Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 21:31, дипломная работа
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттерінің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісі байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Қаражаттың басқа бір көзі – бұл бюджеттің барлық шығындық баптары бойынша қатаң үнемдеу және аса қатал қаржы тәртібі. Осыны ескере отырып Үкіметке республикалық бюджет шығындарын оңтайландыруды және апта сайынғы мониторинг режімінде бюджеттік қаражаттың жұмсалуын жіті бақылауды қажет етеді. Осыған сондай-ақ депутаттарды да қатысады.
Қаржы тәртібін бұзушыларға дағдарыс уақытының заңы бойынша қатал сұраныс қойылуы тиіс. Барлық басым емес шығындар – әкімшілік, инвестициялық және басқа шығындар – нөлге теңестірілуі тиіс. Бұл жергілікті бюджеттерге де қатысты.
Босаған қаражат бізге, ең алдымен, қазақстандықтардың еңбекпен қамтылу стратегиясын іске асыру мүмкіндігін береді. Ол бізге дағдарыс ауыртпалығын еңсеруге ғана көмектесіп қоймайды, сонымен бірге дағдарыстан кейінгі уақытта экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз етеді. Ол әрбір қазақстандық отбасына жаңа мүмкіндіктер беруі тиіс.
Жергілікті
өзін-өзі басқару органдары
Үкіметпен және жергілікті органдармен бірлесіп адамдардың нақты проблемаларын шешу, дағдарысқа қарсы шаралардың іске асырылуын, осы мақсаттарға бөлінген бюджеттік қаражаттың жұмсалуын айрықша бақылауға алу керек.
Бюджеттің нәтижелілігін арттыру. Тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға арналмаған барлық шығындарды қысқарту қажет.
Мемлекеттік қаржылық бақылауға ортақ талаптар мемлекеттік қаржылық бақылау Стандарттарымен анықталады, ол республикалық бюджеттің атқарылуын қадағалау жөніндегі Есеп комитеті және ішкі бақылау орталық өкілетті органымен құрылады және Есеп комитетімен бекітіледі.
Мемлекеттік қаржы бақылауы мемлекеттік қаржы бақылауы органдарына, мәслихаттардың тексеру комиссияларына, ішкі бақылау қызметі және олардың қызметкерлеріне міндетті. Есеп комитеті мемлекеттік қаржы бақылауы Стандарттарын ұстану бойынша бақылауды жүзеге асырады.
Сыртқы қаржы бақылауы органдарының Қауымдастығы қызметінің аясында Есеп комитеті Астана, Алматы қалаларының, республика қалалары және аудандары, облыс мәслихаттарының тексеру комиссияларына әдістемелік көмек көрсетеді.
Сонымен
қатар, Есеп комитеті шетел мемлекеттерінің
қаржылық бақылау органдарымен және
олардың халықаралық
Мемлекеттік қаржы бақылауы