Лекции по "Бухгалтерскому учету им аудиту"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 19:35, курс лекций

Описание

Есеп-қисаптың маңыздылығын ескере отырып, Халықаралық бухгалтерлер конгресі француз ғалымы Ж.Б.Дюмарше ұсынған «бухгалтерлер гербін» бекіткен болатын. Онда – күн, таразы, Бернулли қисығы бейнеленіп: «Ғылым, сенім және тәуелсіздік» деген ұран жазылған. Бұл арада, Күн – шаруашылық қызмет қаржысы арқылы бухгалтерлік есепті ашып көрсетсе, таразы – тепе-теңдік, яғни балансты білдіреді, ал, Бернулли қисығы – есеп бір кездерде пайда болып, болашақта мәңгі жалғасын табады дегенді меңзейді.

Содержание

1 тақырып. Есеп переодизациясы. Шаруашылық есеп пен екі жақты жазудың пайда болуы.
1 лекция.
Бухгалтерлік есептің жай және құндық сатысы.
Дж.Чербонидың төрт сатысы.
В. Езерскийдің жеті сатысы.
Р. Маттиссичаның даму есебінің үш сатысы.

2 тақырып. Ортағасырдағы шаруашылық есеп.
2 лекция.
Есептік қабылдаулар:есеп беру және түгендеу.
Есепті регистрдің шахмат формасында пайда болуы.

3 лекция.
Бақылаушылар инстиутының пайда болуы.
Византиялық кадастрлар.

3 тақырып. Екі жақты бухгалтерияның ренесансының пайда болуы. Есептің үш қағидасы.
4 лекция.
Екі жақты бухгалтерияның пайда болуы.
П.Гарнье теңдігі.
Зомбардтың екі жақты жазу ойының пада болуы.

5 лекция.
Униграфиялық есеп.
Диграфиялық есеп.
Камералды есеп.
Камералды бухгалтерияның үш этапы.

4 тақырап. Бухгалтерлік ессптің ұлттық мектебі.
6 лекция.
Итальяндық мектеп.
Француздық мектеп.

7 лекция.
Неміс мектебі.
Ағылшын-американдық мектеп.

5 тақырып. ҚР Бухгалтерлік есебінің дамуы.
8 лекция.
ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп » туралы бірінші заңы.
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандаттары.

9 лекция.
Қазақстандағы бухгалтерлік есеп стандартары.
ҚР «Бухгалтерлік және қаржылық есеп» туралы заңы.
ҚР «Бухгалтерлік және қаржылық есеп» туралы заңы.

6 тақырып. Италия, Испаниядағы бухгалтерлік есебі.
10 лекция.
Л. Пачоли трактаты.
Бухгалтерлік процедуралардың сипаттамасы.
Есеп мақсатының трактаты, есеп пәні инвентаризациясы.

11 лекция.
Шоттар мен екі жақты жазу классификациясы.
Шоттық сипаттама: касса, капитал, шығын, табыс, операциялық шоттар.

7 тақырып. Франция мен Германиядағы бухгалтерлік есебі.
12 лекция.
Баланс – жинақтаушы категория ретінде.
Г. Хольцердің квантификациялық балансы.
Капитал қозғалысының есебі. Шмаленбах балансын үйрену.

13 лекция.
Гарньенің классификациялық шоты.
Шаруашылық қызмет фактордың Гарнье классификациясы. БЕ табиғи құндылықтары.
Әдістемелік бағыттар. Фажу бойынша бухгалтерлік баланстың схемасы.

8 тақырып. АҚШ-ғы есеп.
14 лекция.
Э. Шпурганың баланстық теңдік моделі.
Бухгалтерлік есептің әлеуметтік-психологиялық сәйкестігі, ситуациялық бухгалтерия. Ақпараттық сәйкестік.

15 лекция.
Басқару есебінің пайда болуы: басқару есебінің теориясы. Басқару есебінің қаржылық есептен айырмашылығы.
Бухгалтерлік және экономикалық табыстардың арасындағы байланыс. Шығындар есебі. Стандарт-кост және Директ-костинг.

Работа состоит из  1 файл

№7 лекц.матер. Маманд..doc

— 470.50 Кб (Скачать документ)

       17) консультациялық орган туралы ереженi бекiтедi;

       18) депозитарийге  қаржылық есептiлiктi ұсыну тәртiбiн әзірлейді;

       19) сертификаттың  нысанын келiседi;

       20) бухгалтерлік  есеп және қаржылық есептілік  саласындағы мемлекеттік бақылауды  жүзеге асырады; 

       21) «Қазақстан  Республикасындағы мемлекеттік  бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

       22) осы  Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

       6. Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкi:

       1) қаржы  ұйымдары үшiн: 

       уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша халықаралық стандарттармен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға арналған әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлейдi және бекiтедi;

       осы  Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан  Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;

       2) мемлекеттiк  кәсiпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан көп пайызы немесе акцияларының бақылау пакетi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тиесiлi заңды тұлғалар үшiн:

       қаржылық  есептiлiктiң халықаралық стандарттарына  сәйкес келетiн тiзбелер мен  нысандарды, сондай-ақ қаржылық есептiлiктi табыс етудің мерзiмдерi мен тәртiбiн белгiлейдi;

       осы  Заңның талаптарына сәйкес бухгалтерлік  есеп пен қаржылық есептілік  мәселелері бойынша Қазақстан  Республикасының нормативтік құқықтық  актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік  есеп шоттарының үлгі жоспарларын бекітеді;

       3) Қазақстан  Республикасының жобалық қаржыландыру  және секьюритилендіру туралы  заңнамасына сәйкес құрылған  арнайы қаржы компаниялары үшiн: 

       осы  заңның талаптарына сәйкес бухгалтерлiк  есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;

       3-1) Қазақстан  Республикасының бағалы қағаздар  рыногы туралы заңнамасына сәйкес  құрылған ислам арнайы қаржы компаниялары үшiн осы Заңның талаптарына сәйкес бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;

       3-2) инвестициялық  қорлар және Қазақстанның Даму  Банкі үшiн осы Заңның талаптарына  сәйкес бухгалтерлiк есеп пен  қаржылық есептiлiк мәселелерi  бойынша Қазақстан Республикасының  нормативтiк құқықтық актiлерiн,  сондай-ақ бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгiлік жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;

       4) қаржы  ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының,  исламдық арнайы қаржы компанияларының,  инвестициялық қорлардың және  Қазақстанның Даму Банкінің Қазақстан  Республикасының бухгалтерлiк есеп  пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарын және халықаралық стандарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

       5) осы  Заңда, Қазақстан Республикасының  өзге де заңдарында және Қазақстан  Республикасы Президентінің актілерінде  көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      

 

 

2. Қаржылық есептiлiк  пен бухгалтерлiк есеп жүйесiн  мемлекеттiк емес реттеу

 

      1. Консультациялық  орган консультациялық-кеңесшi орган  нысанында құрылады, оның құрамын  Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкiмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган бекiтедi және ол өзi туралы ереже негiзiнде жұмыс iстейдi.

      2. Консультациялық  органның құрамына мемлекеттiк  органдардың, коммерциялық емес  ұйымдардың, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң,  мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдардың, мемлекеттiк кәсiпорындардың өкiлдерi кiредi.

      3. Консультациялық  орган: 

       1) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының  бухгалтерлiк есеп пен қаржылық  есептiлiк мәселелерi жөнiндегi заңнамасын  жетiлдiру туралы ұсыныстар енгiзуге;

      2) уәкiлеттi органға қаржылық есептiлiк стандарттарын қолдану жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарды қайта қарау мен әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;

       3) ұлттық  стандарттарды және олардың әдiстемелiк  ұсынымдарын әзiрлеуге қатысуға;

       4) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асыруға құқылы.

      4. Консультациялық  орган: 

       1) Қазақстан  Республикасының бухгалтерлiк есеп  пен қаржылық есептiлiк туралы  заңнамасында халықаралық стандарттар талаптарына қайшылықтардың бар-жоғына талдау жүргiзуге және уәкiлеттi органға тиiстi ұсыныстар енгiзуге;

       2) бухгалтерлiк  есеп пен қаржылық есептiлiк  мәселелерi бойынша Қазақстан  Республикасының нормативтiк құқықтық  актiлерiн әзiрлеуге қатысуға мiндеттi.

      5. Кәсiптiк  ұйым мынадай талаптарға сай  келуге тиiс: 

       1) кәсiби  ұйымның құрамында бухгалтерлiк  есеп немесе аудит саласында  кемiнде екi жыл расталған жұмыс  тәжiрибесi бар кемiнде үш жүз  мүшесiнiң болуы; 

       2) халықаралық практикаға сәйкес келетiн және оның барлық мүшелерiне мiндеттi болып табылатын, ұйымның жарғысына сәйкес бекiтiлген Кәсiби бухгалтерлердiң әдеп кодексiнiң болуы;

       3) өз  мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру  жүйесiнiң болуы; 

       4) аккредиттеу  ережелерiне сәйкестiк.

       Кәсiби  ұйымға аккредиттеу туралы куәлiк  берiлген кезден бастап бiр  жыл өткеннен кейiн оның құрамында  кемiнде елу кәсiби бухгалтер  болуға тиiс. 

      6. Кәсiби  ұйымның құрылымы мен жұмыс  органдары оның жарғысымен анықталады  және аккредиттеу ережелерiне сәйкес болуға тиiс.

      7. Кәсiби  ұйымның басшысы төрт жылдан  аспайтын мерзiмге сайланады және  қатарынан екi мерзiмге қайта сайлана  алмайды. 

      8. Кәсiби  ұйым:

       1) өз  мүшелерiне қатысты өзiнiң жарғысында  көзделген және осы Заңға қайшы келмейтiн функцияларды жүзеге асыруға;

       2) ұлттық  стандарттарды және олардың әдiстемелiк  ұсынымдарын әзiрлеуге қатысуға;

       3) бухгалтерлiк  есеп пен қаржылық есептiлiк  мәселелерi бойынша Қазақстан  Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеуге қатысуға;

       4) бухгалтерлiк  есеп пен қаржылық есептiлiк  саласындағы оң жұмыс тәжiрибесiн  талдауға, жинақтауға және таратуға;

       5) сертификаттау  жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу  жөніндегі материалдарды қарауға  қатысуға құқылы.

      9. Кәсiби  ұйым:

       1) Қазақстан  Республикасының бухгалтерлiк есеп  пен қаржылық есептiлiк туралы  заңнамасын сақтауға;

       2) консультациялық  органның құрамына аккредиттеу  ережелерiнде белгiленген мөлшерде  кәсiби ұйымның мүшелерiн жiберуге және олардың толымды жұмысын қамтамасыз етуге;

       3) уәкiлеттi органға белгiлеген тәртiппен  оған өзiнiң қызметi туралы есептiлiктi ұсынуға; 

       4) халықаралық  және ұлттық стандарттарды қолдану  жөнiндегi сауалдарды қарауға;

       5) сертификаттау бойынша бір немесе бірнеше ұйыммен өзара іс-қимыл туралы келісім жасасуға міндетті.

       Кәсiби  бухгалтерге кандидаттарды сертификаттауды  сертификаттау жөнiндегi ұйым жүзеге  асырады. 

      Сертификаттау  жөнiндегi ұйым кәсiби бухгалтерге  кандидаттарды сертификаттау бағдарламалары бойынша материалдар әзiрлеудi, шығаруды және таратуды жүзеге асырады, емтихан процесiн ұйымдастырады.

 

      3. Сертификаттау  жөнiндегi ұйым мынадай талаптарға  сай келуге тиiс: 

       1) оқытуға  тәуелсiз емтихан жүйесiнiң болуы;

       2) Қазақстан  Республикасының бухгалтерлiк есеп  пен қаржылық есептiлiк мәселелерi  жөнiндегi заңнамасына шолуды қамтитын  емтихан модульдерiнiң, оларды  жаңарту жүйесiнiң болуы; 

       3) бiр  немесе бiрнеше кәсiби ұйымдармен  өзара iс-қимыл туралы келiсiмнiң болуы;

       4) Қазақстан  Республикасының Үкіметі бекiткен  аккредиттеу ережелерiне сәйкестiк. 

       Бiр  немесе бiрнеше кәсiби ұйымдармен  өзара iс-қимыл жөнiндегi келiсiмнiң  болуы туралы талаптың сақталуы  аккредиттеу туралы куәлiк берiлген кезден бастап алты ай өткеннен кейiн мiндеттi болып табылады.

 

      4. Кәсiби  бухгалтерге кандидаттарды сертификат  алу үшiн емтихандарға қатысуға  жiберу кәсiби бухгалтерлерге  қойылатын бiлiктiлiк талаптарына  сәйкес жүзеге асырылады. 

 

      5. Емтихан  тапсырған адамдар уәкiлеттi органмен келiсiлген нысан бойынша бiрыңғай үлгiдегi сертификат алады. Сертификаттың қолданылу мерзiмi шектелмеген.

       Халықаралық  бухгалтерлер федерациясының толық  мүшесi болып табылатын шетел  институттары берген кәсiби бухгалтердiң бiлiктiлiк куәлiктерi сертификаттау жөнiндегi ұйым берген сертификатпен бiрдей танылады.

 

 

 

 

Әдебиеттер.

  1. Соколов. Я.В. «От истоков до наших дней» Москва. «Аудит». Басылым  «ЮНИТИ» Бірлестігі, 1996ж.   
  2. Ясперс К. Смысл и назначение истории.- М., Басылым: Саяси әдебиеттер, 1991 г.
  3. Яругова А. Управленческий учет: опыт экономически развитых стран. -М.: Қаржы және статистика, 1991 ж.
  4. Кирьянова З. В. «Теория бухгалтерского учета»
  5. Ковалев В.В. и др. Организация бухгалтерского учета на совместных предприятиях. – М.: «Финансы и статистика», 1991

 

 

 




Информация о работе Лекции по "Бухгалтерскому учету им аудиту"