Казынашылык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Июня 2011 в 20:11, реферат

Описание

Біздің мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттарға жетуі үшін, алуан қаржы ресурстарын жұмылдыру және тиімді пайдалануды қажет ететін, ол өз ретінде әрі қарай барлық қаржы жүйесін реформалауды ұсынатын, жеті ұзақ мерзімді приоритеттерді іске асыруы қажет. Осы тұрғыда Қазынашалықтың алдында үлкен мақсаттар тұр, ең негізгісі -бюджет қаражаттарын тиімді пайдалану.

Работа состоит из  1 файл

Каз-во каз .doc

— 466.00 Кб (Скачать документ)

       Қазынашылық азаматтық-құқылық қатынастарға  өз атынан түседі.

      Егер Қазынашылық заңдарға сәйкес  уәкілеттілк берілген болса, онда  мемлекет атынан азаматтық-құқықтық  қатынастардың тарабы болуға  құқығы бар.

       Қазынашылық өз құзіретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрықтар шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар.

       Қазынашылықтың қызметі тек республикалық  бюджеттен қаржыландырылады.

       Қазынашылықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Төрағаның өз ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын үш, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады.

     Қазақстан республикасы Қаржы министрлігі  Қазынашылық комитетінің құрылымы

     Басшылық

     Жиынтық қаржылық жоспарды қалыптастыру және республикалық бюдеттің шығыстарны қаржыландыру басқармасы

     Бюджет жөніндегі бухгалтерлік есеп пен есептілік басқармасы

     Бюдеттердің атқарылуын ұйымдастыру және бухгелтерлік есеп басқармасы

     Қолма-қол  ақша және мемлекеттік міндеттемелерді  есепке алу басқармасы

     Ұйымдастыру және кадр жұмыстары басқармасы

     Төлем операциялары басқармасы

     Түсімдерді  бөлу басқармасы

     Қазынашылық жүйесін сүйемелдеу және технологиялық  қамтамасыз ету басқармасы

           Ішкі бақылау басқармасы

       Қазынашылықтың негізгі міндеттері:

  • республикалық бюджеттің кассалық атқарылыуын ұйымдастыруды және бақылауды жақсарту;
  • мемлекеттік бюджетке есеп айырысу-кассалық, оның ішінде ақалы қызметтерді, депозиттік соммаларды сатудан және демеушілік пен қайырымдылық көмек түрінде мемлекет және мемлекеттік ұйымдар алатын қаражаттар бойынша шоттарға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді жавқсарту;
  • бюджет жүйесіндег бухгалтерлік есеп пен есептілікті және қазынашылық органдары жүйесіндегі ішкі аудитті дамытуға және жетілдіруге қатысу;
  • өз құзыретінің шегінде республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаттарының ұтымды және мақсатты пайдалануын бақылауды қамтамасыз ету;
  • Қазынашылық мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Қазынашылық заңдарда белгіленген тәртіппен

мынандай  функцияларды жүзеге асырады:

  • мемлекеттік бюджеттің атқарылыуына қызмет көрсету;
  • кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік тағайындауларға сәйкес республикалық бюджеттің шығындарын қаржыландыру;
  • республикалық бюджеттің қолма-қол ақша ағындарын болжайды;
  • мемлекеттік мекемелердің кассалық шығыстарын, сондай-ақ ақылы қызметтерді, депозиттік соммаларды сатудан және демеушілік пен қайырымдылық көмек түрінде мемлекет және мемлекеттік мекемелер алатын қаражаттар бойынша шоттарды есепке алуды қамтамасыз ету;
  • республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы мемлекеттік салықтар мен төлемдерді бөлуді және оларды әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге есептеуді қамтамасыз етеді;
  • мемлекеттік мекемелерді тапсырмалары бойынша ұлттық және шетел валютасымен ақша аударуды жүзеге асырады, мемлекеттік мекемелер үсынған төлем құжаттарына бақылау жасайды;
  • мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік сыртқы заемдар мен мемлекеттік емес сыртқы заемдарды өтеген кезде ақша аударуды және оған қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
  • екінші деңшейдегі банктер және банктік қызметтердің тиісті түрлерін көрсетуге арналған лицензиясы бар ұйымдар арқылы мемлекеттік мекмелерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
  • республикалық бюджеттің атқарылыуы туралы бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізудің және жүзеге асырудың тәртібін әзірлейді, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жергілікті бюджеттердің кассалық атқарылыуы туралы ақпарат тапсырады;
  • бағдарламалардың республикалық бюджеттік мекемклеріне-әкімшілеріне бағдарламалар, кіші бағдарламалар және ерекшеліктер бойынша бөлінген лимиттер мен жүргізілген кассалық шығыстар туралы ай сайын ақпарат беріп отырады;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде шетелдік валютадағы Қазанаышылықтың тиісті банктік шоттары арқылы мемлекеттік мекемелердің валюталық опреацияларын жүргізеді және есепке алады, оларды жүргізген кезде заңдардың сақталуы жөнінде тексерулер ұйымдастырады;
  • Бюджет жүйесіндегі бухгалтерлік есепті және қазынашылық органдарында ішкі аудитті жүргізудің тәртібін әзірлейді және бекітедеі;
  • Халықаралық шарттар, кесісімшарттар және келісімдер жобаларын даярлауға қатысады;
  • Қазынашылықтың құзіретіне қатысты мәселелер бойынша есептеме жасаудың тәртібін белгілейді;
  • Қазынашылықтың шоттарындағы ағымдағы қалдықтарды банктік салымдарға және бағалы қағаздарға орналалстыру жолымен кіріс алу мақсатында басқарады;
  • Бюджеттік ақша есебінен мемлекеттік мекемелермен жасалған азаматтық-құқықтық мәмәлелерді тіркеуді жүзеге асырады;
  • құнды металдар рыногының жай-күйіне талдау жасайды, құнды металдармен және асыл тастармен ішкі және сыртқы рыноктарда операциялар жасайды;
  • республикалық бюджеттің  және өз құзыретінің шегінде жергілікті бюджеттер қаражаттарының мақсатты пайдалануын алдын-ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асырады;
  • республикалық және жергілікті бюджеттерді пайдаланудың нәтижелері туралы ақпаратты дайындауға қатысады;
  • республикалық бюджеттің атқарылыуы туралы оперативтік, айлық, тоқсандық және жылдық есептемені даярлайды;
  • қаржы тәртібін сақтауға бағытталған мемелкеттік қаржының тиімді және мақсатты пайдалануына арналған ұсыныстарды даярлайды;
  • аумақтық Қазынашылық органдарының жұмыс тәжритесін талдап, жинақтайды және боны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді, олардың қызметін тексереді, анықталған кемшіліктер мен тәртіп бұзушыларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;
  • шетел қазынашылықтары қызметінің ұйымдастыру тәжірибесін зерделейді және боны практикалық пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
  • Қазынашылық және оның аумақтық органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға қатысады;
  • өзіне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

     Мемлекеттік бюджеттің барлық шығысы мен кірісін  есепке  алынуын және біріктіруіне мүмкіндік беретін, қазынашылық  жүйесін толыққанды жүзеге асырған, ТМД елдерінің ішіндегі Қазақстан  бірінші мемлекет  болды. Біріңғай ақпараттық кеңістікте сенімді ақпараттық жүйені басқару мен үлкенмасштабты даму және жүйені жетілдіру үшін алғышарт жасалды, Қазынашылықтың құрылуының ең қиын кезеңі артта қалды.

     «Қазынашылықты  жетілдіру» жобасына 1995 жылдың наурыз айынан Қазақстан Республикасының Үкіметі халықаралық ұйымдармен қарыз бөлу мүмкіндіктері туралы кесііссөздер жүргізе бастады. 1996 жылдың тамызында Даму және Қайта құру Халықаралық банкімен қарыз туралы Келісімге қол қойылды, 1996 жылдың қарашасында Парламентте және Қазақстан Республикасының Мәжілісінде бекітіліп, ал 1996 жылдың желтоқсанында ҚР Президентінің Жарлығымен қарыз күшіне енді.

      1999 жылдың 19 мамырында келісілген, Қаржы  министрлігімен Hewlett Paskard компаниясы аралығындағы Келісім шартқа сәйкес, Қазынашылық комитеті мен бірқатар шетел компанияларымен (Hewlett Paskard, Orakle,  Alsi) қазынашылықты жетілдіру жобасы іске асырылды.

     Қаржы министрлігінің Халықаралық Валюталық  Фонд (ХВФ) және Даму және Қайта құру Халықаралық банкінің (ДҚХБ) шақырылған қызметкерлерімен Даму және Қайта құру Халықаралық банкінің Жеткізуші өкілдерімен бірігіп, Халықаралық Валюталық Фонд және Даму және Қайта құру Халықаралық банкінің сарапшыларының қатысуымен, Қазынашылықты жетілдіру Жобасының тұсаукесері ұйымдастырылды. Жоба ХВФ, ДҚХБ сарапшыларынан және бұрынғы Совет Одағы, Қытай, Словакия, Палестина, Монғолия және т.б. елдерінің жоба жетекшілерінің жоғарғы бағасына ие болды, таралым үшін қарымды модель ретінде, теңдессіз модель деп табылып, ұсынылды. Қазақстандағы дамыту жобасының әдістемесін негізгі алып, ХВФ    дамытудың ұқсас жобасының тұрпатты әдістемесін  дайындауды ұсынады.

     Қытай Үкіметінің өтініші бойынша, Қазақстанның Қаржы министрлігімен Қазынашылықтың жаңа жүйесінің прототипті демонстрациясы ұйымдастырылды.  Осындай ұқсас  презентация  Москва Үкіметі үшін де ұйымдастырылды. Қазақстанның қазынашылық жүйесі ТМД елдеріндегі қазынашылық қызметі арасындағы шетел мамандарының жақсы пікірі мен бағасына ие болды. Осы уақытқа дейін Рессей мен Украинадағы әрекеттен басқа ешбір елде Қазынашылықты жетілдіру жобасы жетістікпен аялталғаны туралы мысал жоқ.

     ИИСК  жаңа жүйесі осы кезде Астана қаласында, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан  облыстарында жетістікпен қызмет жасауда. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаржы ресурстарын Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың тиімді басқаруы үшін инструменттер әзірлеу жүйенің негізгі мақсаты болып табылады.

     Қазынашылық бюджетті атқарудағы қызметінде « Мемлекеттік  бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік  мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Респубдикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 қаулысын басшылық етеді. Осы  Ереже Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсанындағы Азаматтық Кодексіне, «Бюджет жүйесі туралы» 1999 жылғы 1 сәуірдегі және «Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы» Қазақстан Республикасыны 1999 жылғы 2 тамызындағы Заңдарға сәйкес әзірленді.

     Қарағанды облыстық қазынашылық басқармасы мысалында бюджеттің барлық атқарылу механизмін қарастырамыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    
  1. ҚР қазынашылық  органдарымен мемлекеттік бюджеттің  арқарылуы
 
    
    1. Мемлекеттік бюдеттің қабылдану мен атқарылу тәртібі
 

          Экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаға сәйкестелген, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі  әр деңгейдегі бюджеттерден тұрады.

          Қазақстан Респбликасында жиынтығында  мемлекеттік бюджетті құрайтын  республикалық бюджет және жергілікті  бюджет қызмет атқарады. Бюджет жүйесінің іс-қимылы әр деңгейдегі бюджеттердің өзара байланысына негізделген, оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есебімен қамтамасыз етіледі.

          Республикалық бюджет қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңымен, ал жергілікті бюджет маслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.

         Барлық деңгейдегі бюджеттің  әзірленуі, бекітілуі және атқарылу  есебі ұлттық валютада жүргізіледі.

          Қаржы жылына сәйкес республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні  аралығында оның іс жүзіне асуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі қабылданады.

         Қаржы жылына сәйкес жергілікті  бюдет бекітілуі туралы маслихат шешімі қабылданғаннан кейін жеті жұмыс күні аралығында жергілікті атқару органдарының оның іс жүзіне асуы туралы актісі қабылданады.

         Бюджеттік бағдарламалардың паспорты (бұдан әрі – паспорт) бюджеттік  бағдарламалардың мониторгін қамтамасыз ету, іске асыруды бағалау және тиімділігін бақылау, сондай-ақ бюджеттің атқарылу сатысында бюджет қаражатының мақсатты эжұмсалуын бақылау мақсатында әзірленеді және бекітіледі.

           Паспорт  күтілетін нәтижелер  көрсетіле отырып, мақсатын және мерзімдері, ресурстары және іс-шаралардың атқарушылары бойынша келесілген кешенін анықтайды. Бұл ретте бағдарламаның мақсаты елдің экономикалық дамуының стратегиялық басылымдықтары ескеріле отырып, қойылуы тиіс.

         Бюджеттік  бағдарламаның объективтік мониторингін, оның тиімді іске асырылуын бағалауды және тиімділігін бақылауды қамтамасыз ету үшін паспорт бюджеттік бағдарлама туралы толық ақпаратты қамтуы тиіс.

        Паспортты тиісті қаржы жылына  арналған республикалық несесе  жергілікті бюджетте көзделген әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша жыл сайын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейді.

         Паспорттарды Үкімет немесе жергілікті  атқарушы органдары бекітеді. Паспорттар  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  келісімі жергілікті атқарушы  органдардың келісімдері қабылданғаннан кейін он жұмыс күні ішінде бекітілуі тиіс.

         Бюджетті атқару үшін қаржыландырудың  мынандай түрлері жасалады:

  1. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері және төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландырудың жоспарлары;
  2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері және төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары;
  3. Қаржыландырудың жиынтық жоспары.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландырудың жоспарлары, мемлекеттік мекеменің міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары және қаржыландырудың жиынтық жоспарлары республикалық бюджет туралы заңға және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы мәслихаттардың шешімдеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың актілеріне, паспорттарға, Бірыңғай бюджетті сыныптамаға, Шоттардың біріңғай стандарттық жоспарына сәйкес және Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталынатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2002 жылғы 25 шілдедегі № 832  қаулысында белгіленген тәртіппен әзірленеді.

Информация о работе Казынашылык