Казынашылык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Июня 2011 в 20:11, реферат

Описание

Біздің мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттарға жетуі үшін, алуан қаржы ресурстарын жұмылдыру және тиімді пайдалануды қажет ететін, ол өз ретінде әрі қарай барлық қаржы жүйесін реформалауды ұсынатын, жеті ұзақ мерзімді приоритеттерді іске асыруы қажет. Осы тұрғыда Қазынашалықтың алдында үлкен мақсаттар тұр, ең негізгісі -бюджет қаражаттарын тиімді пайдалану.

Работа состоит из  1 файл

Каз-во каз .doc

— 466.00 Кб (Скачать документ)

      Мемлекеттік мекемелердің қолданыстағы заңдарға сәйкес мемлекеттік мекемелерге уақытша оларға билік етуге берілген депозиттік қаражатты басқаруға құқығы бар.

      Қаржы министрлігі осы Ережеге сәйкес депозиттік қаражатты басқару үшін шоттар жоспарын қалыптастырады және жүргізеді.

      Мемлекеттік мекемелердің депозиттік қаражатты  жұмсау құқығы Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес бюджетке есептелген немесе енгізушіге қайтару кезінде  басталады.

      Депозиттік  қаражатты тиісті алушыларға аударудың  дұрыстығына ақы төлеу мерзімі  басталған сәттен бастап мемлекеттік мекеменің басшысы жауапты болады.

      Тиісті  бюджетке аударылуға жататын депозиттік сомалар үш банктік күн ішінде аударылуы тиіс.

      Шоттарда  депозиттік сомаларды сақтау мынадай  мерзімдермен шектеледі:

      жеке  тұлғаларға берілуге жататын депозиттік сомалар үш жыл бойы сақталады;

      заңды тұлғаларға (мемлекеттік мекемелерден басқа) беруге жататын депозиттік сомалар  бір жыл бойы сақталады.

      Осы тармақта айтылған мерзімдер депозиттік сомалар атына енгізілген заңды  немесе жеке тұлғаларға депозитке тиісті сомалардың енгізілуі туралы хабарлама жіберілген күннен бастап есептеледі.

      Егер  атына депозиттік сомалар енгізілген жеке немесе заңды тұлға шетелде  тұрып жатқан және осы сомаларға  билік ету үшін рұқсат алу керек  болса, бұл мерзімдер осындай  рұқсат алынған күннен бастап есептеледі.

      Мемлекеттік мекемелерге берілуге жататын депозиттік сомалар осы сомалар енгізілген жылдың 31 желтоқсанына дейін сақталады. Қарау үшін сот шешімі талап етілетін депозитке енгізілген соманың сақталу мерзімі осындай шешім қабылданған күнінен басталады.

      Талап етілмеген депозиттік сомалар олардың  сақталу мерзімі аяқталғаннан кейін мемлекеттік мекеменің өкімімен тиісті бюджеттің кірісіне аударылады.

      Қайтаруға жататын депозиттік сомалар бойынша  қолма-қол ақшалармен жасасқан операциялар  жөніндегі банктік қызметтерді  төлеу, егер қолданыстағы заңдарда өзгеше көзделмесе, ол мен банктің арасындағы шарт негізінде депозиттік соманы енгізген тұлғаның есебінен жүргізіледі.

      Ақы төлеуге шот – мемлекеттік  мекемелер қабылдаған және қазынашылық  органдары тіркеген міндеттемелердің орындалғанын растайтын құжат, оның негізінде қазынашылық органдары ақы төлеудің қолма-қол емес және қолма-қол түрінде төлемдерді жүзеге асырады.

      Мемлекеттік мекеме – ақшаны жіберуші – Ақы  төлеуге шотты белгіленген нысанның банкілерінде Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес төлемнің негізділігін растайтын тиісті құжаттарды міндетті қоса бере отырып, екі панада Қазынашылықтың аумақтық органдарына ұсынады.

      Ақы төлеуге шот қолдар мен мөр  бедерінің үлгілеріне сәйкес мемлекеттік  мекеменің уәкілетті органдарының және оның мөр бедерін қамтуы тиіс.

      Ақы төлеуге шотты онда көрсетілген күнінен он күнтізбелік күн ішінде қазынашылық органдары қабылдауы мүмкін.

      Ақы төлеуге шотты мынадай құжаттардың:

      міндеттемлердің бірінші тобы үшін Қаржы министрлігі  белгілеген нысандар бойынша мемлекеттік  мекеменің төлем және есеп-төлем  ведомстерінің;

      бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стипендияларды, мемлекеттік білім және студенттік несиелерді аударуын қоспағанда, бюджет қаражатын алушының шот-фактурасының және міндеттемелердің үшінші тобы үшін орындалған жұмыстар актісінің;

      кредитордың банк-заемшылардың қаражатын алуға арналған өтінімі;

      міндеттемелердің  төртінші тобы үшін заем туралы шарттың (келісімнің) ережелеріне сәйкес республикадан  тыс жерде ашылған банктік  шоттар арқылы тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін ақы төлеу қажет болған жағдайда, кредит шотынан көшірменің;

      міндеттемелердің  төртінші тобы үшін тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ақы төлеу кезінде  заем туралы шарттың (келісімнің) ережелеріне  сәйкес Қазақстан Республикасының  екінші деңгейдегі банктерінде ашылған  банк шоттары арқылы тауарларға (жұмыстар мен қызметтерге) ақы төлеу қажет болған жағдайда инвестициялық жобаның арнайы шотынан көшірменің;

      боны  ұсынған жағдайда, инкассалық өкімнің;

      қолма-қол  ақы төлеу нысаны болған кезде  төлемдерді жүзеге асыру үшін чектердің  негізінде белгіленген 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұлттық валютада мемлекеттік мекемелер қалыптастырады.

      Ақы төлеуге  шоттарда міндетті тәртіппен  мынадай деректемелер көрсетіледі:

        ақы төлеуге шоттыың нөмірі;

      Қазақстан республикасының Біріңғай бюджеттік сыныптамасы бойынша мемлекеттік мекеменің коды, ҚҰБ белгілеген жіберушінің коды, салық төлеушінің толық атауы және СТН;

      Мемлекеттік мекемеге есеп кассалық қызмет көрсетуді  жүзеге асыратын қазынашылық органның атауы;

      қаржыландыру  көзі:

      1 – үкіметтік сыртқы заемдардың қаражатынан басқа, бюджеттің есебінен,

      2 – үкіметтік сыртқы заемдардың  есебінен;

      3 – ақылы қызметтерден түсетін  қаражаттын есебінен,

      4 – демеушілік және қайырымдылық  көмектен түсетін қаражаттың  есебінен,

      5 – депозиттік қаражаттың есебінен,

      8 – ерекше шығыстардың есебінен,

      S – есептік кезеңде бюджеттік бағдарламалардың  шығыстарына жұмсалатын бюджет қаражатының есебінен;

      1 – Қаржы министрлігінің Қазынашылық  жүйесінде ашылған аккредитивтің  есебінен;

      санат:

      01 – республикалық бюджет,

      02 – облыстық бюджет және Астана  және Алматы қалаларының бюджеттері,

      03 – аудандық (қалалық)бюджет,

      05 – арнайы;

           Біріңғай бюджеттік сыныптаманың  кодында мыналар:

      бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды (үш белгі)

      бюджеттік бағдарламаның коды (үш белгі),

      бюджеттік кіші бағдарламаның коды (үш белгі)

      бюджет  қаражатының есебінен төлемдерді жүзеге асыру үшін – шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің коды (үш белгі),

      немесе  ақылы қызметтерден түсетін қаражаттың есебінен төлемдерді жүзеге асыру кезінде:

      ақылы қызметтер түрінің коды (екі белгі);

      тиісті  Өтінім нөмірлері және күндері;

      берушінің толық атауы, ҚҰБ белгілеген бенефициярдың  коды, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

      банктің атауы және коды (банктік сәйкестендіру  коды),

банк шотының коды (жеке сәйкестендіру коды), делдеал банктің (банктік сәйкестендіру коды) және делдалдың банктік шотының коды (жеке сәйкестендіру коды);

      Біріңғай  бюджеттік сыныптама шығыстарының жіктеу коды;

      ҚҰБ бекіткен Біріңғай төлемді тағайындаудың  сыныптаушысына сәйкес төлемді тағайындаудың коды;

      Тиісті  Хабарлама бойынша сқңғысы төлеген  ақы төлеуге шоттың нөмірі мен  күні;

      тауардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы;

      тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өлшем бірліктері;

      Хабарламаға (Тапсырысқа) сәйкес тауардың әрбір түрінің (жұмыстың, қызметтің) саны, бір бірлігі үшін немесе тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердің) тобы үшін бағасы, тауардың (жұмыстың, қызметтің) әрбір түрі бойынша немесе  тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердің) әрбір тобы бойынша теңгңдңгі құны және ағымдағы және түпкі төлемнәң сомалары көрсетіледі.

      Ақы төлеуге шоттың «тауардың (жұмыстың және қызметтің) атауы» алаңында қосымша  мыналар:

      төлемді жүргізу үшін негіз болып табылатын  құжаттың түрі (орындалған жұмыстардың  кесімі, шот-фактура, чек, инкассалық өкім және т.с.с);

      төлем жүргізу үшін негіз болып табылатын  құжаттың атауы;

      төлемді жүзеге асырудың мақсаты көрсетіледі.

      Ақы төлеуге көрсетілген шығыстардың  бюджеттік жіктелімінің коды Өтінімде және Хабарламада (Тапсырыста) көрсетілген  шығыстардың бюджеттік жіктелімінің кодына ұқсас болуы тиіс, ақы төлеуге шотта көрсетілген төлемді іске асыру мақсаты бюджет шығыстарының экономикалық ерекшелігі құрылымы шығыстарының тізбесіне сәйкес келуі тиіс.

      Төлемнің  тағайындауында міндетті түрде мемлекеттік  мекеме мен бюджет қаражатын алушы арасындағы Шарттың және мемлекеттік мекеменің Хабарламасының (Тапсырысының) нөмірлері мен күні, сондай-ақ «ағымдағы» немесе «түпкі» түрінде ақы төлеуге шоттың мәртебесі көрсетіледі.

      Ақы төлеуге шотта төлемдерді шетел  валютасында жүзеге асыру үшін тауардың (жұмыстар мен қызметтердің) әрбір түрінің бірлігі үшін немесе тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердің) тобы үшін бағасы, ондағы құны және жалпы сомасы төлем күніне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен анықталған валюта айырбасының рыноктық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі.

      Ақы төлеуге шотта бюджетке түсетін  түсімдерді және міндетті зейнетақы  жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорына аудару бойынша сома тұтастай теңгеде  көрсетіледі, тиындармен түпкі есеп айырысу жылына бір рет желтоқсан айында жүргізіледі.

      Жергілікті  бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын  мемлекеттік мекеме Хабарламаның (Тапсырыстың) бірінші данасының көшірмесін тиісті жергілікті бюджеттердің атқарылуы  жөніндегі бухгалтерлік есепті жүргізу үшін жергілікті уәкілетті органға береді.

      Бірінші топтың қабылданған міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асыру  үшін Ақы төлеуге шотқа міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы  қорларына аудару үшін – белгіленген  тәртіппен екі данада Қазақстан республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес қалыптастырылған мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің тізімі қоса беріледі.

      Жоғарыда  санамаланған тізімдердің жасалуының және қалыптастырылуының дұрыстығына  мемлекеттік мекеменің басшысы  жауап береді.

      Міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару жөніндегі тізімнің бір данасында оның қабылданғандығы туралы қазынашылықтың аумақтық органы қызметкерлерінің белгісі қойылады және мемлекеттік мекемеге қайтарылады.

      Заңды тұлғалардың шығындарын жабуға байланысты қабылданған міндеттемелер бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес Ақы төлеуге шотқа бюджеттік бағдарламаны және кіші бағдарламаны орындауға пайдаланылған жалпы сома туралы ақпарат, сондай-ақ заңды тұлғалардың кірістері есебінен бюджеттік бағдарламаның және кіші бағдарламаның жалпы құнын жабуға пайдаланылған сома туралы ақпарат қоса беріледі.

      Шетел валютасындағы төлемдерді жүзеге асыру  үшін мемлекеттік мекемлер ақы төлеуге  арналған шоттан басқа, 13-1 және 14-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Шетел валютасын айырбастауға және аударуға өтінім береді.

      Қалпына келтіруге арналған төлем құжатын  қазынашылықтың аумақтық органы тиісті мемлекеттік мекемеге береді.

      Бюджет  шотына арналған қалпына келтіруді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме қалпына келтіруге арналған төлем құжатын алған күннен бастап 3 күннің ішінде қазынашылықтың аумақтық органына негіздемелік-хатты әкеліп береді.

      Өткен жылдардың дебиторлық берешегін  өтеу сомасы Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен кірістердің бюджеттік сыныптамасының тиісті коды бойынша бюджетке есептеледі.

      «Сайлауларды  өткізу» республикалық бюджеттік  бағдарламасы бойынша төлемдер Қаржы  министрлігі белгілеген тәртіппен  Қазақстан Республикасының заң  актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Информация о работе Казынашылык