Бюджеттік органдардың ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 21:31, дипломная работа

Описание

Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттерінің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісі байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.

Работа состоит из  1 файл

ДАЙЫН БЮДЖЕТ СРС.doc

— 380.00 Кб (Скачать документ)

    8) мемлекеттік бюджеттің қаражатына қатысты және оның есебінен (олардың жүзеге асырылуын үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз) ұлттық және шетелдік валютада банктік операцияларды, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатуынан түсетін ақшасына; мемлекеттік мекемелердің демеушілік, қайырымдылық көмектен алатын ақшасына; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар олардың қайтарымдылығы не белгілі бір талаптар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен беретін ақшаға қатысты:

    мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаны бақылау  шоттары мен шетелдік валютадағы шоттарын ашу, жабу және жүргізу;

    есеп  операциялары: төлеуге берiлетiн  шоттардың негiзiнде мемлекеттік  мекемелердің және салық органдарының төлем тапсырмаларын өткізу;

    аккредитивті  ашуды, олар бойынша міндеттемелерді  орындауды және жабуды жүзеге асыруға;

    9) бюджеттiк бағдарламалар бойынша төлемдердi жүзеге асырудың ай сайынғы кестесiне бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң келiсiмi бойынша түсiмдердiң болжамды көлемдерiн ескере отырып өзгерiстер енгiзуге құқығы бар.

    Комитет аумақтық бөлімшелердің басшылығын жүзеге асырады.

    Комитетті Қазақстан Республикасының Қаржы  министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төрағасы басқарады.

    Комитет Төрағасының заңнамада белгіленген  тәртіпте Қазақстан Республикасының  Қаржы министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екі орынбасары болады.

    Комитеттің  облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Қазынашылық департаменттерінің басшыларын Комитет төрағасының  ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының  Қаржы министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

    Төраға  Комитеттің жұмысын ұйымдастырады  және оған басшылық жасайды және Комитетке  жүктелген функциялардың жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.

    Төраға:

    1) өз орынбасарларының, Комитеттің  аумақтық және құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгілейдi;

    2) заңнамаға сәйкес Комитеттің  және облыстар, Астана және Алматы  қалалары бойынша  Қазынашылық  департаменттерінің басшыларының  орынбасарларын, аудандық, қалалық  және қаладағы аудандық қазынашылық басқармаларының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

    3) заңнамада белгiленген тәртіппен  тәртiптiк жаза қолданады;

    4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері  мен облыстар, Астана және Алматы  қалалары бойынша  Қазынашылық  департаменттер туралы ережелердi бекiтедi;

    5) Комитет штат санының лимиті  шегінде Комитеттің штаттық кестесін  бекітеді;

    6) заңнамада белгiленген тәртіппен  Комитеттің қызметкерлерін және  облыстар, Астана және Алматы  қалалары бойынша  Қазынашылық  департаменттерінің басшыларын іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау (қайта даярлау), олардың біліктілігін арттыру, оларды көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйлық беру мәселелерін шешеді;

    7) Комитеттің бұйрықтарына қол  қояды;

    8) заңнамаға сәйкес Комитеттi мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда бiлдiредi;

    8.1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  бойынша жеке жауапкершілік тартады;

    9) Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес өзге де құзыреттерді  іске асырады.

    Осы қазынашылық функцияларының және ұйымдастыру қызметтерін қорытындылай келе, республикалық бюджеттің кассалық атқарылуына талдау жасалады. Ол төмендегі 1-кестеде берілген. 

    2 кесте

    Республикалық бюджеттің кассалық атқарылуы 

      Атауы   2008 2009 2010 Өзгеруі +, (-)    %
I. Кірістер 3 317 601,9 2 779 227,6 3 626 177,2      9,3
Салық түсімдері 2 071 407,3 1 451 007,5 2 083 554,7     0,6
Салықтық  емес түсiмдер 72 844,1 114 295,8 71 428,7      -1,9
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер  
8 575,7
 
4 538,0
 
23 736,5
 
      176,8
Трансферттердің түсімдері 1 164 774,9 1 209 386,4 1 447 457,3       24,3
II. Шығындар 2 703 567,1 3 118 646,0 3 860 974,2       42,8
III. Таза бюджеттік кредит беру  
42 118,8
 
25 035,9
 
35 981,2
 
     -14,5    
IV. Қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо  
899 394,5
 
146 491,6
 
284 011,1
 
     -68,4
V. Бюджеттің тапшылығы (профициті)  
-327 478,5
 
-510 945,9
 
-554 789,3
 
    59,6
VI. Бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)  
 
327 478,5
 
 
510 945,9
 
 
554 789,3
 
 
     59,6
Қарыздар  түсімі 477 296,7 809 430,1 882 228,5      84,8
Қарыздарды өтеу 164 889,4 249 038,3 290 107,2      75,9
Бюджет  қаражаттарының қолданылатын қалдықтары  
15 071,3
 
-49 445,9
 
-37 332,0
 
      
         
 
 

    2010 жылғы республикалық бюджеттің кірістері 106,2 % - ға орындалды, 2008 жылмен салыстырғанда 9,3 %-ға артқан.

    Республикалық бюджетке 2010 жылдың қорытындысы бойынша  салықтық түсімдер жоспардағы 1 886,9 млрд. теңгенің орнына, 2 083,6  млрд.теңгені немесе 110,4 %-ды құрады, яғни 2008 жылмен салыстырғанда 0,6 %-ды көрсетеді. Салықтық емес түсімдер бойынша жоспар 119,6  %-ға, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша 90,0 %-ға, трансферттердің түсімдері бойынша 100,5 %-ға орындалды.

    Салықтық  емес түсімдерді 2008 жылмен салыстырып қарағанда -1,9%-ға кеміп отыр.

      Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер жылдық жоспар кезінде 26,4 млрд. теңгенің орнына 23,7 млрд.теңге түсті. Жоспар төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен елдерге гуманитарлық көмек көрсетуге байланысты мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды сатудан түсетін түсімдер бойынша және материалдық құндылықтарды шығару бойынша бірқатар шарттарды бұзумен байланысты орындалмады. Бірақ 2008 жылмен салыстырғанда 176,8 % -ға артқан.

    2010 жылғы республикалық бюджеттің шығыстары (қарыздарды өтеуді есепке алмағанда) 4 284,0 млрд.теңгені құрады немесе 4 321,4 млрд.теңге сомасында есепті кезеңге арналған жоспардың 99,1%-ын құрады. Бюджеттік қаражаттардың игерілмеуінің  факторлары, ол – объективтік себептер бойынша – 14,1 млрд.теңге, оның ішінде 1,8 млрд.теңге - мемлекеттік сатып  алу нәтижесі бойынша үнемдеу және 6,6 млрд.теңге үлестірілетін бюджеттік бағдарламалар бойынша шешімдермен үлестірілмеген қаражат қалдықтары: 3,6 млрд.теңге – Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві бойынша, 3,0 млрд.теңге – өкілдік шығындар бойынша. 2008 жылмен 2010 жыл аралығындағы шығындар көлемі 42,8% -ға өскен.

    Субъективтік  себептер бойынша 23,3 млрд.теңге игерілмеген, оның ішінде: 0,6 млрд.теңге - мемлекеттік  сатып алу бойынша бәсекелестік ортаның болмауынан (маркетингтік талдаудың болмауы) конкурстардың өтпеуі; 12,8 млрд.теңге - конкурстық рәсімдердің мерзімінде өтпеуі, олардың өткізу мерзімін ауыстыру, жеткізушілермен шарттың талаптарын бұзуы, орындалған жұмыстардың актілерін, шот-фактуралардың уақытында ұсынылмауы; 9,8 млрд.теңге - бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы нормативтік құқықтық актілердің уақытында қабылданбауы және басқа себептер.

     2010 жылға өңірлерге «Бизнестің жол  картасы - 2020» бағдарламасын іске  асыруға 13,8 млрд. теңге бөлінді, жергілікті атқарушы органдар оның 6,6 млрд. теңгесін немесе 47,9%-ын игерді. 7,2 млрд. теңге игерілмей қалды.

     Қарыздар  түсімі 2010 жылғы 882 228,5 млн теңгені  құрап, 2008 жылмен салыстырғанда 84,8%-ға артқан.

     Осы Республикалық бюджеттің шығындарының жұмсалу бағыттарын төмендегі кестеден көруге болады.  

     3 кесте

     Республикалық бюджет шығыстарының кассалық атқарылуы 

  Шығындардың атауы 2008 ж 2009 ж 2010 ж  өзгеруі +,(-),%
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер      145 929,3 120 593,2 158 537,9 8,6
Қорғаныс 175 646,3 183 014,7 214 549,5 22,1
Қоғамдық  тәртіп, қауіпсіздік, сот, қылмыстық-атқару қызметі  
 
219 869,2
 
 
259 931,1
 
 
309 793,2
 
 
40,8
Бiлiм  беру 188 207,9 231 255,0 236 392,9 25,6
Денсаулық сақтау 115 581,2 176 799,6 367 185,5 217,6
Әлеуметтiк  көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру  
566 193,6
 
695 930,8
 
835 497,5
 
47,6
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк 87 460,6 104 388,5 135 388,6 54,8
Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану  
59 087,8
 
61 274,8
 
86 856,7
 
46,9
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы жер  қатынастары  
159 484,5
 
161 349,8
 
  200 220,2
 
               25,5
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс  қызметі  
2 981,5
 
14 215,9
 
8 253,3
 

2,7

Көлiк  және коммуникация  
249 712,4
 
259 563,5
 
315 559,0
 
26,3
Басқалар 142 232,1 69 202,5 85 251,8 -40,1
Трансферттер 449 066,2 526 926,8 645 354,4 43,7
 

    2 кестеде берілген мәліметтер  көздері бойынша республикалық  бюджет шығындарының 2008-2010 аралығындағы  кассалық атқарылуын және олардың  осы жыл аралығында өзгеруі немесе үлесін көре аламыз.

    Шығыстардың арасында әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру шығыстары 835 497,5 млн теңгені құрап, 2008 жылмен салыстырғанда 47,6% өскен. Трансферттердің көлемі 645 354,4 млн теңге, 43,7 пайызды өскен. Нысаналы трансферттерді игеру шеңберінде Жол картасы іс-шараларына республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану да жүзеге асырылды. Көлік және коммуникация саласы қаражаттарына 315559 млн тг түсіп, 26,3% өскен. Барлық шығындардың 2008, 2009 жылмен 2010 жылды салыстырғанда біршама қаржыландыру болғанын көре аламыз, яғни қаражаттар көлемі өскен.

    Ауыл  шаруашылығы министрлігі –3,0 млрд.теңге, оның ішінде, 024 «2009 жылдың астық өнімін экспорттағанда көлік шығындарының бағасын арзандату» бюджеттік бағдарламасы бойынша – 1,0 млрд.теңге, («Көлік тасымалдау қызметі орталығы» АҚ) төлем құжаттарын азайтылған сомаға ұсынған себебі салдарынан, 027«Арал теңізінің солжақ бөлігін сақтап қалу және Сырдарья өзенінің жағалауын реттеу» – 0,3 млрд.теңге, бюджеттік бағдарламаның әкімшісінің нәтижесіз басқару себебінен, 031«Гидротехникалық нысаналарды реттеу» - 0,6 млрд.теңге, «ШҚО Үржар ауданы Қаракөл өзеніндегі су қоймасы имараттарын қайта жаңғырту» (1-кезекте) объект бойынша сметалық құнын арттыра отырып Хоргос өзенінде «Достық» гидроторапты бірлесіп салуы туралы Қазақстан және Қытай Халық Республикалары арасындағы келісімге қол қоюдың ұзақ мерзімге созылуына байланысты, 041 «Нұра мен Есіл өзендерінің бассейндерін қоршаған ортамен басқару» бюджеттік бағдарламалары бойынша - 0,4 млрд.теңге, жұмыс кестесінен мердігерлердің кеш қалуына байланысты);

    Денсаулық сақтау министрлігі – 2,9 млрд.теңге, оның ішінде:                   016 «Денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау» – 1,7 млрд.теңге, оның ішінде 0,5 млрд.теңгесі – Астана қаласының кардиохирургиялық орталығына құрал-жабдықтарды жеткізуді кешіктіруге байланысты орындалған жұмыстардың актілерін тапсырмау себебінен, 0,5 млрд.теңгесі – Павлодар қаласының кардиохирургиялық орталығын салу бойынша жобаның өзгеруімен Мемлекеттік сараптаманың қорытындысын кешіктіруге байланысты, 0,2 млрд.теңге – ҒЗИ жедел жәрдем көмегін салуда Мемлекеттік комиссияның ескертулерін  мердігерлердің түземеу себебінен, 029 «Денсаулық сақтау жүйесін реформалау» бағдарламалары бойынша - 0,6 млрд.теңге, Дүниежүзілік банкте төлемдерді өткізу рәсімдерінің ұзақ мерзімде өтуіне байланысты;

Информация о работе Бюджеттік органдардың ролі