Казынашылык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Июня 2011 в 20:11, реферат

Описание

Біздің мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттарға жетуі үшін, алуан қаржы ресурстарын жұмылдыру және тиімді пайдалануды қажет ететін, ол өз ретінде әрі қарай барлық қаржы жүйесін реформалауды ұсынатын, жеті ұзақ мерзімді приоритеттерді іске асыруы қажет. Осы тұрғыда Қазынашалықтың алдында үлкен мақсаттар тұр, ең негізгісі -бюджет қаражаттарын тиімді пайдалану.

Работа состоит из  1 файл

Каз-во каз .doc

— 466.00 Кб (Скачать документ)

      01 – республикалық бюджет;

      02 – облыстық бюджет және Астана  және Алматы қалаларының бюджеттері;

      03 – аудандық (қалалық) бюджет;

      05 – арнайы;

      қаржыландыру  көзі:

      1 – үкіметтік сыртқы заемның  қаражатынан басқа, бюджеттің  есебінен;

      2 – үкіметтік сыртқы заемдардың  есебінен;

      мемлекеттік мекеменің атауы;

      шығыстардың сипаттамасы;

      бюджеттік сыныптаманың кодтары (мекеме/бағдарлама/кіші бағдарлама/ерекшелік);

      тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берушінің  коды, атауы, СТН-і және мекен-жайы, беруші банктің (бюджет қаражатын алушының) атауы және БСК;

      бір бірлік үшін атауы, саны, бағасы және тауарлар (жұмыстар, қызметтер) топтарының жалпы құны және Өтімнің жалпы сомасы көрсетіледі.

      Өтімнің жалпы сомасы жылдың басынан бастап тиісті айға қабылданған міндеттемелер  мен қайтарып алулардың сомасын  шегере отырып және Қазақстан Республикасының  Біріңғай бюджеттік сыныптамасы шығыстарының бюджеттік

Сыныптамасының  тиісті кодтары бойынша мемлекеттік  мекемелерге берілген рұқсаттардан аспауы тиіс.

      Өтінімнің бірінші бөлімінің  «Шығыстардың сипаттамасы» алаңында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі  бекіткен экономикалық сыныптаманың құрылымына сәйкес келетін шығындардың түрі, тауардың (жұмыстар мен қызметтердің) шығу тегі туралы ақпарат мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес және заем туралы шарттың (келісімнің) ережелеріне сәйкес  мемлекеттік сатып алудың тәсілдері келтіріледі, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берушінің немесе бюджет қаражатын алушының ЖБК.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органдардың) шешімдеріне  сәйкес мемлекеттік мекемелер міндеттемелер  қабылдаған жағдайда мемлекеттік мекемелердің  міндеттемелерін тіркеу  үшін Өтінімдер қалыптастырған  кезде сол сияқты Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органдардың) шешімінің нөмірі және күні «Шығыстардың сипаттамасы» алаңында көрсетіледі.

      Өтінімнің «Төлемдер кестесі» бөлімнің «Негіздеме құжат» алаңында құжаттың атауы көрсетіледі, оның негізінде төлем жүргізіледі.

      Мұндай  құжаттар Шарт, берушінің алынған  тауарлар (жұмыстар және қызметтер)үшін төлемдерін жүзеге асыруға арналған шот-фактурасы, тауарды, орындалған жұмыстарды және /немесе көрсетілген қызметтерді қабылдау-беру актісі, қолма-қол ақы төлеу нысаны кезінде төлемдерді жүзеге асыруға арналған чек және оның негізінде мемлекеттік мекеме ақы төлеуге шотты қалыптастыратын басқа да құжаттар болуы мүмкін.

      Өтінімнің «Төлемдер кестесі» бөлімнің «Төлем куні» және «Сомасы» алаңдарында төлемнің жоспарланған күні мен сомасы көрсетіледі. «Сомасы» бағанындағы жалпы сома Өтінімнің жалпы сомасына сәйкес келуі тиіс.

      Өтінімнің «Төлемдер кестесі» бөлімнің «Өтінімнің»  алаңында қажет болған кезде түпкі төлемнің сомасы көрсетіледі. Тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) беру туралы шарттың ережелеріне сәйкес валютамен және Өтінімнің жалпы сомасының пайыздарымен алдын ала төлеудің мөлшері көрсетіледі.

      Алдын ала төлеу шығыстардың экономикалық сипаттамасының мынадай ерекшеліктері үшін мүмкін.

      Үшінші  топтың қабылданған міндеттемелерін  төлеу үшін:

      Ағымдағы  қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 процентінен аспайтын мөлшерде шығыстардың  экономикалық сыныптамасының мынадай  ерекшеліктері үшін алдын ала ақы төлеуге рұқсат етіледі:

      131 «Тамақ өнімдерін сатып алу ,

      132 «Дәрі-дәрмектерді және медициналық  сипаттағы өзге де құралдарды  сатып алу»,

      134 «Мүліктік керек-жарақ заттарын  және басқа пішімдік және арнайы  киім-кешектерді сатып алу, тігу және жөндеу»,

      135 «Ерекше жабдықтар мен материалдарды  сатып алу»,

      139 «Өзге тауарларды сатып алу»,

      411 «Активтерді сатып алу»,

      412 «Ғимараттар мен үй-жайларды сатып  алу»;

      138 «Үй-жайларды жалға алуға ақы  төлеу», 141 «Коммуналдық қызметтерге  ақы төлеу» және 144 «Электр энергиясы үшін ақы төлеу», 145 «Жылу үшін ақы төлеу» шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері үшін алдын ала ақы төлеуге рұқсат етілмейді;

      145 «Жылу үшін ақы төлеу» шығыстардың  экономикалық сыныптамасының ерекшелігі бойынша алдын ала ақы төлеу ағымдағы қаржы дылына арналған шарт сомасының 30 процентінен аспайтын мөлшерде отын алу бөлігінде ғана рұқсат етіледі;

      жоғарыда  санамаланған тізбеге кірмейтін  шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша Ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 30 процентінен аспайтын мөлшерде алдын ала ақы төлеуге рұқсат етіледі;

      Өтінімге  мемлекеттік мекеменің бірінші  басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға және/ немесе бас бухгалтері қол қояды, олар оның дұрыс ресімделуіне жауап береді. Өтінім мемлекеттік мекеменің мөрімен куәландырылады.

      Бірінші басшы немесе ол уәкілеттік берген тұлға және / немесе бас бухгалтер  болмаған жағдайда бірінші басшының оларға міндеттер жүктеу туралы бұйрығына  сәйкес жауапты тұлғалар қол қояды.

      Мемлекеттік мекеме қол қойылған және мөрмен куәландырған шартты және Өтінімді Қаржы министрлігі  белгілеген тәртіппен қазынашылықтың тиісті органдарына беріледі. Тауарды (жұмысты, қызметті) бір көзден сатып  алған жағдайда мемлекеттік мекеме мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес бір көзден сатып алуға рұқсат туралы мемлекеттік сатып алу жөніндегі тиісті уәкілетті органның басшысының қолымен хат береді.

      Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен үкіметтік сыртқы заем туралы шарт (келісім) шеңберінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға арналған міндеттемелерді тіркеу кезінде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық органына 12-5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген өтінімді береді.

      Берушіні таңдау үшін негіз болып танылған сапаның, көлемнін өзгермеуі шартымен және басқа шарттарда Шарттың сомасын бағаны азайту бөлігінде азайтқан жағдайда мемлекеттік мекеме Қаржы министрлігінің аумақтық органына азайту сомасына арналған негізгі Шартқа қосымша келісімді және бұрын орындалған міндеттемелерді ескере отырып, Шарттың жаңа сомасына Өтінім береді.

      Аумақтық  қазынашылық органдары осы Ереженің 105-тармағында санамаланған шарттарды  мемлекеттік мекеме сақтаған кезде  Міндеттемелерді тіркеуге арналған өтінімді қабылдайды жцне оның негізінде Хабарлама (Тапсырыс) қалыптастырады.

      Хабарламаны (Тапсырысты) қалыптастыру мемлекеттік  мекемелердің міндеттемелерін тіркеудің  екінші сатысы болып табылады. Мемлекеттік  мекемелердің Өтінімдері негізінде  Хабарлама (Тапсырыс) қалыптастырылады.

      Хабарлама (Тапсырыс) республикалық бюджет туралы заңның және ағымдағы қаржыжылына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы мәслихаттардың паспортына, міндеттемелер  мен төлемдер жөніндегі қаржыландырудың  егжей-тегжейлі жоспарына, берілген рұқсаттарға және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес қабылданатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін тіркеуді растайтын құжат болып табылады.

      Хабарламаның (Тапсырыстың) алынған даналарына мемлекеттік  мекеменің бірінші басшысы және бас бухгалтер  қол қояды және мемлекеттік мекеменің мөрімен расталады.

      Мемлекеттік мекеме  Хабарламаның (Тапсырыстың) бірінші және екінші даналарын 12-1, 12-2-қосымшаларға сәйкес нысандыар бойынша тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) тиісті берушіге немесе бюджет қаражатын адушыға береді.

      Егер  Хабарламаның (Тапсырыстың) сомасы үш миллионнан асатын болса, онда Хабарламаның (Тапсырыстың) бірінші данасын 12-1-қосымшаға  нысан бойынша тауарларды (жұмыстарды,қызметтерді) беруші немесе бюджет қаражатын алушы екінші деңгейдегі банкке немесе оның банктік шоты ашылған банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға береді.

      Мемлекеттік мекемелер ақы төлеуге шотты  қалыптастыру кезінде «төлемнің  тағайындалуы» деген бағанда  оның негізінде ақшаны аудару жүзеге асырылатын құжаттың атауынан, нөмірі мен күнінен басқа, Хабарламаның (Тапсырыстың) нөмірі мен күнін, сондай-ақ төлемнің «ағымдағы» немесе «түпкі» мәртебесін көрсетеді.

      Хабарламаның (Тапсырыстың) екінші данасын тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) беруші немесе бюджет қаражатын алушы 12-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды түпкі беру (жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету) кезінде басшының қолын қойып және бюджет қаралатын берушінің немесе алушының мөрін басып, мемлекеттік мекемеге береді.

      Хабарламаларды(Тапсырыстарды) мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері және тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) түпкі төлеу кезіндегі төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарын орындау  бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу  үшін пацдаланады.

      Жаңа  қаржы жылының бірінші қатарындағы  ҚБШ қалдығы есептік кезкңде  шығыстарғы сомалар шегінде есептік  кезңнің шотына аударылады.

      Жаңа  қаржы жылының 10 қатарына дейінгі  мерзімінде Қаржы министрлігі және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік  бағдарламалардың әкімшілерімен келісім бойынша міндеттемелер, тиісті инвестициялық жобалар, сондай-ақ ресми трансферттер жөніндегі қаржыландырудың жиынтық жосларының қалдықтары сомасына жоспар қадықтарының шегінде және Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен тиісті ҚБШ рұқсат береді.

      Қаржы жылының ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен жергілікті бюджеттерге  бөлінген, пайдаланылмаған қаражат  ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін республикалық бюджетке қайтаруға  жатады.

      Қаржы министрлігінің аумақтық органдарында тіркелген және орындалмаған мемлекеттік мекемелердің бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламалары) бойынша міндеттемелерді Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен есепті қаржы жылының ішінде қайта тіркейді;

      ағымдағы  қаржы жылына берілген рұқсаттардың шегінде, Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен үкіметтік сыртқы заемның шеңберінде қабылданатын міндеттемлер бөлігінде әрекет ету мерзімі бір қаржы жылынан асатын шартты тіркейді.

      Міндеттемелерді тіркеуді жүзеге асырады және осы  Ереженің 5-бөлімінің 10, 11-тарауларына сәйкес төлемдер жүргізеді.

      Қаржы министрлігіне және жергілікті уәкілетті  органдарға 10 қаңтарға дейінгі мерзімде ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы  жағдай бойынша заң актілеріне және Қазақстан  Республикасының Үкіметі мен  шетелдік мемлекеттердің, халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік фирмалардың арасындағы келісімдерге сәйкес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде ашылған шоттарының көшірмелерін ұсынады;

      төлем құжатында Қазақстан Республикасының  екінші деңгейдегі банктерінде ашылған шоттарынан ақша аудару үшін есепті кезеңнің шоттарына сәйкес келетін және Қаржы министрлігі жеткізген НИК-тің деректемелері көрсетіледі.

      Есепті  кезеңдегі операциялар аяқталғаннан кейін мемлекеттік  мекемелердің және аккредитивтердің шоттарын

қоспағанда  барлық шоттар жабылуға жатады. Мемлекеттік  мекемелер шоттарының қалдықтарын  дербес түрде Қаржы министрлігі  көшіреді және мемлекеттік мекемелер  мынадай тәртіппен:

      ақылы қызметтерден түсетін қаражаттын есебінен шоттардың қалдықтары арқылы қызметтердің барлық түрі сақталған жағдайда өздері жаңа қаржы жылы  пайдаланады,

ақылы қызметтердің тиісті түрлері жоқ  болған жағдайда – тиісті бюджеттің  кірісіне аударылады;

      қаржы жылының аяғында демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен қаражаттың қалдығы келесі қаржы жылында тағайындау бойынша;

      жаңа  қаржы жылында депозиттік қаражаттың есебінен қаражаттың қалдығы депозит  шарттарына сәйкес пайдаланады.

      Есептік кезең аяқталғаннан кейін Қаржы  министрлігі есептік кезең шоты қалдығының сомасын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтініші бойынша аккредитивке аударуы мүмкін.

Информация о работе Казынашылык