45,9 | -21767 | -26,7 | +5180 | +713,1 |
7.Материалдық емес активтер | +1246 | +1,5 | - | - | +166 | -2,3 |
8.Негізгі құралдар | +26036 | +32,1 | -3856 | -4,7 | -28022 | -385,7 |
9.Өзге ұзақ мерзімді активтер | +913 | +1,2 | - | - | - | - |
10.Өзге пассивтер | - | - | - | - | - | - |
7-ші кестенің жалғасы |
|
|
|
|
|
|
11.Барлық өсім факторлары | +12530 | +148,4 | +4298 | +5,3 | 51976 | 715,3 |
12.Барлық төмендетуші факторлар | -39318 | -48,4 | -85972 | -105,3 | -59242 | -815,3 |
13.Ағымдағы активтердің өсімі | 81212 | 100 | -81674 | 100 | -7266 | 100 |
Ескерту– 2008-2010 жылдар аралығында «Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласындағы филиалының қаржылық есептемесінен алынды. |
Информация о работе Банктік ссудалардың қайтарылыуын қамтамасыз ету