Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:15, курсовая работа
Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандардыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші - жоғарғы технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЭЛЕМЕНТТЕРІ...............................................6
1.1 Инновациялық менеджменттің экономикалық мәні..................................6
1.2 Инновациялық жоба және оның элементтері............................................13
2 ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘНЕ «АТЫРАУ - НАН» ЖШС-НІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА КАПИТАЛ САЛЫМДАРЫ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ ..................................................19
2.1 Қазақстан кәсіпорындарындағы инновациялық кәсіпкерлік және инновациялық даму стратегиясының қалыптасуы.........................................19
2.2 Инновациялық жобаның экономикалық тиімділігін анықтау.................40
2.3 Инновациялық - инвестициялық жобада капитал салымдарының көлемін анықтау.................................................................................................46
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ........................................................................................58
3.1 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу..................................................................................................................58
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................65
Әр түрлі елдерде экономикалық нәтиже ретінде жылдық үнемдеу, экономикалық эффект, кipic, таза өнім, жалпы және таза пайда, дивиденттер қабылданады. Бұл экономикалық нәтижелердің барлық түрлері алға қойған мақсат пен қызметке және ic-шараның сипаты бойынша экономикалық тиімділікті есептеуде қолданылады. Жүргізілетін ic-шараның аз үнемдеуге себеп болған жағдайда, экономикалық нәтиже ретінде ағымдық өндірістік шығындарда жасалған жылдық үнемдеу алынады. Дивиденттер - акционерлер тұрғысынан ic-шаралардың экономикалық тиімдiлiгiн, aл пайда - нарықтық экономика шарттарында негізгі экономикалық нәтижені сипаттайды.
Сондықтан экономикалық тиімділікті төмендегідей көрсетуге болады:
Е = ТП (У, ШЕК, ЖП) / К,
мұндағы: ТП және ЖП - таза және жалпы пайда; ШЕК - шаруашылық eceп кipici (кәсіпорынның шаруашылық есептегі бөлімшелері жүргізген ic-шараларының тиімділігін есептегенде); Ү - өндіріске кететін ағымдық шығындарда жасалған жылдық үнемдеулер; К-капитал салымдары (сол уақытта жұмсалған).
Экономикалық тиімділікті басқару түріне қарай - халық шаруашылығы және шаруашылық есеп тиімділігі (өндіруші және тұтынушыда), есептеу әдici мен мақсатына қарай - абсолютті (жалпы) және салыстырмалы тиімділік, тиімділіктің экономикалық негіздемесінің нысандарына қарай - өндipic, капитал салымдары, FЗТКЖ, жаңа техника және технология тиімділігі деп бірнеше түрлерге топтауға болады.
Капитал салымдарының тиімділігін экономикалық тұрғыдан негіздеудің объективті қажеттілігі нарықтық экономика шарттарында экономикалық заңдардың (біріншіден құн заңының) қолданылуынан, толығымен өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі жабдықтау қағидалары бойынша жұмыс істейтін акционерлік және жеке кәсіпорындардың толық экономикалық тәуелсіздігінен; тиімділікті арттырудың түрлері көп, ал қаржылық ресурстар шектеулі болып келетін экономикалық жағдайда материалды-техникалық ресурстардың шектеулi болуынан туындайды. Сонымен қатар, экономикалық тиiмдiлiк көрсеткiштерi мемлекеттiк мекемелердi былай қойғанда акционерлiк кәсiпорындарда жоспарлау нысаны, ал өткiзілетiн техникалық, ұйымдастыру-экономикалық сипаттағы ic-шаралардың экономикалық тиiмдiлiгi "бизнес жоспардың" бiр бөлiгi болып табылады. Сондай-ақ, экономикалық тиiмдiлiк кәсiпорынның ic-шараларының соңғы нәтижелерi бойынша норма, норматив, баға ретiнде бepiлyi керек.
Осы себептер экономикалық тиiмділiктi есептеудi шартты қылады:
- кұрылыс, қайта құру, жаңа техника, технология өндiрудiң ең тиiмдi вариантын таңдау және т.б.;
- өндipic және тиiмдiлiк үшiн маңыздылығына қарай iс-шаралардың жүзеге асырылу кезегiн анықтау;
- экономикалық тиiмділік нәтижелерiн жоспарлы және есептiк көрсеткiштерiмен анықтау;
- жаңа техника мен технологияны қолданудың сыйақы көлемiн анықтау;
- тұтынушы-кәсiпорынның ұйымдастырушы-техникалық мәселелердiң тез арада және сапалы шешiм табуында келiсілген бағамен дайындаушы- кәсiпорынды экономикалық ынталандырудың көлемiн анықтау.
Сонымен бipгe дайындаушы үшін де, тұтынушы үшiн де бұл мәселелердiң шешiмi капитал салымдарының экономикалық тиiмдiлiгiн арттыруға және олардың қайту мерзiмi мен icкe асу мерзiмiн қысқартуға әкелiп соғады. Және де экономикалық тиiмдiлiктi есептегенде капитал салымдарының тиiмдi бағытын таңдау және өнiм көлемiнiң артуы және салынған әpбip теңге үшiн рентабельдiлiгiн арттыру сияқты мәселелер де шешiмiн табу керек.
Осылайша нарық жағдайында экономикалық тиiмдiлiктi (пайдалылықты, рентабельдiлiктi) арттыру ең маңызды мәселе болып табылады. Бiрақ, қалыптаскан үлкен экономикалық потенциал, әcipece саласында тиiмдi қолданылмайды, өнеркәсiп өндірісі екi есеге дейiн қысқартылды. Ғылыми техникалық прогресс мүмкiндiктерi қолданылмайды, мысалға, машина құрылысында инвестиция салулар тоқтаған. Сонымен қатар, қолда бар резервтер пайдаланылмайды, оның орнына ең бipiншi еңбекақысын төлеуге жұмсалуда.
Өтпелi кезеңнiң осындай шығындары әрине жойылады. Акционерлiк және жеке капитал өндiрiстi қаржыандырудың қайнар көзiне айналады, сондықтан да инвестиция саясатының өзгеруi, ғылыми-техникалық дамуды жеделдететiн капиталды салымдардын артуы, барлық тур ресурстарды тиiмдi қолдану мәселесiн қайтадан көтерiп, бұл мәселенiң экономикаға негiзделген шешiмiн талап етедi.
Мұндай шешiмдердiң методологиялық негiздерi алғашқы экономикалық реформа кезеңiнде, яғни 60-жылдары орталықтандырылған экономикалық шарттарда нарықтық экономика принциптерiн қолдануға бағытталған болатын [10].
Капитал салымдарының экономикалық тиiмдiлiгiнiң әдiстемелiк нeгiзiн экономикалық нәтижелер (ЭН) мен осы нәтижелерге алып келетiн капиталды салымдардың (Н) арақатынасы құрайды:
ЭТ=ЭН/К
Халық шаруашылығы деңгейiнде экономикалық нәтиже ретiнде ұлттық табыс өciмi (∆ҰТ), салалық деңгейде - нормативтi таза өнiмнiң өciмi (∆НТӨ, яғни жалпы табыс-енбекақы, дивидент және таза пайда), акционерлiк кәсiпорын деңгейiнде - капитал, дивидент және таза кipic табуға бағытталған пайданың өciмi (∆Па), ал жеке кәсіпорын деңгейiнде таза пайданың өciмi (∆Пт) қолданылады. Кәсiпорын iшiнде экономикалық нәтиже ретiнде ағымдағы шығындардың жылдық үнемi (Ү) түpлi ic-шараларда қолданылады. Егер ic-шаралардың тиiмдiлігiне экономикалық баға белгілі бip өнiм тұрғысынан берiлетiн болса, экономикалық нәтиже ретiнде баға (Бi) мен өнiмнiң өзiндiк құны (Өқi) арасындағы айырмашылық, яғни сатудан түскен пайда қаралады.
Бұлай болса басқарудың түрлі сатыларындағы экономикалық тиiмдiлiк төмендегiдей болады:
ЭТхш=∆ҰT / К; ЭТс=∆НТӨ / К; ЭТак = ∆Па / К;
ЭТжк=∆Пт / К; ЭТi = ∆Y / Ki; ЭТj = ∆Пстj / Kj;
мұндағы: ∆Пстj =(Бкj - Өқкj) - (Бдj - Өқдj) - Бдj немесе Бкj – көтерме баға (прейскурант немесе келiсілген); Өқдj және Өқкj - ic-шараға дейiнгi және кейiнгi өнiмнiң өзiндiк құны.
Жоғарыда да атап өткенiмiздей әртүрлi шаруашылық мәселелерi әр түрлі жолдармен және экономикалық тиiмдiлiгi түрлi әдiстермен шешіледi. Сондықтан да осы мәселелердi шешуде экономикалық тиiмділіктi бағалау көрсеткiшiн таңдау қaжeттiлiгi туындайды. Мұндай экономикалық көрсеткiш ретiнде экономикалық нәтижелердің капитал салымындағы 1 рубльге артуы болып табылады.
Сонымен қатар, экономикалық тиiмдiлiк дәрежесiнiң өлшемi ретiнде шаруашылық мәселелердiң шешiмiнiң тиiмдi әдiстерi мен түрлерiн таңдаудағы критерий көрсеткiшi қолданылады.
Жоспарлы экономика шарттарында мұндай өлшем ретiнде "капитал салымдарының, жаңа техника енгiзудiң экономикалық тиiмдiлiгiнiң нормативтi коэффициентi" (Енк) қолданылған.
Халық шаруашылығында бұл коэффициенттiң сандық мәнi халық шаруашылығын экономикалық және әлеуметтiк дамытуға бағытталған 5 жылдық жоспарларда 5 жылға белгiленетiн едi. Бұл коэффициент ұлттық табыстағы күтiлген өсiмнiң (∆ҰT) капитал салымдарына (К) немесе ұлттық табыстың (ҰT) негiзгi (Өнөқ) және айналымдағы (Өаөқ) өндipicтiк қорлардың бастапқы құнына қатынасы ретiнде есептеледi:
ЭТхш =∆ҰT / К немесе ЭТхш = ҰT / Өнөқ + Өаөқ
Экономикалық тиiмдiлiктiң нормативтi коэффициентi қорлардың рентабельдiлiгiне қарай әpбip сала үшiн бөлек тағайындалатын. Ал жалпы халық шаруашылығы үшiн бұл коэффициент ЭТхшнк=0,14 (1 руб. капитал салымына 14 тиын), жеңіл өнеркәсiпте - ЭТжөнк =0,25, ауыл шаруашылығында ЭТашнк =0,07 және машина жасау саласында - ЭТмжснк= 0,15.
Алға қойған мақсатқа жетудiң ең тиiмдi шешiмiн таңдау жоспарланған, есептелген (нақты) тиiмділiктi нормативтi тиiмдiлiкпен салыстыру арқылы жасалады:
ЭТе(н) ≤ ЭТнк.
Бiрақ нарықтық экономика шарттарында және акционерлiк және жеке қолдануға келмейдi (әcipece абсолюттi экономикалық тиiмділіктi анықтауда). Осыған байланысты тиiмдiлiктiң нормативтi коэффициентi ретiнде капитал салымын салуды көздеген кәсiпорынның өндiрiстiк қорларының нормативтi рентабельдiлiгi (Pei) немесе егер ұйымдастыру-техникалық және басқа да iс-шаралар банк несиесі арқылы жүзеге асырылса, банк процентi (Б%) қолданылады. Бұған қоса, нормативтi рентабельдiлiк өнiмдердiң нарықтағы бәсеке қабiлеттiлiктілiгiн жоғарыла алатындай дәрежеде белгiленуi керек. Яғни капитал салымдарының eң тиiмдi вариантын таңдау төмендегiдей болады:
ЭТе(н)і ≥ Pеі немесе ЭТе(н)і ≥ Б%,
мұндағы: Pei - сатудан түскен таза (∆Птi) немесе жалпы (∆Пжi) пайданың капитал салымдарына (Kci) қатынасымен анықталады, ал жеке кәсiпорындарда:
Режкі= ∆Пті х (∆Пжі) / (Kсі + Кнқі).
Акционерлiк кәсiпорындардағы рентабельдiлiк акционерлiк капиталға (Kаі) берiлетiн дивиденттердi (Ді) есепке aлy арқылы есептеледi:
Реакі = (∆Пті + Ді) / (Kаі + Кнқі),
мұндағы: Кнқі - несие құралдары (банк нecиeci).
Капитал салымдарының экономикалық тиiмдiлiгi нeгiзгi және көмекшi көрсеткiштер жүйесiнiң көмегiмен анықталады.
Heгiзгi көрсеткiштер:
1. Капитал салымдары - К.
2. Өнiмнiң капитал сыйымдылығы (капитал салымдарының үлeci) - Өкс.
3. Өнiмнiң өзiндiк құны - Өөқ.
4. Өндiрiс шығыны – Шө.
5. Сатудан түскен пайда - Пст =(Бі - Өқі) х Өскі,
мұндағы: Өскі-капитал салымдарынан кейiнгi i-iншi кәсiпорынның өнiм сату көлемi.
6. Ағымдағы шығындардың жылдық үнемi - Ү:
Үрі = Рді - Pкі немесе Үөқj = ∑Өқдjі – ∑Өқкjі,
мұндағы: Yрі - i-iншi ресурстың жылдық үнемi; Рді және Pкі - капитал салымына дейiнгi және кейiнгi i-iншi ресурс шығыны; Yөқj - j-iншi өнiмнiң өзiндiк құнын түсiруге байланысты жылдық үнемдеу; ∑Ө қдjі және ∑Өқкjі - i-iншi бап бойынша салынған капитал салымына дейiнгi және кейiнгi j-ыншы өнiмнiң өзiндiк құны.
7. Капитал салымдарының экономикалық тиiмдiлiгi - Е(Е(н)) - есептiк (нақты), Е н (ж) - нормативтiк (жоспарланған) экономикалық тиімділік.
8. Кәсiпорынның капитал салымдарының нормативтi рентабельдiлiгi -Peн.
9. Капитал салымдарының өзiн-өзi ақтау мерзiмi - Т(Те(н) - есептiк (нақты) және Тн - нормативтi өзiн-өзi ақтау мерзiмi):
Т =К / Ү немесе Т =К / П.
10.Келтiрiлген жұмсаулар - Шк =Өқ + Енк х К не Шкі = Өқі + Енкі х Kі.
11.Экономикалық эффект - Эф = Ү- Енк х К немесе Эф = П- Енк х К не болмаса Эфі = Ү- Енкі х Kі немесе Эфі = Пі - Eнкі х К.
Қосымша көрсеткiштердiң (өнiм өндiру және сату көлемi - Ө, еңбек өнімділігі – Еө, қор қайтарымдылығы - Кқ, өнiмнiң ресурс сыйымдылығы - қор сыйымдылығы, материал сыйымдылығы және еңбек сыйымдылығы Өрс (Өқс, Өмс және Өес)) негізгі көрсеткiштерден айырмашылығы негiзгi көрсеткiштердi анықтауда және оларға қосымша сипаттама беруде қолданылуында. Сондай-ақ, олар өндiрiс тиiмдiлiгiн анықтауда кәсiпорын қызметiнiң соңғы нәтижелерiн көрсететiн нeгiзгi көрсеткiштерге қосымша көрсеткiштер ретiндегi жоспарлы көрсеткiштер, нормалар, нормативтер және бағалар түрiнде қолданылады.
Жоғарыда аталып өтiлгендей, салыстырмалы экономикалық тиiмдiлiк экономикалық тиiмдiлiктiң бiр түрi болып табылады [27,29].
Салыстырмалы экономикалық тиiмдiлiк
Салыстырмалы экономикалық тиiмділiктi есептеудегi негiзгi мақсат - капитал салымдарының ең тиiмдi вариантын анықтау болып табылады.
Мұндай вариантты таңдау көрсеткiшi ретiнде минимум шығындар алынады:
міn Ш = Өқ + Енк х К немесе міn Ш = Өқ + Peн х К
Өқ1> Өқ2 және К1 < К2 шарты кезiнде eкi вариант салыстырылатын болса, онда eң тиiмдi вариант төмендегi формула көмегiмен таңдалып алынады:
Е²̸¹е(н) = (Өқ1 - Өқ2) / (К2-К1) ≥ Peн
Т²̸¹ е(н) =(К2 - К1) / (Өқ1 - Өқ2) = ∆К2/Ү2≤Tні
Экономикалық тиiмдiлiктi мұндай жолмен анықтаған кезде экономикалық тиiмдiлiк пен экономикалық эффектiнiң көлемi төмендегiдей есептеледi:
Эф²̸¹ = (Өқ1 - Өқ2) х Ө2 - Енк х(К2 - K1) = Ү2 - Енк∆К2
немесе
Эф²̸¹ = (Өқ1 - Өқ2) х Ө2- Рен х (К2-К1)=Ү2 - Рен х(к2-К1).
Экономикалық негiздеменiң нысаны ретiнде 2 вариант салыстырылған кезде өзiндiк құны аз вариант таңдап алынады, өйткенi кepi жағдайда капитал салымдары тіпті өзiн-өзi ақтамай да қалады:
Егер бiрнеше вариант салыстырылса минимум шығын шығатын вариант таңдалады:
min Ші = Өқі + Енк х Kі немесе
min Ші = Өқі + Peні х Kі
Экономикалық тиiмділiк көлемiн анықтауда салыстыру базасын таңдау мәселесі туындайды. Көптеген варианттар салыстырылғанда, салыстыру базасы ретiнде таңдалған варианттардың iшiндeгi шығыны ең аз вариант қабылданады. Кейiннен таңдалған варианттың экономикалық тиiмдiлiк көлемi (Этк) осы вариантты жүзеге асыруға жұмсалатын шығындар (Штв) мен қабылданған салыстыру вариантының (Шсв) айырмасы ретiнде есептеледi:
Этк = Штв - Шсв
Бiрақ, eкi не одан да көп вариантты салыстыру кезiнде бұл варианттар мен олардың көрсеткiштерi бip-бiрiмен салыстырыла алатындай дәрежеде болуы тиiс. Мұндай салыстырмалылықты қамтамасыз етудiң ондаған талабы бар. Бiз соның iшiндегi ең негiзгi және ең маңызды сегiз талабын қарастырғанды жөн көрдiк:
1. Варианттар бойынша салыстыру нысаны мен базасы ретiнде тек өндipiстiк мақсаттағы нысандар мен базалар алынады. Мысалы, машина бөлшегiнiң механиналық өңдеу немесе нақты құю немесе нақты штамптау арқылы жасалуы әртүрлi технологиялық әдiстердiң қолданылғанына қарамастан, қажеттi варианттардың салыстырмалығын қамтамасыз етедi.
2. Варианттарда салыстырмалы база ретiнде елiмiзде немесе шетелде жасалған ең озық техника қабылдануы керек (баламалы вариант).
3. Басқа барлық шарттар бiрдей болғанда техниканы қолдану тәртiбi мен шарттары да варианттар бойынша бiрдей болуы керек. Егер варианттардың бiрiнде конструкторлық-технологиялық ерекшелiктерi бойынша жақсы жүктемеге қол жеткiзуге мүмкiндiк болса, бұл фактор осы вариантқа қосымша тиiмдiлiк қамтамасыз етедi.
Информация о работе Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау