Казынашылык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Июня 2011 в 20:11, реферат

Описание

Біздің мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттарға жетуі үшін, алуан қаржы ресурстарын жұмылдыру және тиімді пайдалануды қажет ететін, ол өз ретінде әрі қарай барлық қаржы жүйесін реформалауды ұсынатын, жеті ұзақ мерзімді приоритеттерді іске асыруы қажет. Осы тұрғыда Қазынашалықтың алдында үлкен мақсаттар тұр, ең негізгісі -бюджет қаражаттарын тиімді пайдалану.

Работа состоит из  1 файл

Каз-во каз .doc

— 466.00 Кб (Скачать документ)

      Мемлекеттік мекемелердің бюджеттік шоттары  және Қазақстан Республикасының  заң актілерінде көзделген жағдайларда  мынадай шоттары :

      ақылы қызметтер бойынша шоттары;

      демеушілік және қайырамдылық көмек бойынша шоттары;

      депозиттік  қаражат бойынша шоттары;

      Алматы  қаласы әкімінің бюджеттен тыс қоры бойынша шоты;

      басқа да шоттары болады.

      Мемлекеттік мекемелердің шоттары Щоттардың  біріңғай стандарттық жоспарына  сәйкес жүргізіледі, Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен ашылады және жабылады.

      Мемлекеттік мекемелер Қаржы министрлігінің аумақтық органдарына:

      бюджеттік шоттарды ашу үшін мынадай құжаттарды:

      шотты ашуға өтініш;

      қайтадан  құрылған мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің Қазақстан Республикасының заңдарында белгілеген тәртіппен куәландырылған көшірмесін;

      Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен куәландырылған ереженің (Жарғының) көшірмесін;

      бюджеттің орындалуы жөніндегі мемлекеттік мекеменің құжаттарына бірінші және екінші қолдарды қою құқығы оның басшысына және уәкілеттік қызметкерге жүктеулі туралы бұйрықтың көшірмесін;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру туралы уәкілетті органның шешімі (өкімі, қаулысы, бұйрығы) бекітілгеннен кейін он жұмыс күні өткен соң Қаржы министрлігінің аумақтық органына береді;

      салық төлеушінің тіркелу нөмірін (СТН) бере отырып, мемлекеттік мекеменің салық  органында есепке тұру фактісін растайтын аумақтық салық органы берген белгіленген нысандағы құжат;

      ақылы қызметтер бойынша шоттарды ашу  үшін:

      бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен, мемлекеттік мекемені ақылы қызметті сатудан алған қаражаттың кірістер мен қаражаттың шығыстарды қаржыландыру жоспарын;

      демеушілік  және қайырымдылық көмек бойынша  шот ашу үшін:

      демеушілік  және қайырымдылық көмекті берушілердің өтінішін;

      жергілікті  бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік  мекеме үшін жергілікті уәкілетті органның рұқсаты;

      депозиттік  шот ашу үшін:

      Қаржы министрлігінің рұқсатын;

      аккредитив  ашу үшін:

      мемлекеттік мекеменің өтінішін және аккредитивті ашу 

жүргізу қажеттілігін растайтын басқа құжаттарды табыс етеді.

      Қазынашылықтың  аумақтық органдарына бюджеттік бағдарлама әкімшісінің басшысы куәландырған, мөр бедерімен анықталған немесе нотариалды куәландырылған төлем құжаттарына бірінші және екінші қол қою құқығы бар тұлғалардың және 35-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мөр бедерінің үлгісі бар құжаты тапсырылады. Нотариалдық кеңселер жоқ елді мекендерде құжатты жергілікті әкім куәландырады.

      Қазынашылықтың  аумақтық органы белгілеген кезен ішінде жаңадан құрылған мемлекеттік мекеменің  мөрі уақытша болмаған жағдайда мемлекеттік  мекемелердің құжаттарын,егер олар бір елді мекенде орналасқан жағдайда тиісті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің мөр бедерімен қабылдауға, болмаған жағдайда құжаттарды мөр бедерінсіз қабылдауға рұқсат етіледі.

      Егер  тіпті бір қолдың ауыстырылған немесе мөрді ауыстырған жағдайда Қаржы министрлігінің аумақтық органына осы Ережеде бекітілген тәртіппен куәландырылған қолдың және мөр бедерінің үлгілері бар жаңа құжат тапсырылады.

      Бірінші және екінші қол қою құқығы бар  тұлғалардың біреуінің қолы уақытша  ауыстырылған кезде әрекет ету мерзімі көрсетіле отырып қолдардың тиісті үлгілері бар уақытша құжат ресімделеді.

      Қазынашылықтың  аумақтық органына ұсынылатын құжаттың дұрыстығы мен уақыттылығына  мемлекеттік мекеменің бірінші  басшысы жауап береді.

      Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мемлекеттік мекемелерді құру туралы нормативтік құқықтық кесімдердің негізінде Қаржы министрлігіне құрылған мемлекеттік мекемелерді мемлекеттік мекемелердің анықтамасына кіргізу туралы қолдаухатты береді.

      Жергілікті  бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мемлекеттік мекемелерді құру туралы нормативтік құқықтық кесімдердің негізінде Қаржы министрлігінің аумақтық органдарына құрылған мемлекеттік мекемелерді мемлекеттік мекемелердің анықтамасына кіргізу туралы қолдаухатты береді.

      Шоттардың біріңғай стандарттық жоспары бюджеттік шоттары, ақылы қызметтер бойынша шоттары, демеушілік және қайырымдылық көмек бойынша шоттары, депозиттік қаражаттары бойынша шотттары, Алматы қаласы әкімінің бюджеттен тыс қоры бойынша шоттары үшін осы Ереженің 305-тармағында санамаланған құжаттар болған жағдайда, депозиттік қаражаттың шоттары үшін Қазақстан Республикасының за актілеріне сәйкес, ал жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін жергілікті уәкілеттік органдардың рұқсаттары бойынша қалыптастырылады.

      Мемлекеттік мекемелер Қаржы министрлігінің аумақтық органдарына берілген құжаттардың  жалғандығы үшін жауап береді және :

      шоттар  жоспарын қалыптастыру және жургізу, төлем  құжаттарын ресімдеу, бюджет қаражатын  бюджеттік бағдарламаның паспортында көзделген мақсаттарға пайдалану тәртібін сақтауға міндетті;

      шот жоспарына сәйкес бекітілген жоспарлық  соманың кассалық шығыстардан асып түсуі нәтижесінде пайда болған қаражаттың қалдықтарына билік етуге  және Қаржы министрлігінң аумақтық органдарынан шоттардың жоспарларына сәйкес көрсетілген операциялар бойынша қажетті ақпаратты алуға құқығы бар.

      Қаржы министрлігі мен оның аумақтық органдарының:

      мемлекеттік мекемелерден Қаржы министрлігінің аумақтық органдарына ұсынылатын құжаттарды осы Ережеде белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдеуді талап етуге;

      мемлекеттік мекемелердің бюджет қаражатын бюджеттік  бағдарламалардың паспортына сәйкес мақсаттарға  пайдалануын тексеруге құқығы бар.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған  тәртіппен ақылы қызметтерден түсетін қаражатты пайдалану рұқсат етілетін мемлекеттік мекемелердің тізбесі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда анықталады. Қалған мемлекеттік мекемелер ақылы қызметтерді сатудан түсетін түсімдерін бюджетке есептейді.

      Тиісті  қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес шығыстардың функционалдық сыныптама кодтарын, ақылы қызметтерінің түрлерін, түсімдердің құралу көздері мен пайдалану бағыттарын көрсете отырып, ақылы қызметтердің тізбесін Қаржы министрлігі бекітеді.

      Ақылы қызметтерден түсетін қаражаттың есебінен операцияларды жүргізу үшін мемлекеттік  мекеме жыл сайын мынадай тәртіппен 43-қосымшаға сәйкес нысан бойынша  ақылы қызметтердің әрбір түрі бойынша  кірістердің және шығыстарды қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – жоспар) жасайды.

      Жоспардың кіріс бөлігіне мемлекеттік мекеменің  жылдың басындағы тиісті ҚБШ-ның  қалдықтары және Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес ақылы қызметтердің тиісті түрі бойынша түсімдер енгізіледі;

      жоспардың шығыс бөлігіне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша ақылы қызметтердің түрлері бойынша шығыстар енгізіледі.

      Мемлекеттік мекемелер бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жоспарларды, шығыстардың  экономикалық жіктелімінің әрбір ерекшелігінің сыныптамасы бойынша кірістер мен шығыстар бойынша есептемелерді, сондай-ақ оған қосымша түсіндірме жазбаны ұсынады.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі:

      мемлекеттік мекемелердің жоспарлары негізінде 44-қосымшаға  сәйкес нысан бойынша ақылы қызметтердің әрбір түрі бойынша кіркстердің және шығыстарды қаржыландырудың жиынтық жоспарын (бұдан әрі – жиынтық жоспар) жасайды және бекітеді;

      мемлекеттік мекеменің басшысы мен бас  бухгалтері қол қойған және мөрмен расталған республикалық бюджеттік  бағдарламалар әкімшісінің жиынтық жоспарын ведомстволық, бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің жоспарларымен бірге келісу үшін ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейінгі мерзімде Қаржы министрлігіне береді. Жиынтық жоспар қағаз және магниттік түрлерде , ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің жоспарлары – магниттік түрде беріледі;

      басшы мен бас бухгалтер қол қойған және мөрмен расталған жергілікті бюджеттік  бағдарламалар әкімшісінің жиынтық  жоспарын келісу үшін ағымдағы қаржы  жылының 15 қаңтарына дейінгі мерзімде тиісті жергілікті уәкілетті органға береді;

      бюджет  шығыстарының экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелігі бойынша кірістер мен шығыстардың әрбір түрі бойынша  есептемелердіұсынады;

      жиынтық жоспарға қосымша түсіндірме жазбаны  ұсынады.

      Жиынтық жоспар мен оған есептемелерді жасаудың дұрыстығына нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жауап береді.

      Тексеруден  кейін Қаржы министрлігі мен  жергілікті уәкілетті органның жауапты  орындаушысы куәландырылған жиынтық  жоспарды Қаржы министрлігінің басшысы және жергілікті уәкілетті органның басшысы келіседі және мөрмен куәландырылады.

      Жоспарланып отырған жылдың 1 қаңтарына дейін  ақылы қызметтер бойынша кірістер және шығыстарды қаржыландыру жоспарын бекітпеген жағдайда мемлекеттік мекемелер ағымдағы қаржы жылының 1 ақпанына дейінгі мерзімде еспеті жылдың 31 желтоқсанына ақылы қызметтер жөніндегі қалдықтардың және есепті қаржы жылы жоспарларының шегінде жүргізілген шығыстардың сомасын ағымдағы қаржы жылының жоспарына міндетті түрде қоса отырып, шығыстар жүргізе алады.

      Егер  жиынтық жоспар ағымдағы қаржы жылының 15 ақпанына дейін Қаржы министрлігіне  немесе жергілікті уәкілетті органға  келісу үшін ұсынылмаса және ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін  келісілмесе , онда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап 1 наурызына дейін түскен ақылы қызметтер бойынша қаражат үш жұмыс күні ішінде тиісті бюджеттің кірісіне аударуға жатады.

      Жоспарларға немесе жиынтық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қаржы министрлігі  анықтайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік мекемеге заңнамаға сәйкес оған ашылған  бюджеттік шоттан және басқа шоттардан  қаражатты өзінің ақылы қызметтер  шотына аударуға тыйым салынады.

      Түзеу мекемелеріне қаражатты депозиттік шоттан ақылы қызметтер шотына аударуға рұқсат етіледі.

      Ақылы қызметтерден түсетін шот бойынша  қолмаөқол ақшаға байланысты операциялар  бойынша банктік қызметтерді  төлеуді мемлекеттік мекеме екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт негізінде  ақылы қызметтерден түсетін қаражаттың есебінен жүргізеді.

      Мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының  заң актілеріне сәйкес заңды және жеке тұлғалардың демеушілік және қайырымдылық көмегінен алынатын қаражатты пайдалануға  құқығы бар.

      Демеушілік  және қайырымдылық қаражаттан түскен қаражатты жұмсау қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттік мекеменің тиісті ҚБШ-дағы қалдықтар шегінде жүзеге асырылады.

      Демеушілік  және қайырымдылық көмектен түскен қаражаттардың  мақсатты пайдаланылуына мемлекеттік  мекеменің басшысы жауап береді.

      Демеушілік  және қайырымдылық көмектен түскен қаражат есебінен қолма-қол ақша алуға байланысты операциялар бойынша банктік қызметтерді төлеуді мемлекеттік мекеме екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт негізінде тиісті қаражаттың есебінен жүргізеді.

Информация о работе Казынашылык