Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:15, курсовая работа
Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандардыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші - жоғарғы технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЭЛЕМЕНТТЕРІ...............................................6
1.1 Инновациялық менеджменттің экономикалық мәні..................................6
1.2 Инновациялық жоба және оның элементтері............................................13
2 ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘНЕ «АТЫРАУ - НАН» ЖШС-НІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА КАПИТАЛ САЛЫМДАРЫ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ ..................................................19
2.1 Қазақстан кәсіпорындарындағы инновациялық кәсіпкерлік және инновациялық даму стратегиясының қалыптасуы.........................................19
2.2 Инновациялық жобаның экономикалық тиімділігін анықтау.................40
2.3 Инновациялық - инвестициялық жобада капитал салымдарының көлемін анықтау.................................................................................................46
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ........................................................................................58
3.1 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу..................................................................................................................58
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................65
4. Варианттар бойынша құндық көрсеткiштердi анықтауда бiрдей әдiстердiң қолданылуы бұл варианттардың салыстырмалылығы үшiн мiндеттi шарт болып табылады. Сондықтан да бiр вариантта еңбек өнiмдiлiгiнiң арту көлемiн анықтағанда заттай көрсеткiштер, ал eкінші вариантта құндық көрсеткiштер қолдануға болмайды.
5. Барлық шарттар бiрдей болғанда бiрдей норма, нормативтер, баға мен тарифтер қабылдануы керек.
6. Түйiндес салаларға және қоршаған ортаны қорғауға салынған капитал салымдары да есепке алына отырып, өнiмнiң барлық өмiршеңдiк кезеңiнде жүзеге асырылған капитал салымдары есепке алынуы керек.
7. Барлық шарттар бiрдей болғанда өнiм өндiру көлемi де бiрдей болуы тиiс, тек бip варианттағы құрылғы өнiмдiлiгiнiң жоғары болмау шартымен.
8. Капитал салымдарын жүзеге асыру және экономикалық тиiмдiлiкке қол жеткiзу уақыты бойынша варианттар ұқсас болуы керек.
Ic жүзiнде аталмыш талаптардың ешбiрiнiң толығымен орындалуы мүмкiн еместiгiн ескеру қажет, өйткенi барлық варианттардың ұқсас болуы мүмкiн емес.
Сондықтан варианттарды және олардың көрсеткiштерiн салыстырмалы түрге келтipy қaжeттiлiгi туындайды.
Салыстырымдылық, бiрiншiден, бәсекеге қабілетті өнiмнiң өндiрiс көлемiн бip вариант бойынша капитал салымдарын түзету жолымен жасалады.
Жаңа техниканы өндіріске енгiзу барысында, мысалы, өнiмдiлiгi (Ө1) 100 бiрлiкке тең 16К20М үлгiдегi бұранда жасайтын токарлық станок СББ жүйесi бар 16К2ОМ үлгiдегi және өнiмдiлiгi (Ө2) 300 бipлiккe тең станокпен салыстырылу базасы ретiнде алынатын болса, онда бipiншi станоктың құны (Өқ1) 100 бipлiккe, ал eкiншiнiкi (Өқ2) 250 бipлiккe тең деп қабылданады.
Дегенмен, бұл варианттар өндiрiс көлемi жағынан бip-бiрiмен салыстыруға келмейдi, өйткенi екiншi варианттағы жұмысты орындау үшiн акционерлiк қоғам 16К2ОМ үлгiдегi 3 станокты сатып aлy керек. Бұл жағдайда вариантгар тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң бipi саналатын капитал салымдары бойынша салыстыруға келмейдi. Сол себептен, бipiншi вариант бойынша капитал салымдарын салыстыру коэффициентiнiң көмегiмен станоктардың өнiмдiлiгiне сай түзету керек:
qса(2 / 1)=Ө2 / Ө1= 300:100 = 3
Сонда түзетiлген капитал салымдары бipiншi вариант бойынша: Кс1 ―Өқ1 х qса (2/1) = 100 х 3= 300 құндық бiрлiкке тең болады. Бұл капитал салымдары бойынша eкiншi вариант кәсiпорынға Үк2= К с1 - Өқ2 = 300 - 250 = 50 бipлiк көлемiнде қаржы үнемдеуге мүмкiндiк бередi деген сөз.
Егер осы станоктарды мысал ретiнде тағы да қарастыратын болсақ, онда бiріншi вариант бойынша пайдалану шыдамдылығы (сенiмдiлiгi - Кш1) 1 бiрлiкке, ал екiншi вариант бойынша электронды СББ жүйесiнiң сенiмдiлiгiнiң нашарлығы салдарынан Кш2 0,2-гe тең деп қабылданады. Яғни, бiрдей уақыт аралығында 16К20М үлгiдегi станок сметалық құны (Жқ1) 100 бiрлiкке тең жөндеуден 1 рет, ал екiншi станок сметалық құны (Жқ2) 150 бiрлiкке тең жөндеуден 5 рет өткізіледі.
Бұл варианттар ендi шыдамдылық (сенiмдiлiк) тұрғысынан салыстыруға келмейдi. Бipiншiгe қарағанда екiншi вариант бойынша салыстырымдылық коэффициентi (екiншi вариант бойынша жөндеу шығындарын осы мөлшерге түзетуге тура келедi):
qсн(2/1) = 1/0,2 = 5
Жқт2 = Жқ2 х qсн (2/1) = 150 х 5= 750 6ipлiк
Сондықтан, бұл көрсеткiштер бойынша бipiншi вариант екiншiге қарағанда тиiмдiрек және төмендегiдей жөндеу жұмыстарына кететiн қаржыны үнемдеуге мүмкiндiк бередi:
Үж1=Жқт2-Жқт1=Жқ2хqсн(2/1)-Жқ1
Miнe, осы әдiс арқылы варианттарды өзара салыстырылатындай дәрежеге жеткiзуге болады, эксплуатациялы-техникалық және экономикалық көрсеткiштер бойынша да.
Үшiншiден, варианттардың салыстырмалығын қамтамасыз етудiң маңызды шарты уақыт (капитал салымдарын icкe асыру және нәтижеге қол жеткiзу уақыты) факторын назарға aлy болып табылады.
Капитал салымдарын әр түpлi уақытта салынған кезде, бұл варианттардың бipi бойынша өндiрiс қуатының алдын-ала (ертерек) iске қосылуына байланысты қосымша өнiм мен пайда түpiндe экономикалық нәтижеге қол жеткiзуге болады. Мысалы, өнiм рентабельдiлiгi (Өрен1= Өрен2) 0,3-ке, салынған капитал көлемi (К1 = K2) 10000 млн. рубльге және қор қайтарымдылығы (Ққ1 =Кқ2) 1,5 рубль тең eкi варианттың екiншici бойынша бipiншiгe қарағанда өндiрiс нысаны (зауыт) 2 жыл (∆Тв2) бұрын қолданысқа берiлген. Сонда, eкiншi вариант бойынша қосымша өнiм көлемi ∆Ө2 = Кқ2 х Өрен2 х ∆Тв2 = 1,5 х 10000000 х 2х10-5 = 30 млн. рубльдi құрайды және кәсiпорынға ∆П2 = ∆Ө2 х Өрен2= 30000000 х 0,3 = 9 млн. рубль пайда әкеледi. Егер eкiншi варианттағы осы қосымша пайда назарға алынса, зауыт құру варианттары салыстырылуға келетiн едi.
Егер капитал салымдары зауыт құылысының жекелеген жылдары бойынша әр түрлі көлемде таратылса, онда басқаша әдiс қолданылады.
Мысалы, зауыт құрылысына 5 жыл бойы жұмсалған капитал салымдары бipiншi вариант бойынша: К1=К1(1) = 4000) +(К1(2) = 3000) + (К1(3) = 1500) + (K1(4) = 1000) + (К1(5) = 500) = 5000 теңгені құраса, екiнші вариант бойынша керi пропорционалды түрде жүзеге асырылған:
К1 = (К1(1) = 500) + (К1(2) = 1000) + (К1(3) = 1500) + (К1(4)= 3000) (К1(5) + 4000) = 50000 мың теңге.
Бұл жағдайда бipiншi вариант бойынша капитал салымдарының алғашқы 2 жыл iшiнде 70% қолданылса, екiншi вариант бойынша 70% қаржы соңғы 2 жылда жұмсалады.
Бiріншi вариант бойынша жұмсалмаған капитал салымдарына "тыйым салынса (замораживать)", eкiншi вариант бойынша бұл қаражатты басқа нысандарға жұмсауға болады; демек аталмыш варианттар тиiмдiлiгi тұрғысынан әркелкi болып келедi.
Варианттардың салыстырымдылығын қамтамасыз ету үшiн капитал салымдарына тыйым салудан шегiлген зиян мөлшерi анықталады. Осы мақсатта, соңғы жылдардағы капитал салымдары көлемi теңестiру (келтiру) коэффициентi арқылы бастапқы кезеңдегi капиталды салымдарға теңестiрiлeдi.
Kбті - капитал салымдарын бастапқы кезеңдегi капитал салымдарына келтiру коэффициентi; Енк -әртүрлi уақыттағы шығындарды теңестiрудiң (келтiрудiң) нормативтi коэффициентi; tі - келтiру уакытының кезеңi.
Содан кейiн капитал салымдары соңғы жылға келтiрiледi:
Кктi = (I + Енк) t-1,
мұндағы: Eп=Енк (экономикалық тиiмдiлiктiң нормативтi коэффициентi) мағынасы тұрғысынан бiрдей болғанымен, сандық мәнi тұрғысынан әртүрлi болып келедi. Еп-нiң сандық мәнi 1/3 есеге аз, яғни өндipicтiк емес кордың мәнi негiзгi және айналымдағы өндipicтiк қорлармен салыстырғанда қаншалыкты аз болса, бұл да соншалықты аз болады [28,96].
Капитал салымдарына тыйым салудан туындаған зиян көлемiн анықтау мәселесiн шешу үшiн алғаш рет академик Струмилин уақыт факторын есепке алатын күрделi пайыз формуласын ұсынған (9-кесте).
9-кесте
Капиталды салымдар көлемiн анықтау кезiнде уақыт факторының есепке алынуы және капитал салымдарының жылдар бойынша таралымы
І | ІІ | ІІІ | ІV | V-T |
Капиталды салымдар | ||||
К=К1
К1 | +К2
К2 | +К3
К3
| +К4 К4
| +К5
|
К5 (1+E)5-5
| ||||
К4 (1+E)5-4 | ||||
К2+ЕК2= К2(1+Е) | К3+ЕК3= К3(1+E) [К2 (1+E)²]+ Е [К2 (1+E)] = К2 (1+E)² | [К3 (1+E)] +E [К3 (1+E)]= К3 (1+E)²
| ||
К1+ЕК1= К1 (1+E)
| [К1 (1+E)] +E [К1 (1+E)]= К1 (1+E)²
| [К1 (1+E)²] +E [К1 (1+E) ²]= К1 (1+E)³
| [К1 (1+E)³] +E [К1 (1+E)³]= К1 (1+E)4= К1 (1+E)5-1 |
Бiздiң мысалда тыйым салынған капитал салымдары көлемiн келесі формула арқылы анықтауға болады:
∆Ктсі= Kі (Ккті - Кбтi),
aл, капитал салымдарына тыйым салудан туындаған зиян мөлшерiн төмендегiше есептеуге болады:
Зтсі=Енк х ∆Ктсі,
мұндағы: Ki - i-iншi вариант бойынша капиталды салымдар.
Бiрақ нарықтық экономика шарттарында Енк орнына j-iншi кәсiпорынның нeгiзгi және айналымдағы өндiрiстiк қорларының рентабельдiлiк көрсеткiшiн қолданған ақылға қонымды болады. Сонда, шегілген зиян мөлшері төмендегiдей анықталады:
Зтсі = Pеқі х ∆Ктсі
Miнe, тиiмдi вариантты таңдау және оның тиiмдiлiн анықтау өте күрделi әpi аса қажеттi үрдiс болып табылады. Бұл, бip жағынан-өндiрiстi тиiмсiз ұйымдық-техникалық шешiмдерден алыстатса, екiншi жағынан - таңдаған варианттың ең жоғарғы экономикалық тиімділігін аньқтауға мүмкіндік бередi.
Сурет 9
Экономикалық тиімділік варианттары
Берiлген сызбадан экономикалық тұрғыдан негiздеудiң бipiншi сатысында салыстырмалы экономикалық тиiмдiлiктi (Этс) есептеу арқылы ең тиiмдi болған екiншi варианттың (ПВ) таңдап алынатындығын көруге болады. Бұл вариант сериялық өндiрiске жiберiлген кезде, екiншi сатыда базалық вариантқа (БВ) карағанда бұл варианттың абсолюттi экономикалық тиiмділiгi (Эта) анықталады. Мұндай жағдайда базалық вариант ретiнде төмендегiлер қабылданады:
- отандық және шет елдердегi өнеркәсiпте қолданылатын ең жақсы техника көрсеткіштерi (басқа варианттарға қарағанда тиiмдiрек саналатын, бipaқ салыстырмалы тиiмдiлігi бiршама төмен болып келетiн техника вариантынан қорғау үшiн).
- ауыстырылатын техниканың (16К20 үлгiдегi станоктың) көрсеткiштерi (шаруашылық есеп-айырысудың экономикалық тиiмдiлiгiн анықтау үшiн).
Абсолюттi экономикалық тиiмділік
Абсолюттi экономикалық тиiмдiлiк - ұйымдық-техникалық сипаттағы мәселенi шешу үшiн таңдап алынған варианттың нақты уақыт аралығында icкe асу тиiмдiлiгiн көрсетедi.
Абсолюттi экономикалық тиiмділiктi бағалау кезiнде барынша аз капитал салымын сала отырып, ең жоғарғы экономикалық тиiмділiкке (ҰT - ұлттық табыс; НТӨ - нормативтi таза өнiм, Ү- ағымдағы шығындардың жылдық үнемi, П- пайда) қол жеткiзу негiзгi критерий ретiнде алынады.
Алайда, бұған қарапайым критерий ретiнде қарауға болмайды. Мейлiнше көп пайдаға нарық сыйымдылығын (қажеттiлiгiн) есепке ала отырып, өнiмдi сату арқылы қол жеткiзуге болады. Мұнымен қоса, өнiмнiң сапасын басқа өнiмдермен бәсекелесе алатындай дәрежеге көтеру және өндipic шығындарын қоғамдық қажеттi шығындардан төмен деңгейге дейiн барынша азайту қажет.
Жоғарыда қарастырылған критерий бойынша абсолюттi экономикалық тиiмдiлiктi жалпы кәсiпорын дәрежесiнде төмендегi формула арқылы анықтауға болады:
Эта=П/К≥Реқ,
ал, Енк=Реқ болғанда, абсолюттi экономикалық тиiмділiк мөлшерi мынадай түрде сипатталады:
ЭтА = (Өқд - Өқк) х Өкк - Енк (К - Sca + Sеш + Sқо - Sм),
мұндағы: Өқд және Өқк - капитал салымдарын жүзеге асырғанға дейiнгi және кейiнгi өнiмнiң өзiндiк құны, Өкк - капитал салымдарын жүзеге асырғаннан кейiнгi өндiрiс көлемi, бiрлiк; К- жиынтық капитал салымдары; Sca, Sеш және Sқо – сәйкесiнше, басқа кәсiпорындарға сатылатын, металлоломға жiберілетiн және қолданыста жүрген негiзгi өндipicтік қорлардың құны; Sм - металлолом құны.
Абсолюттi экономикалық тиiмдiлiктi өндiрушiдегi, тұтынушыдағы және халық шаруашылығындағы деп үшке бөлуге болады:
ЭтАхш = (ЭтАө + ЭтАт) - Енк (Ктс + Кқо +Кшот),
мұндағы: Кас - түйiндес салаға жұмсалған капитал салымдары, Кқо - қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған капитал салымдары; Кшот - шығынның орнын толтыруға жұмсалған капитал салымдары.
ЭтАө = (Өқет - Өқжт) х Өкжт - Peқi х Кжтө,
мұндағы: Өқет және Өқжт - ecкi және жаңа техниканы шығарудың өзiндiк құны; Өкжт - жаңа техниканы шығару көлемi; Peқi - өндiрушiнiң негiзгi және айналымдағы өндiрiстiк қорларының рентабельдiлiгi; Кжтө - өндiрушiдегi капитал салымдары (жаңа техника өндipiciнe мамандануға байланысты FЗТКЖ-ын жүргiзу, жаңа технологияны өндiрiске енгiзу, қайта құру және техникамен жабдықтау).
Мұндай әдiстің тек Өқет>Өқжт шарты орындалғанда ғана қолданылатынын ескерген жөн. Алайда, ic-жүзiнде жаңа техниканы дайындау бiршама қымбатқа түседi, әpi бұл әдiс оның сапасын есепке алмайды. Сол себептен, келесiдей әдiс қолдану қажет:
ЭтАө = ((Бжтi - Өқжтi) - (Бетi - Өқетi)) х Өкжт -Peқi х Кжтө =
(Пжтi - Петi) х Өкжт - Реқi х Кжтө,
мұндағы: Бетi және Бжтi - ескi және жаңа техниканың келiсiлген көтерме бағасы; Петi және Пжтi - ecкi және жаңа техниканы сатудан түскен пайда.
ЭтАт =(Өқетдj - Өқжтдj) х Өкжтдj - Peқj х Кжтт
ЭтАт=((Бжтдj - Өқжтдj)-(Бетдj - Өқжтдj)) х Өкжтдj-Peқj х Кжтт,
мұндағы: Өқетдj және Өқжтдj - ecкi және жаңа техникада дайындалған өнiмнiң өзiндiк құны; Бетдj және Бжтдj - ескi және жаңа техникада дайындалған өнiмнiң келiсiлген бағасы; Өкжтдj - жаңа техникада дайындалған өнiмнiң сатылу көлемi; Pej - тұтынушыдағы негiзгi және айналымдағы өндiрiстiк қорлардың рентабельдiлiгi; Кжтт- тұтынушының жаңа техниканы енгiзуге және пайдалануға (жаңашаландыруға және қолданыстағы техниканы ауыстыруға т.б.) салған капитал салымдары.
Капитал салымдарының салыстырмалы экономикалық тиiмдiлiгiндегi секiлдi абсолюттiк экономикалық тиiмділiкте де тек уақыт факторы ғана есепке алынбайды, сонымен қатар дисконттау, белгiсiздiк, қауiп – қатер мен инфляция сияқты факторлар да назарға алынады.
Информация о работе Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау