Казынашылык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Июня 2011 в 20:11, реферат

Описание

Біздің мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттарға жетуі үшін, алуан қаржы ресурстарын жұмылдыру және тиімді пайдалануды қажет ететін, ол өз ретінде әрі қарай барлық қаржы жүйесін реформалауды ұсынатын, жеті ұзақ мерзімді приоритеттерді іске асыруы қажет. Осы тұрғыда Қазынашалықтың алдында үлкен мақсаттар тұр, ең негізгісі -бюджет қаражаттарын тиімді пайдалану.

Работа состоит из  1 файл

Каз-во каз .doc

— 466.00 Кб (Скачать документ)

      Бірінші және екінші топтардың міндеттемелерін тіркеу қазынашылықтың аумақтық органдары оны Өтінім түрінде қабылдау жолымен мемлекеттік мекемелердің ақы төлеуге берілген Шотының негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте, мемлекеттік мекеме боны Ақы төлеуге шот қалыптастыру кезінде  пайдалану үшін Өтінімге нөмір береді.

      Үшінші  топтың шығыстары бойынша міндеттемелерді  тіркеу мемлекеттік мекеме мемлекеттік  сатып алу туралы заңға сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін мемлекеттік мекеме жүргізгеннен кейін  басталады.

      Мемлекеттік сатып алу мәні болып табылмайтын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға үшінші топтың шығыстары бойынша міндеттемелерді тіркеу мемлекеттік мекеме бюджет қаражатын алушымен шарт жасасқаннан кейін басталады.

      Мемлекеттік сатып алу жөніндегі рәсімдерге дайындалу кезінде конкурстың міндетті шарттарының құрамына рәсімдердің қатысушыларына сатып алынатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ұсынылатын бағалардың негізі туралы талаптар енгізілуі тиіс.

      Төртінші  топтың шығыстары бойынша қабылданған  міндеттемелерді тіркеу мыналарға бюджеттік кредит беру кезінде жүзеге асырылады:                                                                       

      бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүргізген  конкурстық іріктеудің нәтижелері бойынша  екінші деңгейдегі банкті немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға ҚҰБ лицензиясы бар ұйымдарға. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар осы Ережеде анықталады;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде  «Қазақстанның Даму Банкі» жабық акционерлік қоғамын (бұдан әрі – Қазақстанның Даму Банкі);

      бюджеттік  бағдарламаның әкімшісі екінші деңгейдегі банктердің, банктік операциялардың жекелеген түрлеріне ҚҰБ лицензиясы бар ұйымдар арасында кредит шарттарын  жасауды, кредит беруді, міндеттемелердің орындаудың және кредиттерді қайтарудың мониторингін жүзеге асыруды қоса алғанда агент қызметтерін көрсетуге конкурс өткізгеннен кейін Қазақстан Республикасының азаматтарын. Қазақстан Республикасының азаматтарына кредит беру жөніндегі агенттер «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәкес анықталады;

      үкіметтік сыртқы қарыздардың қаражаты есебінен инвестициялық жобаларды іске асыру  кезінде шаруашылық жүргізуші объектілерді – Қазақстан Республикасы резиденттерін;

      мәслихат  жергілікті атқарушы орган кредит, оған қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерді  қабылдағаны туралы шешімді бекіткеннен  кейін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде жергілікті атқарушы органға.

      Шығыстардың бесінші тобының міндеттемелерін тіркеу Өтінім ретінде аумақтық қазынашылық органдарынынң төлеуге арналған шотты қабылдауы арқылы жүргізіледі.

      Мемлекеттік мекеменің тиісті берушімен немесе бюджет ақшасын алушымен шарттар (бұдан  әрі – Шарт) жасасуы Қазақстан  республикасының Азаматтық кодексіне және мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес мынадай деректемелерді ескере отырып, берілген рұқсаттар шегінде жүзеге асырылады:

      шарт  бойынша міндеттемелердің қатысушылары;

      тараптардың толық атауы және мекен-жайлары;

      бюджеттік бағдарламаның атауы;

      шарт  жасау мәні;

      тараптардың міндеттемелерін атқару нәтижелерін  кім қабылдайт;

      міндеттемелерді мерзімнен бұрын атқару мүмкіндіктері  туралы;

      міндеттемелерді атқару барысы туралы ақпаратты беру туралы;

      міндеттемелерді атқарудың бір қалыптылығын талап ету;

      ақшалай міндеттемелердің мөлшері;

      төлемдер  мен есептемелерді жүзеге асыру  тәртібі және тәсілдері;

      Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі  – СТН), жеке бірегей коды және тараптардың  толық мекен – жайы;

      шарт  бойынша міндеттемелерді атқару күні немесе ол атқарылуы тиіс уақыт кезеңі, бұл ретте шарт бойынша міндеттемелерді атқару мерзімдері бюджеттік бағдарлама паспортында көрсетілген бюджеттік бағдарламаның кіші бағдарламасы және бюджеттік бағдарламаларды орындау нәтижелері бойынша іс-шараларды іске асыру мерзімдеріне сәйкес келуі тиіс;

      шарт  бойынша міндеттемені орындау орны;

      Қазазқстан  Республикасының Парламенті бекіткен үкіметтік сыртқы заем жөніндегі  шарт (келісім) шеңберінде қолданылу  мерзімі бір қаржы жылынан  асатын Шартты жасасу кезінде шарт шеңберінде сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны (бұдан әрі – Шарт сомасы), сомаларды тиісті қаржы жылдарына бөле отырып, Шарттың жалпы сомасы көрсетіледі, валютада және немесе  өтінімнің жалпы сомасынынң пайыздарында алдын ала төлеу мөлшерін көрсете отырып, ақы төлеудің схемасы және шарты;

      сандық (табиғи) және құндық түрде орындалатын  жұмыстар мен қызметтердің көлемі. Құндық түрде орындалатын жұмыстар мен қызметтердің айлар бойынша  көлемдері тиісті бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларындағы көрсетілген сомаларға сәйкес келуі тиіс;

      шарттың ережелерін  орындау үшін тараптардың  жауапкершілігі;

      орындалған  жұмыстардың (берулердің, көрсетілген қызметтердің) кесімін міндетті жасауды кездейтін шарт;

      тараптардың оның шарттарын орындамау кезіндегі  іс-әрекеті және шарттың екінші тарапының  айыппұл мен өсімақыны бюджетке есептеуі;

      Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен укіметтік сыртқы заем жөніндегі шарттың (келісімінің) шеңберінде мемлекеттік мекеме мен тауарларды (жұмыстарды және қызметтерді) берушінің арасында жасалған Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі бір қаржы жылынан асқан кезде Шарт бойынша міндеттемелердің сомасы мемлекеттік мекемеге жыл сайын бөлінетін рұқсаттардың шегінде тиісті қаржы жылдарына бөлінеді.

      Агенттік  келісім мыналарды қамтуы тиіс:

      тараптардың толық атауы мен мекен-жайы;

      бюджеттік бағдарламаның атауы;

      агенттік  келісімді жасау мәні;

      агент функцияларының, ол орындайтын жұмыстар мен қызметтердің құрамы мен мазмұны;

      агент орындайтын жұмыстар мен қызметтердің құны;

      жұмыстар  мен қызметтерді орындау мерзімі;

      жобаны  қаржыландыру жөніндегі төлемдер мен  есеп айырысуларды, бюджеттік кредитті беру мен қаражатты бюджетке қайтаруды (қайтарымды қаржыландырған жағдайда) жүзеге асырудың тәртібі мен тәсілдері;

      бюджет  қаражатын агент шотына аудару кестесі;

      агенттің  бюджет қаражатын пайдалануды растайтын  құжаттарды беру тізбесі, тәртібі және мерзімі;

      қаржы агентінің қызметтеріне ақы төлеу көздері мен тәртібі;

      агенттік  келісім тараптарының өзара міндеттемелері;

      тараптардың агенттік келісімінің шарттарын  орындалмағаны  немесе тиісінше орындалмағаны  үшін жауапкершілігі.

      Осы ережеде мынадай түсініктер пайдаланылады:

      кредит беруші – Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар;

      бюджеттік несие – мерзімділік, ақылық және қайтарымдылық жағдайларында тиісті бюджеттерден кредит

берушілер ұсынатын, сондай-ақ мемлекеттік кепілдік жөніндегі міндеттемелерді орындауға  оқшауландырылатын ақшалар;

      заем  алушы – тиісті бюджет алдында  кредитті қайтару жөнінде  тікелей міндеттемелері бар бюджет қаражатынан кредит алушы;

      банк-заемшы – Даму Банкі, банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар, түпкі заемшыларды одан әрі  несиелендіру үшін тиісті бюджеттерден бюджеттік кредит алатын екінші деңгейдегі банк немесе ұйым;

      түпкі заемшы  - банк – заемшы арқылы бюджеттік  кредит алатын заңды немесе жеке тұлға;

      Агент екінші деңгейдегі банк, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жузеге асыруға ҚҰБ лицензиясы бар ұйым немесе агенттік келісімнің негізінде Даму Банкі.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) актісіне республикалық  бюджет туралы заңға және Қазақстан  Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес қайтарымды негізде бюджеттен жеке және заңды тұлғаларды, төмен тұрған бюджеттерді қаржыландыру үшін тағайындалған бюджеттік бағдарламалар бойынша төртінші топтың (бұдан әрі – кредит алушылар) міндеттемелерін тіркеу үшін Қаржы министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар арасында шарт жасалады, ал банктер-қатысушылар арасындағы конкурстың нәтижелері бойынша:

      кредиторлар мен бактер-заемшылар;

      банктер-заемшылар  және түпкі заемшылар арасында шарт жасалады.

      Бюджеттік кредит беру оларды түпкі заемшыларға  кейіннен бере отырып банк-заемшыларға бюджеттік кредит беру жолымен жузеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың кредиттерін  банк-зеамшыларға беру жөніндегі  рәсімдер осы Ережеге сәйкес жузеге асырылады.

      Республикалық бюджет ақшаларының есебінен бюджеттік кредиттер беру туралы шарттар (келісімдер) жасасу Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүзеге асырады.

      Егер  Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен үкіметтік сыртқы заем жөніндегі шарттың (келісімінің) шеңберінде мемлекеттік мекеме  мен тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) берушілер арасындағы Шарт бір қаржы жылынан асатын мерзімге жасалса, онда міндеттемелерді тіркеу ағымдағы қаржы жылына арналған Шарт шеңберінде міндеттемелердің мөлшеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге берілген рұқсаттардың шегінде жүзеге асырылады.

      Егер  бір бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) орындау үшін Шарттар  бірнеше берушілермен жасалса, мұндай шарттардың жалпы сомасы берілген рұқсаттардың сомасынан аспайды, оның шегінде осы бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шарттар жасауға жол беріледі.

      Шарттар сомасының берілген рұқсаттардың сомасынан

Асып  түсуі қосымша сомаға рұқсаттар  беру жолымен бюджеттік бағдарлама және кіші бағдарлама жөніндегі мемлекеттік  мекеменің міндеттемелері бойынша қаржыландыру жоспары шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшклігі бойынша сомалар шегінде жол беріледі.

      Бірінші және екінші топтардың шығыстары  бойынша мемлекеттік мекеме қазынашылықтың аумақтық органдарына Ақы төлеуге шот ұсынады.

      Екінші  және үшінші топтардың шығыстары  бойынша мемлекеттік мекеме қазынашылықтың аумақтық органдарына тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердің) бір  және одан көп атаулары үшін бюджет қаражатын әрбір алушыға жеке Қазақстан Республикасының Біріңғай бюджеттік жіктемесінің әрбір коды бойынша өтінімді (мекеме/бағдарлама/кіші бағдарлама/ерекшелік),сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шартты немесе Қаржы министрлігі (жергілікті уәкілетті орган) мен несие алушы арасында жасалған шартты береді.

      Қазынашылық органдары Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен және осы ережеге сәйкес Өтінімді және шартты тексереді.

      Өтінімді  қалыптастыру мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін тіркеудің бірінші  сатысы болып табылады.

Өтінімдерді нөмірлеуді мемлекеттік мекемелер жүзеге асырады.

      Өтінімнің бірінші бөлімінде мынадай деректемелер:

        мемлекеттік мекеменің коды;

      мемлекеттік мекеме берген Өтімнің нөмірі:

  санаты:

Информация о работе Казынашылык