Банктік ссудалардың қайтарылыуын қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 10:54, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъект сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлеріне олардың істеген еңбектері үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтары үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі.

Работа состоит из  1 файл

Басталды.doc

— 685.00 Кб (Скачать документ)

Кепілзат ұстаушының талабын үшінші тұлға қанағаттандырған жағдайда үшінші тұлғаға талап құқығымен бірге Қазақстан Республикасы талапқа кеңшілік заңында қарастырылған тәртіпте оны қамтамасыз ететін кепілзат құқығы да беріледі.

Кепілзат туралы келісімшартпен кепілзат ұстаушыға міндеттеменің орындалу мерзімі ұзартылатын болса, кепілге салынған мүлікті немесе басқадай құндылықты соттың шешімінсіз дербес өткізуе құқық беріледі. Мұндай жағдайда келісімшартта сатудың ең аз шамадағы бағасы анықталады немесе бағалаудың тәртібі белгіленеді немесе бұл мүлікті екі жақтың да мүдделерін қорғай отырып өткізудің жөн-жосығы белгіленеді.

Заң органдары жекелеген жағдайлардың да құқығын белгілейді. Онда өндіріп алу несие берушінің пайдасына нотариустың орындаушы жазуының негізінде сөзсіз тіртіппен жүзеге асырылады. Сонымен бірге, мынандай да ереже бар: кепілге салынған мүлік сатлмайынша кепілзат беруші негізгі келісімшарт бойынша міндеттемені орындау арқылы оны сатқызбауға құқылы. Кепілзат құқығы мынандай жағдайларда тоқтатылады:

-                                  кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеме аяқталғанда;

-                                  кепілге салынған мүліктің немесе басқадай құндылықтың апатқа ұшыраған жағдайында;

-                                  кепілзат ұстаушы кепліге салынған мүліктің немесе басқадай құндылықтың меншік құқығын сатып алғанда;

-                                  қарызды құрайтын құқықтың аяқталуы бойынша.

Кепілзатты тоқтатудың қалыпты (табиғи) жағдайына кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттееменің орындалуы жатады.

Негізгі борыштың орындалуы тиісті құжаттармен (борышты алғаны туралы несие берушінің қолхатымен, кепілге салынған мүліктің немесе басқадай құндылықты қабылдау – табыс ету актісімен және т.б) бекітіледі.

Міндеттеме біртіндеп орындалатын жағдайда міндеттеме толық орындалмайынша кеілзат сақталатын болады.

Кепілгерлік шарт. Бұл келісімшарт бойынша кепілгер басқа тұлға (қарызгер) үшін несие берушінің алдында оның өз міндеттемесін орындауына жауапты болады. Кепілгерлік несие берушіге міндеттемее орындалмаған жағдайда борышқорға қатысты өзінің талабын кепілгерлікпен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша нақты қанағаттандыруына үлкен мүмкіндік тудырады, өйткені, кепілгерлікті міндеттеменің орындалмауына борышқормен бірге кепілгер де жауап беретін болады. Қарыз алушы мен кепілгер несие берушінің алдында ынтымақты борышқорлар ретінде жауап береді.

Кепілгерлік шарты жазбаша формада жасалады және нотариалдық тұрғыдан расталуы керек. Несие беруші банк пен борышқордың және оның кепілгерінің арасында бекітілетін кепілгерлік шартта борышқордың, кепілгерлік және несие беруші банктің атауы мен мекенжайы, төлем сомасы, мерзімі және оны төлеудің шарты, банк пен кепілгер арасындағы есеп айырысудың тәртібі көрсетіледі. Кепілгерлік өзі қамтамасыз еткен міндеттеме аяқталғанда, сондай-ақ, егер несие беруші міндеттеме мерзімі басталған күннен бастап үш ай ішінде кепілгерге талап қоймайтын болса, тоқтатылады. Міндеттемені кепілгердің орындауы бойынша мұндай талап қойылған жағдайда несие беруші (банк) борышқорға қатысты талапты айғақтайтын құжатты және осы талапты қамтамасыз ететін құқықты оған беруге міндетті.

Кепілдік -  бұл тек заңды тұлғалардың арасындағы міндеттемені қамтамасыз ету үшін қолданылатын кепілгерлік шарттың айырықша түрі. Онда кепіл субсидиярлық сипатта болады. Банктерді қоса алғанда борышқордан жоғары тұрған ұйымдар (министрлік, ведомость, ассоциация, бірлестік), жалға берушілер құрылтайшылар және өзге де кез келген ұйым ссуда бойынша кепіл бола алады. Бұл жағдайдағы жалғыз шарт – кеілдің қаржылық жағдайы тұрақты болуы керек. Кепілдік несие беруші банк мекемесіне ұсынылатын кепілдік хатпен рәсімделеді. Хатта кепіл мен ссулданы алушы ұйымның атаулары, оларға қызмет көрсететін банк мекемесінің атауы, ссуданың түрі мен оны өтеудің мерзімі, кепілдіктің сомасы мен оның шекті мерзімі көрсетіледі. Ссуданы алуышының есеп айырысу шотында несиені өтейтін қаражат болмаған жағдайда банк кепілге ссуданы өтеу жөнінде талап қояды.

Несие тәуекелдігін сақтандыру ссуданың қайтарылуын қамтамасыз етудің формасы ретінде барлық қатысушыларға пайдалы мәміле болып табылады. Мәселен, ішінара алғанда, қарыз алушы кәсіпорын (сақтанушы) несиені уақытылы өтей алмай қалған жағдайда іскерлік репутацияны жоғалтып алудан сақтанады. Банк сақтандыру мәмілесінің тікелей қатысушысы болмаса да, несиені қайтарудың жоғары кепілдігіне ие болады. Сақтандырушы ұйым өзінің көрсеткен қызметі үшін сақтандыру тарифі түрінде сыйақы алады.

Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары үшін осы сақтандыру түрі бойынша қатерді жоғары болуына байланысты (әсіресе, экономиканың қазіргі даму сәтінде) оны негізінен мемлекеттік емес коммерциялық сақтандыру қоғамдары мен компаниялары жүзеге асырып жүр. Банктер олармен іскерлік қарым-қатынасқа түсе отырып, олардың құрылтайшылық құжаттары мен қаржылық жағдайын мұқият талдауы қажет. Бұл үшін мынандай құжаттарды талап етуі керек:

-                                  сақтандыру операцияларын жүзеге асырудың лицензиясын;

-                                  тіркелгені туралы айғақты (ұйымдық формасы кез келген формада болуы мүмкін);

-                                  құрылтайшылық келісімшартты;

-                                  несиені барлық қосымшаларымен өтей алмай қалған жағдайда қарыз алушының жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ережені;

-                                  несиенің банк пайдасын: балансқа өтелмей қалу қатерін сақтандырудың үлгілік келісімшартын;

-                                  «Қаржылық нәтижелер жөнінде есеп берудің» №2 формасын.

Сақтандыру компаниясының қаржылық жағдайын талдаған кезде жарияланған және төленген жарғылық қордың болуына, сақтандыру қоры мен ресурстың шамасына назар аудару қажет әрі қаржы тұрақтылығының коэффициенті төлем нормасындағы және деңгейіндегі бірліктен жоғары болуы керек ( төлем деңгейі төлем нормасына тең немесе одан кем болуы керек).

Ұсынылған сақтандыру келісімшартын талдау барысында сақтандыру жағдайының анықтамасы қалайша  берілгеніне, ол бола қалған жағдайда талап қою мерзімінің жеткіліктілігіне, сақтандыру жағдайының орын алғаны жөнінде сақтанушыға кімнің хабарлайтынына, сақтандыру өтемақысының қашан және қалайша жүзеге асырылатынына назар аудару қажет. Сақтандырушының міндеттерін анықтайтын келісімшарттың тармақтарына және сақтанушы сақтандыру келісімшарты бойынша міндеттемеден және осыған орай банк несиесін өтеу бойынша міндеттемеден босатуы мүмкін шартқа айырықша назар аудару керек.

Қарыз алушының несиені уақытылы қайтаруын қамтамасыз ететін тағы бір форма – талаптарды банк пайдасына және қарыз алушының шотын үшінші тұлғаға қайта табыстау (цессия). Бұл қайта табыстау арнайы кеоіссіммен немесе келісімшартпен, яғни, қайта табыс етілген талас (дебиторлық шот) бойынша цессия туралы келісімшартпен ресімделеді. Банк түскен түсімді тек берілген несиенің орнын толтыру үшін және оның процентін төлеу үшін пайдалана алады.

Талап кеңшілігі (уступка требований) және меншік құқығын табыс ету (цессия) – бұл қарыз ашылуының (цеденттің) құжаты, осы құжат бойынша ол өзінің талабын (дебиторлық берешегін) несие берушіге (банкке) несиенің қайтарылуын қамтамасыз етуші ретінде табыс етеді

Бұл қайта табыстау арнайы келісіммен немесе келісімшартпен ресімделеді

Цессия туралы келісімшарт клиент алған банк ссудасының қайтарылуын қамтамасыз ететін құқықтық негізін құрып, несие келісімшарттың толықтырады.

Цессия туралы келісімшарт табыс етілген талап бойынша ақшалай қаражатты алу құқығының банкке өтуін қарастырады.

Табыс етілген талаптың құны ссудалық берешекті өтейтін жеткілікті болуы керек.

Банк түскен түсімді берілген несиенің орнын толтыру үшін және оның төлемі үшін пайдаланады.

Егер табыс етілген талап бойынша түскен ақшалай қаражаттың сапасы ссуда бойынша берешектен асып түсетін болса, онлда айырмашылық цедентке қайтарылады.

Іс – тәжірибе цессияның екі түрі пайдалынады: ашық және тыныш түрлері.

Ашық цессия борышқорға (цеденті сатып алушыға) талаптың табыс етілгенін хабарлауды ұйғарады. Бұл жағдайда борышқор өз міндеттемесін банктің қарыз алушысына (цедентке) емес, банкке өтейді

Тыныш цессияда банк үшінші тұлғаға талаптың табыс етілгенін хабарламайды, борышқор цедентке төлейді, ал, ол алынған соманы банкке беруге мінддеті.

Қарыз алушылар өздерінің беделін түсірмес үшін тыныш цессияны артық көреді.

Алайда, банк үшін цессияның қатері көп. Себебі:

-                                  талапты табыс етуі бойынша қаражат өзге банктегі қарыз алушының шотына жиі түсе бермейді:

-                                  қарыз алушы талапты бірнеше рет табыс ету мүмкіндігіне ие:

-                                  қарыз алушы жоқ талапты да табыс етуі мүмкін.             

Жеке талаптарды табыс етуден басқа ГФР банктері жалпы және ғаламдық цессияны пайдаланады

Жалпы цессия – қарыз алушы белгілі бір сомаға тауарды жеткізу немесе қызмет көрсету бойынша талапты ұдайы табыс етіп отыруға банк алдында міндетті болады.

Бұл арада берілген несиені өтеуде банктің ақшалай қаражатты алу құқығы жалпы цессия туралы келісімшартты бекіту сәтінде емес, талаптар немесе дебиторлар тізімі банкке берілген сәтте пайда болады.

Ғаламдық цессияда қарыз алушы банкке белгілі бір кезең ішінде қайтадан пайда болған нақты клиентке қатысы талапты табыс етуі керек. Табыс етудің бұл түрі артықшылыққа ие түрі ретінде саналады.

Несиенің қайтарылуын қамтамасыз етудің мұндай формасын пайдаланған кезде банк қатерді кеміту үшін берілген несиені шамасына қарағанда талапты үлкен сомаға табыс етуін талап етеді.

Жалпы және ғаламдық цессияда несиенің ең көп шамадағы сомасы табыс етілген талап құнының 20-40%-ін құрайды.

Шетелдік коммерциялық банктер несиені алудың шарттары ретінде қарыз алушыдан өтемақы қалдығы (сұралған несие сомасының шамамен 10-20%-ін құрайды) деп аталатын белгілі бір ақшалай соманы депозит шотында сақтауын талап етеді. Өтемақы қалдығы екі рөлді бірдей ойнайды:

-                                  нақты мерзімге несие ресурстарын банктің таратуына мүмкіндік береді:

-                                  несиенің қайтарылуын қамтамасыз етудің формасы ретінде алға шығады.

Шетелдерде ссуданың қамтамасыз етуші ретінде, сонымен бірге, банк өз қарызгерінен талап ететін қамтамасыз етілген вексель пайдаланылады. Бұл вексель одан арғы айналымға арналмаған.

Егер ссуда мерзімінде қайтарылса, онда вексель өтеледі.

Егер ссуданың қайтарылуы кешіктірілетін болса, онда вексельге наразылық білдіріледі және банк сот тәртібімен қысқа мерзімде (талап қоюдың айрықша рәсімінен және қарастырылуынан) қажетті соманы алады.

Мүдделердің өзара сақталуы ғана банктің әрбәр нақты жағдайда несиенің қайтарылуын қамтамасыз етудің ең қолайлы формасын таңдауына немесе аралас қамтамасыз етулерді (әр түрлі нұсқада) пайдалануына мүмкіндік береді.

Жылжымалы мүлік қарыз алушының пайдалануына болуы үшін ол, сонымен бірге, несиенің қайтарылуына кепілдік ретінде қызмет етуі керек, оның меншік құқығын несие беруші борышты қамтамасыз етуде пайдаланады.

Борыштың қамтамасыз етілуі үшін несиеге берушіге меншік құқығы берілгенде жылжымалы мүліктің кепіл заттан айырмашылығы –жылжымайтын мүлік клиенттің пайдаланылуында қалады.

Мұны бұлайша бөлудің себебі мынада: құндылықты несиегерге беру мүмкін емес әрі мақсатқа лайықты болмайды, сонымен қатар, қарыз алушы ссуданы қамтамасыз етуші объектіні пайдаланудан бас тарта алмайды.

Бұл жағдайда қарыз алушы өзінің пайдалануында қалған яғни өзі пайдаланатын құндылықтың сақталуына (бүлінбеуіне) жауап береді және оны дербес иелене алмайды.

Жекеленген заттар  (автокөлік) және бір қойманың немесе бір цехтің ішінен табылатын заттар тобы (тауарлар, материалдар мен жартылай дайындалған өнімдердің қорлары) ссуданы қамтамасыз етудің объектілері бола алады.

Банк борышты қамтамасыз ету үшін меншік құқығының келісім шартын бекіту барысында қарыз алушының нақты құндылықтың шынайы иесі болып табылатындығына көз жеткізу керек.

Алайда. Бұл меншік құқығымен бірге берілетін қатерді азайтпайды.

Несие берушінің ісі ссуданы қамтамасыз етуші объектіні пайдаланатын қарыз алушының адалдығана көп жағынан тәуелді болады.

Банк қатерді кеміту мақсатында қамтамасыз етудің мөлшерін абайлап анықтауға мәжбүр болады. Осыған қарай несиенің ең көп шамадағы сомасыда шектулі болады.  

Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етудің әдіс және тәсілдері

банктiк  қарызының қайтарыдылығының қамтамасыз етуi үшiн несие тәуекелiнiң басқарудың әдiстерiнiң кешенi:

-                                  талдау және несие алушының несиелік қабілітін бағалау және несиелелетiн жобаның борыш өтерлiгiнiң бағасы;

-                                  несие мiндеттемелерiнiң орындауының қамтамасыз етулерлерi бойынша бағалау;

-                                  қарыздарды жоғалту болуы мүмкiн бойынша резервтердi құрастыру;

-                                  проблемалық несие бойынша жұмыстың әдiстерi, қоса несиеге бақылау;

-                                  қарыздың қайтарымдылығы бойынша қосымша шаралардың iске асыруының әдiстерi.

Бiрiншiден, несие тәуекелiнiң басқарудың әдiстерiнiң көмегiмен болжай алған жүйесi,қарыздың қайтпауынан өтiп, шығынның орнын толтыруға болатынын ескередi; екiншiден, банк мамандарының болашақта болатын несиелік тәуекелдерді сезініп, оны минимизациялауы бойынша кешендi шешiм қабылдай алуға және оны бағалауға мүмкiндiк бередi.

Нарықтық экономикаға өту кезеңі мемлекеттiк реттеу мән ақша - несиелік қатынастарды , соның iшiнде банктiк қарыздың қайтарыдылығы төмендетпейдi. Несие шақыр процессiнiң құқықты қамтамасыз етуiн жүйесi тiркес несие қатынас келетiн субъекттерге қарыздың қайтарыдылығының қамтамасыз етуiн құрайтын тетiк бола тұра қамтамасыз етсiн дұрыс айтады, мiндеттер және бұзушылықтағы жауапкершiлiгi, бiр жағынан, және жұмыс iстейтiн акттердiң иерархияны және келiсу тәртiбi басқа.  Несие банк үшiн - кәсiпкерлiк қызмет, мақсатты пайда табуды бiр түрi. Қарыз алушы үшін - қаржы қорларын тартуды әдiсі , ол үшiн өте арзан және ұзақ мерзiмдi қарыздар қызықтырады. Кепiлдеушi, кепiлшi үшiншi тараптар олар мiндеттемелердiң орындамаған жағдайда несие мiндеттемелерi орындағандай етiп қызықтырған дербес құқықтар алады. Негізінен банктiк жүйе  несие берудi жүзеге асыруында тұрақтылыққа көзделген.

Информация о работе Банктік ссудалардың қайтарылыуын қамтамасыз ету