Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 21:31, дипломная работа
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттерінің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісі байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Көлік және коммуникация
министрлігі – 3,0 млрд.теңге,
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі - 1,7 млрд.теңге, 011 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы бойынша-1,7 млрд.теңге, Астана қаласы әкімдігінің тұрғын үйді сатып алудың кассалық шығындарын кешіктіріп қалпына келтіргендігіне байланысты;
Президенттің Іс Басқармасы - 1,3 млрд.теңге, оның ішінде: 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету» - 0,7 млрд.теңге, РББӘ байланысты емес себептермен - лауазымды бос қызмет орындары, еңбек ақысы сақталмайтын демалыстар, мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша үнемдеу, 008 «Қазақстан Республикасы Президенттің Іс Басқармасы объектілерінің құрылысы және реконструкциясы» бюджеттік бағдарламалары бойынша - 0,5 млрд.теңге, объектілердің құрылыс жұмыстарын орындаған актілерін, жоспарланған жұмыстардың орындалмауынан, шарттардың ұзақ мерзімде бекітілуінен, конкурстық рәсімдердің ұзақ мерзімде өткізілуі;
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі – 1,2 млрд.теңге, негізгі себептер болып құрылымдық мемлекеттік органдардың қайта тіркелу куәліктерін кеш алуына байланысты бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы нормативтік құқықтық актілердің уақытында қабылданбауы болып табылады.
Мемлекеттiк бюджет бұл мемлекеттiк өкiмет органдарының қызметiн қамтамасыз ету үшiн ақшалай қаражатты қалыптастыру және жұмсалудың негiзгi қаржы жоспары. Мемлекеттiк бюджет республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiредi.
Бюджеттiң табысы – салық
және салыққа жатпайтын түсiмдер
мен алымдар көлемi, сондай-ақ қайтарылмайтын
негiзде бюджетке түсетiн капиталмен
жасалған операциялардан түсетiн табыстардан
тұрады.
2.3
Есеп Комитетінің қызметін бағалау
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) 1996 жылғы сәуірде құрылды.
Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Есеп комитетінің Төрағасы мен екі мүшесін, ал Парламент Есеп комитетінің қалған алты мүшесін, яғни әр палата үш-үштен Есеп комитетінің мүшелерін тағайындайды.
Қазақстан
Республикасының 2004 жылғы Бюджет кодексіне
сәйкес Есеп комитетіне мемлекеттік
қаржылық бақылаудың жоғары органы деген
мәртебе берілді. Өзінің мазмұны
бойынша Үкіметтің есебіне
2008
жылы жаңа Бюджет кодексі
Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған Есеп комитетінің мәртебесі, өкілеттіктері мен функциялары ИНТОСАИ жоғары қаржы бақылау органдарының халықаралық ұйымы қабылдаған Лима декларациясына сай келеді.
Есеп комитетінің қызметінде сараптама-талдау, ұйымдастырушылық, бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізуге айрықша мән берілген. Осы жұмыстардың барлығы мемлекеттік қаржылық тәртіптің деңгейін арттыруға бағытталған. Әдіснамалық және әдістемелік база ұдайы негізде жетілдіріліп отырады. Сонымен қатар Есеп комитетінің қызметінде тиісті ұсыныстар мен ұсынымдар арқылы бюджет пен өзге де заңнаманы жетілдіруге баса мән беріледі.
ИНТОСАИ, ЕВРОСАИ, АЗОСАИ, ЭКОСАИ, ЮСАИД сияқты халықаралық ұйымдармен, Бельгияның, Ұлыбританияның, Латвияның, Қытай Халық Республикасының, Польшаның, Франция Республикасының, Жапонияның және басқа да елдердің жоғары қаржы бақылау органдарымен арадағы ынтымақтастық жоғары деңгейде дамып келеді.
ТМД-ға мүше мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшыларының жыл сайынғы кездесулерінде проблемалық мәселелер талқыланып отырады.
Халықаралық ынтымақтастықтың ең тиімді нысандарының бірі келісімге қатысушы елдердің өзара мүдделерін қозғайтын өзекті мәселелер бойынша параллель бақылау (аудит) жүргізу болып табылады. Ресейдің, Әзірбайжанның, Украинаның жоғары қаржы бақылау органдарымен бірқатар бірлескен бақылау іс-шаралары өткізілді.
Жариялылық принципіне сәйкес Есеп комитеті «Мемлекеттiк аудит - Государственный аудит» атты журнал шығарады, сондай-ақ тоқсан сайын бюллетень жарияланып отырады, бақылау іс-шараларының қорытындысы Есеп комитетінің ресми сайтына орналастырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі қызметкерлерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша мақсатты саясат жүргізу мәселелеріне үлкен назар аударылады.
Атап айтқанда, қаржылық аудиттің халықаралық ұйымдарымен әріптестік қарым-қатынастарды дамыту арқылы қызметкерлердің біліктілігін арттыру ұйымдастырылған. Жасалған келісімдер аясында жыл сайын шамамен 10-15 тексеруші халықаралық курстарға оқуға барып қайтады.
Үстіміздегі
жылы Есеп комитеті Түркия Республикасының
Үкіметі жанындағы Түркияның
халықаралық ынтымақтастық
Сонымен қатар, Есеп комитеті Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне қаржылық бақылаудың жоғары білікті мамандарының жаңа буынын дайындауға жәрдем көрсетуде. 2006 жылдан бастап аталған университетте «мемлекеттік қаржылық бақылау» мамандығы бойынша мамандар даярланып келеді.
Қазақстан Республикасының қаржылық бақылау жүйесінің дамуындағы ең өзекті мәселелерді шешуге жәрдемдесу мақсатында 2007 жылы Есеп комитетінің жанынан Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық құрылды.
Орталықтың
негізгі міндеттері қаржылық бұзушылықтарды
зерттеу, олардың алдын алу, қаржылық,
сыбайлас жемқорлық құқық
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) қызметінің мәселелерін, Есеп комитетінің мүшелері арасында бақылау жұмысының бағыттарын бөлу, Есеп комитетінің есептерін қалыптастыру, құрылымдық бөлімшелердің міндеттерін, жұмыстарды жоспарлау мен іс жүргізуді ұйымдастыру, Есеп комитетінің бақылау іс-шараларын, отырыстарын, кеңестерін және өзге де қызметін дайындау мен жүргізу рәсімін реттейтін құқықтық акт.
Қазақстан
Республикасы Президентінің 2002 жылғы
5 тамыздағы №917 Жарлығымен бекітілген
Есеп комитеті туралы ережеге сәйкес,
Регламентте реттелмеген
Есеп комитетінің құрылымы мен штат кестесі Есеп комитеті Төрағасының бұйрығымен Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Есеп комитетінің жалпы штат саны мен республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде айқындалады.
Есеп
комитетінің құрылымдық бөлімшелері
туралы ережелер, Есеп комитетінің
қызметкерлеріне қойылатын
Есеп комитеті қызметкерлерінің міндеттері біліктілік талаптарымен айқындалып, аппарат басшысы мақұлдаған бекіткен лауазымдық нұсқаулықтармен бекітіледі.
Есеп комитетінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, олардың мемлекеттік қызметті өткеру кезіндегі ауысуы, оларды жұмыстан босату, оларға демалыс беру Есеп комитеті Төрағасының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Есеп
комитетінің қызметкерлерін көтермелеу
қызметкерлердің рейтингілік
Есеп
комитетінің қызметкерлеріне
Есеп комитетінің жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы №917 Жарлығымен бекітілген Есеп комитеті туралы ережеге, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі №788 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына, Есеп комитетінің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 4 қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесіне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Регламентке сәйкес ұйымдастарылады.
Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында Есеп комитеті Төрағасының шешімімен Есеп комитетінің мүшелеріне бақылау жұмысының тиісті бағыттары бекітіледі.
Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынылатын Есеп комитетінің есебі, бақылау іс-шараларының нәтижелері, сондай-ақ Есеп комитетінің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер оның отырыстарында қаралады.
Күнделікті қызметке қатысты мәселелерді Есеп комитетінің Төрағасы Есеп комитетінің мүшелерімен және аппарат басшысымен бірге кеңесте қарайды. Кеңестің басқа қатысушыларын Есеп комитетінің Төрағасы айқындайды. Кеңеске шақырылған адамдарды хабардар етуді, оны өткізу материалдарын дайындауды Есеп комитетінің аппараты (бұдан әрі – Аппарат) қамтамасыз етеді. Кеңестің қорытындысы тиісті хаттамамен ресімделеді.
Бақылау қызметін қамтамасыз етуді, оны ақпараттық-талдамалық, құқықтық тұрғыдан сүйемелдеуді, сондай-ақ Есеп комитеті мен оның мүшелері қызметінің өзге де түрлерін, Есеп комитеті Төрағасының және Есеп комитеті мүшелерінің қатысуымен өтетін хаттамалық іс-шараларды, ресми кездесулерді ұйымдастыруды Аппарат жүзеге асырады.
Халықаралық іс-шараларды үйлестіруді Есеп комитетінің Төрағасы Есеп комитеті мүшелерінің біріне тапсырады. Халықаралық іс-шараларға дайындалып, оларды өткізу үшін Аппарат жұмыс тобын құрады, оның жұмысы тиісті іс-шаралар жоспарының негізінде ұйымдастырылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауды, бұқаралық ақпарат құралдарында, Есеп комитетінің интернет-ресурсында бақылаудың нәтижелері бойынша материалдарды және Есеп комитетінің қызметі туралы өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасында мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып орналастыруды, баспасөз конференцияларын, брифингілерді және көпшілік қатысатын басқа да іс-шараларды өткізуді Есеп комитетінің бұқаралық ақпарат құралдарымен арадағы жұмыстарды ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі Аппараттың мүдделі құрылымдық бөлімшелерін тарта отырып ұйымдастырады.