Бюджеттік органдардың ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 21:31, дипломная работа

Описание

Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттерінің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісі байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.

Работа состоит из  1 файл

ДАЙЫН БЮДЖЕТ СРС.doc

— 380.00 Кб (Скачать документ)

    Алдағы  қаржы жылына арналған республикалық  бюджет туралы заңның жобасын Үкімет жоспарланып отырған жыл алдындағы  жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірілмей  енгізеді. Жоба парламент палаталарының  бірлескен отырысында кемінде екі  оқылымда қаралады.

    Талқылау  Үкімет уәкілеттік берген адамның (адамдардың) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары, орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы жөніндегі, Ұлттық банк Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша баяндамаларын, сондай-ақ Парламенттің палаталары уәкілеттік берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындылармен қоса баяндамаларын қамтиды.

    Бірінші оқылымда республикалық бюджет кірістерінің, шығыстарының, операциялық сальдосының, таза кредит берунің, қаржы активтерімен жүргізілетін операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының, тапшылығын қаржыландырудың жалпы көлемдері бекітіледі.

    Алдағы  қаржы жылына арналған республикалық  бюджет Парламент палаталарының бірлескен отырыснда кемінде екі оқылымда және ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті бекіту Парламент палаталарының бірлескен отырыснда заң қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

    Парламент ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін алдағы қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда Президент алдағы қаржы жылының І тоөқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджетті Парламент бекіткенге дейін қолданылады. Бұл республикалық қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі. Бұл жағдайда осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс. Бұл ретте аталған қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі.

    Алдағы  қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен, Президенттің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.

    Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның бюджеттік комисиясы қабылдағын шешімдері негізінде алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын жасап, оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданының бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.

    Алдағы  қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 15 қыркүйегінен, ал аудандікі 1 қазанынан кешіктірілмей аяқталады.

    Шешім жобасының мәтінінде:

    алдағы  қаржы жылына арналған бюджет кірістерінің, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттік кредит беруінің, қаржы активтерімен жүргізілетін операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының, тапшылығын қаржыландырудың, көлемдері:

    облыстық  бюджеттен аудандар бюджеттеріне берілетін  бюджет субвенцияларының көлемдері  және аудандар бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алынымдар көлемдері;

    жергілікті  атқарушы органның резерві мөлшері;

    облыстың, республиканың маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылының аяғындағы  жағдай бойынша борыш лимиті және басқа да қағидалар болуға тиіс.

    Жергілікті  бюджет жобасы тиісті мәслихаттың тұрақты  комиссияларында қаралады.

    Тиісті  мәслихаттың сессиясында жергілікті бюджетінің жобасын талқылау тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімнің  немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген адамның тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы, орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылна арналған жергілікті бюджеттің жобасы бойынша баяндамаларын, сондай-ақ мәслихат уәкілеттік берген адамдардың жергілікті бюджеттің жобасы бойынша қорытындысымен қоса баяндамаларын кіріктіреді.

    Тиісті  қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіту мәслихаттың шешімін қабылдау арқылы жүзеге асырылды.

    Бюджетке  түсімдердің түсуін, бюджеттк бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады.

    Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында  аяқталады.

    Бюджет  кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттің атқарылуы кассалық негізде жүзеге асырылады.

    Республикалық бюджеттің атқарылуын Үкімет, жергілікті бюджеттердің атқарылуын Үкімет, жергілікті бюджеттердің атқарылуын жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.

    Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

    Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңдарына  сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде белгіленгеннен төмен болмайтындай мөлшерде толық және уақытылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу болып табылады.

    Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа төлеуді  және есепке алуды; Кодекске сәйкес түсімдерді бюджет деңгейлері арасында бөлуді; Қазақстан  Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бюджеттен түсімдер сомасын қайтаруды не оларды салық берешегін өтеу есебіне есепке алуды кіріктіреді.

    Бюджетке  түсетін түсімдер ақша нысанында  жүзеге асырылады және бірыңғай бюджеттік  сыныптамаға сәйкес толық көлемде  бірыңғай қазынашылық шотқа есепке алынады.

    Бюджетке  шетел валютасымен түсетін түсімдер Ұлттық банкпен келісе отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен есепке алынады.

    Түсімдерді  бюджет деңгейлері арасында бөлуді бюджет кодексіне сәйкес әрбір жұмыс  күні бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

    Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің  бюджеттік бағдарламаларды тиісті қаржы жылына арналған республикалық  бюджет туралы заңда және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде не түзетілген бюджетте бекітілген сомалар шегінде толық және уақытылы орындауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.

    Мынадай жағдайларда – бюджет түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамалақы актілері қабылданған немес өзгертілген жылдық көлемінен он пайыздан астам сомаға төмендеген жағдайларда міндетті түрде бюджетті нақтылау жүргізіледі.

    Бюджет  Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде бекітілген көлемнен артық қосымша шығыстарды бюджеттен жүзеге асыруға бюджетті нақтылау кезінде ғана жол беріледі.

    Республикалық немесе жергілікті бюджетті нақтылауға бюджеттің кірістері жөніндегі  жылдық жоспар қаржы жылының бірінші  тоқсанының қорытындылары бойынша  кем дегенде отыз пайызға немесе бірінші жарты жылдығының қорытындылары  бойынша сексен пайыздан астам орындалған жағдайда жол беріледі.

    Республикалық немесе жергілікті бюджетті нақтылау бюджет заңнамасында белгіленген басқа  да жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.

    Бюджетті  атқару кезінде бекітілген бюджетке түсетін түсімдер қысқартылған, соның  нәтижесінде бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмайтын жағдайда секвестр – бюджет қаражаттарынжұмсауға белгілі бір шектерде тиым салуды көздейтін арнайы тетік енгізіледі.

    Тиісті  қаржы жылына арналған республикалық  бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі белгіленеді.

    Бюджеттік бағдарламаларды олардың бекітілген жылдық көлемінің он пайызынан кем  сомаға секвестрлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша, ал он пайыздан астам сомаға секвестрлеу заңның немесе мәслихат шешімінің негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

    Бюджеттік бағдарламалар қысқартылған жағдайда олардың басымдығы мен әлеуметтік бағыттылығы ескеріледі.

    Тиісті  қаржы жылына арналған республикалық  бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгеріс және толықтыру туралы заңның жобасы немесе мәслихаттың шешімі Қазақстан  Республикасының Парламентінде немесе мәслихатқа енгізілген күннен бастап бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган секвестрлеу белгіленген бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің жүзеге асырылуын тоқтатуға құқылы.

    Бюджетті  секвестрлеу кезінде бюджет қаражаты есебінен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша туындаған қатынастарды реттеу қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    Республикалық бюджетті түзетуге орталық мемлекеттік органдар және оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылығна, олардың функциялары өзгерген жағдайларда жоспардан тыс түсімдер есебінен үкіметтік борышты өтеу көлемі ұлғайған және бюджет кодексінде көзделген жағдайларда жоспардан тыс түсімдер есебінен үкіметтік борышты өтеу көлемі ұлғайған және бюджет кодексінде көзделген жағдайларда жол беріледі. Түзету көрсетілген жағдайларға байланысты тиісті бюджеттік бағдарламаларды тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген осы бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде қосу, бөлу, беру болып табылады;

    Жергілікті  бюджеттерді түзетуге қаржы жылы ішінде үкіметтің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша  жоғарғы бюджеттен қаражат бөлінген және жоспардан тыс түсімдер есебінен жергілікті атқарушы органдардың борышын  өтеу көлемі ұлғайған және бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда жол беріледі.

    өткен қаржы жылындағы Республикалық  бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бюджетті атқару жөніндегі атқарылуы  жылдық есепті бюджетті атқару жөніндегі  орталық уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей Үкіметке, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына табыс етеді.

    Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бекітілген, нақтыланған түзетілген республикалық бюджетті және республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын көрсетеді.

    Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке түсіндірме жазба мен түсімдер бойынша атқарылуы туралы, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды қоса алғанда, олардың іске асырылуы туралы талдамалық есеп қоса тіркеледі.

    Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл  сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан  кешіктірмей республикалық бюджеттің  атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге Қазақстан Республикасының Парламентіне және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне табыс етеді.

    Парламент өткен қаржы жылы ішінде республикалық  бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің  жылдық есебін Республикалық бюджеттің  атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінен алғаннан кейін кезегімен, алдымен – Мәжілісте, содан соң Сенатта қарайды, Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп Парламенттің Мәжілісі мен Сенатында қаралғаннан кейін Парламент палаталарының бірлескен отырысында бекітіледі.

    Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі  жергілікті уәкілетті орган есепті жылдан кейін жылғы 1 сәуірден, ал ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті 1 наурыздан кешіктірмей өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді.

Информация о работе Бюджеттік органдардың ролі