Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 10:54, дипломная работа
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъект сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлеріне олардың істеген еңбектері үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтары үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі.
n – аймен берілген несиенің ұзақтығы.
Несиенің қамтамасыз етілуі – бұл принцип қарыз алушының мүліктік мүддесін қарыз алушы өзіне алған міндеттемелерін бұзу мүмкіндігінен қорғауды қамтамасыз етуді көрсетеді. Бұл принциптің пайда болуы негізінен несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. Бірақ та, уақыт өте келе, бұл принциптің мазмұны толығымен өзгерген.
Ал, бүгінгі несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепіл хат, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері қолданылуда[9].
Кепілге берілетін ссуда – бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады.
Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін.
Несие берушінің кейбір активтерді анықтаудағы нақты мәселелері кездеседі. Сондықтан кепілге берілетін кейбір активтердің төмендегідей сипатта болуын білу шарт:
Біріншіден, кепілге несие берілуі туралы шешім қабылдағанға дейін жеңіл бағаланатын болуға тиіс.
Екіншіден, кепілге алынатын мүліктің нарықтағы қозғалыс мүмкіндігін үнемі тексеріп отыру қажет.
Үшіншіден, кеілдің өтімділік дәежесін есепке алу өте маңызды, басқаша айтсақ, кепілге алынатын зат көп уақыт өтпей нақты ақшаға айналуға тиісті.
Төртіншіден, кеіл туралы келісім жасасқанда, кепілдің амортизациясын немесе моральдық тозу жақтарын ескеру қажет. өйткені, кейбір активтер басқаларына қарағанда өзінің бастапқы құнын тез жоғалтады.
Кепіл хат – қарыз алушы төлеуден бас тартқан жағдайда, үшінші бір жақтың қарызды өтеймін деген жазбаша міндеттемесін береді. Бұл жағдайда кепіл хаттың заңдылығы туралы несие берушіге қарыз алушыдан төлеуді кепілдеуге, кепіл берушінің құқығы туралы сұрақтың маңыздылығын ескеру қажет. Кепіл хаттың ссуданың қамтамасыз ету құралы ретінде пайдалану, кепіл хатты берушінің тұрақтылығын алдын ала бағалап білуды талап етеді.
Кепіл хат – күрделі экономикалық құрал ретінде мынандай түрлерге бөлінеді.
Біріншіден, ол қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген болып келеді.
Екіншіден, ол шектеулі немесе шектеусіз болады. Шектеусіз кепіл хат бойынша, оны бруші бір қарыз алушының барлық қарызын несие берушіге төлей алмайтындығы жағдайында төлеуге кепіл береді. Мұндағы кепіл хат қамтамасыз етілмеген болып келеді. Шектеулі кепілдеме – бұл нақты бір қарыз алушының ссудаға байланысты болатын қарызын төлеуге кепілдік береді. Кепіл хаттың бұл түрлері біздің елімізде дами алған жоқ.
Үшіншіден, жеке немесе корпоративтік кепіл хаттар. Жеке кепіл хат жеке тұлғаларды, серіктестіктерді несиелеу барысында қолданылады. Корпорациялардың кепіл хаттары басқа бір корпорациялардың алған ссудаларын қамтамасыз етуде жиі пайдаланылады. Бұл аталған кепіл хаттар дамыған елдер тәжірибесінде кең қолданылғанымен де, біздегі корпорациялардың беретін кепіл хаттарына банктер әлі де болса, олардың түбінде өтей алатындығына сенімсіздік танытуда[25].
Несиелерді қамтамасыз етудің келесі бір жолы – несиелерді сақтандыру. Бұл енді біздің тәжірибемізде кезінде қолданылғанымен де, оның айналысында көптеген мәселелер орын алуда.
Несиенің негізгі принциптері: ақылы, мерзімділік, қайтарымдылық.
Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.
Несиелеу процесін ұйымдастыру.
Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
- несиеге деген өтінішті қарау;
- несиелік қабілетін талдау;
- несиелік клісімшарт жасасу;
- несие беру;
- несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.
І кезең. Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау.
Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал ретінде құжаттар пакетінің құрамына жататындар:
-құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шарттарының, тіркелген куәліктерінің немесе патенттерінің; нотариалды түрде куәландырылған жерді пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар; азаматтардың төл құжаттары және клиенттің несие алуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері;
- соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы және оған қосымша беттер;
- несиеленетін шаралардың рентабельдік деңгейін және оның қайтарылу мерзімін сипаттайтын техникалық-экономикалық есебі;
- несиеленетін мәмілелерді растайтын келісімшарттар көшірмелері (материалдық құндылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған шарттар, тауарлы-материалдық құндылықтар шотының көшірмелері және т.с.с);
- басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер ( шоттар бойынша көшірме);
- қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының меншік құқығын растайтын құжаттар;
- несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар;
- қызметін жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да құжаттары жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары.
Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар, банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін есеп карточкасын толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз алушының аты-жөні; қызметі және меншік түрі; клиенттің заңды мекен-жайы; ағымдық және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттері; негізгі құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенің мақсаты, срмасы және мерзімі; соңғы есептік күнге берілген баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштер[18].
Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған ссудасын қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар. Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.
ІІ кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі.
Қарыз алушының несиелік қабілеті – қарыз алушының алған ссудасы бойынша қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да , банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді.
Қарыз алуышының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынандай факторлар есепке алынады:
-ссудаға қатысты қабілеттігі. Қарыз алушыға ссуданы бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс;
-қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісім-шартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі;
-табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының ссуданы қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау барысында сату көлеміне, баға шығындарына, шығыстарына әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады. Несиелеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарнамалау тиімділігі, бәсеке сияқты факторлар ескеріледі.
ІІ кезең. Несиелік және кепіл туралы келісімшарт жасасу. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісімшарт негізінді шешіледі.
Несиелік келісімшарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:
-несиелеу мақсаты және объектісі;
-несиенің мөлшері;
-ссуданы беру мерзімі және қайтару шарттары;
-несиені қамтамасыз ету формасы;
-несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;
-несиенің қозғаласын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарның тізімі;
-несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі.
Несиелік келісімшарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері анықтайды[19].
1.2 Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету формалары және оларға сипаттама
Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы келісімшарттың орны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты ажыратылады.
Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктік құқықтар жатады.
Материалдық-заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынадай топтарға бөлінеді:
1.Клиенттің мүліктерінің кепілі:
-тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі:
А) шикізат, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;
ә) тауарлар мен дайын өнімдер кепілі;
б) валюталық бағалылар (нақты валюталар), алтыннан жасалған бұйымдар кепілі;
в) басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі.
-бағлы қағаздар (вексельдер) кепілі;
-сол банктегі депозиттер кепілі;
-жылжымайтын мүлік кепілі(ипотека).
2. Мүліктік құқықтар кепілі:
-жалгерлік құқық кепілі;
-авторлық құқық кепілі;
-жерге құқық кепілі.
Кепіл туралы келісімшартта мынандай мәселелер қарастырылады:
-келісімшарт жасасушы тараптар туралы мәліметтер;
-келісімшарт заты;
-кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері;
-кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері;
-талап ету құқықтары;
-кепілге қойылған мүлікті қайта рәсімдеу, басқа мүлік есебінен;
-кепілге қойған мүліктің бұзылуына байланысты тәуекел жағдайлары мен кепіл затын ауыстыру;
-тараптардың жауапкершіліктері;
-ерекше шарттар;
-дауларды шешу;
-басқа шарттар;
-кепіл туралы келісімшарт жасасушылардың заңды мекен-жайы мен өзге де мәліметтері.
IV кезең. Несие беру кезеңі. Бұл кезең ағымдық шот ашу, ссуданы беруді құжаттау тәртібін (қосымша құжаттар толықтырылуы мүмкін), ссуданы беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.
Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілі болады. Біріншісі – несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда жұмсалынады. Екіншісі – несие алуға құқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшіншісі – блгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады (мысалға, артық сыйақы төлегісі келмейді).
Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес анықталады.
V кезең. Несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау – несиелік операцияның маңызды кезеңі. Ссудалар бойынша қарызды қайтару тәсілі банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы роліне байланысты.
Несиенің берілуі сияқты несиені қайтарудың бірегей жасалған үлгісі жоқ.
Іс жүзінде ссуданы қайтарудың төмендегідей көптеген варианттары болады:
-мерзімді міндеттемелер негізінде эпизодтық қайтару;
-меншікті қаражаттардың жинақталуының жіне несиеге деген есеп айырысу шотына қажеттіліктің азаю шамасына қарай қайтару,
-алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;
-түскен түсімді бірден ссудалық қарызды жабуға есептеу;
-несиенің қайтарылу мерзімін созу;
-мерзімі өткен қарызды «Мерзімі өткен несиелер» шотына аудару;
-банк резерві есебінен мерзімі өткен ссудаларды шегеру.
Ссудалық қарызды қайтару туралы қарастырылған варианттар бұл процесті мынандай белгілеріне байланысты жіктейді:
Қайтарылуына қарай:
-несиені толық қайтару;
-жартылай қайтару.
Қайтару жиілігіне қарай:
-несиені бірден қайтару;
-бөліп-бөліп қайтару.
Қайтарудың жүзеге асырылу уақытына қарай:
-несиені жүйелі түрде қайтару;
-эпизодтық қайтару.
Информация о работе Банктік ссудалардың қайтарылыуын қамтамасыз ету