Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:15, курсовая работа
Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандардыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші - жоғарғы технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЭЛЕМЕНТТЕРІ...............................................6
1.1 Инновациялық менеджменттің экономикалық мәні..................................6
1.2 Инновациялық жоба және оның элементтері............................................13
2 ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘНЕ «АТЫРАУ - НАН» ЖШС-НІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА КАПИТАЛ САЛЫМДАРЫ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ ..................................................19
2.1 Қазақстан кәсіпорындарындағы инновациялық кәсіпкерлік және инновациялық даму стратегиясының қалыптасуы.........................................19
2.2 Инновациялық жобаның экономикалық тиімділігін анықтау.................40
2.3 Инновациялық - инвестициялық жобада капитал салымдарының көлемін анықтау.................................................................................................46
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ........................................................................................58
3.1 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу..................................................................................................................58
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................65
Қазіргі күні барлық елдерде ірі көлемде ғылыми-техникалық саясаттар жүргізілуде. Батыс Еуропа елдерінде бұл - өнеркәсіпте жаңалық тар мен инновацияларды енгізу процесін қолдау. АҚШ-та ғылыми-техникалық дамудың ірі және жеке бөлімдерін қолдау болып табылады. Барлық елдерде ғылыми-техникалық саланы қаржыландыру басты тапсырмаларға айналған. Бұл саланы қолдау заңды түрде: мемлекеттік акті, үкімдер бойынша жүзеге асырылады [16,28].
Инновациялық кәсіпкерліктің түрлерінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайын талдау
Қазақстанның ғылыми-техникалық саясаты инновациялық үрдістерді белсендіруге, жаңа технологиялық құрылыстар енгізуге, өндіріс өнеркәсібінде жаңа шеңберлерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуметтің дамуына, ғылым және өндіріс арасындағы алшақтықты еңсеруге, инновациялық қызметті ынталандыруға, технологияладың нақты трансфертын қамтамассыз етуге және халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған. Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін дамыту негізгі ретінде республиканың ғылыми-техникалық әлеуеті болып табылады.
Ірі корпорациялардың ғылыми орталықтарында, институттар зертханаларында шоғырланған, жоғары технологиялармен жұмыс істейтін кәсіпкерлік сегменті-бұл қазіргі экономиканың қарқынды дамып келе жатқан құрылымы. Қазақстанда бұл сектор енді ғана дамып келе жатыр, әзірге кейбір институттардың, нәтижелері нарықта талап етілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, коммерциалық табысты өнім мен технологиялар құруға қабілеті бар.
Кесте 4
Ғылымның жағдайы мен дамуының негізгі көрсеткіштері және оларды салыстыру
Көрсеткіштер |
2005ж. |
2006ж. |
2007ж. |
2008ж. | 2008 ж. 2005 жылға өсу/кему қарқыны (%) |
Жалпы ішкі өнім, млрд. теңге | 7 590,60 | 10 213,70 | 12 849,80 | 15907,0 | 209,6 |
Зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар қолданыстағы бағада, млн. теңге | 21 527,40 | 24 799,90 | 26 835,50 | 34 761,6 | 161,5 |
жалпы ішкі өнімге пайызбен | 0,28 | 0,24 | 0,21 | 0,22 | - |
Зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған ұйымдар саны | 390 | 437 | 438 | 421,0 | 107,9 |
Зерттеулермен және әзірлемелермен айналысатын персонал саны (жыл соңына), адам | 18 912 | 19 563 | 17 774 | 16 304,0 | 86,2 |
соның ішінде: |
|
|
|
|
|
зерттеушілер | 11 910 | 12 404 | 11 524 | 10 780,0 | 90,5 |
одан: |
|
|
|
|
|
ғылым докторлары | 1 106 | 1 157 | 1 166 | 1 191,0 | 107,7 |
ғылым кандидаттары | 3 018 | 3 147 | 3 058 | 2 861,0 |
|
Зерттеулер және әзірлемелермен айналысатын ұйымдардың негізгі қаражаттары, млн. теңге | 14 584,20 | 19 247,70 | 18 782 | 19 176,7 | 131,5 |
Зерттеулер мен әзірлемелер | 41 512 | 51 400 | 64 108 | - | - |
Жоғары білім | 30 312 | 36 007 | 45 557 | - | - |
ҚР-да зерттеулермен әзірлемелерді орындаумен айналысатын ұйымдар саны 2005 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 31 бірлікке (107,9 %-ға) артқан. Осы жылдардағы зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар қолданыстағы бағада 13234,2 млн. теңгеге (161,5 %-ға) өскен. Зерттеулер мен әзірлемелерді орындайтын ұйымдардағы персоналдың орташа тізімдік саны осы жылдарда 9,76 адамға кеміген (2005 жылы 48,49 адам, 2008 жылы 38,73) (кесте-4).
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының құрылымындағы ғылыми-техникалық қызметтің басты бағыты, 46,4% құрайтын қолданбалы зерттеулер болып табылады. Ғылыми-техникалық әзірлемелердің 2007 жылғы үлес салмағы 2000 жылмен салыстырғанда 6 еседен артық мөлшерге өсіп, 34,7% құрады. Іргелі зерттеулер ғылыми-техникалық жұмыстар көлемінің 11,7% құрайды. Көбінесе коммерциялық негізде көрсетілген ғылыми-техникалық қызметтердің үлесі 7,2% жетті (сурет 5).
100%
90%
80%
70%
60%
50%
40%
30%
20%
10%
0%
1990 1995 2000 2008
Ғылыми-техникалық өндеулер
Ғылыми-техникалық қызметтер
Сурет 5
Ғылыми-техникалық жұмыстарды үйлестіру құрылымы
«Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі мәліметтері
Қазіргі уақытта шамамен 3 жыл бойы Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 3 %-дан сәл астам, бұл ЕО елдерінен анағұрлым төмен, немесе бұл көрсеткіш тіптен өтпелі экономикасы бар Эстонияда – 36 %-ды, Венгрияда 47 %-ды құрайды. Қазақстанның инновациялық өнімі құрылымында елеулі үлесті (64-%-дан астам) жетілдіруге ұшырайтын өнім иеленеді. Жаңадан енгізілген немесе айтарлықтай технологиялық өзгерістерге ұшырайтын өнім үлесіне инновациялық өнімнің жалпы көлемінің 28,6 %-ы тиесілі.
Көптеген отандық зерттеулер мен әзірлемелердің нақты нарықтық талаптары мен шарттарға бағдарлануы әлсіз және ғылымды қажетсінетін импортты өнімдермен және қызметтермен бәсекелесе алмайды.
Дайын ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу тәртібі жоқ. Қазіргі уақытта ғылыми әзірлемелердің тек азғана үлесі коммерциялық қолданыс тауып отыр. Көптеген қазақстандық әзірлеушілер мен компаниялар тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар кезеңінде арнайы қызметтердің жоқтығы және өндірісті игеру проблемасына кезігіп отыр, бұл технологияларды енгізу процесін тежейді. Қазақстанда инновациялық өнімді нарыққа жылжыту жөніндегі сервис әлсіз дамыған. Осы орайда инфрақұрылымдық және инжинирингтік жағдайлар жасау (тәжірибелік-конструкторлық бюросы мен инжинирингтік ұйымдар, коммерцияландыру офистері) өте қажет [17,37].
Кесте 5
1990- 2008 жылдарда ғылыми-техникалық жұмыстар көлемі (млн.тенге)
Көрсеткіштер |
1990ж. |
1995ж. |
2000ж. |
2008ж. | 2008 ж 2000 жылға өсу/кему қарқыны (%) |
Орындалған ғылыми-техникалық жұмыстар көлемі, барлығы | 395,4 | 2983,1 | 6100,5 | 29591,3 | 485,1 |
соның ішінде: |
|
|
|
|
|
ғылыми-зертеу жұмыстары | 214,2 | 1739,7 | 3764,5 | 17174,4 | 456,2 |
соның ішінде |
|
|
|
|
|
іргелісі | 40,2 | 396,1 | 809,6 | 3461,1 | 427,5 |
қолданбалы зерттеулер | 174 | 1343,6 | 2954,9 | 13713,3 | 464,1 |
жобалық-құрастыру және техникалық жұмыстар | 99,7 | 496,6 | 1205,9 | 8555,8 | 709,5 |
бұйымдардың (өнімдердің) тәжірибелі үлгілерін (жиындарын) жасау | 21,1 | 117,1 | 198,9 | 482,8 | 242,7 |
құрылысқа арналған жобалық жұмыстар | 40,8 | 536,0 | 231,7 | 1237,9 | 534,2 |
ғылыми-техникалық қызмет көрсетулер | 19,6 | 92,5 | 699,4 | 2140,1 | 306 |
2008 жылы 2000 жылмен салыстырғанда орындалған ғылыми техникалық жұмыстардың көлемі 23490,8-ге (485,1%-ға) артқан. Орныдалған ғылыми-техникалық жұмыстардың құрылымында жобалық-құрастыру және техникалық жұмыстардың (709,5 %), құрылысқа арналған жобалық жұмыстардың (534,2 %) осы жылдардағы өсу қарқыны басқалармен салыстырғанда жоғары (кесте-5). Инновациялық қызметті жандандыру үшін бірінші кезекте қолданбалы ғылыми зерттемелерді қаржыландыру әдісін және қолданбалы ҒЗТКӘ-ні қаржыландыру жүйесін өзгерту қажет.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың нәтижесінде ұсақ және орта сериялы өндірістер негізінде нарықты тауар және қызметтермен толтыру, жергілікті шикізат ресурстары мен өндіріс қалдықтарын кеңінен пайдалану, қоғамның «орта сыныбын» қалыптастыру және халықты жұмыспен қамту мақсатында қосымша еңбек салаларын және жұмыс орындарын көбейту мәселелері тез арада шешімін табады. Әсіресе, жұмыссыздық деңгейі елеулі белең алған кезеңде кәсіпкерліктің қосымша еңбек салаларын және жұмыс орындарын көбейтуге ықпал етуі оның маңыздылығы мен артықшылығын елеулі дәрежеде арттырады. Инновациялық кәсіпкерлік қызметпен айналысатын құрылымдарда жоғары қарқынмен жұмыс орындарын құру және осының негізінде халықты мүмкіндігінше толық жұмыспен қамтамасыз ету елімізде және оның жекелеген аймақтарында жұмыссыздықтың салдарынан туындаған әлеуметтік шиеленістерді азайтады.
Қазақстан республикасы және облыстары | Заңды тұлғалар | Кәсіпкерлік және фермерлік | Жұмысшылар саны (мың адам) | |||||||
2008 ж. |
2009 ж. |
2008ж. |
2009ж. | Заңды тұлғалар | Кәсіпкерлік және фермерлік | Барлығы | ||||
Республика бойынша: | 106453 | 10904 1 | 214528 | 222418 | 536,1 | 549,8 | 710,0 | 731,1 | 1246,1 | 1280, 9 |
Оның ішінде: 1. Ақмола бол. | 1519 | 1524 | 7224 | 7266 | 76,6 | 7,7 | 22,1 | 22,1 | 29,7 | 29,8 |
2. Ақтөбе | 5429 | 5448 | 12440 | 12695 | 29,9 | 30,5 | 22,2 | 22,4 | 52,1 | 52,9 |
3. Алматы | 5043 | 5069 | 24630 | 27104 | 23,4 | 24,0 | 77,2 | 81,3 | 100,6 | 105,3 |
4. Атырау | 2650 | 2631 | 8278 | 8330 | 11,5 | 11,5 | 14,7 | 14,8 | 26,2 | 26,3 |
5.Шығыс Казақстан обл. | 13061 | 13178 | 27223 | 27223 | 27,5 | 27,5 | 126,1 | 126,1 | 153,6 | 153,6 |
6. Жамбыл | 2861 | 2863 | 14566 | 15051 | 14,1 | 14,3 | 54,3 | 55,6 | 68,4 | 69,9 |
7.Батыс Қазақстан обл. | 3400 | 3450 | 6627 | 7220 | 20,1 | 20,3 | 40,5 | 42,1 | 60,6 | 62,4 |
8. Қарағанды | 12799 | 12799 | 17606 | 17606 | 62,4 | 62,4 | 56,5 | 56,5 | 118,9 | 118,9 |
9. Қызылорда | 1983 | 2028 | 5135 | 5158 | 20,1 | 20,1 | 28,2 | 28,2 | 48,3 | 48,3 |
10. Қостанай | 2859 | 2833 | 16462 | 16799 | 22,8 | 23,0 | 43,9 | 44,2 | 66,7 | 67,2 |
11. Маңғыстау | 3505 | 3354 | 2246 | 2312 | 16,6 | 16,7 | 3,4 | 3,5 | 20,0 | 20,2 |
12. Павлодар | 6265 | 8554 | 10045 | 10623 | 16,2 | 21,4 | 21,5 | 22,1 | 37,7 | 43,5 |
13.Солтүстік Қазақстан обл. | 5824 | 5907 | 11730 | 11578 | 30,4 | 30,4 | 33,9 | 34,8 | 64,3 | 65,2 |
14.Оңтүстік Қазақстан обл. | 12701 | 12211 | 35955 | 38070 | 123,6 | 129,9 | 129,0 | 137,7 | 252,6 | 267,6 |
15. Алматы қ. | 22574 | 23144 | 10787 | 11715 | 88,6 | 88,6 | 32,4 | 35,3 | 121,0 | 123,9 |
16. Астана к. | 3980 | 4048 | 3574 | 3668 | 21,3 | 21,5 | 4,2 | 4,4 | 25,5 | 25,9 |
Қазақстанда елдегі қалыптасушы нарықтық экономикаға қажетті масштабтарда кәсіпкерлік қызмет еркіндігін және оның пайда болуы мен сәтті дамуын қамтамасыз ететін, шағын бизнестің берік құқықтық негізі құрылды. Осыған байланысты соңғы жылдары елімізде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъектілер санының тұрақты өсіп келе жатқандығы байқалады.
Мұны 2008 жылдың соңы мен 2009 жылдың бас кезеңінде жеке кәсіпкерлер саны мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (заңды тұлғаларға) қатысты статистикалық мәліметтер куәландырады (кесте 6). 2008 жылмен салыстырғанда шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 36,7℅-ға өскен. Оның ішінде, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында шағын кәсіпкерлік қарқынды дамып отыр. Тіркелген шағын кәсіпкерлік және фермерлік субъектілердің үлес салмағы аталғн облыстар бойынша, сәйкесінше, 17,1℅, 12,2℅, 12,2℅ құрап отыр.
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын құрылымдарда жоғары қарқынмен жұмыс орындарын құру және осының негізінде халықты мүмкіндігінше толық жұмыспен қамтамасыз ету елімізде және оның жекелеген аймақтарында жұмыссыздықтың салдарынан туындаған әлеуметтік шиеленістерді азайтады.
Ал 2009 жылдың бас кезінде экономиканың шағын бизнес секторында жұмыс істейтіндердің саны 1280,9 мың адамды құрды, оның ішінде жеке кәсіпкерлер саны 731,1 мың адамға жетті. Шағын бизнес субъектілерінің өнім (жұмыс, қызмет) өндіру көлемі мен түрі және салалар мен шаруашылықтар бойынша таралымына қарағанда олардың көбісі сауда (72,8%), өнеркәсіп (6,7%) және құрылыс (4,1%) салаларына шоғырланғандығы байқалады [18,21].
Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамыту және жетілдірудің негізгі бағыттары
Инновациялық кәсіпкерлікті жандандыруда венчурлық, концессиялық, лизингттік және франчайзингілік бизнестерді қалыптастыру және дамыту бойынша механизмдерді жетілдірудің негізгі бағыттары:
Қазақстанның алдында нарық субъектілерінің өзара тауарлар мен қызметтерді өндірудегі бәсекелестікті қолдап және дамыту міндетімен қатар елімізде ғылымисыйымды технологиялар саласындағы әлемдік бәсекелестіктің толыққанды қатысушыларына айналу үшін білім экономикасын дамытуға арналған іс-әрекеттерді жандандыру міндеті тұр.
Қазақстан Республикасының 2003 – 2015 жылдарға арналған индустриалдық инновациялық даму стратегиясында қойылған мақсаттардың бірі мына мәселелерді шешу болып табылады.
1. Шикізат бағыттылығы;
2. Дүниежүзілік экономикадағы интеграция;
3. ел ішіндегі салалардың және аймақаралық экономикалық интеграцияныі әлсізденуі;
Информация о работе Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау