Банктік ссудалардың қайтарылыуын қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 10:54, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъект сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлеріне олардың істеген еңбектері үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтары үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі.

Работа состоит из  1 файл

Басталды.doc

— 685.00 Кб (Скачать документ)

Қайтару мерзімдеріне қарай:

-несиені мерзімді қайтару;

-уақытын созып қайтару;

-мерзімін өткізіп барып қайтару;

-мерзімінен бұрын қайтару.

Қайтару көздеріне қарай:

-клиенттің меншікті қаражаттары;

-жаңа несиені пайдалану;

-кепіл берушінің шотынан шегеру;

-басқа кәсіпорын шотынан түскен қаражаттар;

-бюджеттік түсім және т.б.

Несиенің қайтарылуын арнайы құжат арқылы жасауға да, жасамауға да болады. Несиенің қайтарылуын негіздейтін құжаттарға: клиенттің жазбаша үкімі, банктің өзінің үкімі, соттың бұйрықтары жатады. Клиенттің өзінің шотынан ақшалай қаражаттарды шегеру туралы берген үкімі жазбаша да және ауызша да болады. Несиенің қайтарылуы қағазсыз, яғни байланыс каналдары арқылы да жүзеге асырылады[19].

Қазақстан Республикасының банк туралы заңдарында қамтамасыз етудің әр түрлі формаларымен коммерциялық банктерге несие беру қарастырылған. Шетелдік іс-тәжірибеде кеңінен таралған әрі еліміздегі коммерциялық банктер қолданып жүрген несиелік қамтамсыз етудің маңыщды түріне кепілзат, кепілдеме, кепілгерлік, несие қатерін сақтандыру жатады.

Қарыз алушы несиелік қамтамасыз етудің бір немесе бір мезгілде бірнеше формасын пайдалана алады. Оның өзі таңдап алған, яғни пайдаланатын формасы несие келісімшартынада бекітілетін болады. Несиені қайтарудың қамтамасыз етілген міндеттемесі несие келісімшартымен бірге рәсімделеді және оған міндетті түрде қоса тіркелегн қосымша болып табылады.

Кепілзат келісімшарты. Мүлік кепілзаты (жылжитын және жылжымайтын) оны ұстаушы – несие берушінің осы мүлікті, егер қамтамасыз етілген кепілзат міндеттемесі орындалмаса, өткізуге құқығы бар екендігін білдіреді. Мұнда несие беруші кепілзат шарты бойынша өзге несие берушілерге  қарағаyда кепілге салынған мүліктің құнынан қаражаттың орнын толтыруда артықшылықты құқыққа ие болады. Кепілзат ссуданың қайтарылуын ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен бірге, тиісті проценттердің төленуін және келісімшартта қарастырылған шарттар орындалмағанда тұрақсыздық айыбының (төлемінің) төленуін қамтамасыз етуі қажет. Оның үстіне, мынаны ескеру қажет: кепілге салынған мүліктің нарықтық құны кеміп кетуі мүмкін. Осыған орай, кепілзаттың құны барлық жағдайда сұралатын ссуданың мөлшерінен жоғары болуы керек.

Кепілзатпен заңды тұлғаның да, жеке тұлғаның да міндеттемесі қамтамасыз етілуі мүмкін. Кепілзат келісімшарттың немесе заңның күшіне қарай пайда болады. Келісімшарт күшіндегі кепілзат кеңінен тараған. Онда борышқор несие берушімен келісімшарт бекітіліп, мүлкін кепілзатқа өз еркімен береді. Кепілзатпен тек нақты талап қамтамасыз етілуі мүмкін. Бұл кепілзат туралы келісімшарттың дербес сипаты болатындығын білдіреді, яғни оны өзге келісімшарттармен өзарар байланыстыырмай тұрып бекітуге болмайды.

Өйткені, олардың орындалуын өзі қамтамасыз етеді.

Кепілзат беруші мынандай болуы мүмкін: кепілзат меншік құқығы бойынша тиесілі болады немесе толық шаруашылық жүогізуге беріледі. Мүлікпен толық шаруашылық жүргізу құқығы шаруашылық жүргізуші субъектіге, егер заң немесе меншік иесі құрылтайшылық құжатта басқаша қарастырмайтын болса, меншік иесіндегі секілді ауқымда иеленіуне, пайдалануына және иелік етуіне мүмкіндік береді.

Мүлікті шеттетуге қойылатын шектеу мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты болады, өйткені, олар үй-ғимаратты және құрылғыны кепілзатқа беруі үшін мүлікті басқару жөніндегі тиісті комитеттен рұқсат алуы керек.

Тұтас кәсіпорын (немесе кешен), негізгі құрал-жабдық (үй –ғимарат, құрылғы, құрал-сайман), тауарлы-материалдық құндылықтар, тауарлы-көлік құжаттары (теміржол жүкқұжаты, варрант, коносамент, қойма куәлігі, котракті және т.б) нақты кепілзат бола алады.

Кепілзаттың екі түрі бөліп көрсетіледі:

1) мұнда кепілдікке салынған мүлік кепілзатты берушінің өзінде қалуы мүмкін;

2) мұнда кепілдікке салынған мүлік кепілзатты ұстаушының меншігіне, иелігіне беріледі.

Осының ішінде кепілзаттың бірінші түрі кеңінен тараған.

Мүлікті өз иесіне (кепілзатты берушінің өзінде) қалдырумен берілетін кепілдікті ұстаушының мыналарға құқығы болады:

-                                  кепілге салынған мүлікті оның тағайыедауына қарай иеленуге және пайдалануға;

-                                  кепілге салынғанмүліктің кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша борышты алушыға аударумен шеттету арқылы оны иеленуге.

Сонымен қатар, кепілзат беруші өз есебінен кепілге салынған мүлікті толық құнында сақтандыруға, оны сақтау бойынша шаралар қабылдауға һ, кепілзатты ұстаушыға кепілге салынған мүлікті жалға бергенін хабарлауға міндетті.

Мүлікті өз иесінде (кепілзатты берушінің өзінде)қалдырумен берілетін кепілзат бірнеше формада бола алады. Оның негізгі формаларына мыналар жатады:

-                                  кепілге салынған айналымдағы тауарлар;

-                                  кепілге салынған қайта өңдеудегі тауарлар;

-                                  кепілге салынған жылжымайтын мүлік.

Айналымдағы тауар кепілзаты (немесе құрамы өзгермелі кепілзат) қарыз алушының бір мезгілде белгілі бір берешек бөлігін өтеу шартымен немесе жарамсыз болып қалған тауарларды тең немесе үлкен сомадағы құндылықтармен несиелеу арқылы басқа тиісті түрімен ауыстыру шартымен кепілге салынған құндылықты өткізуге құқығы барын білдіреді. Қарыз алушы кепілге салынған құндылықтардың тиісті есебін жүргізуге және сақтауға міндетті әрі осы үшін жауап береді.

Қайта өңдеудегі тауар кепілзаты қарыз алушының кепілге салынған шикізатты, материалды, жартылай дайындалған өнімді қайта өңдеуге құқығы барын білдіреді, алайда мұндағы кепілзат құқығы өңделген жартылай дайын өнімге де, аяқталмаған өндіріске де, дайын өнім мен жөнелтілген тауарға да қолданылады.

Айналымдағы тауардың кепілзатымен сауда және жеткізу-өткізу ұйымдарын несиелеуге болады. Қайта өңдеудегі тауардың кепілзатымен мемлекеттік өнеркәсіп, құрылыс, көлік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары несиеленеді.

Үй-ғимараттың, құрал-жабдықтың және өзге де жылжымайтын мүліктің кепілзатымен несие беретін банк олардың тек өтеу деңгейіне (сатылуына) ғана емес, сонымен бірге,кепілге салынған мүлікті сатудың әуресінен құтылу үшін несиенің орнын толтыра алатындай қарызгердің пайда лау қабілетіне де мүдделілік танытады[28].

Банк кепілзатты ұстаушы ретінде кепілге салынған мүлікті өз иесінде қалдыру барысында құжат бойынша оның нақты болуын, мөлшерін, жағдайын және кепілге салынған мүліктің сақталу шартын тексеруге құқылы болады. Егер кепілге салынған мүлік жоғалатын болса және оны кепілзат беруші қайта орнына қоймаса (қалпына келтірмесе) немесе оны кепілзатты ұстаушының келісімімен оның құнына тең өзге мүлікпен ауыстырмаса, онда кепілзатты ұстаушы банк кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеменің мерзімінен бұрын өтелуін талап етуге құқылы.

Кепілзаттың екінші түрі – кепілге салынған мүліктің кепілзат ұстаушыда қалдырылатын түрі – кепілзаттың банк қызметіндегі артықшылықты түрі болып табылады. Бұл кепілзат түрінің артықшылыққа ие болуын былайша түсіндіруге болады: мүлік кепілзат ұстаушының (банктің) иелігінде қалатын болса, банк осы мүліктің жағдайына толық бақылау жүргізе алады, оның үстіне, банк қарыз алушыға берген несиесінің орныны толтырудың біршама үлкен мүмкіндігіне ие болады.

Кепілзаттың бұл түрі екі негізгі формада көрінуі мүкін:

-                                  тұрлаулы кепілзат;

-                                  құқық кепілзаты.

Тұрлаулы кепілзат тауарлардың және басқа мүліктердің банкке берілуін әрі несие мекемелерінің қоймасында немесе банктің күзетімен қарыз алушының қоймасында оның сақталуын классикалық түрде қарастырады. Кепілге салынған құндылық мынадай талаптарға жауап беруі керек: кепілге салынған мүлік оңай (еш қиындықсыз) сатылатындай болуы керек және сақтандыру мүмкіндігіне ие болуы қажет әрі ұзақ сақтауға жарамды болуы тиіс, сондай-ақ, кепілге салынған мүлікке банк бақылау жүргізуі қажет. Кепілге салынған мүлік банкке біршама қиындықтар тудырады әрі белгілі бір шығынды қажет етеді, өйткені тауарлы-материалдық құндылықтарды сақтау секілді функция банктің ісіне тән емес. Батыс елдерінде мұндай функцияны банк үшін арнаулы ұйымдар – қойма компаниялары орындайды. Олар қоймалық квинтацияны жазып бреді, бұл квитанция ссуданы қамтамасыз етуші ретінде қызмет етеді.

Банктер өздеріне жазылатын мұндай квитанцияның құқықсыз берілуін артық көреді, өйткені, құқысыз берілген квитанция  оларға несиені қамтамасыз ету үшін сенімді бақылау жүргізуге, сондай-ақ, несие қайтарылмай қалған жағдайда құндылықты қоймадан өндіріп алуына мүмкіндік береді[15].

Банк үшін тұрлаулы кепілзаттың ең қолайлы объектісіне тауарлық және тауарлы көлік құжаттары, сондай-ақ, құнды қағаздар жатады. Біріншіден, оларды кепілзат беруші ссуданы банктің (кепілзат ұстаушы) өзі тікелей қамтамасыз етуі үшін береді, әрі-беріден соң оларды сақтауға аса көп шығын кетпейді. Екіншіден, олардың өтімділігі жоғары, борышқор өзінің ссуда бойынша міндеттемесін орындамаған жағдайда олардың өтімділігі банк үшін маңызы жоғары болады. Соңғы жылдары кепілзаттың бұл түрі тиісінше дамып келеді.

Құқық кепілзаты – Қазақстанда мүлікті кепілге салудың жаңа формасы және бұл заң тұрғысынан әлі толық зерделенбеген (қарастырылмаған)форма. Мүлікті иелену және пайдалану құқығын, интеллектуалдық меншік объектілеріне (өнеркәсіп жобаларындағы, тауарлық белгідегі, ноу-хаудағы, патенттегі авторлық құқық) құқықты ссуданы қамтамасыз етуші ретінде банкке берілгенін растайтын құжаттар кепілге салынған мүлік ретінде жүре алады.

Кепілге салынған мүлікті сол қалпында сақтаудан басқа кепілзатты ұстаушыға (банкке) өзге де қосымша міндеттер жүктеледі. Мәселен, кепілзат ұстаушы, егер бұл келісімшартта қарастырылған болса, кепілзат берушінің мүддесі үшін кепілге салынған мүлікті пайдаланғаны жөнінде оған (кепілзат берушіге) есеп береді, кепілзат берушіге өзінің кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттемесін орындағаннан кейін мүлікті дереу қайтаруы тиіс.

Кепілге салынған мүлік қай тарапта қалса да, оны кепілзат беруші немесе кепілзат ұстаушы өрттен, селден және өзге де стихиялық апаттардан, сондай-ақ, кеілзат берушінің шаруашылық қызметін тоқтатуға актілерді жасауға, шешім шығаруға құзіретті мемлекеттік органдардың әрекетінен әрі талан-тараждан толық құнында сақтандыруға міндетті. Ал, мұндай оқиғалар орын алған жағдайда банк (кепілзат ұстаушы) сақтандырылған сомадан өзінің талаптарын қанағаттандыруға құқылы болады. Кез келген жағдайда кепілге салынған мүлік (кепілзат түріне қарамастан) кепілзат берушінің есебінен сақтандырылады[17].

Қарызгер (борышкер) бір ғана мүлікті бір мезгілде бірнеше несие беруші үшін кепілге сала алады. Бұл арада заң мынаған сүйенеді: біріншіден, кепілге салынған мүліктің құны кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеме сомасынан көп жоғары болуы мүмкін; екіншіден, әр түрлі несие берушілердің алдында орындалуы тиіс міндеттеменің мерзімдері бірдей бола бермейді, сол себепті де, міндеттемені тізбектілікпен біртіндеп орындауға болады. Банк несие беруші ретінде мүлікті кепілге ала отырып, оның (мүліктің) кепілге салынған немесе салынбағанын анықтап алуы керек. Бұл банк талабын қанағаттандырудың кезегін белгілеуге және осыған орай клиентті несиелеу жөніндегі мәселені шешуге мүмкіндік береді. Кепілзат ұстаушы кепілзат кітабын міндетті тәртіпте жүргізуі тиіс. Бұл кітапқа кепілзаттың формасы мен түрі, кепілге салынған мүлік, оның құны және кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеменің көлемі туралы мәліметтер жазылады.

Кепілзат туралы келісімшарт заңды құжат болып табылады. Ол кепілзатпен қамтамасыз етілетін міндеттемеден бөлек жасалады.

Кепілзат туралы келісімшарт жазбаша формада жасалуы керек. Онда кепілзаттың формасы мен түрін, кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеменің мәнін, оның мөлшері мен орындалу мерзімін, кепілге салынған мүліктің құрамы мен құнын, кепілзат ұстаушы мен кепілзат берушінің құқықтары мен міндеттерін, кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеме орындалмаған жағдайда  борышқордың мүлкінен өндіріп алудың тәртібін, сондай-ақ, кепілзат құқығын тоқтатуды, дау-таласты шешудің тәртібін қарастыратын шарттар көрініс табуы қажет.

Кепілзат туралы келісімшартта, сонымен бірге, екі тараптың атауы мен орналасқан орындары, кепілге салынған мүліктің тізімдемесі мен орналасқан орны көрсетілуі керек.

Кепілзат туралы келісімшарт, егер осы аталған шарттар орындалмайтын болса, жарамсыз деп саналады.

Кейбір келісімшарт түрлері міндетті түрде нотариалдық тұрғыдан расталуы керек. Бұл жағдайда кепілзат туралы келісімшартта нотариалдық тұрғыдан расталуы керек. Алайда, тараптардың келісімі бойынша өздері бекіткен кез келген келісімшарт нотариалдық тұрғыдан расталуы мүмкін, осыған орай, негізгі келісімшарттың орындалуын қамтамасыз ететін кепілзат туралы келісімшартта нотариалдық тұрғыдан расталады[9].

Кепілзатқа берілген мүліктің кейбір түрлері мемлекеттік тіркеуден міндетті түрде өтуі керек, яғни тіркелуі қажет. Кепілзат туралы келісімшарт бекітіліп, қажет болған жағдайда нотариалдық тұрғыдан расталғаннан кейін тиісті мемлекеттік оргрнға тіркелуі қажет. Егер мүлік кепілзаты мемлекеттік тіркеуден өтуі міндетті болып табылса, онда кеілзат туралы келісімшарт тіркелген сәтінен бастап бекітілген болып есептеледі.

Кепілзатты тіркейтін орган кепілзатты ұстаушы мен кепілзатты берушіге оның тіркелгені туралы куәлікті беруге міндетті.

Кепілге берілу барысында тіркеуге жатқызылатын мүліктің түрлеріне жер, кәсіпорын, автокөлік, шағын су кемесі, тұрғын үй, пәтер және т.б. жатады.

Кепілге салынған салынған мүліктің есебінен кепілзат ұстаушы нақты қанағаттандыру сәтінде анықталатын өзінің талаптарын (орындалу мерзіміне байланысты орын алған процентті, залалды және тұрақсыздық айыбын (төлемін), сондай-ақ, кепілзаттың мазмұны бойынша шығынды, кепілзатпен қамтамасыз етілген талаптың жүзеге асуымен байланысты шот шығын қоса алғанда)толық мөлшерінде қанағаттандыруға құқылы. Несие беруші-кепілзат ұстаушы кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеме өз мерзімінде орындалмаса кепілге салынған мүліктен (немесе басқадай құндылықтан) оны өндіріп алудың құқығына ие болады. Кепілге салынған мүліктен (немесе басқадай құндылықтан) сот, төрелік сот немесе аралық сот арқылы өндіріп ала алады. Кепілзат ұстаушы (несие беруші) міндеттеменің орындалмағанын немесе дұрыс орындалмағынын дәлелдеуі қажет. Егер сот шешімі банктің (кепілзатты ұстаушының) пайдасына шешілетін болса, оған (банкке) орындау құжатын табыс етеді. Бұл құжаттың негізінде кепілге салынған мүлік (немесе басқадай құндылық) сатылып, одан түскен түсім несие берушінің талабын қанағаттандыруға бағытталады. Егер кепілге салынған мүлікті немесе басқадай құныдылықты сатудан түскен түсімнің сомасы несие берушінің талап сомасынан асып түсетін болса, онда айырмашылық кепілзат берушіге қайтарылады, ал, егер кепілге салынған мүлікті сатудан түскен түсімнің сомасы несие берушінің талабын толық қанағаттандыра алмайтын болса, онда ол қалған соманы борышқордың басқа мүлкінен немесе басқадай құндылығынан өндіріп алуға құқылы.

Информация о работе Банктік ссудалардың қайтарылыуын қамтамасыз ету