Бюджеттік органдардың ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 21:31, дипломная работа

Описание

Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттерінің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісі байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.

Работа состоит из  1 файл

ДАЙЫН БЮДЖЕТ СРС.doc

— 380.00 Кб (Скачать документ)

    Есеп  комитетінің интернет-ресурсының құрылымы, ақпараттық материалдарды қалыптастырып  оған орналастыру тәртібі, сондай-ақ бақылау және өзге де іс-шаралар  нәтижелерінің онда анық және толық  көрсетілуіне жауапты адамдар Есеп комитеті Төрағасының тиісті бұйрығымен айқындалады.

    Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан  Республикасының мемлекеттік сатып  алу саласындағы заңнамасына  сәйкес жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік сатып алу жөніндегі техникалық өзіндік ерекшеліктерді Есеп комитетінің уәкілетті құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері әзірлейді. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобаларын әзірлеу Есеп комитетінің заң қызметіне жүктеледі.

    Есеп  комитетінде іс жүргізу Есеп комитеті Төрағасының бұйрығымен бекітілетін Есеп комитетінде іс жүргізуді ұйымдастыру ережесіне сәйкес ұйымдастырылады.

    Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 наурыздағы № 390-16қ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының 2004 жылғы 29 шілдедегі № 25-1-59қ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді есептеу техникасы құралдарын қолдана отырып өңдеу кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырылады.

    Есеп  комитетінің жұмысы Қазақстан Республикасының  Президенті немесе ол уәкілеттік берген адам бекітетін Есеп комитетінің Стратегиялық жоспарына және Есеп комитеті Төрағасының бұйрығымен бекітілетін Есеп комитетінің кезекті жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жоспарланады.

    Есеп  комитетінің Стратегиялық жоспары (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) бюджет саясатын жетілдіру және мемлекеттік бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды күшейту саласындағы Қазақстанның алдында тұрған ұзақ мерзімді мақсаттар мен міндеттерді, Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының негізгі бағыттарын, салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімділігі мен сапасын арттыруды, әлеуметтік ортаны және экологиялық ахуалды жақсартуды, әкімшілік реформаны ескере отырып, мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы Есеп комитетінің алдында тұрған міндеттерге сәйкес қалыптастырылады.

    Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі  есеп комитетінің кезекті жылға  арналған жұмыс жоспары (бұдан әрі  – Жұмыс жоспары) Есеп комитетінің  тәуекелдерін басқару жүйесінің  сол тәуекелдерді идентификациялау кезеңіндегі деректерін ескере отырып, Стратегиялық жоспардың мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін әзірленеді және халықаралық қызметтің, талдамалық, құқықтық, әдістемелік, ұйымдастырушылық және бақылау жұмысының жоспарланып отырған іс-шараларының тізбесін, өткізілетін кезеңдерін, аяқталу нысанын және жауапты орындаушыларын қамтиды.

    Жұмыс жоспарын әзірлеу үшін Аппарат кезекті  жылға арналған бақылау іс-шараларын  жоспарлау жөнінде Есеп комитеті Төрағасының ұйымдастырушылық-әдістемелік  нұсқауларының жобасын әзірлеп, күнтізбелік жылдың үшінші тоқсанынан кешіктірмей оларды Есеп комитетінің Төрағасына қарауға енгізеді, осы нұсқауларда бақылау іс-шараларын жүргізу кезіндегі негізгі күштерді жұмылдырудың бағыттары, оларды өткізу барысындағы басым мақсаттар мен міндеттер белгіленеді, бақылаудың нысандары мен әдістері айқындалады, олардың мерзімі мен ұзақтығы, бақылау іс-шараларына дайындық бойынша іс-шаралар кешені, бақылаудан кейінгі мониторингіні ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне және Парламентіне ұсынылатын есептерді дайындаудың кезеңдері мен тәртібі нақтыланады.

    Жұмыс жоспарының негізінде Есеп комитетінде  және Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінде кезекті тоқсанға арналған жұмыс  жоспарлары әзірленеді. Осы жоспарларда  мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тәуекелдерін сапалық және сандық тұрғыдан бағалауды ескере отырып, бақылау жұмысын өткізудің мәселелері, халықаралық сипаттағы іс-шаралар, талдамалық, құқықтық, әдістемелік және ұйымдастырушылық жұмыстар егжей-тегжейлі көрсетіліп, бақылау жүргізудің мерзімі нақтыланады, бақылау объектілері белгіленіп, бақылаушылар алдын ала бақылау топтары бойынша бөлінеді және бақылау топтарының жетекшілері айқындалады.

    Стратегиялық  жоспарды әзірлеу Есеп комитетінің  жауапты мүшесінің жалпы басшылығымен, Есеп комитетінің жылдық (тоқсандық) жұмыс жоспары Аппарат басшысының жалпы басшылығымен Есеп комитеті мүшелерінің ұсыныстары ескеріле отырып жүзеге асырылады және оларды әзірлеуге Есеп комитетінің құрылымдық бөлімшелері тартылады.

    Аппараттың  құрылымдық бөлімшелерінің кезекті тоқсанға арналған жұмыс жоспарларын әзірлеуді олардың меңгерушілері Есеп комитетінің тоқсандық жұмыс жоспарындағы іс-шараларды ескере отырып жүзеге асырады.

    Есеп  комитетінің мүшелері Есеп комитетінің  Төрағасына бақылау объектілері  және бақылау іс-шараларын жүргізудің кезеңдері көрсетілген жылдық (тоқсандық) жұмыс жоспарларын қалыптастыру жөніндегі негізделген жазбаша ұсыныстарын тәуекелдерді басқару жүйесінің деректерін ескере отырып, сол жоспарлар қалыптастырылғанға дейін бір ай бұрын ұсынады.

    Аппарат жылдық (тоқсандық) жұмыс жоспарларының  жобаларын келісуді тәуекелдерді басқару  жүйесінің деректеріне, Қазақстан  Республикасы Парламенті депутаттарының сауалдарын іске асырудың міндеттеріне, мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың  өтініштеріне сәйкестігін барынша қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ мүдделер қақтығысы оқиғаларын болдырмау үшін жүргізеді.

    Есеп  комитетінің жылдық жұмыс жоспарының жобасы Есеп комитетінің отырысында қаралады.

    Жылдық (тоқсандық) жұмыс жоспарларының жобалары бұйрық түрінде ресімделіп, Есеп комитетінің Төрағасына бекітуге жылдық жоспар – ағымдағы жыл аяқталғанға дейін бір ай бұрын, тоқсандық жоспар – кезекті тоқсан басталғанға дейін он күн бұрын енгізіледі.

    Аппараттың  құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарларын Аппарат басшысы бекітеді.

    Жұмыс жоспарларының сақталуын бақылауды  Аппарат жүзеге асырады. Аппарат  басшысы Есеп комитетінің Төрағасына жұмыс жоспарларының іске асырылу  барысы мен орындалу дәржесі туралы ай сайын 10-шы күннен кешіктірмей хабарлап отырады.

    Есеп  комитетінде талдамалық жұмыс республикалық  бюджеттің атқарылу мәселелерінің  жай-күйін бағалау және Есеп комитетінің  жұмыс жоспарлары шеңберінде жүргізілетін бақылау және өзге де іс-шаралардың тиімділігі мен сапасын арттыруға  ықпал ететін шешімдерді қабылдауға бағытталған ұсыныстарды қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.

    Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі  есеп комитетінің есепті қаржы жылындағы  есебі (бұдан әрі – Есеп) өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне қорытынды болып табылады және Есеп комитеті жүргізген бақылау және талдау іс-шараларының деректеріне, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептеріне негізделеді.

    Есепті  дайындау үшін Есеп комитеті Төрағасының  шешімімен Есеп комитетінің мүшелері арасынан оны дайындауға жауапты  тұлға белгіленіп, ол Есепті әзірлеу  жөніндегі жұмыс тобын құрады.

    Жұмыс тобына бақылау бөлімдерінің, заң  қызметінің өкілдері, бақылау топтарының жетекшілері енгізіліп, олардың материалдары Есепке енгізіледі.

    Есепті  қалыптастыруға жауапты Есеп комитетінің  мүшесі Есеп комитетінің талдамалық жұмысына жауапты құрылымдық бөлімшесімен бірге Есеп құрылымының жобасын  әзірлейді, ол Есеп комитеті Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

    Есептің құрылымы бекітілгеннен кейін Есеп комитетінің талдамалық жұмысына жауапты  құрылымдық бөлімшесі әрбір блок бойынша жауапты орындаушыларды, алдын ала және түпкілікті ақпаратты  ұсынудың мерзімін көрсете отырып, үш жұмыс күні ішінде Есептің жобасын дайындау жөніндегі кесте-жоспарды әзірлейді, оны Есепті қалыптастыруға жауапты Есеп комитетінің мүшесі бекітеді.

    Есепті  Қазақстан Республикасының Парламентінде  қарау үшін Аппарат тиісті баяндамалар  дайындайды, оларда бюджеттің атқарылу серпіні, есепті кезеңде бақылау объектілерінде анықталған бұзушылықтар баяндалып, бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер көрсетіледі, Есепті талқылау кезінде депутаттар қойған сұрақтарға жауаптар беріліп, есепті жылы республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындысы туралы Үкіметтің есебін қараудың барысына сәйкес бюджет процесінің басқа да мәселелері қамтылады.

    Қазақстан Республикасының Парламенті Есепті бекітіп, тиісті қаулыны қабылдағаннан  кейін Есеп мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуы ескеріле отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.

    Республикалық бюджетті нақтылау кезінде оның кірістері  елеулі өзгерістерге ұшырап, 338,4 млрд.теңгеге немесе 11%-ға және шығындары –195,3 млрд.теңгеге немесе 5,3%-ға ұлғайған. Қаржы активтерін сатып алуғажұмсалған шығыстар 206,1 млрд.теңгені құрап, 3,6 есеге көбейген.

    2010 жылы шығындар бойынша жоспарлы  тағайындаулар 36,7 млрд.теңгеге орындалмаған, 1,2 млрд.теңге бюджеттік кредит қайтарылмаған. Кірістердің салықтық түсімдері 2 083,5 млрд.теңгені, немесе 2010 жылғы кірістердің жалпы көлеміне шаққанда 57,5%-ды, салықтық емес түсімдер – 71,4 млрд.теңгені, негізгі капиталды сатудан түскен кірістердің түсімдері - 23,7 млрд.теңгені, трансферттердің түсімдері – 1 447,5 млрд.теңгені немесе, тиісінше, 2%-ды, 0,6%-ды және 39,9%-ды құрады. 2010 жылы кірістердің атқарылуы, негізінен, корпоративтік табыс салығының (бұдан әрі – КТС), қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) және кедендік төлемдердің есебінен қамтамасыз етіліп, олардан түскен түсімдер 1 866,8 млрд.теңге немесе барлық салықтық түсімдердің 89,6%-ы болды. 2010 жылы республикалық бюджеттің шығыстары, 2009 жылмен салыстырғанда, 28,5%-ға өсіп, 4 574,1 млрд.теңгені немесе төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының 99,2%-ын құраған. Есепті кезеңнің қорытындысында шығындар бойынша 36,7 млрд.теңге игерілмеген. 2010 жылы дебиторлық берешек, 2009 жылмен салыстырғанда, 1,6 есеге өскен. Ең көп дебиторлық берешек көлемдері, мерзімі 1 жылдан асып кеткен келісімшарттар бойынша аванстық төлемдерді төлеуге байланысты, көлік және коммуникация (36,9 млрд.теңге), қорғаныс (29 млрд.теңге) министрліктерінде, сондай-ақ туризм және спорт (26,4 млрд.теңге) министрлігінде көрсетілген қызметтер үшін орындалған жұмыстардың актісі болмауына байланысты тіркелген.

    2010 жылға арналған бастапқы бекітілген  бюджетте 78,7 млрд.теңгеге мемлекеттің қаржы активтерін сатып алу қарастырылған еді, республикалық бюджет екі мәрте нақтыланған соң сатып алынатын активтер сомасы 284,8 млрд.теңгеге дейін немесе 3,6 есеге ұлғайған.

    Қаржы активтерін сатып алуға бөлінген қаражат республикалық бюджеттің бүкіл шығыстарының 6,2%-ын құрап, негізінен халықаралық қаржы ұйымдарының акцияларын (0,7 млрд.теңге), республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (3,4 млрд.теңге) мен мемлекеттің қатысуымен құрылған акционерлік қоғамдардың (280,6 млрд.теңге) жарғылық капиталдарын қалыптастырып ұлғайтуға бағытталған. 2010 жылғы республикалық бюджет тапшылығы 721,0 млрд.теңге болып бекітілген, кейін наурызда ұлғайтыла отырып 31,9 млрд.теңгеге түзетілді және 82,6 млрд.теңгеге нақтыланып, 803,6 млрд.теңгені құрады, бұл 2009 жылғы деңгейден 1,6 есе көп. Іс жүзінде жылдың аяғындағы тапшылық 554,8 млрд.теңге болып қалыптасты, бұл бекітілгеннен 166,2 млрд.теңгеге (23,1%), нақтыланғаннан 248,8 млрд.теңгеге (31%) төмен.

    Есеп  комитетінің бағалауынша, республикалық  бюджет параметрлеріне жүргізілген түзету, атап айтқанда, оның бекітілген тапшылық көлемін ұлғайту бюджет жүйесінің реалистік, дәйектілік және сабақтастық принциптеріне қайшы келеді.  
 

    2.4  Мемлекеттік қаржылық органдар қызметін жетілдіру жолдары 
     

    Мемлекеттік бақылаушы органдардың қызметіне  қаржылық бақылаудың бірегей әдістемелік базасын енгізу қажет.

    ҚР  Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесіндегі өзекті мәселелер бойынша зерттеу қорытындысында осы мәселеге назар аударады. Сонымен қатар, зерттеу қорытындысы бойынша оған қатысқан тәуелсіз сарапшылар тарапынан мемлекеттік бақылау жұмыстарына жалпымемлекеттік стандарттарды енгізу қажеттігі ұсынылады. Осы бағытта мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметіндегі бірін бірі қайталауын болдырмау және органдар арасында өзара байланысты жандандыру қолға алынуы тиіс.

    Сондай-ақ бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару мен бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру көзделіп отыр.

    Сарапшылар  әкімшілік реформа аясында мемлекеттік  қаржылық бақылау жүйесін де реформалау жайындағы ұсыныстарын алға тартуда. Олардың бағалауынша, сыртқы қаржылық бақылаудың тікелей жүйесі құрылуы қажет.

    Осы бағытта Есеп комитетіне мемлекеттік  меншіктің толық балансына және барлық түрдегі мемлекеттік міндеттемелерді  тексеруге қатысу құқын беру қажеттігі  айтылады. Есеп комитеті тәуелсіз сарапшылармен  бірлесе жүргізілген зерттеулер қорытындысын ҚР Президент Әкімшілігіне, Үкімет кеңсесіне және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға жолдайтын болады.

Информация о работе Бюджеттік органдардың ролі