Бюджеттік органдардың ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 21:31, дипломная работа

Описание

Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттерінің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісі байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.

Работа состоит из  1 файл

ДАЙЫН БЮДЖЕТ СРС.doc

— 380.00 Кб (Скачать документ)

    1 БЮДЖЕТ  ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ 

    1.1  Бюджет жүйесі және оның буындары 
 

    Бюджет  құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген  түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының  жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттерінің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісі байланысты болады.

    Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.

    Федеративтік  мемлекеттерде бюджет үш буыннан  тұрады:

    мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті; 

    федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та –  штаттардың, ГФР-да – жерлердің (ландтардың), Канадада – провинциялардың, Ресейде  – федерация субъектілерінің  бюджеттері);

    жергілікті  бюджеттер.

    Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.

    Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен  анықталады, өйткені Қазақстан –  федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын парламенті бар унитарлық мемлекет.

    Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік  бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын  және дербес болып табылатын мынадай  бюджеттер жұмыс істейді:

  • Республикалық бюджет;
  • облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті;
  • ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.

    Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің  әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы  мүмкін. 
 
 

    1-сызба.  Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі 
 

                                

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1991 жылы Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге  ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның  мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас  республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж.мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттерінің қарамағында болды.

    Бюджет  кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет – араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.

    Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципиалдық) бюджеттер кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады., бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырлан- дырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.

    Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджеттте шоғырланған.

    Республикалық бюджет – бұл салықтық және басқа  да түсімдер есебінен қалыптастырылатын  және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік  мекелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

    Жергілікті  бюджет (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері) – облыстық бюджет, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың (облыстың маңызы бар қаланың) бюджеті.

    Бюджет  кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын  және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бдюжеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып табылады.

    Бюджет  заңнамасымен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын  және ауданның (облыстық маңызы бар  қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік  мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.

    Тиісті  қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.

    Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық  және Қазақстан Республикасындағы  төтенше немесе соғыс жағдайларында  енгізіледі.

    Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

    Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында  төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Президенттің Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып табылады.

    Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының  Парламенті дереу хабардар етіледі.

    Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу  уақытына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлерінің жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.

    Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады.

    Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылғаннан бастап республикалық  және жергілікті бюджеттердің атқарылуы  тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлерінің жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

    Қазақстан республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізілген ретте  төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді.

    Қазақстан Республикасының бірнеше аймақтарының аумақтарында бір мезгілде төтенше  жағдай енгізуге төтенше жағдайдың  зардабы ұлттық мүдделерге және республиканың  экономикалық қауіпсіздігіне нақты  қатер төндіруі мүмкін болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз бола алады.

    Бюджет  жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара  байланысына негізделеді және оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.

    Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік  бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі, дәйектілігі, жариялылығы және т.б. қағидаттарына негізделеді.

   Бюджет  жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi:

      1) бiрлiк принципi - Қазақстан Республикасының  аумағында Қазақстан Республикасының  бiрыңғай бюджеттiк заңдарының  қолданылуын, соның iшiнде бiрыңғай  бюджеттiк сыныптауды, бюджет процесiн жүзеге асырудың бiрыңғай рәсiмдерiн пайдалануды қамтамасыз ету;     

2) толықтық  принципi - Қазақстан Республикасының  заңдарында көзделген барлық  түсiмдер мен шығыстарды бюджеттерде  және Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорында көрсету, бюджет  қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегiнуге жол бермеу;     

3) реалистiк  принципi - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарының бекiтiлген (түзетiлген) өлшемдерi мен бағыттарына сәйкес келуi;     

4) транспаренттiлiк  принципi - мемлекеттiк немесе заңмен  қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттердi және олардың атқарылуы туралы есептердi, мемлекеттiң фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты мiндеттi түрде жариялау; бюджет процесiнiң ашықтығы, мемлекеттiк қаржы бақылауын жүргiзу;     

  5) дәйектiлiк  принципi - бюджеттiк қатынастар аясында  бұрын қабылданған шешiмдердi  мемлекеттiк басқару органдарының  сақтауы;     

6) тиiмдiлiк және нәтижелiлiк принципi - бюджеттердi бюджеттiк бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткiзу қажеттiлiгiн негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткiзу үшiн қажеттi оңтайлы көлемiн пайдалана отырып әзiрлеу және атқару немесе бюджеттiк қаражаттың бекiтiлген көлемiн пайдалана отырып ең үздiк нәтиженi қамтамасыз ету;      

7) басымдық  принципi - бюджеттiк процестi республиканың  немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық  дамуының басым бағыттарына сәйкес  жүзеге асыру;     

8) жауапкершiлiк  принципi - бюджет процесiне қатысушыларды  Қазақстан Республикасының бюджеттiк  заңдарын бұзғаны үшiн жауапқа  тарту;     

9) бюджеттердiң  дербестiк принципi - түрлi деңгейдегi  бюджеттер арасында түсiмдердiң  тұрақты түрде бөлiнiп тұруын орнықтыру және Бюджет кодексіне сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнiң Бюджет кодексіне сәйкес бюджет процесiн дербес жүзеге асыру құқығы, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы барысында қосымша алынған кiрiстердi, жергiлiктi бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берiлмейтiндiгi, тиiстi өтемсiз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмейтiндiгi.

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджетгің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.

Информация о работе Бюджеттік органдардың ролі