Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:15, курсовая работа

Описание

Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандардыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші - жоғарғы технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЭЛЕМЕНТТЕРІ...............................................6
1.1 Инновациялық менеджменттің экономикалық мәні..................................6
1.2 Инновациялық жоба және оның элементтері............................................13
2 ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘНЕ «АТЫРАУ - НАН» ЖШС-НІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА КАПИТАЛ САЛЫМДАРЫ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ ..................................................19
2.1 Қазақстан кәсіпорындарындағы инновациялық кәсіпкерлік және инновациялық даму стратегиясының қалыптасуы.........................................19
2.2 Инновациялық жобаның экономикалық тиімділігін анықтау.................40
2.3 Инновациялық - инвестициялық жобада капитал салымдарының көлемін анықтау.................................................................................................46
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ........................................................................................58
3.1 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу..................................................................................................................58

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................65

Работа состоит из  1 файл

Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау.doc

— 870.00 Кб (Скачать документ)
:collapse;margin-left:0pt">

 

Деңгейлер

Мазмұны

1.                    

Бизнес идеясы (seed stage)

Идеяны жобалау және оны саудалау. Сонымен қатар болашақ өнімнің үздік үлгілерін дайындау;

2.                    

Бизнесті ашу (start-up stage)

Жобаны жүзеге асыру меқсатында жүйелі іс-әрекеттерді жүзеге асыруды бастау;

3.                    

Өсу деңгейі (expansion stage)

жаңа өндірістік қуаттылықты іске  қосу және персоналдар санының өсуі;

4.                    

Кеңею деңгейі (mezzanine stage)

нарықтың бір бөлігін жаулап алу және пайданың тұрақты болуы;

5.                    

Өтімділік деңгейі (liquidity stage)

бизнестің нақты (реалды) нарықтық құнының қалыптасуы.

 

Әлемдік экономикада концессияның рөлі ұлғаю үрдісінде. Егер де ХХ-шы ғасырда концессияны тек жер қойнауын пайдалануда қолданса, 1990 жылдан бастап концессияға мемлекеттік меншіктің көптеген басқа да объектілері беріле бастады.

Кәсіпкерлікті дамытудың негізгі жолдарының бірі концессиялық келісім.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай концессия мемлекеттің жекеменшік инвестицияға қызығушылығынан қолданылады. Қазақстанда концессияға қызығушылық артуда. Әсіресе ірі инфраструкутуралық жобаларды іске асыруда: көлік және телекоммуникация салаларында, жол салуда т.б. Қаізргі таңда 212 млрд. тенге көлемінде 7 концессиялық жоба іске асуда.

Қазақстан Республикасында концессиялық қатынастарды заңдық реттеу белгілі бір деңгейде қалыптасқан. Қазақстан Республикасы мен шетелдік инвесторлар арасындағы қатынастарды реттейтін 2006 жылы «Қазақстан Республикасындағы концессия туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды.

Осы Заң концессияға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, концессия шарттарын жасасудың, оны орындаудың және тоқтатудың талаптары мен тәртібін айқындайды, концессионерлерді мемлекеттік қолдау кепілдіктері мен шараларын айқындайды. 

Алайда, концессиялық жобаларды іске асырудың негізгі проблемалары бұл жобалардың капитал сыйымдылығының өте жоғары болуы «ұзын» ақшаларды қажет етеді. Біздің ойымызша зейнетақы мен сақтандыру қорларының қаражаттарын пайдалану қажет. Келесі проблема концессиялық жобалардың өтеу мерзімінің ұзақтығында. Өйткені бюджет 3 жылға жоспарланады, сондықтан бюджеттік жүйе 3 жыл өткен соң қаржыландыруды кепілдік бере алмайды және салық кодексіне енгізілетін өзгерістерде кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан заң потенциалды концессионерлердің құқықтарын толық қолдай алмай отыр.

Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамытуда лизингтің маңызы зор. Өйткені кез келген инновациялық кәсіпорын ашу үшін алдымен кәсіпорынға толық технологиялық цикылды қамтамасыз ететін құрал жабдықтар қажет. Ал жаңа технологиялар қымбат тұрады, және оны кез келген кәсіпкер сатып ала алмайды. Бұл мәселені шешудің бірден бір жолы қажетті құрал жабдықтарды лизингке алу болып табылады.

Лизинг қазіргі кезде Қазақстанда да қалыптасу және даму кезеңін өткеруде. Лизингті   дамыту  үшін   заңдық-құқықтық  актілердің қабылдануы   банкілер   мен   саудалық  құрылымдар құрған, мемлекет немесе  ҚР  заңдары бойынша заңды тұлға  болып есептелетін және шетел компаниялары тарапынан қаржыландырылатын түрлі лизингтік компаниялардың пайда болуына септігін тигізді. Лизингтік компаниялардың басым көпшілігі лизингті қолданудың тиімділігін арттыру үшін банкілердің көмегімен дербес қаржы көздерін тарту және өзара бірлестіктер мен одақтарға бірлесу арқылы ірілену саясатын жүргізуде. Лизингтік қызметтерді көрсететін компаниялар мен банкілердің көбеюі бір жыл ішінде жасалатын лизингтік операциялар көлемінің артуына себепші болып, соңғы жылдары лизингтік мәмілелер мен операциялар саны қарқынды түрде арта түсті [14,26]. 

 

 

 

 

Кесте 2 ­

2005-2008 жылдары арасында Қазақстан Республикасында көрсетілген лизингтік қызметтер көлемі мен құрылымы  (млн. теңге)

 

Лизингтік қызметтер

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2005-2008 ж.ж. салыстыру (қанша есе)

Жеңіл автокөлік лизингі

49,7

54,1

81,4

188,3

3,8

Басқа да құрлықта жүретін көлік құралдарының лизингі

15,5

45,8

83,9

97,0

6,3

Кемелер лизингі

-

-

39,5

36,4

-

Ұшақтар лизингі

10,6

24,9

46,9

78,2

7,4

Ауылшаруашылығы машиналарының лизингі

4,0

40,0

27,1

917,6

229,4

Құрылыс жабдықтарының лизингі

48,8

1585,6

1804,6

3112,3

63,8

Компьютерлер лизингі

7,2

5,5

27,9

285,5

39,6

Басқа да құрылғылар мен жабдықтар лизингі

20,5

86,2

52,5

298,1

14,5

Басқа негізгі құралдар лизингі

5,4

3,1

1,9

1,9

2,7

Барлығы

161,7

1855,2

2165,8

5015,2

31,0

 

2-кестедегі мәліметтерден лизингтік операциялар  көлемінің ауылшаруашылығы машиналары, құрал жабдықтары және компъютер лизингі операцияларында қарқынды түрде артқандығы байқалады. Республикамызда көрсетілген лизингтік қызметтердің жалпы көлемінің артуына қарамастан, лизингтің даму деңгейі әлі күнге дейін қойылған талаптарға сай емес. Бұл, ең алдымен, лизингтің ұйымдық-экономикалық тетіктерінің тиімсіз әрекеттілігіне, лизингтік қызметтердің құрамы мен түрлеріне қатысты ақпараттардың тапшылығына, осы саладағы мамандардың білімдері мен тәжірибелерінің жеткіліксіздігіне және лизингтік компаниялардың басым көпшілігінде инвестициялық мүмкіншіліктің төмендеуіне тікелей байланысты болып отыр. Жалпы алғанда, шағын және орта кәсіпорындар мен банкілердің үлесі бар компаниялар лизингілік қызметтерді ұсынуда. Ал жеткілікті потенциалы бар ірі жеке және мемлекеттік кәсіпорындар лизингілік жобаларды инвестициялау ісіне көп назар аудармауда.

Франчайзинг кәсіпорынның өз өнімін сату нарығын шұғыл кеңейтуге, кәсіпорында жоқ елеулі қаржылық салымдарсыз мүмкіндік береді. Франчайзи франчайзердің саудалық белгісімен жұмыс істей отырып, пайда өсімін, оның өзін (франчайзер компания) және өнімін жарнамалануын қамтамасыз етеді.

Қазақстанда 2007 жылы франчайзинг айналымы 500 млн.АҚШ долларды құрады. ҚР «Франчайзинг туралы заң» (2002ж) қабылданды, 150 франчайзинг жүйесі және 1000 аса франчайзинг пунктері жұмыс істейді,  Қазақстан ұлттық франчайзинг ассоциясы құрылды. Франчайзинг мемлекеттік деңгейде  қолдау тауып отыр. Соның арқасында 2003-2007 жж франчайзин жүйесі елімізде 3 есеге өсіп отыр. Франчайзинг жүйесінде жұмыс істейтіндер саны 14000 адамды құрап отыр. Бірақ франчайзингтің одан ары дамуына келесі факторлар кері әсер етіп отыр: франчайзинг секторына мемлекеттік жеңілдіктердің қарастырылмағандығы, интелектуалды меншіктің нашар қорғалуы, кәсіпкерлердің ұзын ақшаны алуға шектеулігі, франчайзинг туралы ақпаратың жетіспеушілігі.

Әлемдік тәжірибеде франчайзинг кеңінен қолданылып отыр. Ал ҚР шетел франшизасының үлесі үлкен. Қазақстанада негізінен дистрибьютивтік/саудалық франчайзинг ғана дамып отыр, ал шет елде керісінше, кәсіпкерлік франчайзінгінің үлесі саудалық франчайзингтен жоғары.

Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегияның негізгі бағыты, біздің ойымызша, жоғары технологиялық, ғылым сыйымды және экспорттық бағытталған өнім мен өндірістердің дамуы болып табылады.

Соңғы он жылда Қазақстанда, басқа да ТМД республикаларындағыдай технологиялық деградация тенденциясы орын алды. Өндірістің техникалық деңгейі төмендеді, жаңа технологиялар әлсіз меңгерілді, прогрессивті өнім өндірісі төмендеді, ғылыми-техникалық потенциал қысқарды.

Еліміздегі ғылыми-техникалық әлуетінің  қазіргі жағдайы абсолютті сандық қысқаруы мен оның барлық құрамдастары бойынша сапасының нашарлауы тенденциясына ие болып отыр. Республикадағы инновациялық іс-әрекеттердің ғылымның ары қарай дамуы оның заңдылық және нормативтік базаларын жетілдіруге байланысты [15,37]. 

Дамығын елдер тәжірбиесі көрсетуінше экономикалық дамудың негізгі гранты – ғылыми-техникалық салада лидерлік позицияны ұстау. Сондықтанда 80-жылдардан бастап барлық алдынғы қатардағы елдер белсенді ғылыми-техникалық саясат жүргізе бастады. Бір ғана мысал, ол елдердің ғылымға жұмсаған шығындарынан да көруге болады. (кесте-3). Бұл кестеден Қазақстан Республикасы ең төменгі орын болып отырғанын көруге болады. Швеция мемлекетінде ЖІӨ-ің үлесі жоғары болған. Басқа мемлекетке қарағанда бізде ғылымға арналған шығын көлемі аз болып отыр. Нәтижесінде, бүгінгі дүниежүзілік технологиялық даму үрдісі жаңа саты – адамзат игілігі үшін, оның өмірін жақсартуға, оны көркемдеуге бағытталған электронды, биоинженерлі және басқа да ғылым дәрежелерін пайдалануға негізделген деңгейге көшуде. Сондықтан барлық дамыған, дамушы елдерде мемлекеттік инновациялық салаға қаржылай түде, ұйымдастыру үрдісіне көмек көрсету арқылы қолдап отырады. Көптеген елдер тәжірбиесі көрсеткендей, экономиканың күрт құлдырауы, қаржы дағдарысы кезінде  мемлекет инновациялық қызмет саласын қолдап, дамытып отыруы қажет.

 

Кесте 3 ­

2008 жылда Әлемдегі мемлекеттердің ғылымға арналған шығындары

 

Мемлекет

ЖІӨ-дегі үлес салмағы, (%)

Жеке капиталдағы үлесі, (%)

АҚШ

2,9

66,7

Жапония

3,0

40,3

Германия

2,35

66,6

Франция

2,25

31,4

Швеция

4,0

32,3

Ресей

1,9

2,9

Украина

1,3

2,4

Қазақстан

0,3

3,0

Информация о работе Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау