Бюджеттік органдардың ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 21:31, дипломная работа

Описание

Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттерінің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісі байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.

Работа состоит из  1 файл

ДАЙЫН БЮДЖЕТ СРС.doc

— 380.00 Кб (Скачать документ)

   Кірістер  мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет жөне салық саясатын жургізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.

   Нарықтық  қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның  мемлекеттік бюджетінің кірістері  мемлекеттік көсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90% құрады және негізінен екі төлемнен – айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе 1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түрінде пайдадан алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесін өзгертпеді және жеке кәсіпорындар қызметінің жеке-дара нәтижелеріне бағытталып отырды.

   Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекетгік  бюджеті кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады. 
 

    1.2   Бюджет процесін Қазақстан Республикасында ұйымдастыру 
 

   Бюджеттік процесс – бюджетті жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, түзеті жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептемені жүргізу, мелекеттік қаржылық бақылау, сонымен бірге байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі бюджет заңнамасымен регламенттелінген қызмет. Бюджеттік процестің барлық стадиялары өзара байланысты және қоғамның экономикалық процестерін ғана емес, сонымен бірге саясаи өмірінің тікелей бейнеленуі болып табылады. Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы», жыл сайынғы «Республикалық бюджет туралы» заңға және Қазақстан Республикасының басқа заңдарына сәйкес жүргізіледі. Бұл заңдар әр түрлі деңгейдің бюджеттерін қалыптастыру процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейді, республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және бақылау тәртібін белгілейді.

   Бюджжеттің  жобасын уақтылы және сапалы әзірлеу  мен бюджетті нақтылау және атқару жөніндегі ұсыныстар жасауды  қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасының Президенті бюджеттік комиссияны құрады, ол туралы қағиданы бекітеді, оның құрамын анықтайды.

   Бюджеттік комиссиялардың құзырыны мыналар кіреді:

   Алдағы  үш жылдық кезеңге орта мезгілді фискалдық  саясат жөнінде ұсыныстар талдап-жасау;

   Тиісті  қаржы жылына арналған бюджеттер  жобаларының көрсеткіштерін айқындау жөнінде ұсыныстар талдап-жасау;

   Алдағы  үш жылдық кезеңде және жоспарланып  отырған қаржы жылында қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарламаларды  іріктеу, орта мерзімді фискалдық саясатты негізгі ала отырып, оларды іске асыру механизмін айқындау жөнінде ұсыныстар талдап-жасау;

   Республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар талдап-жасау;

   Тиісті  қаржы жылына арналған бюджеттіреді нақтылау жөнінде ұсыныстар талдап-жасау;

   Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау  нәтижелерін қарау және олар бойынша  ұсыныстар талдап-жасау және өзге де өкілеттіліктер.

   Бюджеттік жоспарлау жоспарланып отырған  кезеңге арналған бюджет түсімдерінің көлемін және басымдықты ескере отырып мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану  бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды  әзірлеу процесі болып табылады.

   Бюджет  бір қаржы жылына жоспарланады. Кезекті  қаржы жылына арналған бюджеттің  жобасымен бір мезгілде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттің  болжамы жасалады.

   Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу тәртібін қазақстан Республикасының Президенті айқындайды, жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін үкімет айқындайды.

   Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін  қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары, Үкіметтің  алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясаты, мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалар, Президенттің қазақстан Халқына елдегі ахуал және республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы жолдауы, өткен және ағымдағы қаржы жылдарындағы республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

   Республикалық бюджет жобасын әзірлеу процесі  мынадай кезеңдерді кіріктіреді:

  1. алдағы қаржы жылына арналған түсімдердің болжамды көрсеткіштерін айқындау;
  2. ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерін айқындау;
  3. республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін жасауы;
  4. республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау;
  5. алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу.

    1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі  орталық уәкілетті орган үш  жылдық кезеңге бекітілген бюджеттік  алынымдар көлемін ескере отырып және орта мерзімді фискалдық саясат негізінде бюджет құрылымына сәйкес алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет түсімдерінің болжамды көрсеткіштерін айқындайды және оларды Республикалық бюджет коимссияның қарауына жібереді. Ол ағымдағы қаржы жылының 5 маусымына дейін алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет түсімдерінің болжамды көрсеткіштерін қарайды және олар жөнінде шешім қабылдайды.

    2.  Республикалық бюджет шығыстарының  лимиттерін бюджеттік жоспарлау  жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, теріс операциялық сальдоның жол берілетін шекті мөлшері, орта мерзімді фискалдық саясатта айқындалған басқа да көрсеткіштер, республикалық бюджет тапшылығының ұйғарымды шекті мөлшері және орта мерзімді жоспарда айқындалған басқа да макроэкономикалық көрсеткіштер, Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетке түсетін түсімдерінің болжамды көрсеткіштері негізінде қалыптастырады.

    Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 5 маусымына дейін ағымдағы бюджеттік  бағдарламаларға, бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерін қарайды  және мақұлдайды.

    Экономикалық  жоспарлау жөніндегі орталықты уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша өтінімдерін қарау нәтижелері, заңи тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелері негізінде және Республикалық бюджет комииссиясы айқындаған, бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттері шегінде:

  1. ағымдағы қаржы жылы мемлекеттік, салалық, бағдарламалар бөлінісінде іске асырылатын инвестициялық жобаларды ескере отырып, басым инвестициялық жобалар тізбесін;
  2. заңи тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады және ағымдағы қаржы жылдың 15 маусымына дейін Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

    Республикалық бюджет комиссиясы жоғарыда көрсетілген  тізбе мен ұсыныстарды қарайды, оларды қаржыландыру көзі мен тетігін  және оларды іске асыруға жауапты  болатын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін айқындайды.

  1. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгіленген тәртіппен:

    бірыңғай  бюджеттік сыныптама;

    ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға арналған шығыстардың лимиті;

    басым бюджеттік инвестициялық жобалар  тізбесі;

    өткен қаржы жылында Республикалық  бюджет комиссиясы мақұлдаған үш жылдық кезеңде арналған бюджеттік өтінім;

    орта  мерзімді жоспар;

    орта  мерзімді фискалдық саясат негізінде жасалады.

    Алдағы  үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік  өтінімдерді республикалық бюджеттік  бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік  жоспарлау жөніндегі орталық  уәкілеті орган белгіленген кестеге  сәйкес ұсынады.

    Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне берілетін мақсатты трансферттерді және бюджеттік кредиттерді қаржыландыруды жүзеге асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеті органға облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бойынша негізделген есептеулерді ұсынады.

    4.Республикалық  бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің  бюджеттік өтінімдері және бюджеттік  жоспарлау жөніндегі орталық  уәкілетті органның олар бойынша  қорытындысы, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемі жөніндегі ұсынысы ағымдағы қаржы жылының 15 шілдесінен бастап Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізілді.

    Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 тамызына дейін республикалық бюджеттік  бағдарламалар паспорттаның жобаларын  және шығыстарды есептеулерді Республикалық бюджет комиссиясының шешімдерін сәйкес келтіреді және оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.

    5.Бюджеттік  жоспарлау жөніндегі орталық  уәкілетті орган алдағы қаржы  жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы негізінде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын жасайды және ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірілмейтін мерзімде оны Укіметтің қарауына ұсынады.

Алдағы  қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Үкімет ағымындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізеді.

    Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан  Республикасының бүкіл аумағында  төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу туралы жарлығы не Қазақстан Республикасының бірнеше өңірінің аумағында төтенше жағдайды енгізу төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін негіз болып табылады.

    Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық  бюджет туралы заң жобасының мәтінінде:

    алдағы  қаржы жылындағы республикалық бюджет кірістерінің, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттік кредит беруінің, қаржы активтерімен жүргізілетін операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының, тапшылығын қаржыландырудың көлемдері;

    жалақының, зейнетақының, айлық есептік көрсетікштің ең төменгі мөлшері;

    жергілікті  бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алынымның көлемі;

    республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге  берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі;

    Үкіметтің резерві мөлшері;

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері бойынша міндеттемелерді орындау сомасы;

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктер  беру лимиті;

    Үкіметтік борыш лимиті және басқа да қағидалар  болуға тиіс.

    Бюджет  процесінде маңызды рөл бюджеттік  жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға беріледі, ол тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын әзірлейді және оларды қарауға үкіметке табыс етеді, бюджеттік өтінім жасаудың және табыс етудің тәртібін айқындайды.

Информация о работе Бюджеттік органдардың ролі