Казынашылык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Июня 2011 в 20:11, реферат

Описание

Біздің мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттарға жетуі үшін, алуан қаржы ресурстарын жұмылдыру және тиімді пайдалануды қажет ететін, ол өз ретінде әрі қарай барлық қаржы жүйесін реформалауды ұсынатын, жеті ұзақ мерзімді приоритеттерді іске асыруы қажет. Осы тұрғыда Қазынашалықтың алдында үлкен мақсаттар тұр, ең негізгісі -бюджет қаражаттарын тиімді пайдалану.

Работа состоит из  1 файл

Каз-во каз .doc

— 466.00 Кб (Скачать документ)

      Қаржы министрлігі және оның аумақтық органдары  жүргізілетін төлемдердің сомалары тиісті бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік бойынша қабылданған  міндеттемелерге сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік мекемелерді қаржыландыруды тоқтатады.

      Мемлекеттік мекемелердің кассалары арқылы ақы  төлеудің қолма-қол түріндегі төлемдер Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен  жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік мекемелердің шотынан олардың келісімінсіз ақша алу Қазақстан республикасының  заң актңлерінде көзделген негіздемелер бойынша кассалық өкімдерді пайдалана отырып жүргізіледі.

      Инкассалық  өкім салық қызметі және кеден  органдарының инкассалық өкімдерді  беру жағдайларын қослағанда, Қазақстан  Республикасының заң актілерінде  көзделген нормалардың негізінде атқарушы құжаттардың түпнұсқаларын не олардың көшірмелері қоса беріле отырып Қаржы министрлігінің аумақтық органына ұсынылады.

      Ақшаны  жіберушінің келісімінсіз ақша алу  үшін инкассалық өкім соттардың атқарушы парақтары немесе шешімдері, үкімдері, анықтаулары және қаулылары бойынша берілетін атқарушы парақтарының немесе бұйрықтарының немесе ақшаны өндіріп алу туралы сот бұйрығының негізінде көрсетіледі.

      Салық берешегінің сомасын өндіріп  алуға арналған инкассалық өкім бірінші  кезектегі тәртіппен және көрсетілген өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірілмей бюджеттік сыныптаманың тиісті коды бойынша бөлінген лимиттердің қалдығы шегінде орындалады.

      Мемлекеттік мекемелерге қойылған талаптарды қанағаттандыруды ағымдағы қаржы жылына бөлінген бюджет қаражатының есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес инкассалық өкім қойылған шығыстардың сыныптамасының бағдарламасы, кіші бағдарламасы және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының 155 ерекшелігі бойынша - –тқару құжаттары бойынша, салық және кеден органдарының инкассалық өкімдері бойынша – шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша ақылы қызметтерден мемлекеттік мекемлер алатын қаражаттың есебінен соңғысы жүргізеді.

      Атқарушы  құжаттар бойынша инкассалық өкімді алып Қаржы министрлігінің аумақтық органдары үшін банк күні ішінде атына өкім қойылған мемлекеттік мекемені (бұдан әрі – Борышкер), ал соңғысы - өзінің жоғары тұрған мекемесін – бюджеттік бағдарламалардың әкімшісін (егер Борышкер бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болмаса) жазбаша хабардар етеді.

      Қабылданған міндеттемлерді не бюджет шығыстары  экономикалық сыныптамасының 155 ерешелігі  бойынша ақылы қызметтерді көрсетуден түсетін қаражатты шегере отырып берілген рұқсаттар болған кезде Қаржы министрлігінің аумақтық органдары Борышкерді хабардар еткен күннен бастап нұсқау ережелерімен өзге мерзім қойылмаса, нұсқау акцептінен кейінгі операциялық  күннен кешіктірмей өкімді орындайды.

      Болмаған  жағдайда, бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының 155 ерекшелігі бойынша бөлінген рұқсаттарды шегере отырып жоспарлы сомалар (бұдан әрі – жоспардың қалдығы) болған кезде Қаржы министрлігінің аумақтық органдары өкімді орындайды.

      155 ерекшелік бойынша жоспарлы сомалар  жетіспеген не жоқ болған жағдайда инкассалық өкімнің атқарылуы шығыстардың экономикалық сыныптамасының осы ерекшелігі бойынша мемлекеттік мекеменің міндеттері мен төлемдері жөнінде қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу жолымен мүмкін болады.

      Үшінші  тұлғалар үшін бюджетке түсетін төлемдер бойынша салық органдарының инкассалық өкімдерін қабылдау тіркелген шарттар болған кезде ғана жүзеге асырылады. Үшінші тұлғалар үшін бюджетке түсетін төлемдер бойынша салық органдарының инкассалық өкімдері бөлінген лимиттер қалдығының ( не ол болмаған жағдайда бөлінген бюджет қаражатының) және оған шарт жасалған және  мемлекеттік мекеменің дебитор алдындағы берешегі пайда болған шығыстардың тиісті ерекшелігі бойынша ақылы қызметтердің шоты бойынша бос қаржаттың және мемлекеттік мекеменің дебитормен салыстыру актісінің шегінде орындалады. 
 

    2.2.Республикалық  түсімдер бойынша  бюджеттің  атқарылуын

    талдау  Қарағанды облысының мысалында. 
 

      2003 жылыРеспубликалық бюджеттің деректері  болжамдық атқарылу талдауы (қосымша  2) жеткізілген болжам 2000 жылдың қаңтарында 5669384 мың теңгені құрады,нақты атқарылуы 5950417 мың теңгені немесе 105 % құрады, жоспардың асыра орындалуы 281033 мың теңге.

Негізгі салықтық түсімдерді талдаймыз:

      Корпоративтің табыс салығы бойынша 470900 мың теңге  түсімі жоспарланды, нақты орындалуы 5681865 мың теңге немесе 103,9% құрады, өсім 210965 мың теңге құрады. Корпоративтік табыс салығының осы уақыттағы өткен жылмен салыстырғанда неғұрлым жоғары түсімнің өсімі ААҚ «Испат Карметте» 100000 мың теңге жоспарланғаннан жоғары, басқа төлемшілер бойынша 110965 мың теңге ҚҚС бойынша 135805 мың теңге сомасында болжауы жасалды, нақты атқарылуы 126005 мың теңге құрады, асыра орындалу 9800 мың теңге құрады. Нөлдік ставкамен жұмыс жасайтын өндірістер бойынша ҚҚС   бюджеттен қайтару жоспарланғандықтан, болжам минуспен көрсетілген. Мысалы ААҚ «Испат Кармет» бойынша ғана 380000 мың теңге қайтарылу жоспарланды.

      Акциздік  өнімдерге  2900 мың теңге сомасында  болжам жасалды, атқарылу 4505 мың теңге  немесе 155,3 % құрады, өсім 1605 мың теңге көлемінде. Акциздік өнімдер бойынша болжамның асыра рындалу себебі өткен жылмен салыстырғанда зандының орындалуының өсуі.

      Табиғи  ресурстарды қолдану үшін түсім  бойынша болжам 92810 мың теңге көлемінде  жасалды, атқарылу 49306 мың теңге құрады немесе 53,1%, түсімнің төмендеуі 43504 мың теңге құрады. «Казахмыс» корпорациясы бойынша ғана 58000 мың теңге жоспарланған болжам бойынша атқарылу 22149 мың теңге құрады, яғни бір өндірістен ғана 35851 мың теңге түскен жоқ, бұл болжамның орындалмауының бір себебі ғана.

      2003 жылдың ақпанына берілген болжам 2701515 мың теңге құрады, нақты атқарылуы 3784582 мың теңге құрады немесе 140,1 %, асыра орындалу 1083067 мың теңге құрады.

      Корпоративтік табыс салығы бойынша белгіленген  болжам 2136032 мың теңге, орындалу 3294349 мың теңге құрады немесе 154,2 % , өсім 1158317 мың теңге құрады. Асыра орындалудың негізгі себебі, ААҚ «Испат Кармет» атқарылуды 185890 мың теңге сомасына, «Қазақмыс» корпорациясы 307762 мың теңге сомасына көбейтті.

      ҚҚС бойынша түсім жоспары 204445 мың  теңге сомасына жоспарланды, нақты түсім 136421 мың теңге құрады немесе 66,7% , төмендеу 68024 мың теңге құрады. «Испат – Кармет» ААҚ бойынша толықтыру 380000 мың теңге құрап, сондықтан түсім жоспарланғаннан төмендеді, бұл блжамның орындалмау себебінің бірі.

      Акциздік өнімдерге болжам 6500 мың теңге сомасында жасалды,3145 мың теңге  немесе 48,4 % құрады, төмендеу 3355 мың теңге құрады. Акциздік өнімдер бойынша болжамның орындалмау себебі, төлемшілердің негізгі бөлігі ақпан айында төлем жасауынан болды.

      Табиғи  ресурстарды пайдаланған үшін түсімдер бойынша болжам 96440 мың теңге сомасында жасалды, атқарылу 94705 мың теңге немесе 98,2 % құрады, түсімнің төмендеуі 1735 мың теңге құрады. Болжамның орындалмау себебі, 2003 жылдың ақпанында басқа төлемшілерден түсімдердің төмендеуінен болды.

      2003 жылдың наурызында жасалған болжам 4000729 мың теңге құрады. Атқарылу 2795208 мың теңге немесе 69,9 % құрады, орындалмау 1205521 мың теңге құрады.

      Корпоративтік табыс салығы бойынша жасалған болжам 2805405 мың теңге , атқарылу 2216481 мың теңге немесе .79,0% құрады, орындалмау 588924 мың теңге құрады. Болжам деректерінің орындалмауынынң негізгі себебі, «Испат – Кармет» ААҚ наурыз айында, 380000 мың теңге түсім жоспарлансада, төлем жасамауы, ҚҚС бойынша есеп жасалды, тағы сол сияқты басқа төлемшілерден түсім 391981 мың теңге төмендеу жіберілді.

      ҚҚС бойынша түсім 773261 мың теңге сомасында  жоспарланды,нақты атқарылу 206026 мың  теңге немесе 26,6 % құрады, төмендеу 567235 мың теңге құрады. Наурызда жоспарланған 380000 мың теңге орнына толықтыру 985000 мың теңге жасалып, оның ішінде  «Қазақмыс» корпорациясы бойынша 855000 мың теңге және «Испат-Кармет»  ААҚ бойынша 100000 мың теңге сомасына толықтыру болжамның орындалмауының негізгі себебі болды.

      Акциздік  өнімдерге болжам 6380 мың теңге  сомасында жасалған, атқарылу 5827 мың теңге немесе 91,3% құрады, төмендеу 553 мың теңге құрады. Аксиздік өнімдердің сатылу айналымының төмендеуінен акциздік өнімдер бойынша болжаудың орындалмау себебі болды.

      Табиғи  ресурстарды пайдаланған үшін түсімдер бойынша болжам 144395 м.т. сомасында жасалды, атқарылу 94986 м.т. немесе 65,8% құрады, түсімнің төмендеуі 49409 м.т. құрады. Болжамның орындалмау себебі  2003 жылдың наурызында басқа төлемшілерден түсімдердің төмендеуінен болды. (қосымша 5).

      2003 жылдың сәуірінде  жасалған болжам 3407281 м.т. құрады. Атқарылу 3037051 м.т. немесе 89,1% құрады, орындалмау 370230 м.т. құрады.

      Корпорративтік  табыс салығы бойынша жасалған болжам 2626494 м.т., атқарылу 2164196 м.т. немесе 82,4% құрады, орындалмау 462298 м.т. құрады. Болжам деректерінің орындалмауының негізгі себебі, «Испат Кармет» ААҚ сәуір айында78936 м.т. сомасында  тусімнің түспеуі және  сол сияқты басқа төлемшілерден 749890 м.т. ҚҚС бойынша түсім 399978 м.т. сомасында жоспарланды, нақты атқарылу 386745 м.т. немесе 96,7% құрады, төмендеу 13233 м.т. құрады. Болжамның орындалмауының негізгі себебі  ҚҚС-тың қайтарылуы ҚҚС бойынша нақты атқарылудың өсуі.

      Акциздік  өнімдерге  болжам 10860 м.т. сомасында  жасалған , атқарылу 8694 м.т. немесе 80,1% құрады, төмендеу 2166 м.т. құрады.

Акциздік  өнімдердің сатылу айналымының төмендеуінен акциздік  өнімдер бойынша болжамаудың  орындалмау себебі болды.

      Табиғи  ресурстарды пайдаланған үшін түсімдер бойынша блжам 98620 м.т. сомасында  жасалды, атқарылу 157045 м.т. немесе 159,2% құрады, түсімнің өсуі 58425 м.т. құрады. Болжамның  негізгі өсу себебі, 1 кварталға декларацияның тапсыру уақыты 2003 жылдың 20 сәуірінде және  табиғи ресурстарды пайдаланған үшін негізгі төлемнің  сәуір айында өткізілуі.

      2003 жылдың мамырында  жасалған  болжам 3216903 м.т құрады,нақты атқарылу 2868583 м.т. немесе 89,2% құрады, төмендеуі 348320 м.т. құрады.

      Корпоративтік табыс салығы бойынша жасалған болжам 1942500 м.т., атқарылу 2365714 м.т. немесе 121,8% құрады, өсуі  423214 м.т. құрады. Асыра орындалудың негізгі себебі, ААҚ «Испат Кармет» атқарылуды 69101 м.т. сомасына, «Қазақмыс» корпорациясы 122547 м.т. сомасына, сонымен бірге басқа төлемшілерден 274408 м.т.сомасына көбейді.

      ҚҚС бойынша түсім жоспары 8661610 м.т. сомасына жоспарланды, нақты түсім 173414 м.т. немесе 20,1% құрады, төмендеу 6881960 м.т. құрады. «Испат Кармет» ААҚ  бойынша толықтыру 497908 м.т. және «Қазақмыс» 78511 м.т. сомасын құрады, сондықтатүсім жоспарланғаннан төмендеді бұл болжамның орындалмау себебінің бірі.

      Акциздік  өнімдерге  болжам 14580 м.т. сомасында жасалды, атқарылу 8228 м.т. немесе 56,4% құрады, төмендеу 6352 м.т. құрады. Акциздік  өнімдердің сатылу айналымының төмендеуінен акциздік өнімдер бойынша болжамның орындалмау себебі болды.

      Табиғи  ресурстарды пайдаланған үшін түсімдер бойынша болжам 105000 м.т. сомасында жасалды, атқарылу 46990 м.т. немесе 44,8% құрады, төмендеуі 58010 м.т. құрады. Болжамның орындалмау себебі, төлемшілердің негізгі бөлігі  мамыр айында төлем жасауынан болды.  2003 жылдың маусымында  жасалған болжам 3117653 м.т. құрады, атқарылу 2668225 м.т. немесе 85,6% құрады, орындалмау 449428 м.т. құрады.

      Корпоративтік табыс салығы бойынша жасалған болжам2012700 м.т., атқарылу 3324963 м.т. немесе 165,2% құрады, өсуі 1312263 м.т. құрады.

      ААҚ бойынша түсім жоспары  718400 м.т. сомасына жоспарланды, нақты түсім -1029554 м.т. немесе –143,3% құрады, төмендеу 1747954 м.т. құрады. Болжамның орындалмау себебі, маусым айында жоспарланған ҚҚС «Қазақмыс» корпорациясы бойынша 585158 м.т. сомасына және «Испат Кармет» ААҚ 770528 м.т. сомасына, одан басқа есеп шотына 400000 м.т. қайтарылды.

      Акциздік  өнімдерге болжам 17950 м.т. сомасында, атқарылу 14726 м.т. немесе 82,0% құрады, төмендеу 3224 м.т. құрады. Акциздік өнімдердің сатылу айналымының төмендеуінен акциздік өнімдер бойынша болжаудың орындалмау себебі болды.

      Табиғи  ресурстарды пайдалалнған ушін  түсімдер бойынша болжам 113580 м.т. сомасында  жасалды, атқарылу 98530 м.т. немесе

86,7% құрады, түсімнің төмендеуі 15050 м.т. Болжамның негізгі орындалмау себебі, басқа төлемшілерден түсімдердің  төмендеуінен болды. (қосымша 8).

      2003 жылдың шілдесінде жасалған болжам 2304409 м.т. құрады,нақты атқарылу 1742587 м.т. немесе 75,6% құрады, орындалмауы 561822 м.т. құрады.

      Корпоративтік табыс салығы бойынша жасалған  болжам 1958660 м.т. құрады, нақты атқарылу 2721355 м.т. немесе  138,9% құрады, өсуі 762695 м.т. құрады. Болжам деректерінің асыра орындалу себебі, жоғары түсімнің өсімі ҚҚС бойынша 778264 м.т., ААҚ «Испат Кармет» , корпоративтік табыс салығы «Қазахмыс» корпорациясы бойынша шілде айында 272897 м.т. жоспарланғаннан төмен болды, басқа төлемшілер бойынша 166622 м.т. сомасында.

Информация о работе Казынашылык