Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 20:40, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттілігі атап көрсетілді. Құқықтық білімге терең назар аударудың бірқатар себептері бар. Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекет болды.
Кіріспе...........................................................................................................................2
1. . САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ МӘНІ................................................6
1.1Сату-сатып алу шартының ұғымы және элементері ..........................................6
1.2 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері....................15
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ....................................................................................26
2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты......................................................................26
2.2 Тауар жеткізілімі шарты.....................................................................................32
2.3 Келісімшарт жасасу шарты................................................................................40
2.4 Энергиямен жабдықтау шарты..........................................................................45
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ.................................................................56
3.1 Мемлекет қажетілігі үшін тауарларды жеткізу ерекшеліктері.......................56
3.2Сату-сатып алу шарттары бойынша жауапкершілік........................................59
3.3Сату-сатып алу шарттарының өзекті мәселелері.............................................62
4 ТАУАРЛАРДЫ БӨЛШЕКТЕП САТУ ЕСЕБІҢ АУДИТІ .................................68
4.1 Тауарларды бөлшектеп сату есебінің аудиті.......................................... .........68
4.2 Кәсіпорынның қоймасына тауарлдың түсуін құжаттық рәсімде ..................78
4.3 Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде ...............82
Қорытынды................................................................................................................87
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................88
Олар дегенiмiз акцияларының 50 жəне одан көп процентi (қатысу үлесу) бiр немесе өзге тапсырысшыға жататын (басқаруға берiлген) заңды тұлғалар. Аффирленген заңды тұлға да өзi тiкелей сатып алушы ретiнде əрекет ете алады.
Заңды жəне жеке тұлға шарт бойынша сатушы (тауар берушi, жеткiзушi) бола алады. Көптеген жағдайларда кəсiпкерлiк қызмет субъектiлерi тауар берушi болады. Заңды тұлғаның жеке немесе мемлекеттiк меншiк нысанында негiзделуi ешқандай мəнге иемденбейдi. Мемлекеттiк қазынашылық кəсiпорын да тауар берушi бола алады. Бiрақ мемлекеттiк кəсiпорындар тек заңды қарастырылған жағдайларда ғана тауар берушiлер бола алады.
Қазақстан Республикасының сатып алу туралы заңында тауар берушiнiң аффирленген тұлғасы тауар берушiге (болжамды тауар берушiге) түсiнiктеме берiлген. Оларға сол немесе басқа болжамды тауар берушiлердiң қабылдаған шешiмдерiне, соның iшiнде шарт немесе басқа мəмiлеге байланысты əсер ететiн жəне (немесе) шешiмдi тiкелей (немесе) жанама анықтауға құқы бар кез келген жеке заңды тұлға жатуы мүмкiн. Керiсiнше болжамды тауар берушiнiң де сол тұлғаларға қатысты аталғандай құқықтары болса, онда соңғылары аффирленген тұлғалар қатарында болады. Байланыстар мiнезiн сипаттайық. Тауар беруш жəне оның аффирленген тұлғасы консорциалды келiсiмдердiң қатысушылары болып табылуы мүмкiн, бiр заңды тұлға (болжамды тауар берушi немесе оның аффирленген тұлғасы) екiншi – еншiлес заңды тұлғаның құрылтайшысы ретiнде əрекет етедi т.б.
Тауар берушiнiң аффирленген тұлғасы ретiнде “Мемлекеттi сатып алу туралы” Заңының 7бабы 1тармағында аталған субъектiлердi де қарастыру қажет. Олар мемлекеттiк сатып алу барысында бiр уақытылы тапсырысшының да мүддесiн бiр уақтылы өкiл етуге құқылы емес.
Бұдан басқа тауар берушi (болжамды тауар) жеткiзушi жəне оның аффирленген тұлғасы мемлекеттiк сатып алу барысында бiр конкурста, бiр зат ретiндегi саудада қатыса алмайды.
“Мемлекеттi сатып алу туралы” Заңының 8бабында болжамды тауар берушiлерге қойылатын арнайы талаптар анықталған.
3.2 Сатып алу-сату шарттары бойынша жауапкершiлiк
Азаматтық құқықтық қатынастар субъектiсiне жүктелген мiндеттердi бұзғаны үшiн жəне бұзушылықпен келтiрiлген уəкiлеттi тұлғаның мүлiктiк шығындарын өтеуге байланысты қолданылатын заңмен немесе шартпен қарастырылған мүлiктiк өтеу немесе мүлiктiк ауыртпалық жауапкершiлiк болып анықталады.
Шығындарды өтеуге жəне айып төлеуге жататын жауапкершiлiктiң санкцияларын (шараларын) бөлiп шығарады. Олардың қатарына кепiлпұлды ұстап қалу сияқты шара жəне т.б жатады.
Жауапкершiлiк шараларын шарттық мiндеттеменi бұзушыға əсер етудiң ұйымдастыру шараларынан немесе басқаша жедел шаралардан айыру қажет. Олар құқықты бұзушы жəне бұзушылықтан жəбiр шеккен тұлғаның араларында құқықтық байланыстарды өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған. Мiндеттеменiң орындалу жағдайы мен тəртiбiнiң өзгеруi мұнда кiруi мүмкiн. Мүлiктiк салдары бұл кездерде жолай нəтижелер ретiнде болады.10 Жедел шаралар шарт бойынша құқықтарды қорғаудың басқа шараларының iшiнде кiшкентай үлес алады, бiрақ бұл олардың маңыздылығын азайтпайды.
Сатып алу-сату шарттары бойынша жауапкершiлiк туралы жалпы ережелердi қарап шығайық.
Сатушының негiзгi мiндетi сатып алушыға тауарды беру. Белгiлi затты жеке беруге байланысты мiндеттеменiң орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк ҚР АК 416бабында көрсетiлген, ол өз кезегiнде ҚР АК 355бабына сiлтеме жасайды. Сатушыны белгiлi затты жеке беруiне мəжбүр еткеннен басқа көрсетiлген баптың 2 тармағына сəйкес, сатып алушы тиiстi шығындарды өндiрiп ала алады. Тектiк заттарды беруiне байланысты мiндеттемелердiң орындалмауының нəтижесiнде сатып алушы зиян шеккен жағдайда, ол ҚР АК 350 бабына сəйкес оларды өндiре алады.
Егер сатушы тауарға тиiстi керек жарақтарды немесе құжаттарды сатып алушыға беру мiндетiн орындамаса, онда сатып алушы мiндеттемелерге байланысты жалпы ережелерге сай оған келтiрiлген шығындарды өндiрiп алуға немесе тауарды қабылдаудан бас тартуына болады.11 Бiрақ та, сатып алушы құжаттарды беруге байланысты сатушыға тиiстi мерзiм белгiлеуiне мiндеттi, яғни жауапкершiлiк шараларын бiрден қолданылуына болмайды. Шартқа байланысты берiлетiн тауар көлемi бойынша талапты сатушы бұзған жағдайда, сатып алушы берiлген тауардан жəне оған ақы төлеуден бас тартумен қатар оған келтiрiлген шығын өтелуiн талап етуге құқылы. Сатушының ұқсас жауапкершiлiгi тауарды үшiншi тұлғаға құқықтан бос беру мiндетiн орындамаған жағдайда болады.12. Сатушы тауардың түртүрiмен көзделмеген тауарды бергенде, түртүрге байланысты талаптарға сай келмейтiн тауардан бас тартса, сатып алушы жауапкершiлiк шараларын қолдануына болады (ҚР АК 421бабының 1,2,3тармақтары).
ҚР АК 428бабында тиiстi сапалы тауарларды беру мiндеттемелерiн сатушымен бұзған үшiн жауапкершiлiк санкциялары тiкелей қарастырылған.
Мұндай жағдайларда, сатып алушы сатушыдан мыналардың бiрiн талап етуге құқылы:
1) сатып алу бағасын сол мөлшерде кемiтудi;
2) қисынды мерзiмде тауардың кемшiлiктерiн тегiн жоюды;
3) тауардың кемшiлiктерiн жоюға жұмсаған өз шығындарын өтеудi.
Жиынтығы бойынша талапты u1073 бұзған кезде сатып алушы талап ете алады:
1) сатып алу бағасын сол мөлшерде кемiтудi;
2) тауарларды қисынды мерзiмде толық жиынтықтауды;
3) жиынтықталмаған тауарды жиынтықталған тауармен алмастыруды.
Жауапкершiлiктiң арнайы шараларын қолдану, сатып алушыны азаматтық құқық жауапкершiлiктiң орын толтыру механизмiн толық көлемде қолдану жəне сатушыдан қалған шығындарды өндiрiп алу құқығынан айырмайды.
Егер сатып алушы заңды талаптарды бұзумен байланысты тауарды қабылдамаған немесе қабылдаудан бас тартқан, қабылданған тауарға ақы төлемеген, төлеу мерзiмi басталып кеткен алынбаған тауарға ақы төлеу мiндетiн орындамаған жағдайларда, сатып алушының жауапкершiлiгi басталады. ҚР АК 353-бабына сəйкес сатушы бұл жағдайда сатып алушыдан басқаның ақшасын пайдаланғаны үшiн тұрақсыздық айыпақыны өндiрiп алады. Бiрақ, егер сатып алушымен алдынала төленген тауарды беру мiндетiн сатушы орындамағанда, онда айып ақы оның өзiнен өндiрiледi.
Бөлшектеп сатып алусату шарты бойынша жауапкершiлiктiң арнайы шаралары қарастырылған. Сатып алушыдан сапасыз тауарды ауыстыру үшiн қбылдап алудың тұтынушылардың құқығын қорғау туралы Заңының 14бабы 4тармағында көрсетiлген мiндетiн (мерзiмдi) сатушы бұзғанда, оларды бұзғанның əр күнiне сатушы ауыстырылған тауарды бергенмен бiрге ол тауар құнының 1 пайыз көлемiндегi айыпты төлеуге мiндеттi.
Егер сатып алынған заттың гарантиялық жөндеуi қажет болса, тұтынушы (сатып алушы) жөндеуге жататын үлкен мөлшерлi 10 кг жоғары заттардың, бұйымдардың керектi жерлерге жəне қайта орнына дүкеннiң немесе шеберхананың есебiмен жеткiзiлуiн талап етуге құқылы.
Техникалық күрделi заттың жөндеуде болған мерзiмiнде гарантиялық шеберхана жөндеу уақытына осындай затты қайтарымсыз түрде керектi жерiне жеткiзiп беруiне мiндеттi. Жөндеу мерзiмдерiн немесе жөндеу уақытына қайтарымсыз затты беруiн бұзғанда, сатушы тауардың сатылу бағасының бiр пайыз мөлшерiнде, мерзiмнен əр күн өткен сайын айып төлейдi.
Тұтынушының тұрған жерiнде сатушы ұйымның өкiлi болмаған жағдайда, тұтынушы тауарды сатып алу орнына байланысты сатушы ұйымның мекенжайына немесе оның өкiлiне сатып алынған тауарды анықталған оқулықтар туралы актiмен бiрге жiберуге құқылы.
Бұл жағдайда,сатушы өнiмде кемiстiктердi анықтауға жəне тауарды оған қайтарғанға байланысты шығындарды өтеуге мiндеттi. Өнiмнiң конструкциялық өндiрiстiк, рецептуралық кемшiлiктерiнiң болғанына байланысты өмiрге, денсаулыққа немесе азаматтың мүлкiне келтiрiлген зиян толық көлемде өтелуге тиiстi. Қазiргi жағдайда, егер өмiрге жəне денсаулыққа зиян келтiрiлсе, азаматтық заңнама жауапкершiлiктiң жоғарырақ мөлшерi жөнiнде келiсiмдерге жол бередi.
Тауар жеткiзiлiмi шартындағы жауапкершiлiк негiзiнен сатып алусату шартындағы жауапкершiлiктен ерекшеленбейдi. Өнiм тапсыру туралы ереже бұзушылықтың жеке түрлерiне, мысалы, сапасыз тауарларды жеткiзу, айып түрiндегi санкцияларды ескередi. 13.
Бұл ереженiң 46-тармағына сəйкес, сапасыз (жиынтықталмаған) өнiм тапсыратын болса, тауар құнының жиырма пайыз мөлшерiмен айыппұл төлеуге тиiс. Сонымен қатар, шарт бойынша өзге бұзушылықтарға да жол берсе, айыппұлды өндiрiп алу мүмкiн болады. Сатып алу-сату шартының жəбiрленушi тарабы мүлiктiк жауаптылықты қолданумен қатар келтiрiлген моральдық зиянды өтетiп алуға да құзiреттi. Моральдық зиянды өтетiп алу мүмкiндiгiн шектеу заңмен белгiленуi мүмкiн.
3.3Сату-сатып алу шарттарының өзекті мәселелері
Қазргі таңда «сатып алу –сату шарты» – азаматтық құқықтағы маңызды инстуттардың бірі. Бұл шарттың құқықтық реттеудегі мәлім тарихы тіпті төрт мың жылды көрсетеді. Сатып алу –сату шарты азаматтық, жер, коммерциялық және халықаралық жеке құқық нормаларымен реттеледі. Бүгінгі күні сатып алу – сату шарты – азаматтық құқықтағы ең кең таралған шарт. Аталған институттың ерекше маңызы тауарлық айналымда материалдық игіліктердің барынша таза түрде айналымының болуында болып отыр. Бұл өз кезегінде қазіргі заманғы құқықта сатып алу – сату шартының кең әрі жұмсақ қолданылуына шарттар тудырады.
Сатып алу – сату шартының тәжірибелік маңыздылығы, өзектілігі ғылымның, техниканың жетістігі, қоғамның экономикалық өмірінің қиындауы жаңа құқықтық нысандардың тууына және азаматтық құықтың дәстүрлік институтын – сатып алу – сату шартын дамытуға әкеледі. Өз кезегінде өзектілігі дипломдық жұмыстың бұл тақырыбын, мақсаты сатып алу – сату шартын толық, жан-жақты қарау болып табылатын таңдауда шарттық негіз болды. Аталған мақсат негізгі міндеттермен нақтыланады: құқықтық әдебиетті зерттеу, сатып алу – сату шартына қатысты ғалым- құқықтанушылардың әр түрлі ұстанымдарын салыстыру, сатып алу – сату шартының негізгі ережелерін және маңызды шарттарын қарастыру, сатып алу – сату шартын құқықтық реттеудегі негізгі сәттерін анықтау, сатып алу –сату шартының бөлек түрлерінің ерекше және ұқсас белгілерін анықтау.
Сатып алу – сату шарты мүліктік қатынастың тең құқықтық қатысушылары арасында тауар – ақшалық қатынасының ең ежелгі нысаны. Мүлікті меншікке беру бойынша міндеттемелерді реттеу бойынша типтік шарттар. Сатып алу – сату бір тараптың яғни сатып алушы немесе алушы екінші тарап яғни сатушы меншікке белгілі затты беруді талап ету құқығын алатын және баға деп аталатын белгілі бір ақша сомасын төлеуге міндеттенетін шартты көрсетеді. Мүліктік айналымдағы азаматтық – құқықтық міндеттемелердің негізгі түрі.
Сатып алу – сату консенсуальды, өйткені тараптармен оның маңызды шарттары бойынша келісімге қол жеткізілген сәтінен бастап жасалды деп есептеледі, ал шарттың күшіне енуі тауардың сатып алушыға беру сәтімен байланысты емес. Сатып алу – сату қайтарымды - сатушы өзінің сатып алушыға тауарларды беру бойынша міндеттерін орындағаны үшін одан қарсы алынған тауарға төлем ретінде ұсынымдық міндет алуы қажет.
Сатып алу – сату шарты екі жақты болып табылады, яғни аталған шарттың әр бір жағы (сатып алушы және сатушы) басқа тараптың пайдасының мінддеттеріне жауапты және бір жағынан қарыз беруші болып есептеледі, себебі оның пайдасына жасауға міндетті, сонымен қатар одан талап ету құқығы бар кредитор болып есептеледі.
Аталған шарт, сатып алушы тарапында барлық жағдайда жауапты оның міндеттерін орындаумен көрініс табатын синаллагматикалық сипатта.
Бұл сатып алушымен тауарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындау, сатушымен сатып алушыға тауарды беру бойынша өзінің міндеттерін орындаумен байланысты.
Сатып алу – сату шартының мазмұны тараптардың міндеттері мен құқықтары орнатылып және нақтыланатын оның барлық шарттарының жиынтығын құрайды. Әдетте барлық сатып алу – сату шарттарында сатып алушы мен сатушының тиісінше міндеттерін анықтайтын шарттардың тобы ерекшеленеді. Сатушының міндеттерін анықтайтын шарттарға: тауар туралы жағдай, оны сатып алушыға беру тәртібі мен мерзімі туралы жағдайлар жатады. Тауарды қабылдау мен оны төлеу тәртібін реттейтін шарттың ережелерімен сатып алушының міндеттері анықталады.
Сатып алу – сату шарты мәні бойынша бір тұлға басқа тұлғаның меншігіне қандай да бір мүлікті беруге, ал соңғысы бұл мүлікті қабылдауға және ол үшін баға деп аталатын, белгілі ақша сомасын төлеуге міндеттенетін негізде бөлек басқа шарттарға (яғни сатып алу – сату шарты бөлек түрлеріне ) қатысты ұқсас түсінік.
Қазақстанның заңнамасында сатып алу – сату шартының бөлек түрлері ретінде танылатын шарттар санына: жекелеп сатып алу – сату, тауарларды жеткізу, тауарларды мемлекеттік қажеттілік үшін жеткізу, контрактациялар, энергиямен қамтамасыз ету, жылжымайтын мүлікті сату, кәсіпорынды сатуды жатқызады. Сатып алу – сату шартының аталған түрлерін бөлу ұқсас құқықтық қатынастарды қарапайым және оңтайлы құқықтық реттеудің мақсаты қызмет атқарады.
Сатып алу – сату шартының бөлек түрлерін шектеу үшін біртұтас санаттар жоқ, бірақ оған қарамастан кейбір ғалымдар шектеудің үш сипатын бөледі: шарттың тараптары, тауарлар алудың мақсаты (сатып алу) және сатып алу объктісі. Сатып алу – сату шартын және оның бөлек түрлерін реттейтін құрылымы мынадай қағидаларға негізделеді: онымен туыстық және түрлік қатынасты сақтаумен сатып алу – сатудың бөлек түріне тиісті шартты бөлетін, сатып алу – сату шартының бөлек түрлеріне қатысты сипатты, квалификациялайтын ерекшеліктердің тобы жиналады. Онымен бірге сатып алу – сату шартының әр түрлі түрлеріне қолданысты мұндай белгілер (ерекшеліктер) оның субъектілеріне, пәніне, мәнді шарттары және т.б. қатысты шарттың әр түрлі элементтерінде табылады. Шарттың бөлек түрлері арасында нақты белгіленген шекара жоқ. Құқықтық реттеудің тиімділігінің басты көрінісі тиісті шарттардың ерекшелігін нақты белгілеу және сатып алу –сату туралы корреспонденциялайтын жалпы ережелердің қолданылуын жоққа шығаратын арнайы ережелердің көмегімен оларды адекватты реттеуін қамтамасыз ету. Сонымен, жекелеп сатып алу –сату шартын сатып алу – сату шартының бөлек түріне бөлуде квалификациялайтын ерекшеліктері: біріншіден, аталған шарт бойынша сатушы ретінде заңды тұлға немесе тауарларды жекелеп сату бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер түседі; екіншіден, сатып алу – сату бойынша сатып алушы кәсіпкерлікпен байланысты емес, жеке, жанұялық, үй немесе басқа пайдалануға арналған тауарларды алатын – жариялы шарт; үшіншіден, сатып алушы ретінде жиі жекелеген сатып алу – сату шартының тек тараптары ғана емес, сондай-ақ жарияланған заңдармен және оған тиісті өзге құқықтық актілермен ұсынылған құқықтармен қолданатын азаматтар бола алады.
Информация о работе Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде