Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 19:35, курс лекций
Есеп-қисаптың маңыздылығын ескере отырып, Халықаралық бухгалтерлер конгресі француз ғалымы Ж.Б.Дюмарше ұсынған «бухгалтерлер гербін» бекіткен болатын. Онда – күн, таразы, Бернулли қисығы бейнеленіп: «Ғылым, сенім және тәуелсіздік» деген ұран жазылған. Бұл арада, Күн – шаруашылық қызмет қаржысы арқылы бухгалтерлік есепті ашып көрсетсе, таразы – тепе-теңдік, яғни балансты білдіреді, ал, Бернулли қисығы – есеп бір кездерде пайда болып, болашақта мәңгі жалғасын табады дегенді меңзейді.
1 тақырып. Есеп переодизациясы. Шаруашылық есеп пен екі жақты жазудың пайда болуы.
1 лекция.
Бухгалтерлік есептің жай және құндық сатысы.
Дж.Чербонидың төрт сатысы.
В. Езерскийдің жеті сатысы.
Р. Маттиссичаның даму есебінің үш сатысы.
2 тақырып. Ортағасырдағы шаруашылық есеп.
2 лекция.
Есептік қабылдаулар:есеп беру және түгендеу.
Есепті регистрдің шахмат формасында пайда болуы.
3 лекция.
Бақылаушылар инстиутының пайда болуы.
Византиялық кадастрлар.
3 тақырып. Екі жақты бухгалтерияның ренесансының пайда болуы. Есептің үш қағидасы.
4 лекция.
Екі жақты бухгалтерияның пайда болуы.
П.Гарнье теңдігі.
Зомбардтың екі жақты жазу ойының пада болуы.
5 лекция.
Униграфиялық есеп.
Диграфиялық есеп.
Камералды есеп.
Камералды бухгалтерияның үш этапы.
4 тақырап. Бухгалтерлік ессптің ұлттық мектебі.
6 лекция.
Итальяндық мектеп.
Француздық мектеп.
7 лекция.
Неміс мектебі.
Ағылшын-американдық мектеп.
5 тақырып. ҚР Бухгалтерлік есебінің дамуы.
8 лекция.
ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп » туралы бірінші заңы.
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандаттары.
9 лекция.
Қазақстандағы бухгалтерлік есеп стандартары.
ҚР «Бухгалтерлік және қаржылық есеп» туралы заңы.
ҚР «Бухгалтерлік және қаржылық есеп» туралы заңы.
6 тақырып. Италия, Испаниядағы бухгалтерлік есебі.
10 лекция.
Л. Пачоли трактаты.
Бухгалтерлік процедуралардың сипаттамасы.
Есеп мақсатының трактаты, есеп пәні инвентаризациясы.
11 лекция.
Шоттар мен екі жақты жазу классификациясы.
Шоттық сипаттама: касса, капитал, шығын, табыс, операциялық шоттар.
7 тақырып. Франция мен Германиядағы бухгалтерлік есебі.
12 лекция.
Баланс – жинақтаушы категория ретінде.
Г. Хольцердің квантификациялық балансы.
Капитал қозғалысының есебі. Шмаленбах балансын үйрену.
13 лекция.
Гарньенің классификациялық шоты.
Шаруашылық қызмет фактордың Гарнье классификациясы. БЕ табиғи құндылықтары.
Әдістемелік бағыттар. Фажу бойынша бухгалтерлік баланстың схемасы.
8 тақырып. АҚШ-ғы есеп.
14 лекция.
Э. Шпурганың баланстық теңдік моделі.
Бухгалтерлік есептің әлеуметтік-психологиялық сәйкестігі, ситуациялық бухгалтерия. Ақпараттық сәйкестік.
15 лекция.
Басқару есебінің пайда болуы: басқару есебінің теориясы. Басқару есебінің қаржылық есептен айырмашылығы.
Бухгалтерлік және экономикалық табыстардың арасындағы байланыс. Шығындар есебі. Стандарт-кост және Директ-костинг.
Бақылау дегеніміз – ол құндылықтардың сақталуын және оның қолданудың тиімділігі, резервтерді өлшеу шығындарды аз жұмсау арқылы мах нәтежиеге қол жеткізуді қамтамасыз ету. Бұл жағдайды Вилла италиялық бухгалтерияның атасы Лилистің айтуы бойынша жасады.
Вилла бухгалтерлік есепті 3-ке бөлді:
2. Француз мектебі. Юристік теория бойынша Дегранжтың ережесі: “ Алған адам дебеттелінеді, ал берген адам кредиттелінеді”. Міне, осыдан бухгалтер юрист емес, экономист деген мәлімдеме келді. Прудон бұл туралы көптеген көзқарастарды түсінірді. Ол көптеген жетістіктерге жетті. Есептің мақсаты – шаруашылық тиімділікті шығару.
Францияда тауарды алу дебеттік шот бойынша шығынды айналдыру, барлық құндылықтар өзіндік баға бойынша есептеледі, активтік баланстар шығын бойынша анықталады.
Италияндық мектеп пайданың көп бөлігін меншік иесінің құруына байланысты деп, ал француз мектебі пайда тек ақша болып табылады деп есептеді. Олар “ақша жоқ болса, пайда да жоқ” деді. Мысалы, түскен тауар сатып алушының сатылды деп айтуға болмайды. Ал, пайданы алынды деуге болмайды, себебі олар төленбегендіктен.
Керісінше, италияндық мектеп тауарды түсіру сатып алушының міндеті, ал сатушының ақшаға тиісті құқығы және сатушы сол аталған уақыттан бастап пайдасын алды есептеуге болады. Қойылған артық тауарларды пайдаға жатқызуға болмайды. Себебі, бұл тауарлар мүмкін мүлде сатылмайды. Мүмкін сол кезде зиян тартады. Тауарды алдырған кезде ,Бір материялдың жауапкершілік беттің басқа ереже бойынша француз мектебі синтетикалық шоттарды жүзеге асырды. Ал, қалған қалдықтар нәтижесі бойынша түгелдеу арқылы тауарлық есепке тез арада жазылуы тиіс.
Бухгалтерлік мәлімдемелерді жеткілікті бөлу басқарушылардың қабылдауының шешімдері , абсолюттік емес, қатысты бөлу керек . Осыдан француздық мектептің болжаушылары нақты сенімді болды. Олардың Италияндықтардан айырмашылығы – олар қағазды, мәліметтерді ескермейді. Ал, олар ақшаны, тауарды, құндылықтарды ескереді. Бухгалтердің мақсаты – есепті барынша ақпаратты дәл жасау және оның дәл, арзан болуына қол жеткізу. Бухгалтерлік есептің ары қарай дамуы, барлық ұлттың шаруашылықтың дамуы, макроесеп деген атақ алды.
Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер.
7 лекция.
Жазбаларды тізбектеу, есепті жүргізу нысанын құрастыру тәртібіне байланысты сұрақтарға үлкен мән берді. Оның көрнекті өкілдері И.Ф. Шерр, Ф. Гюгли, Г. Никлиш және басқалар болды. Бұл мектепте итальяндық және француздық мектептердің қабылдағанындай шоттан басқа емес, баланстан шотқа өту тән болды. Бұны неміс авторлары былайша түсіндіреді: дебет пен кедиттің мәні активтік немесе пассивтік шоттарға байланысты өзгереді (екі қатарлы шоттар теориясы). Алдынғы мектептерден ерекшелігі олар кез келген шоттың дебеті мен кредиті сапалы біртектес өріс деп түсіндіреді. (бір қатарлы шотттар теориясы).
Американдық мектеп бухгалтерлік есепті адам – кәсіпорын арқылы адамдарды басқару инструменті ретінде қарастырған, яғни бухгалтерлік ақпараттар психологиялық тұрғыдан міндетті түрде әкімшілік ынталандыруға ықпалды болуға тиіс. Егер де ықпалды болмаса, онда ақпараттар жарамсыз болып табылады. Бұл мектептің әйгілі өкілдеріне Г. Эмерсон, Ч. Гаррисон, Дж. Кларк, В. Патон және тағы басқаларын жатқызуға болады. Олар «стандарт-костинг», «директ-костинг»және «жауапкершілік орталығы» деген әдістемелік тәсілдерді құрған. Кейіннен уақыт өте келе бухгалтерияның арнайы саласы – басқару есебі құрылды.
ХVIIIғ. ортасында Англияда өндірістік шығындарды есептеу жүйесі қалыптасты. Бухгалтерлік және өндірістің табиғи-құдық есеп техникасын жете баяндаған, математика Джеймс Додсон (1750) жаңа бағыттың негізін қалаушыға айналды. Дегенмен оның есебінің мақсаты – дайындалған бұйымға кеткен шығындар емес, оны қай шебер дайындағанында қанша ақы табуға болатындығы жөніндегі қорытынды еді.
Әрбір бөліс бойынша нәтижелілікті есептеуге назар аударғандардың бірі – философия профессоры Роберт Гамильтон (1788). Зығыр өндірісін жете зерттеген ол үш бөлісті: шіру, тоқу және ағартудың әрқайсысы бойынша пайда мен шығынды анықтауды бөліп көрсетті.
Негізгі бухгалтерлік мектептер
туралы айта келе есептеу ғылымына
қатысты бүгінгі күндегі
Негізгі бухгалтерлік есеп мектептерінің айырмашылықтары
№ |
Есеп мәселелері |
Әртүрлі бухгалтерлік есеп мектептеріндегі мәселелердің шешілуі | ||||
итальяндық |
француздық |
неміс |
Ағылшын американ-дық |
Қазақстандық | ||
1 |
Есептің мақсаты |
Шаруашылық процеске қатысушы тұлғаларды бақылау |
Кәсіпорынның ресурстарын |
Ұтымды есеп тәртібін жасау |
әкімшілік бақылау |
Шынайы мәліметтер негізінде ұйымның қызметі туралы ақпарат беру |
2 |
Есептің пәні |
Тұлғалардың құқықтары мен міндеттемелері |
Ресурстар |
Тәртіптер |
әкімшіліктің мінез құлқы |
Ұйымның активтері, міндеттемелері және меншікті капиталы |
3 |
Есептің зерзаты |
Құжаттар |
құндылықтар |
құндылықтар |
құндылықтар |
|
4 |
Базалық ғылым |
құқық |
Саяси экономия |
математика |
психология |
Экономиялық теория |
5 |
Баланс (мазмұны) |
Құқықтар мен міндеттемелердің теңдігі |
Келіп түсу және беру теңдігі (шығындар мен табыстар) |
Дебеттік және кредиттік сальдолардың теңдігі |
Дебиторлық борыш құралдары мен капитал теңдігі |
Активтер мен пассивтер теңдігі |
6 |
Баланс (шоттарға қатысты) |
Шоттардан туындайды |
Шоттардан туындайды |
Шоттар баланстан туындайды |
қағидасыз |
Шоттардан туындайды |
7 |
бағалау |
Сату бағасы |
өзіндік құн |
қағидасыз |
Басқару мақсаты бойынша еркін таңдау |
Мүліктердің түріне байланысты |
8 |
Мазмұны бойынша шоттар |
Тек қана жеке |
Тек қана түгендеу және операциялық |
Активтен пассивті |
Экрандар |
Активті және пассивті |
9 |
Құрылымы және белгіленуі бойынша шоттар |
Бір қатарлы |
Бір қатарлы |
Екі қатарлы |
қағидасыз |
Екі қатарлы |
10 |
Екі жақты жазбаның себебі |
Құқықтар мен міндеттемелердің ауысуы |
Құндылықтарды айырбастау |
Баланстан туындайды |
Қарастырмайды (қағидасыз) |
Баланстан туындайды |
11 |
әдіс |
Индукция (тәжірибеден теорияға) |
индукция |
Дедукция (теориядан тәжірибеге) |
индукция |
дедукция |
12 |
Есептің шекарасы |
Микро есеп |
Микро және макро есеп |
Микро және макро есеп |
Микро есеп |
Микро және макро есеп |
Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер.
5 тақырып. ҚР Бухгалтерлік есебінің дамуы.
8 лекция.
Есеп жүйесін ұйымдастырудың мәні оның әдістемесі мен технологиясын, сонымен қатар ақпарат жинау, өңдеу және талдап жетілдіру, мақсатты бағытталған реттеу тұрғысынан анықталады. Жалпы алғанда, есеп жүйесі келесі мәселелерді жобалап түсіндіреді:
Мұндай жіктеу әрбір бөлім қызметінің мәнін, есептің кез келген бөлімін реттеу элементтерін түсінуге мүмкіндік береді.
Сондықтан бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, субъектінің қызметі туралы шынайы және уақытылы ақпарарттар алу мақсатында орындаушылардың жұмысын ұйымдастыру және есеп процесін реттеу мен шарттар жүйесі арқылы анықталады. Берілген процесті ұйымдастырудың маңызды тұсының бірі барлық жинақталған жұмысты орындаушылардың арасында бөлу болып табылады.
ҚР ҚМ бухгалтерлік есеп және аудиттің әдістемелік департаментінің 1997 жылдың 31 желтоқсанындағы № 455 бұйрығына сәйкес, бухгалтерлік есептің 24 « Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру» стандарты бектілді, бұл стандарт 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді (ҚР ҚМ 2003 жылы 11 наурызындағы № 101 бұйрығымен өзгерістер енгізілді). Мұнда бухгалтерлік қызметті субъектілерде ұйымдастыру ретін белгілеу және оны іске асырудың негізгі міндеттері анықталып, бухгалтерлік есепті кәсіпорында ұйымдастыру аясында басшының, бас бухгалтердің (қаржы директоры) жауапкершіліктері бектілді.
Есепті құруды ұйымдастыру - күрделі процедура. Қазіргі уақытта есепті ұйымдастыруды ғылыми - теориялық зерттеу Қазақстанда ғана емес, Кеңес Одағы аясынан шыққан мемлекеттердің бәрінде де жеткіліксіз. Мұндағы түйінді сұрақ, есеп процесін ұйымдастыру объектісін дұрыс анықтау болып табылады, яғни бухгалтерлік есепті ұйымдастырып, жүргізетін есеп аппараты - бухгалтерияны анықтау.
Өйткені, бухгалтерия жұмыстың көлемі көп болған кезде, басқа бөлімшелердің құрамына кіріп, өз бетінше құрылымдық бөлімше бола алмайды.
1995 жылдың 25 желтоқсанындағы № 2732 ҚР «Қаржылық есеп беру және бухгалтерлік есеп туралы» заңның 1 бөлімінің 7 - бабына сәйкес, берілген ұйымның талаптары мен қажеттіліктеріне жауап беретін бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды және есеп жүйесін жасауды ұйым басшысы қамтамасыз етеді.
Бухгалтерияның құрылымы оның бөлімшелерінің нақты ұйымдастырылған жағдайдағы жұмысымен анықталады: есеп ақпараттарының көлемі, жедел дербестілік, есеп апаратының компьютер техникасы, механизация құралдарымен жабдықталуы.
Есеп жұмысының көлеміне байланысты басшы төмендегілердегі жасай алады:
Бухгалтерлік қызмет жұмысын ұйымдастыру мен оның жеке бөлімшелерімен байланысы, аппараты бірорталықтандыру немесе децентрализация жолымен жүзеге асырлуы мүмкін.
Бірорталықтанғанда есеп аппараты бас бухгалтерияда шоғырланған, мұнда субъектінің жеке бөлімшелерінен түскен алғашқы және жиынтық құжаттар өңделеді, ал аталған жеке бөлімшелерде шаруашылық операцияларын алғашқы тіркеу ғана жүзеге асырылады.
Децентрализация кезінде есеп аппаратын жеке өндірістік бөлімшелерге бөліп жайғастырады. Бұл жағдайда бас бухгалтерия жинақтау балансы мен есептілік жасайды, сонымен қатар құрылымдық бөлімшелердегі есепке бақылау жүргізеді.
Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары – жоғары кәсіби халықаралық ұйымдармен дайындалған және ұсынбалы сипаттағы бухгалтерлік есеп ережелері, әдістері, ұғымдары мен процедуралары жиыны. Халықаралық есеп тәжірибесінде әртүрлі елдерде есепті зерттеумен, салыстырумен және жіктеумен, беру унификациясы бойынша дайындалымдар және ұсыныстармен айналысатын көптеген ұйымдар бар. Олардың ішінен атап көрсетуге болатындары:
Информация о работе Лекции по "Бухгалтерскому учету им аудиту"