Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:15, курсовая работа
Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандардыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші - жоғарғы технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЭЛЕМЕНТТЕРІ...............................................6
1.1 Инновациялық менеджменттің экономикалық мәні..................................6
1.2 Инновациялық жоба және оның элементтері............................................13
2 ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘНЕ «АТЫРАУ - НАН» ЖШС-НІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА КАПИТАЛ САЛЫМДАРЫ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ ..................................................19
2.1 Қазақстан кәсіпорындарындағы инновациялық кәсіпкерлік және инновациялық даму стратегиясының қалыптасуы.........................................19
2.2 Инновациялық жобаның экономикалық тиімділігін анықтау.................40
2.3 Инновациялық - инвестициялық жобада капитал салымдарының көлемін анықтау.................................................................................................46
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ........................................................................................58
3.1 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу..................................................................................................................58
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................65
Сурет 3
Инновациялық жобаның жіктелуі
Инновациялық жоба келесі кезеңдердң қамтиды:
- инновациялық идеяның қалыптасуы инновациялы идеяның пайда болу және жобаның генералдық мақсаттарының қалыптасу үдерісі;
- жобаны жасақтау жобаның негізгі мақсатына шешімдерді іздеу және жобаны жүзеге асыру бойынша уақытының, ресурстарының және орындаушылардың өзара тәуелділіктердің қалыптасу үрдісі;
- жобаның жүзеге асырылуы жоба бойынша алға қойылған мақсаттарға сәйкес жұмыстардың орындалу үрдісі;
- жобаның аяқталуы соңғы нәтижеге қол жеткізіп, келісім шартта тоқтату үдерісі. Мұнда тапсырыс беруші күткен нәтижені қолына алуға тырысады. Осылайша жаңа жобаның өмірлік циклы аяқталады.
Инновациялық жобаны басқару бұл мақсаттардың, ұйымдық құрылымның анықталумен, шараларды жоспарлауымен, олардың орындалуына бақылау жасаумен байланытсы және инновациялық идеяны жүзеге асыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру үдерісі. Инновациялық жобалауда басқару кезеңдерін 2 – ге бөліп қарастыруға болады.
1. Инновациялық жобаларды жасақтау
2. Инновациялық жобалардың жүзеге асуын басқару
1-ші кезеңінде жобаның басқару мақсаты және күтілетін нәтиже анықталады, жоба нәтижесінің бәсеке қабілеттілігіне баға беріледі, тапсырмалар және шаралар жиынтығы жасалады. Жобаны жоспарлау үдерісі жүзеге асырылады. 2 – ші кезеңінде басқарушылық ұйымның формасы таңдалады, мақсатқа қол жеткізу. Қорытындылар бойынша болжам жасалады, уақыт шығыны, қаржылық ресурстар бағаланады, жасақталған жоспардан ауытқу байқалса жоспарда кері жасақтау жүзеге асырылады:
Инновациялық жобаны басқару принциптері:
селективті басқару принципі ғылым мен техниканың даму бағыттары бойынша жобаларды қолдау;
соңғы нәтижеге қол жеткізу үшін мақсатқа бейімделу принципі инновациялық үрдіске деген қажеттілікті және оларды жүзеге асыру мүмкіндігі арасында тәуелділігін орнату;
жобаларды басқару циклының түгендеу принципі жоба элементтерінің жүйе ретіндегі біртұтастығы;
инновациялық үдерістердің үдерісінің кезеңділік және жобалар басқару үдерісінің принциптері: сыртқы орта талаптарын қанағаттандыра отырып, жоба бойынша жұмыстардың орындалуы кезінде ақпараттардың тізбектей жинақталуы;
басқарушылық шешімді жасақтаудағы көп варианттылық принципы. Инновациялық үдерістер белгісіздік фактілерінің әсерімен қатар жүреді. Белгісіздік жағдайдан шығу үшін бір ғана шешіммен шектелмеу қажет.
жүйелілік принципі (ұйымдастырушылық экономикалық, заң, әкімшілікті, технологиялық және т.б.) элементерінің жиынтығы.
кешенділік принципі – жобаның кез-келген бөлімшесі бойынша іс әрекеті бас жоба мақсатына сәйкес жүзеге асуы қажет.
қамтамасыз ету принципі жобада қаралған барлық шаралар қажетті ресустармен, оның ішінде қаржылық ақпараттармен, материалдық және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілу керек.
Жобаны басқаруда жоспарлау үрдісі жобаны жүзеге асыру бастамасы болып табылады. Жоспарлаудың негізгі мақсаты жобаның соңғы нәтижесіне қол жеткізетін жұмыстар кешенін орындауға арналған жобаның барлық қатысушылар интеграциясы.
Сурет 4
Инновациясының жобасы жоспарлау түрлері
Суреттен көріп отырғанымыздай кезең бойынша ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінсе, мақсаты бойынша стратегиялық және ағымды болып бөлінеді. Стратегиялық жоспар жобаның жүзеге асыру кезеңдерінің бағыты бойынша соңғы нәтижеге жылжуын көрсетеді. Ағымдық жоспар жұмыс кешенінің орындалу мерзімін, ресурстар қажеттілігін анықтайды, жұмыстар көлемінің шекараларын бөледі.
Өнімді- тақырыптық жоспар ресурстар, орындаушылар мен орындау мерзімі бойынша тапсырмалар кешенінің жүзеге асырылуы, ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыптары және олардың тиімділігін қамтамасыз ету жұмыстарын қамтиды. Жоспарлардың осы түрінде мына параметрлер анықталады: орындалатын жұмыстар құрамы және оларды орындау мерзімі, жауапты орындаушылық құрамы, әрбір кезеңнің сметалық құны (оның ішінде ҒЗЖ, капиталдық салымдар, тағы басқа бөлінген шығындар), маңызды материалдық – техникалық ресурстарының тізімі, экономикалық тиімділіктің есебі, жаңа өнім түрлері және психологиялық үдерісс бойынша техникалық деңгейдің картасы.
Көлемді календарлық жоспары жұмыстың басталу және аяқталу уақытын және жобаны жүзеге асыруға қажетті уақыт қоры мен ресурстар көлемін қамтиды [9,32].
Технико-экономикалық немесе ресурстық жоспары инновациялық жобаның ресурспен қамтамасыз етілуін қарастырады және ресурстарға деген қажеттілікті анықтайды, жеткізу мерзімін және потенциалды жабдықтаушылар мен мердігерлер құрамын анықтайды.
Инновациялық жоба бюджеті бұл сандық көрсеткіштермен сипатталатын және шығынды сипаттайтын жоспар болып табылады. Жобаға жұмсалатын шығынды жоспарлау туралы ақпарат жоба бойынша сметалық құжат және календарлық жоспар болып табылады. Календарлық кезең бойынша ақша құралдарының таратылуы 3 қадаммен жүреді:
- календарлық жоспар жұмыстарының жалпы құны есептеледі;
- әрбір кезеңге есептелген шығындар көлемі календарлық жоспар бойынша осы кезеңге орындалған жұмыстар құнының қосындысымен есептеледі;
- жұмыстың әрбір түріне байланысты уақыт бойынша шығындардың бөлінуі жүзеге асырылады.
Жобаны қаржыландырудың 4 жолы бар:
- акционерлік қаржыландыру- ақша құралдарын және технологияларды салу;
- мемлекеттік қаржыландыру - тура субсидиялау жолымен инвестициялық бағдарлама шеңберіне жүзеге асады;
- лизингтік қаржыландыру- жобалау обьектісіне немесе оның белгілі бір бөлігіне деген меншік құқықтың берілуі;
- ұзақ мерзімді қаржыландыру банктік несие арқылы жүзеге асырылады.
Бәсекелік жағдайда инновациялық жобаның бизнес жоспары оның жүзеге асырылу жағдайларына баға береді. Инновациялық жоспарда ең алдымен жоба концепциясы жасақталады. Осы кезеңде жобаның өнімді -тақырыптық жоспары инновациялық бағдарлама ретінде қалыптасады. Инновациялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлауда календарлық және ресурстарының жоспар жасалады. Осы кезенде құжаттар рәсімделеді. Жоспар бойынша көрсеткіштер құрылымы өзгерісі инновациялық жобаға сәйке өзгеріп отырады.
Инновациялық жоба концепциясы негізгі мақсаттарды қалыптастырады, оның тиімділігін анықтайды. Ол мына денгейлерден тұрады:
- инновациялық идеяның қалыптасуы және жоба мақсатын анықтау;
- жоба идеясын маркетингтік зерттеу;
- жоба құрылымы;
- тәуекелділікті және белгісіздікті таңдау;
- жобаны жүзеге асыру вариантын таңдау [10,38].
2 Қазақстан Кәсіпорындарындағы инновациялық даму стратегиясы және «Атырау - нан» ЖШС-нің Инновациялық-инвестициялық жоба капитал салымдары мен экономикалық тиімділігін анықтау
2.1 Қазақстан кәсіпорындарындағы инновациялық кәсіпкерлік және инновациялық даму стратегиясының қалыптасуы
XXI ғасыр жүз жылдық ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр.
Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары болып оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерінің одан ары дамыту болып отыр.
Дамыған елдерде инновациялық (ноу-хау) өнімдер мен технологиялар ЖІӨ өсімінің 70-85% беріп отыр. Инновациялық сфераның белгілі дәрежеде дамымай отыруы Қазақстанның 50 дамыған елдер қатарына қосылуға кедергі болуы мүмкін. Өйткені соңғы жылдары осы сферада Қазақстанның рейтингі 65 орыннан 75 орынға төмендеп отыр. Мұндай жағдайдан шығудың бірден бір жолы кәсіпкерліктің түрлі инновациялық нарықтық құралдарын одан ары дамыту болып табылады.
Теориялық талдау негізінде инновацияны түсіндіруде екі көз-қарастың қалыптасқаны анықталды:
біріншісі, инновация жаңа идеялар мен үрдістер ретінде қарап оны қолдану арқылы өз қасиеттері бойынша ең сапалы өнімдер мен технологияны жасауға әкелетін қоғамдық-техникалық-
екіншісі, инновацияны тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және тасымал құралдарын, нарықтар мен өнеркәсіптегі ұйымдастыру формаларын енгізу және қолдану мақсатындағы өзгерістер ретінде түсіндіреді (И. Шумпетер). Инновация – бұл тек жаңа енгізулер емес, бұл өндірістің жаңа қызметі. Оның негізі - өнім өндіру технологиясын өзгерту қажеттігі, ұйымдастырушылық, қаржылық, ғылыми зерттеу және басқа салаларда жаңалықтар енгізу болып табылады.
Әр түрлі сипаттамаларды қорыта келе, инновацияның өтімділігі жоғары жаңа өнім ойлап табу деген ұғым туады. Бұл тұрғыдан алғанда ашылған жаңалықтың барлығы инновацияға жатпайтынын айтқан жөн. Өйткені, іргелі міндетерді атқаруға негізделген, яғни осыған дейін белгісіз болып келген табиғат құбылыстарын ашу сияқты жаңалықтар ешқандай материалдық игіліктерді тарту етпейтіндіктен де, ол ғылыми ізденістердің жемісі ретінде ғана есептелінеді.
Экономикалық қатынастар жүйесінен инновацияның алатын орны орасан зор. Себебі инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсап келеді. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестік күресте инновация өнімінің өзіндік құнын азайту, инвестициялар ағынын арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа нарықтарды, оның ішінде сыртқы нарықтарды бағындырудағы аса тиімді таптырмас құралға айналуда деп зерттеулердің негізінде тұжырымдамалауға болады.
Инновацияның дамуына қозғаушы тетік - бірінші кезекте нарықтық бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер немесе қызмет көрсетушілер әрдайым өндірістік дағдарысты болдырмаудың жолы мен тауарын өткізетін жаңа нарықтарды іздестірумен болады. Сондықтан, инновацияны бірінші болып тиімді игерген кәсіпорындар өз бәсекелестіктері алдында басымдылыққа ие болады. Қазіргі кезеңде жаңа тауарлар түрлері өсіп, тұтынушы талғамы артып отырған уақытта, әсіресе шағын кәсіпорындардың икемділік қабілеттерін күшейту аса тиімді саналады. Әлемдік тәжірибе бойынша мұндай «шағын шабақтар» қайрандап қалып қоймаулары үшін түрлі салалардағы жаңа өнімдер мен жаңа технологияларды шығару басымдық негіздегі сұрақтардың деңгейінде жүреді.
Қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту басты стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. Соған сәйкес 2003 жылы республикамыздың индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Стратегияның мақсаты - шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау қарастырылған.
Қазақстан Республикасының инновациялық қызметті қаржыландырудың көздері ретінде кәсіпорындардың өз қаржысы, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, инновациялық қорлар қаражаты, мемлекеттік гранттар және заңға қайшы емес қаржыландырудың басқада түрлері жатады. Қаржыландыру инфрақұрылымына ретінде даму инситуттары, венчурлық қорлар, кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер және т.б. жатады.
Қазақстан тәжірибесі көрсетіп отырғандай көбінесе қарапайым қаржыландыру көздері, яғни банктер немесе басқа да қорлар инновациялық ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландырудан бас тартады. Өйткені онда тәуекелділік жоғары болады. Сондықтан бұл жағдайда арнайы осындай көп тәуекелі бар жобаларды қаржыландыру үшін әлемдік тәжірибеде венчурлық қорлар құрылады [12,87].
Венчурлік қорлар – венчурлік инвестициялаудың негізгі механизмі болып табылады. Венчурлік инвестициялаудың бастапқы кезеңінде қызметті инновация жасау мен коммерциялауға бағытталған компанияларға жеке, отандық және шетелдік капиталды тарту мемлекеттің тікелей үлестік қатысуымен венчурлік қорларды құрғанда мүмкін болады. Венчурлік қорға инвестицияланатын мемлекеттік қаржылар осы қорға кіретін жеке инвестициялардың тәуекелдерін төмендетеді. Венчурлік индустрияның қалыптасуының бастапқы кезеңінде мемлекеттің араласуының осындай үлгісі барлық елдерде өзінің тиімділігін көрсетті.
Венчурлік қорларды құрғанда мемлекеттің қатысуы (Ұлттық инновациялық қор) ҰИҚ–ң инвестициялық саясатының басты бағыттарының бірі – отандық және шетелдік инвестициялармен бірлесе отырып құрылған венчурлік қорлардың капиталындағы үлестік қатысуы (49%) арқылы венчурлік қорларды құру болып табылады.
Қазіргі таңда Қазақстан венчурлық капиталы және тікелей инвестициялау ассоциясы құрылып оған 6 венчурлық қор кіреді, оның біреуі ҰИҚ. Қазіргі таңда 5 венчурлық қор 5,6 млрд тенге құрайтын 13 жобаны қолдап отыр. Жобалар негізінен биотехнология, фармацевтика және информациялық технологиялар салалары бойынша. Бірақ инновациялық белсенділік өте төмен, венчурлық қорларға ұсыныс берушілердің тек 20% ғалымдар, қалғандары бұрын ғылымға қатысы болған бизнесмендер және ірі холдингтер.
Венчурлық инвестордың көзқарасы бойынша компания объектісі бірнеше даму деңгейінен өтеді (Кесте-1).
Венчурлық қаржыландыру алдыңғы үш деңгейде қаржыландыра алады. Ал көп қолданылатын міндеттемелік қаржыландыру тек үшінші деңгейден ғана басталады [13,65].
Кесте 1
Инновациялық компанияның даму деңгейлері