Казынашылык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Июня 2011 в 20:11, реферат

Описание

Біздің мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттарға жетуі үшін, алуан қаржы ресурстарын жұмылдыру және тиімді пайдалануды қажет ететін, ол өз ретінде әрі қарай барлық қаржы жүйесін реформалауды ұсынатын, жеті ұзақ мерзімді приоритеттерді іске асыруы қажет. Осы тұрғыда Қазынашалықтың алдында үлкен мақсаттар тұр, ең негізгісі -бюджет қаражаттарын тиімді пайдалану.

Работа состоит из  1 файл

Каз-во каз .doc

— 466.00 Кб (Скачать документ)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      3. ҚР қазынашылық органдарын жетілдіру 
 

      Ақпараттың  техникалық және құрылымдық  тапсырмалардың максималдық шешімдерге жеткізу  үшін, Қазынашылықтың алдында, тиімділік  функцияларын жетілдіру және ұйымдастырушылық мүмкіндіктерді пайдалану жетілдіру  мақсатында үлкен тапсырмалар қойылды.

      Қазынашылық жүйесінің құрылуымен республикалық  бюджетті қаржыландырудың тапшылық шешімдері шешіле бастады. Бұл жай  бойынша қазынашылық қорлар нарығында  өнімді ынтымақтастықта. Сыртқы қарызды  өтеу процедурасы бойынша ҚР банкінен жұмыс жайластырылған.

      Қазынашылық жетілдірі жобасы бағдарламасын  іске асыруда, ҚР  Үкіметі республикалық  және жергілікті бюджеттерді қоса алғанда, барлық деңгейде басқаруымен қоса мемлекеттік  қаржы ресурстарын басқару жүйесіндегі  реформаларды қамтиды.

      Қазынашылықтың  аумақтық органдарының құрылған мерзімінен бері он жылдан астам уақыт өтті, оның  қызметі мен құрылымына едәуір өзгерістер енгізілді.

      Қазынашылық жүйесінің дамуы бірнеше кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде , Ұлттық банктің  есеп-кассалық орталығы бар, барлық аймақтарда Қазынашылықтың аумақтық органдары құрылды. Қаржы Министрлігі Қазынашылығы кірісіне беріліп, оның негізінде Республикалық Бюджеттік банк құрылды.

      Бюджеттік банктің ұйымдастырылуымен қатар  Қазақстан Республикасындағы бюджеттік  жүйені дамыту және реформалау іс-шаралары басталды. Бюджеттің кірісі мен шығысына байланысты жаңа бюджеттік жіктеу енгізілді, сонымен қатар шығысты қаржыландыру тәртібі өзгертілді. Мемлекеттік бюджеттік кіріс есебіне де көптеген өзгерістер енгізілді.

      Облыстық  Қазынашылық басқармаларында күнделікті жалпы республикалық бюджеттің  кірісі және кассалық шығыстардың соммаларын кіргізу және шығару үшін, біріңғай қазынашылық шот (БҚШ) ашылды. Бұл  республикалық бюджет есебі туралы ақпараттың Үкімет пен Қаржы Министрлігіне күнделікті айқын жеткізілу мүмкіндігі туды. Тура осындай қаржыландыру мен есеп кассалық қызметі жергілікті бюджетте де дамыды.

      Бюджеттік банк қысқартылып, оның атқаратын құрылымдық бөлімін қазынашылық органдарына  берілуіне байланысты дамудың алғашқы кезеңі аяқталды.

      1999 жылдың қаңтар айынан Қазынашылық  дамуының келесі кезеңі басталды, яғни басқару жүйесі мен бухгалтерлік  есепті орындау негізінде біріңғай  ақпараттық кеңістік компьютермен  қамтамасыздандырды. Бұл кезеңнің  басталуымен күнделікті бекітілген бюджеттің кірісі мен шығысы, сондай-ақ әр қазынашылыққа сәйкес әрбір шығын операциялары қазынашылық бас кітәбінде есептеліп отырды. Міндетті бухгалтерлік есеп жүйесі дамыды.

      Президентіміздің  халыққа жолдаған «Қазақстан – 2003»  Жолдауында атап көрсеткен мемлекеттік сектордың бірінші кезектегі міндеті экономиканы тұрақтандыру болып табылады. Экономикалық реформаны тездету үшін қаржыгерлердің тиімді жұмыс істеуі шарт. Осыған орай мемлекеттік бюджеттің барлық кірісін және шығысын есепке  алып, топтастыру мүмкіндігімен, қазынашылық жүйесін толық іске асырған бірінші Мемлекет Қазақстан болды. Біріңғай ақпарат кеңістігінде берік ақпарат басқару жүйесінің дамуымен, жетілдіру жүйесі үшін алғы шартты жасауымен  Қазынашылықтың дамуының ең қиын кезеңі өтті. Бекітілген Қаржы Министрінің жоспарына сәйкес, боны жүзеге асыру үшін «Қазынашылықты Жетілдіру» жобасы бекітілді.

      Даму  және Қайта жаңару Халықаралық Банкінен алынған қаражат арқылы Қазынашылық  Комитеті қазынашылық жүйесін жетілдіру  жобасын әзірледі.

      Мемлекетіміздің Президенті алға қойған мақсатындағы – мемлекеттік қаражатты тиімді басқару, сонымен қатар барлық деңгейдегі мемлекеттік бюджеттің атқарылуындағы қолданысты бақылауды қоса алғандағы – экономикалық шешімдерге, Қазынашылықтың Жетілдіру жобасы өз ықпалын тигізді.

      Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы «Мемлекеттік бюджет қарауындағы  мекемелер үшін есеп үлгілерін жеткізу  және бюджеттің атқарылуы туралы қаржылық рәсім ережесі» заңдарына  сәйкес жаңа жүйенің қызметі әзірленді.

      Қазынашылықтың  жаңа жүйесі қазіргі уақытта Қазақстанның барлық аймақтарында дамыды.

      Үкімет  пен жергілікті атқару органдарының республикалық және жергілікті бюджеттердегі  қаржы ресурстарын тиімді басқару  құралын әзірлеі жаңа жүйенің негізгі мақсаты.

      Жаңа  жүйелік қызметі, керек кезде  тиімді ақпаратты, соңғы өзгертілген  күйде кез-келген уақытта қамтамасыз ете алады.

      Нақты мемлекеттік мекемеге және аудандық деңгейге бағыныстыққа қол жеткізу  арқылы олардың қаржылық деректер құралын кез-келген уақытта көреді және бақылай алады. Сондықтан да жаңа жүйе әрбір республикалық бюджет деңгейінің атқарылу операциясының «нақтылығын» анықтау мүмкіндігіне ие болды.

      Бюджет  қаражаттары туралы және жергілікті бюджетке түсетін қаржы көлемі туралы барлық ақпараттарды алып отыруды, Қазынашылық Комитеті қаржы ағымдарын біріктіру арқылы қол жеткізді.

      Әкімдер мен маслихаттардың шешімдеріне  сәйкес бюджеттердің атқарылуындағы қатаң  тәртіп және жергілікті бюджет есебіндегі аудару операцияларының таза және  нақты болуына жаңа жүйе мүмкіндік береді. Егер алғашқы базалық деректерді, әзірлеу мен бекіту сатысы кезінде жергілікті бюджет дәл және негізделіп қалыптастырылған болса, онда осы процесс сапалы және тиімді орындалады.

      Үкімет  пен жергілікті атқару органдарының белгілеген тәртібі бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне сәйкес ағымды қаржы жылына байланысты бюджеттік бағдарлама паспорты (бұдан әрі паспорт) әзірленеді. Жиынтық жоспарын жасау үшін, бюджеттік бағдарлама әкімшілері өздеріне қарасты ведомствалық мемлекеттік мекемелерге бекітілген паспортын басшылыққа алу үшін жеткізеді. Тек осы паспорт болған жағдайда ғана бюджеттің орындалуы іске асырылады.

      Жаңа  жүйедегі мемлекеттік мекемелердің жиынтық жоспарын бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың нақты жоспары деп аталады және мемлекеттік мекемелердің бюджетті орындаудағы негізгі құжаты болып табылады.Қаржыландырудың нақты жоспары екі түрде болуы міндетті – міндеттемелер үшін және төлемдер үшін.

      Бюджеттік бағдарлама паспортында көрсетілген  іс шараларды жүзеге асыру үшін, міндеттемелерді қабылдауға құқығы бар мемлекеттік мекемелер міндеттемелеріндегі  қаржыландыру нақты қаражат жоспарының көлемін анықтайды. Мемлекеттік мекемелерге рұқсат беру үшін, сондай-ақ бюджеттік бағдарлама әкімшілігі міндеттеме бойынша бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарын қалыптастыру үшін қаржыландырудың нақты жоспары міндеттемелер бойынша қолданылады.

      Төлемдерді  қаржыландырудың нақты жоспары, мемлекеттік мекемелер қабылданған  міндеттерін орындау шегінде, қаржы  көлемін анықтайды. Төлемдерді қаржыландырудың нақты жоспарының ай сайынғы бөлінген сомасы, әр бюджет бағдарламасының паспортында қарастырылған іс-шараларын жүзеге асыру мерзіміне сәйкес келуі қажет. Міндеттемелер мен қаржыландыру жоспарын бюджеттік бағдарлама әкімшілігі қалыптастырады. Міндеттер мен төлемдердің қаржыландыру жоспары, оған қарасты ведомоствалық мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен төлемдерін қалыптастыру нақты жоспарының сомасы болып табылады. Жүйедегі қалыптасқан әкімшілігінің қаржыландыру жоспары мен әкімшіліктер өздері әзірлеген қаржыландыру жоспар аралығында толық сәйкестік болмайынша, сәйкес бюджетті қаржыландыру мүмкін емес. Жиынтық жоспарын қаржыландырудың (кірістер, шығындар) жүйеде қалыптастырылуы да осындай принципте болады. Жергілікті атқару органдары әзірлеген міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландырудың жиынтық жоспары аралығында толық сәйкестік болмайынша, қалыптасқан жаңа жүйеде, әрі қарай бюджетті қаржыландыру мүмкін емес.

      Ақылы қызмет іске асырылуына қарай түсен  қаржы, көрсетілген қызмет түріне байланысты тиісті  мемлекеттік мекеме есебіне аударылады.

      Әр  жыл сайын мемлекеттік мекеме белгіленген үлгіде ақылы қызметтердің түрлері бойынша кіріс және шығыс  сметасын жасап, бекітілген сметасын бюджеттік  бағдарлама әкімшілігі аумақтық қазынашылық бөлімдерге, жаңа жүйеге енгізу үшін тапсырады. Сметаның орындалуы жаңа жүйеде автоматтық бақылау арқылы жүргізіледі.

      Мемлекеттік мекемелері ақылы қызметті, демеушілік және қайырымдылық көмекті іске асырудан түскен қаражаты, депозиттік қаражат  Біріңғай шоттар жоспарының стандарттарына сәйкес тиісті шоттарға есептеледі.

      Бюджеттік бағдарлама әкімшілігіне бюджеттік  бағдарлама паспортына және сәйкес бюджетке түсуге тиісті қаржы көлемін есептегенде  әкімшілік міндеттерін қаржыландыру жоспарына сәйкес Қаржы Министрлігі немесе қаржы органдары рұқсат береді.

      Мемлекеттік мекеменің міндеттері бойынша қаржыландырудың  нақты жоспарына, Қаржы Министрлігі  немесе  қаржы органдары берген,  рұқсат шегінде, бюджеттік бағдарлама паспортына сәйкес әкімшіліктер рұқсат етеді. 
 

      3.1 Заңдылық базаларды жетілдіру. 
 

      20 ғасырдың 90-жылдарындағы  орын алған  халықаралық қаржы дағдарысы  өз кезегінде, жекелеген халықаралық  қаржы институттарын  әлемдік  қаржы жүйесін тұрақтандыру мәселелеріне  жаңаша көңіл аударуға  мәжбүр  етті.

Қаржы-несие және бюджеттік-салық жүйелерін реттеудегі ұсынысын дайындау  өнімі бойынша қатысушы елдер үшін халықаралық валюталық қор жаңа үш тәсілдеме  қажеттілігін ұсынды:

    1. Ұлттық экономикалық саясаттың айқындығын жетілдіру;
    2. Экономикалық саясат, қаржы және  бизнес халықаралық танылған стандарттарын қабылдау, әзірлеу және таратылуында ынталандыру;
    3. Ұлттық қаржының жүйесін нығайту.

    ХВҚ мамандары бағалағандай, нарықтық сынақты  бағалайтын және белгісіздікті төмендететін, уақытында және тура экономиканың деректерімен қамтамасыз ету  айқындықты білдіреді. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

      3.2 ҚР қазынашылық органдарының функцияларын

сарықтық  экономикасы дамыған елдер экономикасымен салғыластыру.

 
Элемент 
   

 Австралия

    

Бразилия

   

 Франция

  

Жапония

Қазынашылық функциялары-ның мемлекеттік ұйымдастыру

схемасы

Функциялар  қаржы және департаменттер мен (шығысты  бақылау) және қазы-

нашылық департаа-

менттер аралығында бөлінген макроэконо-

микалық саясат және

түсімдерді  жинау.

екі департаментте 

министрлік  деңгейін-

де үкіметке тікелей

шыға  алады.

Қазынашылық серитариаты  қызмет етеді, қаржы минис-

трлігіндегі  екінші деңгейдегі бөлімше, көбінесе қазынашы-

лық функцияларды орындайды. Бюджет-

ті дайындаумен  жос-

парлау  министрлігі-

мен байланысты Бюджеттік секрита-

риат  айналысады.

Федеральдық табыс-

тар секритариаты екеуі де қаржы министрлігі шегінде, осы құжатта қарас-

тырылған  біраз қазынашылық қызметтерді  атқарады.

Функциялар  қазына-

шылықтың  екінші деңгейдегі бөлімдердің арсында  бөлінген, қаржы  министрлігі мен  мемлекеттік генералды дирекция-

сы мен  байланысты, сонымен қоса бюд-

жеттік  министрлігі-

мен байланысты екінші деңгейдегі бөліммен де байланысты.

Қазынашылықтың  функциялары үшінші деңгейдегі бірнеше  бөлімдерге бөлінген және қаржы министрлігінде қазынашылық бөлімінде, қарыз басқару бөлімінде және қаржы бюросы шегіндегі қаржы бөлімінде, бюджеттік бөлімде, бюджеттік бюро шегіндегі бюджет атқару бөлімі мен заңгерлік бөлімін-

де.

Қазынашылық фнкциялар орындалуының жалпы сипаттамасы        
Қолма-қол  ақшамен қамтамасыз ету Қазынашылық мемлекеттік  қарызға байланысты түсімдер тіркелуін  және төлемін бақылайды. Бюджет-

тің атқарылуымен байланысты төлемдер-

ді Қаржы  департамен-

ті бақылайды,

Қазынашылық қызметі  әрбір министрлікте шығыс тұрпаты  бойынша лимиттер жасайды және барлық түсім-

дерді біріңғай шот бойынша төлемдер-

ді бақылайды.

Қазынашылық орталық  банктегі мемлекеттік шот бойынша  түсімдер мен төлемдерді бақылайды Қазынашылық бөлім  және бюджетті атқару бөлімі Жапониядағы  банктердегі мемлекеттік шот  боойынша түсімдер мен төлемдерді бақылайды.
-қысқа  мерзімді қаржылық жоспарлау Қазынашылық әсерлер деңгейіндегі жылжымалы қаржы жоспарын дайындайды. ҚД тұрпатша байланысты тоқсан аралық, немесе айлық қаржы  шығыс жоспарын дайындайды. Қазынашылық қызмет ай бойынша және ағымды айдағы күндерге бөлінген өзгертілмелі қаржы жоспарын жасайды. Қазынашылық жылжымалы ай бойынша бөлінген қаржы жоспары жасайды. Қазынашылық бөлім күн бойынша бөлінген жылжымалы қаржы жоспарын дайындайды.
-мемлекеттік  борышын басқару Қазынашылық мемлекеттік құнды қағаз басылымын бақылайды, көлем, мерзім, құрылуын т,б, сұрақтарын шешеді, бірақ орталық банкті үгіт ретінде пайдаланады. Қазынашылық қызмет банкпен тығыз байланыста отырып, кез-келген мемлекеттің борыштың көлемін, мерзімін және жағдайын анықтайды, яғни борыштың қызметке және аукциондарда үгітші ретінде қатысады. Сонымен қоса ҚҚ сыртқы және ішкі мемлекеттік борышты бақылайды. Қазынашылық мемлекеттік  құнды қағаз басылымын бақылайды, көлем, мерзім, құрылымды т.б. сұрақтарын шешеді, бірақ орталық банкті үгіт ретінде пайдаланады. Борышты басқару  бөлімі қазынашылық мемлекеттік  құнды қағаз басылымын бақылайды  және т.б. сұрақтарын шешеді, бірақ орталық  банкті үгіт ретінде пайдаланады.
-қаржылық  активтерді басқару Қаржы Департаменті укіметтің нұқсаулықтарына сәйкес салалық департаменттер мен атқарылатын саясатты анықтайды. ҚҚ үкімет, сонымен  қоса қаржы басқармасы мемлекет араласуымен  мемлекеттік кәсіпорындарға беретін  несиелерді бақылайды. Мемлекеттік еспетің  бас дирекциясы қазынашылық өміріндегі жасалатын жалпы саясатты анықтайды. ҚМ қаржы  және бюджет бюросы ұсынысы негізінде, салалық министрліктер орындайтын саясатты құрайды.
-ішкі  бақылау және аудит -ішкі аудит  механизмі 

арқылы  салалық департаменттер мен жүзеге асрылады.

ҚҚ фнукцияларды атқарылуын қадағалайтын, бірақ реформаға байланысты бұл функция ҚБҚ ауысты. МЕБД қаржы  жұмсалу кезеңінде бақылауға  жауап береді. Министрлік  өзінің жеке бақылау және аудитін  жүргізеді.
-аумақтық  және жергілікті мемлекеттік  басқару органдарының қаржы бақылауы өз бюджеттерінің атқарылуын аумақтық және жергілікті органдар өздері бақылайды. Біра лимит мемлекеттік сектордың қарызға алу шегіндегі жалпы қажеттілігінде белгіленеді. ҚҚ осы деңгейдегі кейбір     мемлекеттәі басқару  органдары мен бюджет атқарылуын бақылайды. Сондай-ақ федеральдық Үкіметпен берілген, гарантиямен мемлекеттерде белгіленген борышының операцияларды талдауына қатысады. 95 % шамасында түсімдер мен шығыстар МЕБД арқылы жасалады. Еңбекті қаржы  жағдайына жататын, салықтың бөлу механизімін  атқарып, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына қаражатты жолдайды. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қарыз алуы Ішкі істер министрлігімен және қаржы министрлігімен бекітілуге тиіс.
-Қазынашылық  біріңғай шоты жүзеге асырыла  ма? Иә Иә Иә Жапония банктерінде  Үкіметтің жиынтық шоты жұмыс жасайды. Бірақ саланың министрліктерге субсчеттар ашылған, олар несиелендіру және шығыс лимиттерін бақылау үшін пайдаланылады.
-пайыздық  ставкалар Нарықтық пайыздық ставкалар  төленеді. Нарықтық пайыздық ставкалар төленеді.   Баланстық қалдық бойынша мемлекеттік шоттарда пайыз төленбейді.
-мемлекеттік  жоспар атқарылуындағы қысқа  мерзімді түзетулер енгізу  Бюджет тапшылығын қаржыландыруға түзету енгізіледі. Кейбір жағдайларда шығынды көбейтуге  болады,бірақ бұған парламенттің келісімі қажет. Қолма-қол мемлекеттермен шығыс деңгейіне  түзету енгізіледі ҚҚ кіргізу арқылы. Бюджет өзгерту  бойынша атқарушы орган шектеулі өкілеттікке болады. Осы өкілеттік  шектеуінде кез келген басқа шығындарға парламенттің бекітілуі қажет Өкімет қажет  деп есептесе, қаржыландыруға түзетілу енгізіледі, шығыстарды қысқартуы мүмкін. Тапшылықты  қаржыландырудың барынша көлемі бюджетпен анықталады және түсімдердін  жетіспеушілігінен түзету енгізу мүмкін емес. Шығысты көбейту заты және берешек деңгейінің жоғары көтерілуіне қосымша бюджеттік ұсыныстар парламентке бекітілуге ұсынылуы қажет.
-қазынашылық  пен орталық банк арасындағы  үйлестіру  ФД процедуралар мен біріңғай банктік есеп механизмі  қызметі негізін белгілейді. Овердрарт  жағдайлары ФД, Қазынашылық бірігіп  келісінеді. Бұрын активтік байланыстары жасалған, бірақ жаңында  осы жағдайда комитет құрылды. Үйлесімдік  саясат үшін бірнеше комитеттер бар. Қазынашылық жұмыс бабына қатысады, оның ішінде қаржы несие саясатиы бойынша. Жапония банктері мен қаржы министрлігі арасында күнделікті үйлесімдік орынын тапқан, Үйткені ҚМ қазынашылық басқаруындағы  көптеген тапсырмалар бойынша  ЖБ фискалды үгіттеуші болып табылады:

Бухгалтерлік  есеп, қаржылық есеп-қисап, қалай түсім  болса солай шығыс бойынша  қаржылық мемлекеттердің орындалуын қадағалауын бақылау.

-мемлекеттік  қаржылық ақпараттың жүйесі       Екі негізгі  жүйе  қызмет атқарады:

Біреуі  бюджетті дайындау үшін, басқасы бюджет атқарылуы және бухгалтерлік есеп үшін.

-оның  жұмысына жауап беруші департамент Қаржы департаменті Қазынашылық қызмет Бюджет министрлігі Бюджеттік бюро Жапония банктері
-жалпы  сипаттама:

логикалық конфигурация

Бюджетті дайындау ассигкования деңгейінде атқарылу, жиналған түсімдердік тіркелуі мен есебі Барлық мемлекеттік  операцияларды өңдеу, ол бюджетпен  немесе бюджеттен тыс, мемлекеттік басқармалардың барлық орталық органдары қосып алғанда заңгерлік сот органдары әлеуметтік қорғау мекемелері, өзіндік ведомствалар қорлар және кейбір мемлекеттік өндірістер. Бюджетті тағайындау, бюджеттік құжаттардың басылымы және бюджеттің атқарылуы. Бюджетті дайындау үшін пайдаланылады, бюджеттік құжаттар басылымы және бюджет атқарылуы мен  бухгалтерлік есеп.
-жалпы  сипаттама функциялық конфигурация ҚР  бөлімдерімен нақты уақыт масштабында диологты режімде байланыс Диологты жүйе барлық деңгейде нақты уақыт масштабында. Негізгі жүйе жұмысы, МЕГД қамсыздандыру бюджет министрлігі  мен шектелінеді. Бюджетті тағайындау және келісілген құжаттарды тарату және міндеттемелердің орындалуын қадағалау  және министрліктердің төлем тапсырмаларын төлеу үшін басқа жүйелер бар. Олар БД және сомалық министрліктер үшін. ҚМ және салалық  министрліктер арасында байланыс жасалу және ҚМ мен ЖБ арасында.
Жиынтық ақпарат алу үшін қажет уақыт      1 күн Кейбір жиынтық  ақпараттар диологтың режимде қайбір қиын ақпаратты дайындау үшін 1 күн қажет Біріңғай шот  бойынша жазба негізінде 1 күн  Мерзім дайындалуы есептің қиындығына байланысты кассалық операциялар бойынша жиынтық  ақпарат күнделікті дайындалады.
-детальды  ақпаратты алу үшін қажет уақыт  ФД шегінде  ассигнования деңгейінде диологты режим бар. Департаменттерден тиісті ақпаратты алуға болады. Оперативті Күнделікті  түседі. МЕБД дайындалады. Салалық министрліктерден алуға болады. Мерзімі ақпарат  тұрпаты мен министрліктерден байланысты.
-қаржы  есептіліктерінің басқа жүйелері Департаменттер  қаржы есептіліктерін дайындауға міндетті олар орталық тіркеу деректері негізінде  жасалады. Жоқ МЕБД көмегімен  Департаменттер өздерінің қаржы  есептіліктерін дайындайды, Сомалық министрліктерде  өздерінің қаржылық ақпараттың жүйелері бар.

Информация о работе Казынашылык