Бюджеттік органдардың ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 21:31, дипломная работа

Описание

Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттерінің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісі байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.

Работа состоит из  1 файл

ДАЙЫН БЮДЖЕТ СРС.doc

— 380.00 Кб (Скачать документ)

    Облыстың, респуликалық маңызы бар қаланың, астананың  әкімдігі жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан, ал ауданның (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына, облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға табыс етеді.

    Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ай сайын және жыл қорытындылары бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2      ҚР ОРГАНДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІ АТҚАРУЫН ТАЛДАУ  

    1. Қаржы Министрлігінің бюджетті атқарудағы ролі
 
 

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi (бұдан  әрi - Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

          Министрлiктiң негiзгі мiндеттерi:

    мемлекеттiк  бюджеттiң атқарылуы, кедендiк, салықтық бақылау, iшкi қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу, темекi өнiмдерiнiң, этил спирті мен алкоголь өнiмдерiнiң, мұнай өнiмдерінің жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi мен оның айналымын мемлекеттiк реттеу, банкроттық (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкерді таратудың соттан тыс рәсiмi, дәрменсiз борышкерлерге қатысты оңалту рәсiмдерi, мемлекеттiк меншiктi басқару, бухгалтерлiк есеп, қаржылық есептілік және аудит саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және iске асыруды қамтамасыз ету;

    мемлекеттік бюджеттiң атқарылуы, бюджеттік есепке алу, кедендiк, салықтық бақылау, iшкi қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып  алу, темекi өнiмдерiнің, этил спиртi мен  алкоголь өнiмдерiнiң, мұнай өнiмдерiнiң  жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi мен оның айналымын мемлекеттiк реттеу, банкроттық (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмi, мемлекеттiк меншікті басқару, дәрменсiз борышкерлерге қатысты оңалту рәсiмдерi, бухгалтерлiк есеп, қаржылық есептілiк және аудит саласындағы салааралық үйлестiру мен әдiстемелiк басшылық жасау болып табылады.

    Министрлiктiң  мынадай ведомстволары бар: Қазынашылық  комитеті, Кедендiк бақылау комитетi, Салық комитетi, Қаржылық бақылау  және мемлекеттік сатып алу комитетi, дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитеті, Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi.

    Министрлiк  өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан  Республикасы Президентінің және Yкіметiнiң  кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Министрлiк  заңнамада белгiленген тәртiппен:

    1) мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды  қамтамасыз ететiн стратегиялық  функцияларды:

    тиiсті  қаржы жылына арналған республикалық бюджет, бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдардың жобаларын әзiрлеуге, сондай-ақ тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлеуге қатысуды;

    мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, Қазақстан  Республикасының стратегиялық жоспарларын  және Қазақстан Республикасының  әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын, негiзгi макроэкономикалық  көрсеткiштердi әзiрлеуге қатысуды;

    бюджетке  түсiмдердi болжауға және мемлекеттiк бюджетке кiрiс түсiмдерi саласында мемлекеттік саясат мақсаттары мен басымдықтарын анықтауға қатысуды;

    заңнама қолдану практикасына талдауды, оны  жетілдiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындауды, өз құзыретi шегiнде нормативтік құқықтық кесiмдердің жобаларын әзiрлеудi және дайындауды (немесе қабылдауды);

    өз  құзыретi шегiнде мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруды қамтамасыз етудi;

    2) мемлекеттiк саясатты iске асыруды  қамтамасыз ететін функцияларды:

    республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етудi және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына  қызмет көрсетудi;

    түсiмдердiң  жиынтық жоспарын бекiту мен оған өзгерiстер енгізiлуiн және республикалық  бюджеттi қаржыландыруды қамтамасыз етудi;

    Қазақстан Республикасы Үкiметiнен қарыз алуды, пайдалануды, тiркеудi, өтеудi және қызмет көрсетудi, бағалы қағаздарды ұйымдастыру рыногiне олар шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатудың жүзеге асырылуын, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудi;

    түпкі қарыз алушылар мен екiншi деңгейдегi банктердiң үкiметтік қарыздардың  қаражатын және Қазақстан Республикасы Үкiметінің бiрлесiп қаржыландыру үлесiн республикалық бюджетке қайтару туралы iшкi кредит келiсiмдердiң жобаларын дайындауды;

    республикалық бюджет қаражаты есебiнен бюджеттiк  кредиттердiң берiлуiн, қызмет көрсетілуiн  және мақсатты пайдаланылуын бақылауды, олардың есебiн, мониторингі мен  қайтарылуын қамтамасыз етудi;

    республикалық бюджеттің атқарылуы барысында  республикалық бюджеттiк бағдарламалардың тиiмділігiн бағалауды;

    бюджеттiң  атқарылуы жөнiндегі есептіліктi жасауды, сондай-ақ мемлекеттік қаржы  және меншiк бойынша, сондай-ақ Қазақстан  Республикасы Ұлттық қорының қалыптасуы және пайдаланылуы туралы статистикалық есептердi жасауды;

    бюджет  есебiнiң жүргiзiлуiн қамтамасыз етудi;

    бюджет  жүйесiнде бюджеттiк және бухгалтерлiк  есеп пен есептiлiктi дамытуды және жетілдiрудi;

    салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн  басқа да мiндеттi төлемдердiң түсiмдерiн және бюджетке түсетiн өзге де түсiмдердi, мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық және уақытылы аударылуын, шикiзат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетiн түсiмдер бөлiгiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорына аударылуын қамтамасыз етудi;

    этил  спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң, темекi өнiмдерiнiң, мұнай өнiмдерiнiң жекелеген  түрлерiнiң өндiрiсi мен айналымының  мемлекеттік реттелуiн және салықтық бақылауды қамтамасыз етудi;

    республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы  жөнiндегі есеп пен есептіліктің атқарылуы, жүргізiлуi, олардың атқарылуына  баға беру, гранттардың, мемлекет активтерiнiң, мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, мемлекеттiк мекемелердiң иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаның пайдаланылуы бөлiгiнде мемлекеттік қаржылық бақылау объектiлерi қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес келуiн тексерудi қамтамасыз етудi;

    республикалық бюджеттiң түсiмдерi мен оны қаржыландырудың жиынтық жоспарларын бекіту және оларға өзгерiстер енгiзу, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне рұқсаттар беру, мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеу, мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру жөнiндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;

    республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк  мекемелердi қаржыландыру жоспарларын  жасаудың дұрыстығын мемлекеттік бақылауды  және бекiтілуiн қамтамасыз етудi;

    Министрлiктiң құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға құқығы бар.

    Министрлiктiң  жедел басқару құқығында оқшауланған  мүлкi болады.

    Министрлiктiң  мүлкi өзiне мемлекет берген мүлiктiң, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетілетiн  өзге де мүлiктiң есебiнен қалыптасады.

    Министрлiкке  бекiтілген мүлiк республикалық меншiкке  жатады.

    Министрлiктiң  өзiне бекiтiлген мүлiктi және егер заңнамалық кесiмде өзгеше белгiленбесе, оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлiнген қаражаттың есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

    Министрлiк  пен олардың аумақтық бөлiмшелерiн  қоса алғанда оның ведомстволары  Министрлiктiң бiрыңғай жүйесiн құрайды.

    Министрдi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министрдiң орынбасары (орынбасарлары (вице-министрлері) болады. Министрдiң орынбасарларын қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi жүзеге асырады.

    Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады  және оған басшылық жасайды және Министрлiкке  жүктелген мiндеттердiң орындалуы  мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауап бередi.

    Министрлiктiң  қызметiн ұйымдастырудағы өзге де мәселелер, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi, оның қызметiн қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелердiң құзыретi мен өкілеттігі Министрлiктiң жұмыс регламентiмен және белгіленген тәртiппен бекiтiлетiн құрылымдық бөлiмшелер туралы ережелермен белгiленедi.

Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    Мемлекеттiк  бюджеттiң экономикалық мәнi сан  алуан қаржы баланстарында жекелеген  ерекшелiктерi белгiленетiн  айырықша салалары бар. Мәселен, мемлекеттiк  кәсiпорындармен,  ұйымдармен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнiмдi құндық бөлудiң айырықша саласын құрайды.

    Мемлекеттiк  бюджет – республикалық  және жергiлдiктi бюджеттердiң  бiрiн-бiрi арасындағы өзара  өтелетiн операциялар есепке алынбайтын жиынтығы.

    Мемлекеттiк  бюджеттiң табысы мыналардан құралады:

    Салық түсiмдерiнен:

    -заңды  тұлғалардан алынатын табыс салығы;

    -жеке  тұлғалардан алынатын табыс салығы;

    -әлеуметтiк  салық;

    -қосылған  құн салығы;

    -акциздер;

    -жер  қойнауын пайдаланушылардың салықтары менарнаулы төлемдерi;

    -мүлiк салығы;

    -жер  салығы;

    -көлiк  құралдар салығы.

    Салықтық  емес түсiмдерiнен:

  • Республиклаық мемлекеттiк кәсiпорындар пайдасының  үлесi;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң кiрiсiнен алынатын түсiм;
  • Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң депозиттерi бойынша алынған сыйақылар;
  • респуикалық меншiк болып табылатын акциялар пакеттерiне түсетiн дивиденттер;
  • жергiлiктi өкiлдi оргондардың шешiмдерi бойынша өткiзiлетiн лотереялардан алынатын кiрiстер;
  • республикалық бюджеттен кредиттер берiлгенi  үшiн алынған сыйақылар;
  • респуликалық меншiктi жалға беруден алынатын түсiмдер;
 

    1 кесте

    Мемлекеттік бюджеттің кассалық атқарылуы 

 
                             АТАУЫ
 
2008ж
 
2009ж
 
2010ж
Өзгеруі 2010/2008 +;(-)  %
I. КІРІСТЕР 4 034 410,5 3505344,7 4299 132,2 6,56
Салықтық  түсімдер 2 819 509,7 2228681,8 2 934 080,7 4,06
Салықтық  емес түсiмдер 85 539,9 136 175,5 104 398,2 22
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Негізгі капиталды  сатудан түсетін түсімдер
       
Трансферттердің түсімдері 1 072 421,3 1104600,0 1 200 000,0 11,8
II. ШЫҒЫНДАР 3 394 063,5 3746840,2 4 457 164,6 31,3
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер 224 012,3 166 062,7 224 944,3 0,4
Қорғаныс 185 358,4 187 615,3 221 345,1 19,4
Қоғамдық  тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі 271 467,4 316 189,7 368 776,3 35,8
Бiлiм  беру 572 403,0 660 917,1 755 294,8 31,9
Денсаулық сақтау 363 209,9 450 892,5 551 325,7 51,8
Әлеуметтiк  көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру 622 016,7 758 308,4 905 272,7 45,5
Тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылық 233 925,5 304 048,8 334 154,8 42,8
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк 163 968,6 173 618,1 227 564,3 38,9
Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану 60 507,4 58 577,0 79 720,0 31,7
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 170 364,8 168 117,9 207 073,8 21,5
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 40 080,3 30 920,7 28 236,0 -29,5
Басқалар 332 709,1 337 511,5 68 170,4 -79,5
Борышқа қызмет көрсету 96 163,6 64 853,4 94 616,8 -1,6
III. ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТ БЕРУ 640 346,9 27 476,5 22 189,2 -96,5
БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕР 47 277,1 31 539,5 110 814,4 134,3
Тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылық 23 560,0 242,7 5 700,0 -75,8
Басқалар 636,4 4 063,0 22 044,6 3,9
Бюджеттік кредиттерді өтеу 10 545,9 4 063,0 88 625,2 74,0
IV. ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРМЕН БОЛАТЫН  ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША САЛЬДО 931 125,0 223 720,5 347 042,7 -62,7
ҚАРЖЫЛЫҚ  АКТИВТЕРДІ САТЫП АЛУ 932 434,6   348 071,9 -59,4
МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРІН САТУДАН ТҮСКЕН ТҮСІМДЕР 1 309,6 872,4 1 029,2 -21,4
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін  түсімдер 1 309,6 872,4 1 029,2 -21,4
Ү. Бюджет тапшылығы (профициті) -333 238,8 -492 692,6 -527 264,2 58,2
VI. БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ПРОФИЦИТТІ ПАЙДАЛАНУ) 333 238,8 492 692,6 527 264,2 58,2
Қарыздар  түсімі 477 296,7 809 430,1 882 228,5 84,8
Қарыздарды  өтеу 167 599,4 249 061,0 290 107,2 73,1
БЮДЖЕТ  ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАЛДЫҚТАРЫ 23 541,5 -67 676,5 -64857,1 -75,5

Информация о работе Бюджеттік органдардың ролі